Шаң-тозаңнан сақтану жолдары. Кәсіпорындарда шаң-тозаңды ұстайтын қондырғы, құрылғылардың жұмысы, төмендегідей қасиеттерге негізделген:
-арнаулы аппараттан шаң-тозаң бөлшектері өту барысында, ауырлық күшінің әсерінен шөгуіне;
-центрге тарқыш күш әсері арқылы шөгуіне;
-бөлшектердің газ ағынымен қозғалу барысында, ыдыс қабырғасына қонып шөгуіне;
-электр тоғының әсерінен, яғни иондалған газ молекулалрының тозаң бөлшектерін зарядтап, олардың электродқа қонуы нәтижесінде.
Шаң-тозаңнан арылу мақсатында, өндірісте әр-түрлі аппараттар мен қондырғылар пайдаланылады. Шаң-тозаң тазартқыш құралдары іске қосуда, олардың газды жұмсауының көлемдік жылымдығына назар аударады. Мысалы, циклондар газ жылдамдығы 3-6 м/с2, мультициклондар – 6-12 м/с2, электросүзгілер – 1,5-3 м/с2, матадан жасалған сүзгілер – 0,005-0,3 м/с2 шамасында жұмыс істейді.
Газдарды шаң-тозаңнан айыру барысында оның ылғалдылығы ерекше маңызға ие болады. Мысалы, газ құрамында ылғалдылық 20% шамасында болса, шаң тазартқыш құралдың ішінде су буы сұйыққа айналып, сүзгі материалдарын дымқылдатады. Матадан жасалған сүзгі бетінің дымқылдануы және оның бетіне шаң-тозаңның қонуы – сүзгіш көздерінің бұлғануына әкеліп соқтырады, яғни оның газ тазарту дәрежесі төмендейді. Дәл осындай жағдай – электрсүзгілер, циклондар үшін де орын алып, тазалау жұмыстарының сапасы күрт төмендейді.
Химиялық технологияда, газдарды шаң-тозаңдардан және заттардан тазалайтын мынандай әдістер кеңінен қолданылады: механикалық, химиялық (рентгендік), физико-химиялық, физикалық, биологиялық және жоғары температуралық (термиялық).
Өндірісте шаң-тозаңдарды ұстау және түрлі зиянды заттардан тұратын газдарды ұстау, әртүрлі жолдармен шаң ұстайтын аппараттарда іске асырылады. Оларқұрғақ, ылғалды және электростатикалық әдістер.
-Құрғақ шаң ұстайтындарға шаңкамералары, матадан жасалған фильтрлер, циклонды аппараттар жатады.
-Ылғалды шаң ұстайтындарға ластанған газ су қабаттарынан өтетін немесе су бүркіп тұрған кеңістіктен өтетін аппараттар жатады.
-Электростатикалыққондырғыларғаэлектрфильтрі бар аппараттаржатады.
-Шаң ұстайтын аппараттардың немесе шаң камераларының жұмыс істеу принципі: құрамындашаң-тозаң бар газ өткенгедейінмөлшері 30-40 мкм шаң-тозаңдарөзсалмағымен (газ ағынынан бөлініп) камераның түбіне түсіп отырады.
Циклондышаңұстайтынаппараттардыңжұмысістеупринципі: газ құрамындағы мөлшері 8мкм-ден көп шаң бөлшектері, центрден тепкіш күш әсерінен, газдардан бөлініп отырады.
Өндіріс мекемелерінің жобасын жасағанда, атмосфераға лақтырылып тасталатын заттардың мөлшері анықталуы тиіс. Алға қойылған мәселелерге байланысты, жердің беткі қабаттарындағы зиянды заттардың мүмкін болатын концентрациясы анықталады және лақтырылып тасталатын жоғарғы концентрацияның мөлшері анықталады.
Шаңның түріне, оның физикалы-химиялық қасиетіне, дисперсиялық құрамы мен жалпы ауадағы мөлшеріне, шығарындының температурасына, қажетті тазалау дәрежесінің деңгейіне байланысты осы құралдардың ішінен белгілі бір үлгісі таңдалады.
Құрғақ шаң ұстағыш аппараттарында қалқыма бөлшектерді тұндыру (ұстау) әртүрлі механизмдерге: гравитациялық (салмақ күші әсерінен), инерциялық, сыртқа тепкіш және сүзгіштік негізделген. Ылғалды шаң ұстағыштарда қалқыма бөлшектер сұйықтармен, көбінесе сумен түйістіру арқылы тұндырылады. Электрлік тазалау әдісі жоғары қуатты электр майданында газды иондандырып, зарядталған шаң бөлшектерін электрсүзгіштердің электродтарына тұндыруға негізделген. Газды оның құрамындағы газ және бу тәрізді қоспалардан айыру үшін абсорбция, адсорбция, катализдік және термиялық әдістер кеңінен қолданылады.
Тазалау аппараттарының ең маңызды сипаттамасы болып аэродинамикалық қарсылық шамасы (газ ағымының кірердегі және шығардағы қысымдарының арасындағы айырмашылығы) саналады.
Газды шаңнан тазалағанда есепке алынатын шаңның физикалық-химиялық сипаттамаларына жататын көрсеткіштер: оның тығыздығы, фракциялық құрамы, адгезиялық қасиеті, дымқыл тартқыштығы, сулануы, электрлік қасиеті, өзінен өзі жану және жарғыштық қоспалар түзу қабілеттілігі.
Шаңның жабысқақтығы дымқылданған сайын өсіп отырады және ол дисперсиясына да байланысты келеді.Шаңды құрғақ әдіспен ұстау үшін шаңтұндырғыш камералар, инерциялық шаң ұстағыштар, жапқыш аппараттар, циклондар, ротациялық және құйын тәрізді шаң ұстағыштар, сүзгіштер және электросүзгіштер қолданылады.Газды дымқылды әдіспен шаңнан тазалау үшін қолданылатын жабдықтарға Вентури скрубберлері, көбік аппараттары, бүріккіштік скрубберлер және т.б. жатады.Шаң ұстағыштар арқылы өтетін газдың жылдамдығы (м/с) олардың түріне байланысты: циклондар үшін 3-6; мультициклондарда 6-12; электрсүзгіштерде 1-4. Ал газдардың тазалауында елеулі рөл атқаратын факторлардың бірі олардың ылғалдылығы. Егер де дымқылдығы 20%-тей (көлемдік) немесе одан жоғары болса шаң ұстағыштардың ішінде су буы конденсациялануы мүмкін. Осы жағдайда мата фильтрлері балшық қабығының пайда болуына байланысты істен шығады, ол циклондар мен электрлік сүзгіштердің жұмыс істеуін де қиындатады.
Газ шығарындыларын шеберлі түрде тазалау мақсатында әр түрлі сүзгіштер түрі қолданылады. Сүзгіш элементтер ретінде жұқа маталардан бастап металдан немесе керамикадан жасалған тесілген материалдар пайдаланылады. Ең кеңінен қолданылатын кейін сүзгіштік қабілетін орнына келтіру үшін қолғапты әлсін-әлсін сілкіп және желдетіп отырады. Қолғапты сүзгіштердің тазалау нәтижелілігі 99%-ке дейін болады.
Термиялық тәсілдерде оттектің қатысуымен және газды қоспаның температурасының жоғары болуына байланысты тотығу процесі жүру нәтижесінде улы компоненттер улылығы төмен түрге айналады. Бұл әдістер көп көлемді және жоғары концентрациялы ластағыштары бар шығарынды газдарды оңай тотығатын улы қоспалардан айыру үшін қолданылады. Өнеркәсіптік шығарындыларды тазалау үшін үш негізгі термонейтралдау жолдары пайдаланылады. Оларға жалында тікелей жағу, термиялық тотығу және каталитикалық жағу жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |