Кәсіптік аурулар мен жарақаттардың алдын алу
Кәсіптік аурулар мен жарақаттанудың алдын алу қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау мен мынадай жолдар арқылы жүзеге асырылады:
1.осы стандарттың талаптарына сәйкес еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру;
2.өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу;
3.қауіпті және зиянды өндірістік факторларды жою (азайту);
4.қызмет түрін ескере отырып, еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес өндірістік жабдықтардың, өндірістік процестің тиесілі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
5.қызмет түрін ескере отырып, еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес аумақтарға, ғимараттарға, құрылыстарға, үй-жайларға қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ету;
6.қауіптілігі жоғары, машиналармен және механизмдермен байланысты жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерді ауысым алдында медициналық куәландыруды ұйымдастыру;
7.қауіпті аймақтарды белгілеу, жұмыскерлер мен көліктің жүру маршруттарын әзірлеу;
8.жеке және ұжымдық қорғану құралдарын пайдалану;
9.белгіленген мерзімдерде тиісті сынақтар өткізу (жабдықтарды, қорғаныш құралдарын, сигнал беру құралдарын, құрал-саймандарды, құрылғыларды, қосалқы жабдықтарды, көлікті, жүк көтергіш қондырғыларды, мұнараларды, лифтілерді және т.с.с.;
10.еңбек және тынығу режимдерін сақтау;
11.қызметкерлерді еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы хабардар ету;
12.еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды ағымдағы бақылауды орындау;
13.қызметкерлерді өндірістік объектілерді аттестаттаудың қорытындысы бойынша еңбек жағдайларының жай-күйі туралы уақтылы хабардар ету;
Жарақат — сыртқы жағдайдың әсерінен орган мен тін қызметінің бұзылуы. Жарақат әр түрлі жағдайдың (химия, физика, механикалық, т.б.) әсерінен пайда болады.
Жарақаттаушы факторлар дегеніміз – материалдық дене немесе жарақаттаушы қабілеті бар матералдық құбылыстар.
Жарақаттаушы заттар: материалдық дене, құбылыстар (электр тоғы, сәулену, жоғарғы немесе төменгі температуралар) болуады. Жарақат бір жерге немесе бірнеше жерге әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты жарақат бірнеше түрге бөлінеді:
-механикалық жарақат сыртқы күштің әсерінен пайда болады. Бұған, көбінесе, жара, буын шығу, сіңір созылу, қан кету, қан құйылу, т.б. жатады;
-термикалық жарақат жоғары не төмен температура (үсу, күйік), электр тогы, рентген сәулелері әсерінен;
-химиялық жарақат қышқыл, сілті, улы заттардың әсерінен;
-биологиялық жарақат бактериялық уланудың (токсиндердің) әсерінен;
-психикалық жарақат — орталық жүйке қызметінің бұзылуынан (кенеттен қатты қорқу, шошу, қайғы, т.б.) болады.
Жарақат жедел және созылмалы түрде өтеді. Жедел жарақаттың (қан құйылу, қан кету, т.б.) әсерінен адам өліп кетуі мүмкін. Ал созылмалы түрінде тіннің қажалуы (сүйел пайда болу) оған не органға үнемі сыртқы күштің әсер етуінен болады. Соның нәтижесінде тін, орган басылып жаншылады. Жарақат алу ірі өндіріс орындарында (зауыт, комбинат, т.б.) жұмыс істейтін жұмысшылардың, спортшылардың, әсіресе, мектеп жасындағы балалардың арасында, сондай-ақ, көлікте, қарулы күштерде жиі кездеседі. Жарақат алған адамға жедел дәрігерлік алғашқы көмек көрсету қажет. Жарақатты емдеу үшін, оның түріне қарай хирургиялық операция, дәрі-дәрмек ішкізу, дәрі жағу, физиотерапия, т.б. жүргізіледі.
Кәсіптік аурулар дегеніміз - адамның еңбек еткен ортасындағы ағзаға жайсыз әсер ететін факторлар әсерінен қалыптасқан дерттер. Жұмыскерлердің денсаулығына жағымсыз әсер ететін өндірістік әсерлер әрқилы. Олардың әсерлерінен тек кәсіптік аурулар ғана емес, сонымен қатар кәсіптік жарақаттанулар да кездеседі. Соңғыларына өндірістің аумағында немесе тікелей жұмыс орнында тіндер мен ағзалардың механикәсіптік ауруларлық, термиялық, химиялық және электрлік зақымдануларынан болған аурулар жатады. Кәсіптік аурулардың этиологиялық себебіне сәйкес топтары:
1.Физикалық себептер туындаған КА; өндіріс шаңдары (пневмо-кониоздар, шаңды бронхит, т.б.)
2.Өндірістік ортаның физикалық әсерлерінен туындаған КА (тербеліс ауруы; қарқынды шудан, әртүрлі сәулеленуден, сыртқы ортаданың жоғарғы және төменгі температурасынан болған зақымданулар)
3.Өндірістік ортаның химиялық әсерлерінен болған КА (әртүрлі жіті және сүлелі уланулар)
4.Биологиялық әсерлерден болған КА (инфекциялық материалдармен не жануарлармен қатынаста болатын еңбеккерлерде, сол секілді туберку-лезге қарсы және инфекциялық емдеу мен профилактикалық медицина-лық мекемлердегі қызметкерлер дамыған әртүрлі жұқпалы инфекция-лық және паразитарлық аурулар; антибиотиктерден, грибоктар мензат түзетін қабілеті бар саңырауқұлақтар және т.б. туындаған аурулар)
5.Кейбір ағзалар мен жүйелерге шамадан тыс күш түсуден дамыған КА (тірек-қимыл аппаратының, шеткілік нервтер мен бұлшықеттердің аурулары).
Достарыңызбен бөлісу: |