Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
Қандай жағдайда пәннің өзі оқыту құралының қызметін атқарады?
Оқыту құралдары қандай негіздер бойынша жіктеледі?
Дидактикалық құралдарға қандай талаптар қойылады ?
Өз пәніңіздің сабақтарында қандай оқу карталары немесе кестелері қолданылуы мүмкін?
Оқыту құралдарының оқушылардың ақыл-ойының дамуымен қандай байланыс бар?
10-тақырып.САБАҚ – ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАСЫ
10.1. Қазіргі сабақтың теориясы. Сабақ - нақты бағдарлама мен сабақ кестесімен жүргізетін, міндетті түрде мұғалім басшылық жасайтын, балаларды ізденіске түсіретін, оларға түсінікті формада бе-рілетін білім және тәрбие негіздерін қамтиды.Мұғалімнің жаңа са-бақты жүйелі түсіндіруі, оқушылардың оқулық және кітаппен өзді-гінен жұмыс істеуі, оқушылардың жазу мен сызу жұмыстары, лабора-ториялық жұмыстар, тәжірибе көрсету және экскурсия жүргізу талап етіледі.
20-шы жылдары кеңестік дидактикада оқыту формаларын ұйымдастыру басты бағыт болып саналды. 1919 жылы П.П. Блонский оқушылардың оқу жұмысын студиялық жүйе түрінде ұйымдастыруды ұсынды. Мектепте оқытылатын тақырыптарды ол бірнеше циклге бөл-ді. Жұмыс сыныпта емес, кабинет-зертханаларда немесе «өмірдің өзінде» жүргізіледі. Мұғалім сабақта оқушыларға нұсқау беріп, қажет болса көмектесетін еді. Сабақ мұғалімнің мектеп жоспары мен бағдар-ламасы негізінде жасаған оқу бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Сынақ пен емтихан жүргізілмейді. П.П. Блонскийдің сту-диялық жүйесінің мықты және әлсіз тұстары болды. Мықтылығы оқу-шының өзбетінше белсенді жұмыс жүргізіп, сабақты ұжыммен бірге игеруінде болды. Әлсіз тұстары – мұғалім рөлінің төмендігі және ғылымның негіздері жүйелі оқытылмады. Сөз әдістеріне назар ауда-рылып, оның сабақта білім беруде маңызды құрал екені айтылды.
Зерттеушілік әдісті қолдану шекарасы туралы әр түрлі пікірлер болды. Мәселен, В.В. Гурьянов, зерттеушілік әдістің шынайы қолда-ныс табатынын мектептегі өлкетану жұмысымен байланыстырды. Ал, М.Н. Скаткин зерттеушілік әдісті жаратылыстану, химия, қоғамтану пәндеріне кең ауқымда қолдануға болатынын көрсетті.
50-шы жылдардың екінші жартысында оқушылардың ақыл-ойын дамыту бағыты дамыды. Осы кезеңде оқушылардың өзбетінше жұмысына жаңаша көзқарас дами бастады, ол кеңестік дидактикада 60-шы жылдардың ортасында көрінді.
40-50-шыжылдары оқу-тәрбие үдерісіндегі сабақтың орны анықталды: сабақ – мектептегі оқытудың негізгі ұйымдастыру фор-масы. Сабақ мұғалімнің жұмысын нақтылайды, оның басшылы-ғымен жүйелі білім, білік, дағды беріледі, уақыт үнемді пайдаланы-лады, оқушылар аз уақыт мөлшерінде білім, білік, дағдыны игереді. Сабақта түрлі әдістер қолданылып дүниеге ғылыми көзқарасты қа-лыптастыру, теория мен практикалық әрекетті байланыстыру мүмкін-дігін жүзеге асырады. Бұл қағида И.Т. Огородников пен П.Н. Шимбирев, И.Н. Казанцев, М.А. Данилов, Б.П. Есипов пен Д.О. Лордкипанидзе еңбектерінде дамытылды.
Сабақтың құрылымына, сабақтың бөліктері мен оларға бөліне-тін уақыттағы оны жүргізу тәртібіне назар аударылды.
Дидактика сабақтың нақты құрылысын, сабақтың құрылымдық бөліктерін, олардың бір-біріне тәуелділіктері мен байланыстарын та-лап етті. Ғылым мен практикаға «аралас сабақ» термині енгізілді. Б.П. Есипов аралас сабақтың құрамын анықтады: өткен сабақты қай-талау; жаңа тақырыпты түсіндіру; оқылатын құбылыстың маңызды және нақ-ты фактілерін қарастыру; оқушының тақырыпты қалай игергенін тексеру; оның білімін бекіту, білігі мен дағдысын дамыту. Сонымен, сабақтың төрт элементтік жүйесі (үйтапсырмасын тексеру, жаңа ма-териалды өту, бекіту және үй тапсырмасы) бекітілді.
Осы элементтерге әмбебаптық сипат берудің жағымсыз тұстары да болды – төрт элементтікжүйені сақтау, жиі нұсқашылдық пен бір типтілікке жол берді. Педагогикалық теория мен педагогикалық практика осы қалыптан шығудың жолдарын, яғни са-бақтың типтері мен классификациясын іздестірді. 1952 жылы С.В. Иванов «Сабақтардың типтері үлкен өзекті мәселе, сыныптық-сабақ формасының басқа элементтермен өзара байланысының ара қатына-сының заңдылықтарын анықтау керек. Осы мәселенің дұрыс шешімін табу теория мен практикаүшінмаңызды»,- деп жазды. Ғылымға са-бақты классификациялаудың өлшемдерін анықтау қажеттігі пайда болды. Ондай өлшемдер ретінде дидактикалық мақсат пен міндеттер, сабақты оқыту әдістері, оқу материалдарының түрлері алынды. Сабақ-ты танымүдерісінің заңдылықтарына, оқу үдерісінің логикасына, оқу-шылардың бұрынғы дайындығына негізделген классификация өлшем-дері қарастырылды.
Д.О. Лордкипанидзе сабақты гносеологиялық, психологиялық, әдістемелік және жалпы педагогикалық ұстанымдар бойынша жікте-ді. Осылардың ішінен жалпы педагогикалық және жалпы дидактик-калық ұстанымдарды негізгі деп санады. Осы қағида алғаш рет Б.П. Есиповтың еңбегінде, сонан кейініректе П.Н. Груздев, И.А. Каиров, И.Т. Огородников, М.А. Данилов еңбектерінде дамытылды. Осы қа-былданған классификация бойынша жаңа материалды түсіндіру, қай-талау және жаттығу, білімді тексеру және бағалау сабақтары және ара-лас сабақ деп жіктелді.
Сабақтың құрылымын қайта қарастыру мәселесіне (50-шы жылдардың соңы мен 60-шы жылдардың басындағы) липецкілік мұғалімдердің тәжірибесі түрткі болды, олар аралас сабақтың құрамды бөліктері, жалғыз оқыту формасы дегеннен бас тартты. Липецкілік мұғалімдер оқу үдерісінде оқушылардың алға жылжуын үнемі бекітіп, бұрынғы алған білімдерін тереңдетуді іске асырды.
Сабақтың құрылымын жетілдіру мәселесі ұжымдық және жеке жұмыс формаларын зерттеуді талап етті. Сыныпта фронтальдық жұ-мыстан басқа топтық және жеке жұмыс жүргізу қажеттігі белгілен-ді. Педагогикалық әдебиеттерде сабақта топтық жұмыстар жүргізу мә-селелері талқыланып, оның білім беру және тәрбиелік міндеттерді ше-шудегі тиімділігі анықталды (Х.И. Лийметс, Е.С. Рабунский, И.М.Чередов).
Дидакт ғалымдар сабақтың тиімділігін анықтауды қолға алды. Э.И. Моносзон «сабақтың негізгісапалық өлшемі түрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану емес, оқушының білімді, тәрбиелік деңгейді игеруі, қойылған мақсатқа жетуі»,- деп көрсетті.
Профессор Р.Г. Лемберг педагогиканың теориялық және прак-тикалық маңызы бар мәселелері туралы көптеген еңбектер жазды. Ол еңбектердің ішінде бастауыш білім беру мәселелері де қамтылған. «Бастауыш мектептегі сабақ», «Сабақ методикасының мәселелері», «Дидактикалық очерктер», «Мектеп оқушыларын жалпы дамыту жұ-мыстары», «Сабақты құру мәселелері», «Сабақта білім беру мен бі-лімді пысықтау», «Мектептегі оқыту әдістері» атты еңбектерінде са-бақтың тақырыбы мен мазмұнының ішкі бірлігі, жаңа материалдың сабақтағы рөлі мен маңызы, сабақта жаттығулар жүргізудің жолдары, білімді есепке алу мен материалды пысықтаудың жаңа түрлері ұсы-нылды.
Достарыңызбен бөлісу: |