|
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. ЕКөпмәдени тұлғаны тәрбиелеу
|
бет | 13/226 | Дата | 05.04.2023 | өлшемі | 0,69 Mb. | | #42018 | түрі | Оқулық |
| Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. ЕКөпмәдени тұлғаны тәрбиелеу. Көп ұлтты қоғамда әр адам бойында толеранттылық қабілеттерін дамытып, өзара сыйластық және сенімділік қағидаларын қалыптастыру өте маңызды. Көпмәдени тұлғаны қалыптастыру ретінде әр елдің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып адамның салт-дәстүрлерге бай түрлі мәдениеттер, құндылықтар жағдайына бейімделуін, олардың түрлі мәдениеттер арасындағы ынтымақтастықта өмір сүруге ұмтылушылықтарын нығайту қарастырылады. Әр халықтың мәдени өзгешеліктерін сақтай отырып халықтар арасындағы достықты, түсіністікті нығайту көпмәдениеттілікке тәрбиелеудің маңызды бағыттарының бірі. Ал сол көпмәдени тұлғаны қалыптастыру білім беру үдерісінде іске асырылып, оның нәтижелерінің бірі болып табылады.
Білім беру мазмұнын жаңарту оқытудың әдіс-тәсілдерін, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану. Білім беру саласы реформаларға жиірек ұшырайтын салалардың бірі. Қазіргі ақпараттық ағымның жылдамдығына байланысты білім беру мазмұны да жаңартылып отыруды қажет етеді. Қазақстан Республикасында жалпы орта білім берудің жаңартылған бағдаламасы 2016 жылдан бастап мектептерге енгізілуде. Білім беру мазмұнының өзгерісімен қатар ондағы оқу мен оқыту міндеттері, оқытудың әдіс-тәсілдері, оқыту формалары, оқу құралдары айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда.
Инклюзивті білім беру-жалпы білім беретін мектептердегі балалармен бірге дамуында ауытқулары бар, қабілеттері шектелген балалардың білім алу мәселелерін зерттеу және практикасын жетілдіру үдерісі. Инклюзивті білім беру арқылы қабілеттері шектеулі балалардың әлеуметтенуі, қоғамдық қарым-қатынастарға бейімделуі жеңілдейді. Сонымен қатар ондай оқушылар арнайы дефектолог-мұғалімдердің қарамағында және қолдауында болады.
.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің заңнамалық негіздері мен мемлекеттік білім беру саясаты.
Қазақстанның білім беру жүйесі мен педагогика ғылымы ХХ және ХХІ ғасырлар тоғысында әлемдік білім кеңістігінде болып жатқан тиімді жаңалықтарды қабылдай отырып, қарқынды түрде дами түсті. Адамзаттың өмір сүру тәсілдеріндегі, ойлау жүйесіндегі, идеяларындағы өзгерістер қашан да болсын білімнің қоғамдағы орны мен рөліне тікелей ықпал жасайтыны белгілі. ЮНЕСКО XXІ ғасырдағы білім саласы бойынша дүниежүзілік деңгейдегі білім құндылығының негізін құрайтын мәселелерге ерекше мән беріледе. Олар–ынтымақтастықта өмір сүруге, білімді меңгеруге, еңбек етуге үйрену болып табылады.
Еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстанда білім берудің ұлттық моделі қалыптасуда. Онда білім мен тәрбие берудіңұлттық дәстүрін әлемдік білім кеңістігінде орын алып отырған өзгерістермен өзара байланыстыруға айрықша көңіл бөлінуде.
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіру мақсатында білім беру саласындағы әлемдікдеңгейдегі жүйелі өзгерістер мен жаңа бастамаларға сәйкес Қазақстанда іргелі реформаларды іске асыруға мүмкіндік берді.
Еліміздегі білім беру жүйесін жандандыруға байланысты “Білім туралы” Заң, Мемлекеттік “Білім” бағдарламасы, Білім берудің Стра-тегиялық бағдарламасыт.б. қабылданды.
Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасы негізінде 1996 жылы оқу үдерісін ұйымдастыруға негіз болатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы орта білім стандарты туралы Ереже бекітілді. Ереже білім стандарттарының не-гізгі қызметі мен құрамын анықтауға, пәндер бойынша білім стандарттарын жасауға, базистік оқу жоспарын жаңа нормативтік құжат ретінде ұсынуға мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы орта білім стандарттары, Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептердің мемлекеттік базистік оқу жоспарықабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|