|
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. ЕИнтеллектуалды әлеуетті дамыту маңызы
|
бет | 11/226 | Дата | 05.04.2023 | өлшемі | 0,69 Mb. | | #42018 | түрі | Оқулық |
| Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. ЕИнтеллектуалды әлеуетті дамыту маңызы.Адамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту - заманымыздың ең қажетті талаптарының бірі. Барлық дамыған мемлекеттердің ұтымды басымдықтарының бірі ретінде қоғамның интеллектуалды әлеуетін дамыту мәселесімен байланыстырады. Интеллектуалды әлеуетті дамытудың іргетасы–білім беру саласы. Сапалы білім беру арқылы мамандар мемлекеттің экономикасын, ғылымы мен мәдениетін дамытатын негізгі қозғаушы күшке айналады.
Осындай ауқымды факторлардың ықпалынандүниежүзлік білім беру жүйесінің негізгі даму бағыттары айқындала түсті:
Білім беру–ХХІ ғасырдағы стратегиялық басымдылық. Дүниежүзілік деңгейде білім беру мемлекет дамуының негізгі басымдықтарына ауысуда. Әр мемлекет өз азаматтары үшін білім беруді сапалы етуге тырысады, себебі онсыз қоғам дамуында көп қиындықтар туындауы мүмкін. Барлық азаматтар білім алуға құқылы және білімдерін жетілдіру арқылы ғылымның, экономиканың, өндірістік саланың, техниканың дамуына өз үлестерін қоса алады.
Білім беру үдерісінің жалпы әлемдік стандарттарға сәйкестендірілуі. Қазақстан Республикасы орталық Азиядағы Болон үдерісінің бірінші мүше болған мемлекет болып табылады. 2010 жылы Қазақстан Республикасы тұңғыш рет әлемнің 47 елдерімен қатар жоғары бiлiмнің Болондық үдерісіне қатысушы елдердің министрлері комитетінің шешімімен Болон декларациясына қол қойылған күн және жоғары бiлiмнiң Еуропалық кеңiстiгiнiң толық құқықты қатысушысы болып табылды. Болон үдерісінеқатысудағы мақсат-еуропалық бiлiмге бару жолын кеңейту, оның сапасын одан әрi жоғарылату, білім берудің несиелік жүйесін қолдану, студенттер мен оқытушылық құрамның ұтқырлығын жоғарылату және де Қазақстандық ЖОО-ның бітіруші түлектерiне Еуропа аралық білім стандартына сай диплом беру болып табылады.
Жаһандану әсерінен отандық білім беру жүйелерінің әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірілуі. Әлемдік білім беру кеңістігін не құрайды? Оның құрамына мақсаттары, міндеттері, мәдени салт-дәстүрлері, философиялық негіздері бойынша ерекшеленетін ұлттық білім беру жүйелері кіреді. Осындай әр түрлі білім беру жүйелерінің өзара байланыстары, әрекеттестіктері әр адамның дүниетанымының кеңеюіне, рухани тұрғыдан баюына, мәдениетінің қалыптасуына септігін тигізіп, өздерін әлемдік білім беру кеңістігінің бір бөлігі ретінде сезіне алуларына мүм-кіндік тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|