Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Оқытудың әдіснамалық негізі



жүктеу 0,69 Mb.
бет153/226
Дата05.04.2023
өлшемі0,69 Mb.
#42018
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   226
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

7.3 Оқытудың әдіснамалық негізі. Мағжан Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінде оқыту үдерісіне қатысты іс-әрекет, амал жүйесін құрып, бірқатар «индукция», «дедукция», «талдау», «жинақ-тау» т.б. сияқты терминдердің мәнін ашып көрсеткен еді.
XX ғасырдың 40-шы жылдары кеңестік педагогика оқыту тео-риясы мен таным теориясының ара қатынасын зерттеу мәселесін алға қойды. И.Ф. Свадковский оқыту заңдылықтарын тікелей таным үдері-сінен шығарды. Бұл көзқарасқа қарсылық білдірген М.А.Данилов «оқытуды тек таным логикасы деп қарастыру тенденциясы дұрыс емес, өйткені оқыту үдерісі өзінің бай мазмұнынан айырылады» - деп жазды.
Педагогикада оқыту теориясы мен таным теориясының ара қатынасын зерттеу мәселесіне өз еңбектерінде назар аударғандар И.Т.Огородников, П.Н.Шимбиров, Р.Г.Лемберг, И.Н.Казанцев, М.А.Данилов және т.б. Олар оқыту үдерісі мен таным үдерістерінің ортақтығын (оқыту үдерісі таным элементтерін қамтиды) атай оты-рып, олардың мәнді ерекшеліктерін ашып көрсетеді.
Философиялық әдебиеттегі таным және ғылыми таным теория-ларындағы келесі қағидаттар басшылыққа алынды: таным теориясы (немесе гносеология, таным философиясы) - таным табиғаты және оның мүмкіндіктерін, танымның шынайы және нақтылығын қарас-тыратын философияның бір бөлімі, гносеология – адамның танымдық әрекеттерінің жалпыға ортақ сипаттамасын қарастырады; танымның негізгі ұстанымдары: болмыстың және ойлаудың тепе-теңдігі (дүниені тану ұстанымдары), таным үдерісінің диалектикасы, қоғамдық тәжі-рибе - танымның негізгі қорғаушы күші, шынайылық өлшемі, таным мақсаты; гносеологияның негізгі бөлімдері: адамның объективті дү-ниені тануы туралы білім; таным түсінігінің табиғаты: а) үдерістің классикалық сызбасы: таным нысаны - таным субъектісі; б) таным үдерісінің ғылыми сызбасы: таным объектісі - таным құралы - таным субъектісі.
Оқытудың заңдылықтары және қағидалары. Заң, филосо-фияда- заттардың, құбылыстардың, үдерістердің, т.б. өзара табиғи және қайталамалы жалпы байланысының, яғни заңдылыңтардың мәнін түсіндіретін философиялық категория.
1960-1970 жылдарыоқыту үдерісінің заңдылықтарын тәрбие мен білім беру мақсатына сәйкес, оқыту заңдылықтарын қолдану мәселесі көтерілді. М.А.Данилов өзара байланысты жүйе жағдайында жетекші принцип туралы айта келіп, дидактикаға принциптер сәй-кестігі туралы түсінік ендірді. Ол принциптерді белгілі жүйеде қарас-тырып мынадайсәйкестік принциптерін ұсынды: оқытудағы ғылыми-лық пен түсініктілік; жүйелі оқытудағы теория мен практиканың байланысы; білімді игерудің беріктігі және оқушының танымдық күшін жан-жақты дамыту; фронтальдық, ұжымдық және даралап оқытудың оңтайлы сәйкестігі.
М.А.Данилов, Б.П.Есипов, И.Т.Огородников, Т.А.Ильина, В.И.Загвязинский және т.б. оқыту принциптерінің өзара байланысы мен өзара себептестігін бірқатар жылдар бойы зерттеді. Л.В.Занковтың «дидактикалық жүйе» түсінігін енгізуіне байланысты, басқа да педагогтардың «дидактикалық жүйе» түсінігін қайта зерттеуі мен оны құрастыруы, дидактикалық принциптерге жаңа түсініктеме беруді қажетсінді. Мәселен, Л.В. Занков түсініктілік принципіне: «Бұл принципті қайтадан сын тұрғысынан қарастырып, оқыту үдерісін құ-руда оқушының жас ерекшеліктерін ескеру керек»,- деп көрсетті. Л.В.Занков оқыту жүйесін құрастыруда, үнемі оқушылардың таным-дық қабілетін мейілінше дамыту қажет деген мәселені ұсынды. Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин ғылымилық принципіне жа-ңаша түсініктеме беріп, оларды нақты игерту үшін қорытындылау арқылы, теориялық білім беру қажеттігіне тоқталды. Проблемалық оқытудың теориясы мен практикасының дамуына қарай оқытуды белсендіру, оның түрлі деңгейі негізінде шығармашылықты дамыту және саналылық принциптерінің мағынасы қайта толықтырылды.

жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау