ТатееваА. Б., доцент «Фармацевтикалық өндірісінде еңбек қорғау ережелері»


Дәріс 8.Табиғи және жасанды жарықтандыруды нормалау



жүктеу 0,65 Mb.
бет23/58
Дата21.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#34257
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58
Фармацевтік кәсіпорындарындағы еңбек қорғау ережелері 5В074800 каз

Дәріс 8.Табиғи және жасанды жарықтандыруды нормалау.

1. Табиғи және жасанды жарықтандыруды нормалау

2. Негізгі жарықтехникалық бірліктер

Табиғи жарықтандыру

Рационалды табиғи жарықтандыру психологиялық комфорт қамтамасыз етеді, көру және жалпы шаршауды болдырмайды, көздің кәсіптік ауруларға шалдығуына жол бермейді, еңбек өнімділігін көтереді және еңбек сапасын жақсартады, жарақаттану қауіптерін төмендетеді.

Өндірістік бөлімшелерді жарықтандыруға еңбекті қорғау келесі негізгі талаптарды қояды: жарықтың жеткілікті болуы және көзбен көру жұмысының сипатына сәйкес болуы тиіс, көру обьектісі мен фон аралығында көлеңке болмауы, араларында біршама шектеу болуы қажет; жарық көзі обьектіде шағылыспауы тиіс; жарық көзі жұмыс істеушінің көзін шағылыстырмауы керек; жұмыс ауданын жарықтандыру дәрежесі үнемі бір қалыпта болады; жасанды жарықтандыруға арналған электр қондырғылары қызмет көрсетуге залалсыз болуы қажет.

Кәсіпорынның өндірістік, қосымша және әкімшілік-тұрмыстық бөлімшелерінде табиғи және жасанды жарықтандыру қолданылады.Табиғи жарық (күннің көрінетін жарық энергиясы) организмнің жұмысын реттейді, оның қоршаған ортаны сезіне білу қабілетін қамтамасыз етеді, бөлмеде бірқалыпты жарық тудыруға мүмкіндік тудырады.

Күннің жерге түсетін барлық жалпы энергиясы мөлшерінің шамамен 52% көзге көрінетін жарық, қалғаны – көзге көрінбейді: жылулық, инфрақызыл (43%)және ультракүлгін (5%).

Ультракүлгін сәуленің ұзақ мерзімде болмауы немесе оның қажетті мөлшерден аз дозасы адам организміне кері әсер етеді, патологиялық өзгерістер туғызады және олар ультракүлгін жетімсіздігі деп аталады (жарық сәуледен аштық).

Табиғи жарықтандырудың келесі жүйелерін ажыратады: жанама –күндізгі жарық бөлмеге ғимараттың қабырғаларындағы тесіктер арқылы түседі; жоғарғы- жарық ғимарат төбесіндегі тесіктер арқылы енеді; комбинирлі – жанама және жоғарғы жарықтандыру бірге қолданылады; бірлескен –жарықтандыру тәуліктің жарық кезінде табиғи мен жасанды түрін бірге қолдану арқылы орындалады. Бұл жағдайда көру жұмысының жағдайларына табиғи жарықтың жеткіліксіз болуынан жарықтандыру үнемі табиғи жарық көздерімен толықтырылады, ол арнайы СНиП талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Табиғи жарықтандыру коэффициентінің (ТЖК) мөлшерленген мағынасын анықтау

Мөлшерленген мағынасы (ТЖК) келесідеі анықталады:

ен = е * m * c, (5.3)

е – ТЖК мағынасы , %;

m- жарықтандыру климат коэффициенті (күннің тура сәулесін ескермейді), ғимараттың географиялық тұрған жеріне байланысты анықталады;

с – күн климатының коэффициенті (тура күн сәулесі ескеріледі), ғимараттың географиялық тұрған жеріне байланысты анықталады;

Оргтехникамен жұмыс кезінде көру жұмысының сипаты жоғары дәлділікті қажет етеді, айқындау обьектісінің ең аз размері - 0,3-0,5 мм/. е = 2 % деп қабылдаймыз.

Жобада біржақты жарықтандыру типі қарастырылған, қабылдаймыз: m = 1,00, с = 0,85. Сондықтан:

е = 2 * 1,00 * 0,85 = 1,7 %

Жарық ойықтары ауданын анықтау.

Жанама жарықтандыруда жарық ойықтарының қажетті ауданы жуық мөлшермен келесі формула бойынша анықталады: (5.4), м2:

Sок = ен * ηо * Sn * Кзд / τо * τ1 * 100, (5.4)

ен – жанама жарықтандыруда ТЖК-ң мөлшерлі мағынасы, (5.3) формуласымен анықталады;

τо - жарық ойығының сәулені өткізудің жалпы коэффициенті, ойық шынысы материалына, былғану дәрежесіне, конструкция типі мен күннен қорғау қондырғысына байланысты. Бұл коэффициент 0,15—тен 0,30 шамасы аралығында өзгереді. Есептеу үшін оны 0,30 тең деп аламыз.

Кзд - терезелердің қарсы тұрған ғимараттар көлеңкесінен қараңғылануын ескеретін коэффициент. Кзд - 1,7- ден 1-ге дейін ғимараттар арасының бір ғимараттың биіктігіне қатынасымен анықталады. Есептеу үшін 1,0 тең деп аламыз.

ηо – терезенің жарық түсіру сипаттамасы;

τ1 - коэффициент, ТЖК-ң бөлімше қабырғаларынан шағылысып түскен және жанындағы ғимараттың төбесінен шағылысқан жарыққа байланысты өсуін ескереді;

Sn – бөлме ауданы:

Sn = 5,35 * 6,14 = 32,849 м2.

Бөлме ұзындығының Z оның тереңдігіне В ара қатынасы тең болады:

Z = 5,35 м,

В = b / 2, мұнда b – бөлменің ені,

В = 6,14 / 2 = 3,07 м,

Z / В = 5,35 / 3,07 = 1,74 = 2.

Жұмыс қабырғасынан терезеге дейінгі биіктігін анықтау үшін жұмыс қабырғасы еденнен ,8 м биіктікте , ал терезенің төменгі жағы еденнен 1,2 м жоғары деп қабылданады. Жоғарыда көрсетілгендерді ескере отырып келесі мөлшеді анықтаймыз :

h1 = hок + 1,2 м – 0,8 м, (5.5)

мұнда hок – терезе биіктігі.

hок = 2,4 деп қабылдаймыз.

Сонда :

h1 = 2,4 + 1,2 м – 0,8 = 2,8 м

Бөлімше терңдігініңВ оның биіктігіне h1 жұмыс қабырғасынан терезенің жоғары жағына дейін ара қатынасы тең болады:

В / h1= 3,07 / 2,8 = 1,096 = 1,5.

Жарықтандыру мағынасы

ηо = 9,5.

ρср – төбеден, қабырға мен еденнен шағылысып түсетін орташа өлшенген коэффициенті;

а – ең жақын терезеден жұмыс орнына дейінгі ара қашықтық, м. а = 1 м аламыз.

«а» қашықтығының бөлменің тереңдігіне В ара қатынасы тең:

а / В = 1 / 3,07 = 0,326.

Жоғарыда көрсетілгеннен көреміз, коэффициент τ1 біржақты жанама жарықтандыруда тең болады: τ1 = 1,1.

Sок = 1,7 * 9,5 * 32,849 * 1,0 / 0,3 * 1,1 * 100 = 16,076 м2.

Бір терезенің ауданы:

Sок = hок * b, (5.6)

мұнда b – терезенің ені:

b = Sок / hок

b = 16,076 / 2,4 = 6,698 м.

жобадағы бөлмелердің геометрикалық размерлерін ескере отырып нақтылы 6,698 м енді терезені шынылау үшін оның есептік мөлшерін анықтау мүмкін емес. Бір терезенің размерін қабылдаймыз:

S'1 ок = 2,4 * 4 = 9,6 м2 (нақтылық жарықтану).

Sок / Sn = 16,076 / 32,849 = 0,489 = 1 / 2,04,

Sок / Sn = 9,6 / 32,849 = 0,29 = 1 / 3,42,

Sок / Sn = 1 / 2 ÷ 1 / 4.

Жасанды жарықтандыру.

Жасанды жарық - негізгі бөлмелердің жасанды жарықтандырылуына санитарлық бақылау жүргізген кезде “жарықтандыруды өлшеу хаттамасы” толтырылады, сонымен қатар оның сандық және сапалық жақтары да сипатталады. Ол үшін бөлменің жасанды жарықтандырылуы табиғи жарық спектріне жақын ба, біркелкілігі қандай, жарқырауы көзге қолайсыз емес пе сияқты сұрақтар анықталады. Бұл сұрақтарды анықтау үшін жасанды жарық көздерін (люминисцентті шам, қыздырғыш шам), жарықтандыру жүйесін (жалпы, аралас), шырақтардың типтерін (түзу шағылысу, таралуы), олардың іліну биіктігі, орналасу тәртібі, шамдардың электрлік қуаты (жалпы Вт, меншікті үлесі-Вт/м2) анықталады.

Жасанды жарықтың нормасы ҚНменЕ беріледі. Қолданылатын жарық көздері үнемді, әрі ыңғайлы болуы керек. Люминисценттік шамдар қойылатын талаптарға сай келеді деп есептеледі. Олардың жарықтандыруы қыздырғыш шамдарға қарағанда жоғары, және берілетін жарықтың спектрлік құрамы табиғи жарықтың спектріне жақындау келеді. Қыздырғыш шамдарға қарағанда люминисцентті шамдар жылу көзі болып табылмайды, яғни бөлме ауасын қосымша қыздырмайды және олар жарықтандыру беті кең, түзу жарық көзі болып табылады. Сәулелері үлкен көлеңкелер туғызбайды. Қолданылуы 2-2,5 есе арзанға түседі.

Жасанды жарықтандыру көбінесе электр жарық көздерінің екі түрінің көмегімен орындалады: қыздыру лампасы және люминесцентті лампа, олардың қыздыру лампасына қарағанда бірқатар артықшылықтары бар:

● сәуленің спектрлік құрамы табиғи, күндізгі жарыққа жуық;

● КПД жоғары (1,5- 2 есе қыздыру лампасының КПД-н артық);

● жарықты беруі жоғары (қыздыру лампасынан 3 есе артық);

● қызмет көрсету мерзімі ұзақ.




жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау