Дидактика – жеке әдістеменің негізі. Әдістеме – педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы.
Мектепте оқылатын әр пәннің әдістемесі-барлық пәнді оқытудың ортақ әдістемесі.
Айталық, бастауыштағы бірнеше пәнді бір мұғалім оқытады, сондықтан ол барлық сабақтың әдістемесін, яғни бастауыш оқытудың дидакти-касын меңгеруі керек.
Оқыту үдерісінің мәні. Оқытудың мақсаты мен міндеттері.
Оқытудың педагогикалық әдебиеттердегі анықтамаларына жа-салған талдау олардың педагогика ғылымның нысаны ретіндегі құ-былысты қамтуға жеткіліксіз екенін көрсетті. Оларда оқыту жеке субъектілер – оқушы мен мұғалімнің әрекеті ретінде көрсетілген: «Оқыту – оқушы мен мұғалім жүзеге асыратын екі жақты үдеріс»; «Оқыту үдерісі мұғалімнің, сол сияқты оқушының да әрекеті»; «Оқы-туда барлық уақытта екі жағы: оқыту мен оқу айқын көрінеді. Оқыту – мұғалімнің материалды балаға түсіндірудегі, пәнді оқыту барысын-дағы оқушының әрекетін бақылаудағы, оқушының материалды оқып–үйренуі мен алған білімдерін қолдана білуіне басшылық жасаудағы, олардың білімдері, біліктері мен дағдыларын тексерудегі іс- әрекеті. Оқу (үйрену) – оқушылардың белгілі бір пәнді және оқытушының түсіндіргендерін қабылдаудағы, өтіліп отырған фактілер мен құбылыс-тарды, олардың арасындағы байланыстарды ойға тоқудағы, білімді бе-кіту мен қолданудағы мұғалім басшылығымен жасайтын саналы әрекеті». Оқыту үдерісі мұғалімнің оқушылардың білім, білік және дағды жүйесін меңгеруге бағдарланған іс-әрекетіне басшылық бағытындағы жүйелі қызметінің жиынтығы.
Оқыту үдерісі– мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағыт-талған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім, іскерлік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы.
Оқыту үдерісі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі құрылымы және компоненттерімен сипатталады.
Олар:
1) ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі (білім беру мазмұны);
2) мұғалім оқушының өмірге, ғылымға көзқарасын және қарым-қатынасын қалыптастыруы (сабақ беру) ;
3) оқушылар ұжымы (оқу);
4) оқыту әдістері;
5) оқыту құралдары: дидактикалық және техникалық құралдары; 6) оқыту нәтижелері.
Білім – адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбы-лыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы – талдау, салыстыру, жіктеу, жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Іскерлік – алған білім негізінде оқушының практикалық әрекеті іске асырылатын. Білімсіз қандай болса да іскерлік мүмкін емес (мысалы, сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді білу керек , т.с.с.). Дағды – бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекеттерге машықтандыру (мысалы, тез оқу дағдысы – жүйелі түрде жаттығу нәтижесі т.с.с.) нәтижесі.
Оқыту үдерісінің нәтижелі болуы, оның ішкі қозғаушы күште-ріне байланысты. Қозғаушы күшдеп қойылатын талаптар мен оларды оқушылардыңорындаумүмкіншіліктері арасындағы қайшылықтарды айтады. Егер, қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму дәрежесіне сай келсе, онда қайшылық даму үдерісінің көзіне ай-налады. Оқытудың педагогикалық, психологиялық ерекшеліктеріне назар аударайық.
Оқыту – күрделі үдеріс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен шығармашылық қаблетін, біліктілігі мен дағдысын да-мыту негізінде жүзеге асырылады. Оқыту – екі жақты үдеріс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту – мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, ал оқу – баланың өзінің танымдық, практикалық іс-әрекеті. Оқыту – мақсатты үдеріс. Оқытудың басты мақсаты қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп отырады. Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын түпнұсқа– мақсаттың жүзеге асуы. Оқыту – жоспарлыүдеріс. Мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес таным әрекетінің формасы мен әдістерін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқыту – даму негізі. Педагогикалық үдеріс өзіне тән екі белгіні: ағзаның өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді.
Оқыту үдерісі мұғалімнің, таным жолындағы оқушылардың қи-мылына байланысты. Оқыту – таным үдерісі. Танымның ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.
Оқыту дамыта және тәрбиелей отырып, жеке адамның таным қабілетін мақсатқа сәйкес жетілдіреді. Оқытудың осындай басты мін-деттерінің бірі – шәкірттердің таным қабілетін дамыту.
Дамыта отырып оқыту – бұл оқушылардың таным іс-әрекет-терін барынша дамыту, яғни олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету, «ең жақын даму аймағын жасау».
Баланың өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі – өзара қарым-қатынас жасау іс-әрекеті. Сөйтіп, оқыту процесі – мұға-лімнің баламен үнемі рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағ-дайда болуын қажет етеді. Оқыту үдерісінде оқушы тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оның оқу іс-қимылы мен өзінің психи-калық үдерістерін басқаруы, ұйымдастыра білуі оқытудағы субъекті екенін айқындайды.
Оқытуда ғылым негіздерін оқып-үйренудің өзі, ғылым тарихы-мен, оның әдістемелерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қыз-меті жайлы ақпарат алу. Оқушы дүниетануда бұрын ғылымда бел-гілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдамаларды әрі қарай дамыта түседі.
Оқыту мазмұны-мемлекет арнайы таңдап анықтаған белгілі са-лада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол – оқытудың нәтижесі бола алатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиет-тер жиынтығы.
Оқыту мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қай сыныпта, қандай көлемде, қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді. Ұлт-тық және жалпы адамзаттық мәдениетке байланысты да оқу мазмұ-нында ерекшеліктер болады. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша оқу мазмұны адамиландандыру, компьютерлендіру, кіріктендіру, тұлғалық да-му ережелеріне негізделеді. Құбылыстар мен үдерістер арасындағы дамуды сипаттайтын мәнді байланыс философияда – заңдылық деп аталады. Заңдылықтар ғылыми теориялардың негізгі бөлігі болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |