Тасґткел орта мектебі



жүктеу 2,96 Mb.
бет2/8
Дата02.02.2020
өлшемі2,96 Mb.
#28069
1   2   3   4   5   6   7   8

Сабағымыздың 4-бөлімі. Оқушылар үйден жаттап келген отан туралы мақал – мәтелдерін, тақпақтарын, шығарған өлеңдерін оқиды.

5-бөлім. Тест.

  1. Мемлекеттік жалау қай жылы қабылданды ?

а) 1990 6 - маусым. ә) 1991 4- маусым. б) 1992 6- маусым

2. Жалаудың өлшемдері:

а) ұзындығы 3 м, ені 1,5 м ә) ұзындығы 2м, ені 1 м

б) ұзындығы 2м, ені 3 м

3. Жалаудың авторы:

а) Шәмші Қалдаяқов ә) Жандарбек Мәлібеков б) Шәкен Ниязбеков

4. Елтаңбадағы тұлпар нені білдіреді ?

а) мәңгілік ә) молшылық б) байлық

5. Елтаңбаның авторы:

а) Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов

ә) Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов

б) Шәкен Ниязбеков, Нұрсұлтан Назарбаев



Қорытындылау: Атыңнан айналайын қазақ деген,

Қазағым қайсарлығын ғажап дер ем.

Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,

Көрсеңде көре азаппенен

Бір ата, бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

“Бірлік барда – тірлік бар” деген бабам,

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз.

Отанымыздың арқа сүйер азаматы болайық, оны қорғауға әрқашан дайын болып, халқын сүйер ер жүрек азамат болайық.

Мемлекеттік тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының бастығы.

Негізгі жұмыстары: Шоқан Уалиханов, Әліби Жангельдин, Тоқаш Бокин ескерткіштерін және «Динамо» стадионның жобасын құрастырған

Жұмекен Нәжімеденов – Қазақстан Республикасының әнұранының авторы. «Менің Қазақстаным» өлеңінің сөзін ол 21 жасында жазған екен.

Ол 1935жылы 28 қарашада қазіргі Атырау облысы, Құманғазы ауданында Қошалақ жерінде өмірге келген. Ол атасы Нәжімеден Стамгазиевтің қолында өскен. Сөз өнеріне сүйіспеншілігін, Отанның тарихын және Қазақ елінің салт-дәстүрін біліп өсуге жеке адам болып қалыптасуына атасының әсері мол болған. Атасы немересіне олардың әйгілі ата-бабалары Қартпанбет жырау (алтыншы ата- бабалары) болғанын оның үлкен әпкесі Қосуан. Қосуан Махамбет Өтемісұлының шешесі болғанын айтып берген. Жұмекен Нәжімеденов Қазақстан Мемлекеттік консерваторияда оқыған. (қазіргі Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория). Кейінірек «Жазушы» баспасында редактор болып, «Лениншіл жас» газетінің бөлім меңгерушісі, «Қазақстан» жазушылар одағының әдеби кеңесшісі, Мемлекеттік баспа комитетінің редакторы, «Мектеп» баспасының меңгерушішісі болып істеген. 1961жылы Жұмекен Нәжімеденовтің ең алғашқы лирикалық «Егіс» жинағы шықты. Кейінірек төрт жылдан кейін «Жоқ, ұмытуға болмайды» атты жинағы жарық көрген.Жұмекен Нәжімеденовтың тірі кезінде барлығы оншақты өлең жинағы және үш томдық «Ақ шағыл» («Белые пески» 1973 жыл) «Кішкентай» (Маленький) (1975 жылы) «Даңқ пен уақыт» (Известность и молва) (1975 жылы) шыққан. 48 жасқа алты күн қалғанда 1983 жылы 22 қарашада қайтыс болған. Ақынның қайтыс болғаннан кейін тірі кезінде жарық көрмеген он жинақ өлеңдері, поэмалары, повестері, романдары, статьялары, аудармалары және тоғыз күй шығармалары жарық көрді. Оның шығармалары көптеген тілдерде аударылған.

Жұмекен Нәжімеденов А.Вознесенскийдің, Е.Евтушенконың, Н.Хикметтің және А.Файзидің шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

1940 ж. шілденің 6 Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.

1967 ж. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқы орнын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

196069 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

196973 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

197377 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

197779 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2-ші хатшысы.

197984 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

198489 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.

198991 жж. — Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы,

1990 ж. ақпансәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.

1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.

1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет ҚазақстанРеспубликасыПрезидентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.

1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде ҚазақстанРеспубликасыПрезиденті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.

1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, ҚазақстанРеспубликасыПрезиденті болып қайта сайланды.

2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, ҚазақстанРеспубликасыныңПрезиденті болып қайта сайланды.

Кезінде Жұмекен Нәжімеденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің бастамасымен кейбір түзетулер еңгізілді. Елбасының ұсынысы бойынша біріншіден, әнұранның мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс тапты. Екіншіден,


Әнұран боп асқақтар,

Біздің елдік рәміз.


Енді сабағымыздың екінші бөлімі, ой шақырамыз.

  1. Біз қай ұлтпыз? Қайда тұрамыз? (Қазақ)

  2. Біздің ана тіліміз қай тіл ? (Қазақ)

  3. Біз қай дінге сиынамыз ? (Біз мұсылмандармыз, дініміз ислам)

  4. Біздің еліміздің астанасы қай қала және бұл қала қазір қалай аталады ? (Астана қаласы. Еуразия кіндігі)

Қазақ жері - қонақжай төрлер жері,

Қазақ жері - қас с ақтай ерлер жері.

Елі кедей болмаған – жері байтақ,

Едігедей, Бабырдай шерлер жері.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Мемлекеттік Жалауы, Елтаңбасы; Әнұраны қабылданды Енді олардың шығу тарихына тоқталамыз.

Мемлекеттік жалау 1992 жылы 4- маусымда қабылданып,

6- маусымда күшіне енді. Жалаудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір мата. Матаның сол жағында қызыл өрнегі бар. Жалаудың ұзындығы 2 метр, ені 1 метр. Жалаудың ашық көгілдір түсі, соғыссыз, бейбіт ашық аспанымызды білдіреді. Жалаудың жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков.

Елтаңба. Шаңырақ - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының ең жүрегін көтеріп, оған негізгі арқау болып, тұрған шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі.

Шаңырақ отан от басынан басталады деген киелі ұғымға ие. Шаңырақ бейнесі - бүкіл қазақ елі үшін тіршіліктің, шексіз өмірдің нышаны.

Тұлпар – ол мәңгіліктің белгісі, ал елтаңбадағы қыран қанаты, мүйізді пырақ бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігін, рухани байлығын, өсіп - өркендеуінің өміршеңдігін көрсетеді. Елтаңбадағы бесбұрышты жұлдыз – Күн мен Айды, Жұлдызды кие тұтатын халқымыздың бағы ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін деген асыл арманын арқалап тұрғандай.

оқушылары болғандықтарыңыздан сын көп. Ол үшін мектепте, сыныпта құрбы-құрдастарыңызбен сөйлескенде, жүріп-тұрғандарыңызда ойланып әрекет істесеңіздер екен. С»з біреуді ұнатып қалдыңыз, ұялмаңыз өзіңізді түсінетін құрбыңызбен анаңмен сыр бөліскеннің еш айыптығы жоқ. Қыздар жігіттің алдында әлдеқайда салмақты, сабырлы болса, соғырлым өзіне тарта беретінін кітап пен кинолардан көріп жүрміз.

Сабақты қорытындылау: Оқушылардың ойын тыңдау.
Сабақтың тақырыбы: РЕСПУБЛИКАМ МЕНІҢ - БАЙТАҒЫМ!
Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуші елдің жас ұрпақтарын Отанын сүюге, елінің рәміздерін қастерлеуге, бай – қуатты ел екендігін мақтан етуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
Кіріспе әңгіме:

Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

Жахандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді ту болмады дегенге ?!
Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айта алар болмаған деп Әнұран ?!


Бас білгізіп жер тарпыған тарпанға,

Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.

Қалай оның елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса ең - таңба ?! – деп ақындарымыз жырлағандай, халқымызда ұлттық Ту да, Әнұран да, Елтаңба да бар. Республикамыздың рәміздерін құрмет рәсіміне шақырып, туымызды көтеріп тұрып, мемлекеттік әнұранымызды орындаймыз.


Туға мойын бұрамыз

“Елтаңба” деп тұрамыз.

мәтінде асыл мұрамыз – еліміздің кеңбайтақтығы, үшіншіден, жер мен ел байлығы біздің ұрпақтарымыздың болашағына айқын жол ашатыны көрініс тапқан. Ең бастысы – тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі – ел бірлігі баса айтылған.

Шәмші Қалдаяқов (1930-1992) Шәмші Қалдаяқов-композитор,қолданыстағы Қазақстан гимнің авторы.

Ол 1930 жылы 15 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм ауданында дүниеге келген. 1956-62 жылдары Алматы консерваториясында оқыған.

Ш. Қалдаяқов көптеген жастар жайлы лирикалық өлеңдердің авторы. Қазіргі таңда халық арасында ерекше орындалып жүрген әндер. Мысалы; «Қара көз», «Қайықта», «Ақ сұңқарым», «Ана туралы жыр», «Сырдария сұлуы» және т.б өлеңдері.Композитордың твочествосында 3000 астам өлең бар. Сол өлеңдерін Қазақстанның белгілі әншілері Б.Төлегенова, Р. Рымбаева, Н.Нүсіпжанов т.б. орындап жүр. «Менің Қазақстаным» әні оның творчествосындағы маржаны деп есептеледі.Осы әні ең алғаш рет 2006 жылы қаңтар айында Ақордада Н.Назарбаев президенттік қызметіне кіріскенде салтанатты түрде орындалды. Алматының орталық концерт залы және бір көшесі композитордың есімімен аталады.

Міне осындай ұлы тұлғаларымыздың ерен еңбегінің арқасында біздің Қазақстан Республикамыздың рәміздері өмірге келді.

Бәрі: Тәуелсіздік туын биік ұстап, мемлекетіміздің рәміздерін әрқашан мақтан ете білейік!

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін Республикамызда үлкен өзгерістер болды. 1997 жылы 10 желтоқсанда біздің еліміздің астанасы Ақмола болды. Ал 1998 жылы 6 мамырда қаланың аты Астана деп аталды.

Астана қаласы Есіл өзенінің бойында орналасқан.

“Еуразия жүрегі” атты кітабында Нұрсұлтан Назарбаев былай деп жазды: “... Бұл жерде біздің Отанымыздың жүрегі соғатын болады!...”

Қаланың басты символы- БӘЙТЕРЕК. Алып құрылыстың биіктігі -105 метр. Бұл мұнара-біздің еліміздің өткені, қазіргісі мен келешегі. Мұнар тереңге кеткен тарихы бар жас, күшті мемлекетті көз алдымызға елестетеді. Бұл мемлекеттің тіреуі мықты және келешек гүлденуге талпынысы бар.

Астана- тыныш және қонақжай қала.Қалада жыл сайын халықаралық конференциялар, фестивальдар мен көрмелер өтеді.

Әр жыл сайын 6 шілдеде Астанада Қазақстан астанасының туған күні атап өтіледі.


Алматы – күн шуақты, әдемі, жасыл қала. Ол Қазақстанның оңтүстік шығысында орналасқан. Алматыны бақ – қала депте атайды.

Алматы-Қазақстанның ең ірі қаласы. Мұнда 1,5 миллион адам тұрады. 1929-1997 жылдарда Алматы Қазақстанның астанасы болды.Содан бастап , Алматыны “Республиканың оңтүстік астанасы” деп атайды. Алматы – ғылым мен мәдениет орталығы. Сонымен қатар Алматыда 2011 жылы Қысқы Азия ойындары өтті.

Қаланың басты алаңы-Республика алаңы. Бұл жерде спорттық ойындар, мерекелік шерулер өтеді. Алаңда тәуелсіздік Монументі орналасқан. Ол Қазақстанның ұлттық символы болып есептелінеді. Монументтің жоғарғы жағын 6 метрлік “Алтын адам” статуясы әшекейлеп тұр. Бұл қанатты барысты басқарушы. Бұл Қазақстан жеріндегі мемлекеттік басқарудың мықтылығын көрсетеді
Сабақтың тақырыбы: Жеті киелі сан.

Сабақтың мақсаты: Жеті санының қазақ тәрбиесіндегі ролін анықтап көрсету. Тәрбие дегеніміз өзі математика сандарынан құралғанын дәлелдеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар,

қанатты сөздер, кітап көрмесі.



Сабақтың тәрбиелік бағыты: танымдық тәрбие

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Баяндау, сұрақ-жауап,СТО, кластер стратегиясы

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру бөлімі

2.Қазақ тәрбиесіндегі жеті санының мағынасы

а) «Жеті шелпек нан»

б) «Жеті жарғы»

г) «Жеті қазына»

д) «Жеті керемет»

е) «Жеті ата»

ж) «Жеті жоқ»

з) «Жеті күн»

3. Шығармашылық жұмыс «Менің жеті атам»

4. Қорытынды

Халқымызда «қызға қырық үйден тыю» деген ұлағатты сөз бар. Қазіргі жастар соңғы кезде осы сөздің мән - мағынасына зер сала бермейтін сияқты. Өздерін XXI ғасырдың ерекше жастары санайды. Батысқа еліктеп, ата – бабамыздың салт – дәстүріне салғырт қарайтынды шығарды. Әйтсе де, «үлгілі үйдің ұл – қызының ұялтпайтынын» де жақс ы білетіндер де аз емес. Қыз балаға тәкәппарлық жарасады. Бойы да, ойы да тап – таза, жақсы тәрбиеленген қыз балаға жігіт көп. Қазақ қызы деген ғажап атқа дақ түсірмей, сөз келтірмей өссек, бізге де, ата – анамызға да абырой емес пе ?!

Негізі қазақ халқы «қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, жан-жақты сұлулықтың символындай бағалаған. Мысалы: «қыз өссе – елдің көркі», «қыздың жиған жүгіндей» деген тіркестер қыз балаға деген құрметті білдірсе керек. Ал қазіргі бойжеткендер ата дәстүрден неге алшақтап кетті? Қыздар ашық-шашық киінгенді жақсы көреді. Арқасы мен кіндігін көрсетіп жүру сәнге айналды. Тыртиған шалбар мен қысқа етек кигендерден көз сүрінеді. Төсін жартылай жалаңаштап жүру бел алып барады. Осындайда «ұят болады» деген бір ауыз сөз жетпей тұрған сияқты.

Қазіргі заманда байлыққа қызығатын адамдар өте көп (көбінесе басына емес, қалтасына қарап бағалап та жатамыз). Қазіргі жастар еліктегіш келеді. Бірден астарына машина мініп, зәулім сарайда сайрандап жүргілері келеді. Бірақ, ащы маңдай термен, өз еңбегіңмен келген ақша адамды бақытты етеді.

Міне балалар, мен сіздерге өз ұл-қызымдай келешекте есте қаларлықтай сын айтып отырмын. Халқымыздың салт – дәстүрін сақтай отырып, және заман ағымына ілесе отырып кішкене де болса өз дәрежемізді, қадір қасиетімізді көтере білсек, сонымен қатар айтылған сынға дұрыс түсіністікпен қарасақ жеткілікті емес пе? Кімде болса асырап отырған ұл-қыздарының жақсы жүріп-тұрғанын, жақсы азамат болғанын қалайды. Осы айтқандарым сіздердің өмірлік тәжірибелеріңізге пайдасы тиеді деп ойлаймын. Енді сізермен бір-екі ауыз сезім туралы сыр шертісіп кетелі. Мектеп табалдырығында қыз бен қыздың, ұл мен ұлдың және ұл мен қыздың арасында достық болады. Осы достықтың арасы ұзақ жылдарға созылып жатса, бұған жетерлік адамгершілік бар ма ?!

Адам болған соң әрқайсымызда сезім болады. Тек осы сезімді дұрыс түсініп бағалай білейік. Сіздер жоғары сынып

тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып, сая да болмайды, жеміс те бермейді.

Міне, балалар ұлылардың сіздерге айтар өсиеті осындай. Яғни музыкалық әуендердің адам бойындағы ізгі қасиеттердің қалыптасуына әсері әріден екен. Ендеше, өз сыныптастарымыздың орындауында Құрманғазы атамыздың «Көңіл ашар» күйін тыңдасақ.

Сабақты қорытындылау.



Сабақтың тақырыбы: «Сыры көп, айтары аз қыз баланың»
Эпиграф.
Адамшылықтың алды-махаббат, ғаделет сезім.

Абай
Мақсаты: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру , оқушыларға сезім туралы, салт- дәстүр сыйлау, адамгершілік обал мен сауапты ойлау, қариядан бата алу сияқты тәрбие тамырын түсіндіру.
Балалар, сіздер міне үлкен сынып оқушысыздар. Өздеріңізді қоршаған ортаға, айналаларыңызға басқаша көз қараспен қарайсыздар. Қазақта «он үш жас - отау иесі» деп бекер айтпаған. Жан - жағымызға қарап, дұрыс сөйлеп, дұрыс жүретін кез келді. Сіздер үйлеріңізде ардақты аналарыңызбен, мектепте өздеріңізге жақын адамдарыңызбен және жақын ұстаздарыңызбен сырларыңызды, ойларыңызды бөлісіп, айтуларыңызға болады. Олай болса бүгінгі сабағымызды сырласу сабағы деп айтайық.

«Сараң адам да махаббатты басынан кешсе, сондай мейірімді болып кетеді» дейді, адал махаббатты дәріптеуші жазушымыз-

Әбілхан Нұршайықов. Шын сөз.

Әттең, қыз жүрегінің тілі байлаулы. «Сыры көп, айтары аз қыз баланың» демекші, ұятты ойлаймыз. Сезімімізді жүректе тұншықтырып аламыз. Бұл – бір жағынан, қыз баланың баға жетпес байлығы да. өкінішке қарай, соңғы кезде осы асыл қасиеттеріміз жоғалып барады. Әзілхан атамызша: «Қыздың бір ғана байлығы бар, ол – арының тазалығы».

Мен де бұл сөзге қосыламын. Сол үшін қыздар қызға жарасымды қылығы мен сүикімділігімен жоғалтпаса екен деп тілеп отырамын.

Сабақтың барысы:

Кіріспе сөз:

“Жетелі елдің баласы,


жеті жаста баспын дер.
Жетесіз елдің баласы,

жеті жаста жаспын дер,”-деген аталы сөздің мағынасында жеті саны үлкен мағыналы екенін айтады. Қазақта жеті санымен ата тегі, аптаның жеті күні, жігіттің жеті қазынасы, қазақтың ата заңы жеті жарғысы, әлемдегі ең ғажап туындылар жеті керемет, жер бетіндегі жеті жоқ, жеті шелпек нан тығыз байланысты.

Жеті шелпек нан”
Үлкендер бір нәрседен қорыққанда, жаман түс көргенде , жеті нан шелпек пісіреді. Оны қасиетті жұма күндері өлі аруақтарға арнаса , сәрсенбінің сәтті күні жолым болғай деген ырыммен пісірген.

Жеті жарғы”

Қазақ халқының бірлігін , тірлігін ойлап өткен бір туар ұлдарының бірі Тәуке хан ел басқару ісінде “Жеті жарғы” заңын жазды .

Тәуке ханның жеті жарғысы

1-жарғысы: Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.

2-жарғы: Түркі халқының мүддесін сатып, еліне опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.

3-жарғы: Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын.

4-жарғы: Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасаған ақ некені бұзушыларға өлім жазасы бұйырылсын.

5-жарғы: Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.

6-жарғы: Төбелесте мертігудің түріне қарай мүліктей құн төленсін.

7-жарғы: Ұрланған жылқы өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірсін.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” бағдарламасы жеті стратегия-лық бағыттан тұрады.
1. Ұлттық қауіпсіздік.
2. Саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.

3. Нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу.


4. ҚР азаматтарының денсаулығы , білім мен әл –ауқаты.
5. Энергетика ресурстары.
6. Инфрақұрылым әсіресе көлік және байланыс.
7. Кәсіби мемлекет.

« Жеті қазына»

Қазақ халқы адамның жеті қазынасы бар деген. Ол қазына қорған, тамақ, сүйеніш, ақыл, білім, сауық-сайран, тірек болған. Сондықтан жеті қазынаны қастерлеп, қиыншылық пен таршылықта сүею болады деп сенген.



«Жеті керемет»

Адамзат даму денгейінде жаңа бір туынды, жаңа бір ғажайып творчестволық туынды жасаған. Бұл мәдени мұралар қайталанбас туынды. Әлемдік мәдинетте жеті туынды болса, қазақ мәдениетінде жеті қайталанбас туынды бар.Олар:



  1. Есік қорғанынан табылған, сақ дәуіріндегі алтын киімді адам.

  2. Қазақ жеріндегі тамаша сәулет өнері ескерткіштерінің бірі – Түркістан қаласындағы ислам дінінің ғұламасы, сопы Қожа Ахмет Йасауидің басына тұрғызылған кесене. Бұл кесене 1396 -1404 жылдары Әмір Темір бұйрығымен салынған.

  3. Ерте кезден сақталған ғимараттардың бірі – Айша бибі кесенесі. Ол 11-12 ғасырларда Тараз қаласының маңына салынған.

  4. Қожа Ахмет Йасауидің кесенесінің ортасында үлкен тайқазан орналасқан.

Шағармашылық жұмыс «Менің жеті атам»

Оқушылар өз жеті аталарын атап, қатесіз жазу.



Қорыта айтарым , 7 саны киелі де , қастерлі сан.

Өйткені, қазақ тәрбиесінде бала санасына жетік енетін, өмір мен қоршаған ортаны байланыстыратын сан.

күлімсіреп жауап бергенінен екінші кісі де жылылық сезіп, ол адамның жақсы екендігіне көз жеткізгендей болды.

Мұғалім: Өте дұрыс. Демек, әлгі адамның бойында жақсы адамға тән ізгі қасиеттердің бар екендігін, адаммен қалай сөйлесу керектігін білетін тәрбиелі жан екенін байқадыңдар. Эстетикалық көркемдік пен этикалық көркемдік етене байланысып, адамның әдептілік мұратын қуаттап тұр. Әдептілік осы тұрғыдан адам баласының асыл мұраты ретінде ұлы шығыс поэзиясында қызықты әрі мол жырланады. Мысалы әлемге әйгілі «Ләйлі - Мәжнүн» ғашықтық дастанында екі ғазиз жастың кіршіксіз махаббаты әдептілік пен көркемдіктің біте қайнасқан бірлігі ретінде өте әсерлі бейнеленген. Шындығына келгенде әдепті әсемдіктен бөліп қарауға болмайды. Өкінішке орай бүгінгі таңда осы жағындағы тәрбиенің жеткіліксіздігінен, жалпы отбасы мен мектепте эстетикалық және этикалық тәрбиеге жете мән берілмегендіктен ақсайтынымыз анық. Мәселен адамның киім киюінің өзі үлкен тәрбие екендігін аңғара бермейміз. Кейбір адамдар сұлулық деп әйтеуір сәнді, қымбат киім кигенді түсінетіндей. Кісінің киген киімі шаш қойысы мен тарасы, түр-түсі оның қайталанбас өзіндік келбетін қалыптастырады. Әйтпесе, адам жеке даралық, өзіндік келбетінен айырылып қалады. Кейбір қыздар мен ер балалар осы жағын ескермегендіктен жұрт көзіне ала бөтен оғаш көрініп немесе күлкіге ұшырап жүргендері де жоқ емес.

Әсіре сәншілдік, әсіре боянымпаз – сыланымпаздық сияқты, бойын күтпеу, олпы-солпы киіну, сақал-шашын, тырнағын уақытымен алып, таз ұстамау, аяқ киімінің бауын ұқыптап байлап, майлап, тазартып кимеу сияқты әдеттер де көркемдік тәрбиедегі кемістіктер болап табылады.

Мәселен Әл-Фараби былай деген екен: «Музыкалық әуендер жақсы мінез-құлық машықтарын, адамның қоғамдық мұраттарын қалыптастыруда елеулі роль атқарады.... Музыка мен ән адамда эстетикалық сезімдерді туғызу арқылы кісінің өзін-өзі тәрбиеленуіне, бойдағы нашар қасиеттерден арылуына ықпал етеді» - десе қазақтың халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы: «Домбыра – қазақтың қасиетті дүниесі. Оны тарта алмасаң да, қадірлей біл. Себебі баланың бойына халықтың рухани байлығын сіңіру домбырадан басталады. Домбыраның сырлы сазына ауызданбаған бала уызына жарымаған көтерем қозыдай болады. Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын білмейді. Ал халықтың жанын түсінбеу деген –

санасы мен қоғамдық санада ежелден бері-ақ бір бүтін нәрсе ретінде түсініліп келеді. Сөйтсе де адамның айналадағы дүниеге қатысына табиғи тән эстетикалық сезімінің айқын межеленген өзіндік сипаттары бар. Сұлулық – адам жанын марқайтатын, көзін қуантатын, тамсантатын, тәнті ететін, сүйіндіретін көрініс, қимыл-әрекет, пішін немесе ой-қиялдың жемісі. Солардың ішіндегі ең кереметі қоғам мен табиғаттың ерекше перзенті – адам, соның сұлулығы.

Адам анадан сырт бейнесі, пішіні сұлу болып туылуы мүмкін, ал ішкі жан сұлулығы өзінің мінез-құлқы, қылығы, ісі. Басқа адамдарға деген байланысы арқылы қалыптасады. Әдетте, біз қыздың немесе жігіттің сұлулығы, көркемдігі жайында айтқанда оның бойының сымбаттылығына, үнінің назды, әуезділігіне, шырайының таза, балғын, қалың шашының толқындай төгілгендігіне қарап баға береміз. Бұл – адамның сыртқы сұлулығы. Ал, адамдағы басты сұлулық – ішкі жан дүниесі, мінезі, қалыптасқан әдептілігі.

Абайдың да айтар ойы осымен ұласады. «Шу дегенде көрінер сұлу артық», - деп сақтандыра келе «Әйел жақсы болмайды көркіменен, мінезіне көз жетпей баға берме» - дейді.

Адамның сыртқы сұлулығы ішкі рухани сұлулығымен сәйкес келсе нағыз сұлулық сол болмақ.

Ал енді осы сұлулық жайында айтылған халық сөзіне мақалына тоқталсақ. (оқушылар кезекпен тұрып мақал айтады).

«Сұлу – сұлу емес, сүйген сұлу», «Сөзі райлының – жүзі шырайлы», «Жаманның сөзі – түйеден түскендей», «Жылтырағанның бәрі – алтын емес», «Адамның жылтыраған сыртына емес, сұлу ішіне қызық».

Көрініс.(оқушылар рөлінде)

Көшеде бір бейтаныс адам келе жатады. Оған қарсы тағы бір адам ұшырасады да: - Айтып жіберіңізші Абылай хан көшесіне қалай баруға болады?

Кісі (тоқтайды, күлімсірейді): - Е, ол жап-жақын. Осы бетіңізбен тура жүріңкіреп барып, оңға бұрылыңыз.

Екінші кісі: Сізге көп рахмет!


  • Оу оның не қиындығы бар! (тағы күлімсірейді).

Міне, осы бір сәттен нені байқадыңдар, балалар?

Оқушылар жауабы: Бұл көріністе көптеген мәнді жайттар бар. Сіздің дауысыңызды естіп, қасыңыздан өтіп бара жатқан кісі мойын бұрып, тұра қалды да, сізге сұрақты көзбен жылы ұшырай қарады. Кісінің



Сабақтың тақырыбы: Тіршілік тірегі – ғазиз ана.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды дүниенің тірегі, өмірді жалғастырушы, баланың ең жақын, ең қымбат, ең қамқоршы - ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интериактивті тақта, компютер, слайд, батыр ана лардың суреттері, мерекелік зал.
Сабақтың тәрбиелік бағыты: рухани-адамгершілік, отбасылық тәрбие.

Сабақтың барысы:

Кіріспе сөз:

- Оқушылар менің мына сұрағыма жауап беріңдерші.

Ғалымға, данаға, ақынға тіршілік сыйлаған кім?

- Ол - Ана !

- Ұстазға, батырға, сәбиге тіршілік сыйлаған кім екен?

- Ол – Ана !

- Бақытты, байлықты, меирімді сыйлайтын кім екен ?

- Ол – Ана !

- Ендеше, Ана өмірдің бастауы. Ананың тілі, ананың махаббаты тіл жетпес бір тұңғиық теңіз емес пе?! Па, шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді!

Шырылдап жерге түскеннен – ақ сенің ең жақын, ең қамқор досың, ең жанашыр ұстазың бар. Ол – АНА!

Қара жерді баспай жатып, тырмысып жабысатының, шырылдап жылап іздейтінің –анаң.

Ол саған бәрінен қымбат. Сен үшін ол жалпақ дүниеден де ең үлкен.

Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан болуы мүмкін емес. Мен білетін қазақ әйелі, қазақпын дейтін қара көз баланың анасы – сенің жүрегің нәзік, сенің махаббатың балаға тіл жеткісіз биік. Ана жеті қабат жұмыр жерді де, ақ пейілді адамзатты да, құлпырған дүниені де дамытты. Ендеше, ол – Ана, сол тіршіліктің тірегі. Міне бүгінгі тәрбие сағатымыздың негізгі тақырыбы «Тіршілік тірегі – ғазиз ана». Мақсаты ұрпақтың ана еңбегін бағалау, оны құрметтеу. Ендеше құрметті аналар бүгінгі тәрбие

сағатымыздың төрінен орын алыңыздар. Менің шәкірттерімнің, сіздің сәбилеріңіздің бүгінгі сіздерге арналған жүрек жарды өлең –жырларын қабыл алыңыздар.



1-жүргізуші: Бастаймын сөзімді «Ана» деп мен,

Себебі анам ғой мені адам еткен.

Өмірдің бар асылын бойына жиып,

Дүниенің ардақтысы анам екен.



2-жүгізуші: Ананың алдында асқар тау да аласа,

Дүниенің жарық күні анамыз!

Жарық күннен қуат алған санамыз,

Ұлы болсаң анаменен данамыз.



1-жүргізуші: Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің аналар!



2-жүгізуші: Бәрімізге анасың

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын анашым!



1-жүргізуші: Арым да, ардағым да анам екен,

Ана деген адамға атамекен

Түн ұйқысын төрт бөліп берген сүтті

Жүрегіңде жыр болып жатады екен .



2-жүгізуші: Ана – барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық

асыл қасиет кннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам. Ана – құдіретті жан, ендеше бүгінгі

мерекелеріңіз құтты болсын, Аяулы аналар!!!

1-жүргізуші: Ендеше, сіздердің құрметтеріңізге арналған Азамат балаларыңыздың орындауында «Тойбастар» әнін қабыл

алыңыздар.



2-жүргізуші: Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі – аналар,

Ана деп бас иеді күллі халық.



1-жүргізуші: Жан кешкен баласы үшін, бағы үшін де,

Халқының, отбасының қамы үшін де.

Бізге бақытты, бейбіт өмірімізді жасап берген Ұлы тұлғалар есімін мақтанышпен айтамыз.

«Менің Қазақстаным» әні хормен орындалады.



Қорытынды: Өз отанымыз Қазақстанды болашақта гүлденген, дамыған елдердің қатарына қосу үшін, үлгілі, тәртіпті болу, үлкенді сыйлау, іздену мен талаптану мақсатын ұстануымыз керек.

Сабақтың тақырыбы: Сүйкімі дүниенің сұлулықта.

Сабақтың мақсаты: Адам мінез-құлқының, іс-қимылының дүниедегі ең сұлу мәнге ие екендігін дәлелдеу, сол арқылы оқушылардың жан дүниесінің сұлу болуына ықпал жасау. Яғни оқушылар бойындағы эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.

Көрнекілігі: Көркем әдебиеттер. К.Ахметова

«Шуақты күндер», Абай еңбектері.

Барысы:


Құрметті балалар! Мен бүгінгі сабақты Абайдың мына тамаша өлеңдерінен бастағым келіп тұр.

Жүректен қозғайын,

Әдептен озбайын.

Өзі де білмей ме,

Көп сөйлеп соз байын.

Тереңдеп қарайсың,

Телміріп тұрмайсың.

Бейхабар жүргенсіп,

Бек қатты сынайсың.

Кең маңдай, қолаң шаш,

Я бір кез, я бір құлаш.

Ақ тамақ, қызыл жүз,

Қарағым бетіңді аш.

Абай сұлудың сыртқы сұлулығын осылайша жыр әуезіне қосады. Қарасаң шынымен де адам тамсанатындай көз алдыңа ару елестейді.

Адамның қылығы, мінез-құлқы мен іс-қимылының жөні әрі этикалық, әрі эстетикалық мәнге ие. Сондықтан олар бір жағынан, әсемдік не сұрықсыздық ретінде, екінші жағынан, жақсы не жаман деп бағалануы мүмкін. Бұл екеуі яғни сұлулық пен адамгершілік жеке адам

Күндер өтті кешегі,

Жігер құм боп жасыған.

Несіне оны жасырам?

Әнұраным бүгінгі –

Баға жетпес асыл ән.



Мұғалім: - Әнұран туралы не айтасыңдар? Туы, Елтаңба жөнінде......

1– оқушы: Қазақстан Республикасының Әнұраны – бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етеді. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа, төзімділікке, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.

1оқушы: Мемлекеттік Ту 1992 жылы маусым айының 4 – жұлдызында қабылданып, 6 – маусым күні күшіне енді. Тудың ортасына шұғылалы күн, оның астына қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Жобасын жасаған Шәкен Ниязбеков. Ол егемен еліміздің, қазақ халқының ұлттық туы.

2оқушы: Елтаңбаның архитекторы Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов. Көркемдік шешімі: шаңырақ, жұлдыз, сондай-ақ аңызға айналған пырақ пен Қазақстан деген жазуы бар.

Шаңырақ – бейбітшілік пен тыныштықтың айғағы. Түндік – көк аспан асыл шырақ күн бейнесін елестетсе, уықтары – одан тарап жатқан алтын сәулелерді белгілейді. Ай мүйізді, алтын қанатты қос тұлпар – астықтың масақтарын бейнелейді, яғни бұл еңбектің, молшылықтың белгісі іспеттес. Бес бұрышты жұлдыз – біздің құшағымыз бен жүрегіміз бес құрлыққа ашық деген сөз.



Мұғалім: Кел жастар, біз бір түрлі жол табалық,

Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.

Өшпес өмір, таусылмас мал берелік,

Бір білімді данышпан жан табалық

Ал, енді олай болса, кімді алалық?...

Оқушылар: «Атаның емес, адамның ұлы бол» деген ұлы Абайға жүгінелік.

Мұғалім: Жалыналық Абайға, жүр баралық,

Білімді сол кісіден ізденелік!

Әдейі іздеп біз келдік Сізге делік!

Оқушылар: Шіркін, ақынның асыл сөздері - ай!

«Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел, алдыңғы толқын – ағалар, кейінгі толқын – інілер....»

«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,» - деген де Абай емес пе еді...

Аналар – шексіз әлем, күннің нұры,

Тіршілік көзі жатыр әр ісінде ,- дей келе Қызғалдақ қыздарыңыздың орындауында Т.Айбергеновтың «Ана» өлеңін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Ана десем алғыс алам халқымнан.

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым

Ана десем әділдікті ұғамын.

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар,

Ана деген тіршіліктің тірегі.

Аман болшы, қасиетті аналар, - деп ортаға жас әншілер Нұргүл мен Рустамды шақырамыз. Ән « Сенің анаң алтын», қабыл алыңыздар.



1-жүргізуші: Анашым ақ сүт беріп өсіріп ең

Қатемді меннен талай кешірін ең

Төрт бөліп түн ұйқысын әлдилеткен

Айналдым ана деген есіміңнен



2-жүргізуші: Көктемде көңілді ,құстар кеп жатқанда

Құлпыртып өңірді, гүл ектік бақтарға,

Біз доспыз гүлдермен, текке оны жұлмаймыз

Той күні бір –бірлеп аналарға сыйлаймыз.



1-жүргізуші: Құрметті аналар сіздердің назарларыңызға «Айтыс» атты тамаша көрнісімізді ұсынамыз. Көңілдеріңіз көтеріңкі

болсын.


Мұғалім: Дана Абайды, ғұлама Шоқанды аналары, әжелері аңыз әңгімелер, жыр –қисалар, дастандар оқи отырып тәрбиелеген екен. Ендеше, бүгінгі жаханданған заманда аналар әлі де тоғыз ауыз сөздің тобықтай түйіні болған, қазақ сөзінің мәйегі болған мақал – мәтелдер мен жұмбақтар оқи отырып бала санасын жетілдіретіні сөзсіз. Сондықтан оқушылар болып, аналар болып жұмбақтар шешіп, оның жауабына мақал сөздер айтып көрелік.

1-жүргізуші: Ендеше, бірінші жұмбағымыз мынадай:

Бар екен дүниеде жалғыз көзді,

Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.

Әлемді он сегіз мың киіндіріп,

Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді.

2- жүргізуші Жұмбақ жауабы- ине. Ине сөзіне мақал айтайық, қанеки.

- Оқу инемен құдық қазғандай.



1-жүргізуші: Екінші жұмбағымыз:

Құрғақ жерде сақтайсың

Онсыз тамақ татпайсың.

2-жүргізуші: Жұмбақтың жауабы- тұз. Тұз сөзіне мақал айтайық.

- Доссыз адам – тұссыз ас.



1-жүргізуші: Үшінші жұмбақ, қанеки кім жауабын шапшаң табар екен.

.Екі семсер айқасқан,

Оқта-текте шайқасқан.

2-жүргізуші: Жұмбақтың жауабы- қайшы. Қайшы сөзіне мақал айтайық.

- Асыл қайшы пішуге сән,

Күміс қасық – ішуге сән.

1-жүргізуші: Төртінші жұмбақ:

Арық ат қарны қабысқан

Бір көлді ішіп тауысқан.

2-жүргізуші: Бұл жұмбақтың жауабы – қасық. Қасық сөзіне мақал айтайық.

- Құрғақ қасық ауыз жыртар.

1-жүргізуші: Бесінші жұмбақ:

Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды.

2-жүргізуші: Бұл жұмбақтың жауабы- дастархан. Дастархан сөзіне мақал айтайық.

- Қоныс көркі – там,

Дастархан көркі – нан.

Тақырыбы: « Отаным – алтын бесігім»



Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылар өзінің елін, жерін, тарихын сүю арқылы қазақстандық патриоттық сезімге тәрбиелеу. 2. Оқушыларды өз Отанын, елін, жерін қорғауға және сүюге баулу, ұлы тұлғалардың ел тәуелсіздігіне қосқан үлестерін үлгі, өнеге ету.

Сабақтың әдісі: Әңгіме

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы, еліміздің рәміздері, Шәкәрім Құдайбердиев, Абай Құнанбаев, Міржақып Дулатов, Сәкен Сейфуллин суреттері.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Мемлекеттік Әнұран айтылады.

Мұғалім: Отан, Отан

Сен болмасаң не етер ем?

Мәңгілік бақытсыз боп өтер ем!

Өмірден бұл өксуменен кетер ем,-

Байқайсың ба, байтақ далам қалай паң,

Өң бойыңнан өзгеше бір тарайды ән!

Ән салдырып, тамсандырып әлемді

Аппақ сүттей келеді атып арай таң -

Дегендей, Егемендігін бүкіл әлемге паш еткен халқымыз бүгінгі таңда тәуелсіз елдің туы астында өмір сүріп жатыр.

Оқушылар « Елім менің» әнін орындайды.



1.Қазақстан Республикасы Президенттің басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Мемлекеттік биліктердің бірден-бір бастауы – халық.

Ең бірінші байлығым – халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса – мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

Өз тілімдей тіл қайда еркін басар,

Тілім барда еркіме кім таласар!?

Туған тілім күрмеліп әлсіресе,

Ыстық қаным суынып, сиқым қашар.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран.

Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық Заңмен белгіленеді.

8-оқушы: Елбасының тарихта ірі әріппен жазылатын, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 1 съезінде сөйлеген сөзінен, делегаттардың тынысы кеңігендей, көңіл төрінен көп күдік сейілгендей болғанын анық байқауға болады. Президенттің сөйлеген сөзіне құлай ұйыған дін өкілдері Н.Ә.Назарбаевтың қолын қысып, құттықтасып, ризалықпен қоштасып елдеріне қайтіп жатты. Мына суреттерден көріп отырғандарыңыз сол съезден көріністер және Астанадағы жаңа мешіт бейнесі.

Журналист рөлінде оқушы: - Қымбатты 7-сынып оқушылары: Біз қазір «Орел – Астана» телекөпірін, яғни Астанамен тікелей байланысу мүмкіндігін жүзеге асырмақпыз. Сондықтан сұрақтарыңызды қоюға дайындалып отырыңыздар.

Сұрақ: - Сізге Астана қандай жер қалдырды?

Жауабы: - Астана әркімнің көргісі келетін – арман қала, маған ондағы тазалық, Сарыарқаның самал желі, құрылыстардың қайталанбас әдемілігі ерекше әсер қалдырды. Әсіресе Еуразия университетінің бүгінгі заманға лайық оқу орны екендігіне көзім жетіп қайтты.

Сұрақ: Сен Астананың қандай жерлерінде болдың?

Жауабы: Мен Астананың ең көркем, тарихи-мәдени құндылықтар орналасқан жерлерінің бәрінде болдым. «Бәйтерекке» ерекше толқумен шығып, «Еліміз өркендей берсін деп, тілек тіледім».

Сұрақ: Сен Астанаға қайта барғың келеме?

Жауабы: Әрине. Мен мектепті үздік бітіріп, еліміздегі ең таңдаулы оқу орны Еуразия университетінен білім алам деймін.

Журналист: - Телекөпірге қатысушыларға рахмет айтамыз. Енді назарларыңызды «Астана – жаңа қала» атты фотомонтажға аударыңыздар. (Астананың ең көрнекті жерлері, музейлері, басқа да тарихи-мәдени орындармен таныстырады).

Қорытынды: Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін алаңдамайды. Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген:

«Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа, қазір 15-20 жасқа толған және одан да ересектеу Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағы сыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңізбен, балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда.



1-жүргізуші: Алтыншы жұмбақ, қанеки кім жауабын шапшаң табар екен..

Бір сусын бар жұртымда,

Ішсең уыз ұртыңда.

Бәрі содан шығады,

Ірімшік май құртыңда

2-жүргізуші: Бұл жұмбақтың жауабы – сүт. Қане, сүт туралы мақалды кім біледі.

-Жылқыда өт жоқ

Құста сүт жоқ.

1-жүргізуші: Келесі жұмбақ, қанеки кім жауабын шапшаң табар екен.

Дастарханға шуылдап,

Күніне үш жиылар,

Жарты сағат қимылдап,

Жарты сағат жуынар.

2-жүргізуші: Бұл жұмбақтың жауабы – ыдыс– аяқ.Қане, ыдыс-аяқ туралы мақал айтайық.

-Шешесін көріп, қызын ал,

Ыдысын көріп асын іш.

Мұғалім: Рахмет аналар және балалар! Расында да біздің аналарымыз балалардың ой-санасын жүйрік дамытуға үлкен үлес

қосады екен. Ендеше көңілді кешіміздің әрі қарай жалғастырайық.



1-жүргізуші: Біздің балалар тек ғана жұмбақ шешіп, мақал айтпайды, сонымен бірге аналармен бірге ас әзірлеугеде көмектеседі. Ендеше, біздің балалардың әзірлеген «Ас аданың арқауы» тақырыбындағы шығармашылық жұмысымызды ұсынамыз.

1-жүргізуші: «Қарт пен бала әңгімесі» көрініс.

Баласы кетіп бара жатқан атасының алдынан шығып: Ата, мені де ала кетесіз бе? – дейді.



  • Балам, мен көрші ауылда болғалы жатқан қариялар отырысына бара жатырмын. Сен әлі жассың-дей бергенде, Ата мен

ержеттім, ақсақалдар алқасына мүше бола алам, маған сұрақ қойыңызшы – деді бала.

  • Балам, үйдің алтын қазығы кім?

  • Ата, үйдің алтын қазығы – бала, деді.

  • Жоқ балам, үйдің алтын қазығы – ана.

- Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, аға – қорғанышың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа.

  • Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

  • Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке-деді бала.

  • Жоқ балам, әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Ашты тоқ, жоқты бар ететін ол – ана.

  • Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.

  • Ал балам, өмір сүру не үшін қажет?

  • Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет, - дейді бала.

- Жоқ балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірге жалын береді, тұз астың дәмін келтіреді, қыз өмірдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін келтіреді. Осының бәріне дем беретін, нәрлендіретін ана екенін ұмытпа деген екен.

2-жүргізуші: Дүниенің жарық күні анамыз

Дана болсақ анаменен данамыз

Тыңдаңыздар көңіл қойып ағайын

Анаға арнап тағы бір ән саламыз.



1-жүргізуші: Нұргүл қыздарыңыздың орындауында «Асыл әжем» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Азамат қуат алар ақ сүтіңнен,

Мәпелеп әлдилеген пейілі кең.

Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ,

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

Алтын анам жасымнан аялаған,

Мен үшін игілікті аямаған.

Сабақтан шаршап үйге келгенімде,

Бал сөзі жаным деген сая маған.



1-жүргізуші: Класымыздың жас домбырашысы Азаматтың орындауында «Келіншек» күйін ұсынамыз.

2-жүргізуші: Ана-өмір қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы.

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы.

Аялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін.



2-оқушы:

Мұғалім: Шығармада аталғандардан басқа Ел басын қандай адам ретінде танисыңдар?

3-оқушы: Елбасы үлкен саясаткер болумен қатар жан-жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді.Сондай-ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Оған дәлел жаңа ғана өздеріңіз тыңдаған «Елім менің» және «Үш қоңыр» әндері. Бұл әндердің сөзі Нұрсұлтан Әбішұлыныкі екенін біз мақтанышпен айтамыз.

Тақтада «Ұлы достықта» деген фотомонтаж ілінген. Онда Қазақстан Республикасының Президентінің шетелге сапарлары, әр түрлі елдердің басшылармен түскен суреттері орын алған.



4-оқушы: «21 ғасыр әлем саясаткерлері Н.Ә.Назарбаев туралы» кітабын сыныбымызбен қызыға оқып шығып, төмендегідей ойға жүгіндік: Қазақстан Президентінің басқа лидерлерден өзгешелігі өз алдына тамсана айтылар үлкен сыр. Еуропаның тіс қаққан кәнігі саясатшылары мұхиттың арғы жағындағы алпауыттар бас түйістіріп, тілдесе қалса, біздің Елбасымыздың шешендігіне үйіріліп түсе қалады. Осындай әлемдік ірі мемлекет басшыларының біразын атап өтуге болады. Олар АҚШ, Франция, Ресей, Қытай т.б. елдері (атап, суреттерін көрсетеді).

5-оқушы: Солардың бірі Ресей Президенті В.Путиннің Н.Ә.Назарбаевқа жолдаған хатынан үзінді оқып берейін (оқиды). В.Путиннің Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауын құптағандығын айтады.

6-оқушы: Осы орайда өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен атап айтуға болады. «Ел - Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан». Бұл – бүгінгінің шындығы. Н.Назарбаев десе – Қазақстан, ал Қазақстан десе Назарбаев ойға оралады деп, халықаралық қауымдастықтың мойындағанынан толық аңғаруға болады.

Сонымен қатар, «Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!



2-фотомонтаж: «Ел және Елбасы» деп аталады.

Онда Президентіміздің Республиканың әр өңірін аралағандағы фото суреттері берілген.



7-оқушы: Елбасы биылғы жылы Қазақстанның түкпір – түкпірін аралап, барлық облыстарда болып, елмен етене араласып, олардың жүрекжарды әңгімелерін тыңдап, жағдайларымен танысты.
Көрнекілігі: «Ұлы достықта», «Ел және Елбасы», «Астана жаңа қала», атты стендтер, Елбасының портреті, ҚР рәміздері, картасы, оқушылар шығармасы.

Сабақтың барысы: Үнтаспадан «Елім менің» әні естіліп тұрады.

Мұғалім: Балалар Қазақстан Республикасының Ата заңының 3 бөлім 40 бабында Президент туралы былай делінген.

Оқушыларға сұрақтар қойылады. (миға шабуыл)



  • ҚР-да Президент сайлауы қай жылдан басталады?

  • Соңғы сайлау қай жылы өтті?

  • ҚР- ның қандай рәміздерін білесің?

Жауаптар алынған соң үйге берілген тапсырмалар бойынша «Менің Президентім» деген тақырыптағы шығармаларынан үзінділер оқиды. (шығармалардың ішінен үздік деп танылған екі оқушының шығармасы бірге жіберіліп отыр).

Менің Президентім. Оқушы күнделігінен үзінді.

Біз отбасымызбен күнделікті теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз. Телеэкраннан Н.Ә.Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен – ақ әжемнің жаңылмай қайталайтын бір тілегі бар: «Алла тағала, осындай ұл берген саған рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын», - деуден жаңылмайды. Бұрынырақ әжемнің бұл сөзіне мән бермейтінмін, енді тарих пәнінен тереңдей оқыған сайын, әжемнің сөзінде көп мағына жатқанын түсініп келемін. Расында да көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату-тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға. Қазір мен де әжеммен бірге Алладан Нұрсұлтан Әбіш ұлына денсаулық тілеймін.



1-оқушы шығармасынан үзінді:

Менің Президентім.

Қазақ халқы ерекше қонақжай халық екені белгілі. Меніңше, біздің Президентіміздің бойында да осы қасиет бар. Соңғы он жылда Қазақстанға кімдер ат басын тіремеді десеңші? Белгілі саясаткер, мемлекет қайраткерлері мен басшылары, ғалымдар мен өнер қайраткерлері.Әр елден келген қонақтарға ұялмай көрсететін жаңа қала Астанамызды Президенттің ақыл-ойының жемісі дер едім. Астана күннен күнге бой түзеп жасарып, жаңарып келе жатқан жас қала. Сарыарқаның төсіндегі шағын ғана қаладан, әлем таныған әсем Астана жасаған Елбасының ақыл-ойына кім басын имес?

Әжелердің,аналардың,қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.



1-жүргізуші: Нұргүл қыздарыңыздың орындауында «Ана жүргі» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Ана- ең аяулы жан. Ол іңгәлап дүние есігін ашқан сәттен бастап өмір бойы өз ғұмырын бізге арнайды. Қандай жағдай

болмасын, әрқашан қасымыздан табылатын асыл жан – ардақты аналарымыз.



1-жүргізуші: Жас бишілердің орындауында жастар биін ұсынамыз.

2-жүргізуші: Дүниедегі ең кемеңгер дананы

Ана тауып, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы.



1-жүргізуші: О, аналар, осындайсың бәрің де ,

Осындайсың жасыңдағы кәрің де.

Сыйынатын болса өмірде құдірет,

Сыйынар ем ана деген тәңірге,- деп «Аяулы анашым» әнін ұсынамыз.



Мұғалім: Қымбатты аналар! Бүгінгі тәрбие сағатымызды осындай жақсы әнмен аяқтай отырып, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт, ұрпақтарыңызға жарқын өмір тілеймін.

Сабақтың тақырыбы: Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақтың ғұлама ғалымы, бір туар перзенті Ш.Ш. Уәлихановтың өмір жолынан мағлұмат бере отырып, елін, жерін сүюге, қастерлеуге үйретіп, ғылыми жұмыспен шұғылдану қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Интериактивті тақта, компьютер, Шоқан суреттері, кітап көрмесі.
Сабақтың тәрбиелік бағыты : патриоттық, рухани-адамгершілік тәрбие


Сабақтың барысы:
Кіріспе сөз:

Тарихтан талай адам көрген едік

Қызықты талай дәурен сүрген едік.

Жасымыз мұнша жасқа келгенінше

Шоқандай асыл жасты көрмеп едік, - деп ақын ағамыз айтқандай, қазағымның «Ғылым» аспанының «Аққан жұлдыздай жарқырап өте шыққан аяулы ғалымы» Ш. Ш. Уәлихановтың өмірі мен қызметі , еңбектеріне арналған «Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

ХІХ ғасырдың екінші жартысында дүниеге келген қазақтың біртуар ұлы , жан – жақты білгір ғалым , батыл саяхатшы демократтық , ағартушылық мәдениеттің тұңғыш және талантты өкілі Шоқан Уәлихановтың өмірімен еңбек жолына арналған оқушылардың баяндамаларды тыңдаймыз .

Конференциямыздың екінші бөлімі « Шоқан Уәлиханов – ғасырларға еңбек еткен ұлы тұлға» деп аталады . Шоқан Уәлиханов көз алдымызда белгілі ғалым , батыл саяхатшы , көркем суретші , қазақ тарихы , этнографиясы , әдебиеті , фольклорын зерттеген ғалым . « Бір жігітке жетпіс өнер аз» деген сөзді ұран тұтқан, Шоқан « Сегіз қырлы , бір сырлы» жігіт болды .
Шоқан Шығысұлы Уәлиханов қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, этнограф, фольклорист, ағартушы, демократ. Ол қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде 1835 жылы туған. Балалық шағы ата қонысы Сырымбет тауының (Көкшетай облысы) баурында өткен. Өз әкесі – Шыңғыс, ұлы атасы Уәлихан. Арғы атасы Абылай.

Шоқан Сырымбетте халықтың қайнаған ортасында болды. Ол жас күнінен тарихи өлен, жыр, аңыз, әңгімелерді қызыға тыңдап, құлақ түріп өскен. Тіпті Құсмұрындағы шағының өзінде «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырын жазып алыпты. Сырымбетте аңыз, жырлар сюжетіне сурет салатын болған. Шоқан табиғатынан зерек, алғыр болған. Ш.Уәлиханов әуелі Құсмұрында қазақ мектебінде оқып арабша хат таниды. Дәстүр бойынша «жеті жұрттың тілін білуге» тиісті хан баласы Шығыс

Дайындаған тағамдары неткен дәмді десеңізші?

Көзің жайнап, ауызбен татып көрсеңізші.

Көрмегендер босқа отырмай тамашалап,

Әділқазы астан татып, әділ баға берсеңізші, - деп»Дастархан мәзірі» бөліміне де келіп қалыппыз.

Арулардан дайындаған дастарханымен таныстыруын сұраймыз.
Ортаға шақырылады. Таныстырып болған соң әділқазы алқасы бағаларын береді.
Осымен, сайысымыз аяқталды.Ал, енді әділқазылар алқасы арулардың бағаларын қосып, ең көрікті, таңдайды.

Бағаларды сараптап болғанша, жанкүйерлердің өнерлеріне назар аударайық.

Жанкүйерлер болса, шығып өнерлерін көрсетеді.

Ал, енді сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі. Жеңімпаздың аты аталады.


Әрине жарыс болғаннан соң біреу жеңіледі, біреу жеңеді. Жеңген арудың да жеңісі бостан бос емес. Қатысушыларға үлкен рахмет. Сіздерге келешекте зор денсаулық, мол бақыт, аспандарыңыз ашық болсын, тек қана биіктерден көріне беріңіздер, өнерлеріңіз өрге жүзсін деп шын пейілмен тілегенімізді білдіреміз.

Ал, бүгінгі арулардың өнерін тамашалаған қызық сүйер қауымға да үлкен алғыс айтамыз. Сау саламатта болыңыздар!



Сабақтың тақырыбы «Елін сүйген. Елі сүйген Нұр аға!»
Сабақтың мақсаты: Елбасының жүргізіп отырған саясатының дұрыстығын, еліміздің ертеңіне деген сенімді, Елбасыға деген құрмет сезімдерін тереңдету. Отаншылдыққа, Ұлттық патриотизмге тәрбиелеу.

Қолданылған әдіс-тәсілдер: Ой-пікір алмасу, миға шабуыл, шығармашылық жұмыстар.

Сабақтың түрі: Сырттай саяхат, телекөпір.

Бұл турда аруларымыздың ең басты қасиеті – олардың бойын жайлаған өнерлерін тамашалап, бағасын береміз.

Қыздарымыз қандай өнерімен біздерді тамсандырады екен? Көрейік. Ендеше, ортаға ауялы арулар.

Біртіндеп ортаға шақырылады.

Әділқазы әділ сына аруларды

Өнерлі, тамаша екен – куә бәрі.

Әділдікпен сынай келе бағаңды бер,

Бағасы ғой сайыстағы – қарулары, - деп аруларымыздың бағасын беруді сұраймыз.

Қазақ халқына әсем көркі көңілімен бойласқан, бұрымдары көркіменен шыңдасқан, кигені сәніменен жарасқан қыз балалар аз емес қой қазақта. Осы айтылған сөздер біздің қыздарымызға тән шығар?!

Сеннен артық жан тумас,

Туса туар – артылмас.

Бір өзіңнен басқаға,

Ынтықтығым айтылмас.

Асыл адам айнымас

Бір бетінен қайырылмас.

Көрмесем де, көрсем де

Көңілім сенен айырылмас, - деп Абай атамыз қазақ қызына баға берген ғой.

Ендеше, қазақ қыздарының бұралған қап-қара қолаңдай бұрымдарының сәні мен ұлттық қазақ киімінің үлгісін тамашалайтын болсақ, 4-тур, «Сән үлгісіне» қадам жасайық.

Арулар біртіндеп ортаға шақырылады. Әділқазылар алқасы киімі мен шашына байланысты бағасын береді.

Қыз балаға әсемдік жарасады,

Оған қоса әсем мінез жалғасады.

Не нәрсеге болса да қолы бейім,

Бәрінен де қолөнері бір асады, - демекші біздің арулардың қолынан не келеді екен? Әрине бұл үй тапсырмасы болатын Аруларымыздың жасаған жұмыстарын әділқазы алқасына көрсетулерін сұрймыз. Ал әділқазылар арулардың өнерін бағалап, әділ бағасын берсін.

Қазақ қызы сыртта жүріп

Әсемдігін көрсеткен.

Ару қыздар үйде жүріп

Тағам жасап үйренген.

тілдерінен араб, парсы, шағатай тілін жасынан жақсы үйренген; кейін Орта Азияның түркі тілдерін меңгерген.

1847 жылы ол Омбыдағы кадет корпусына оқуға түседі. Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны болып есептплптін бұл корпус, декабрист А.Завалишиннің сөзімен айтқанда, «ағартушылық пен патриотизмнің өркен жайған жері» болатын.

Корпутса ой-өрісі, білімі жағынан «Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Екі-үш жылдан кейін-ақ Шокан өз класындағылардан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да идея жағынан басып озды», - дейді бірге оқыған досы Г.Н.Потанин.

Шоқанның рухани өсуіне орыс әдебиетінің мұғалімі ориенталист Н.Ф.Костылецкий, мәдениет тарихы курсын жүргізген айдаудағы ғалым Гонсевский, әдебиетші В.Т.Лободовский (Н.Г.Чернышевскийдің жас кезіндегі досы, кейін идеялас әріптесі) елеулі ықпал еткен.

Костылецкий арқалы 1852 жылы Шоқан мен И.Н.Березин арасындағы тікелей достық қатынас басталады. Березиннің тапсырмасы бойынша Шоқан Тоқтамыстың «Хан жарлығына» талдау жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми жұмысы. 14-15 жасар Шоқанға мұғалімдері болашақ ғалым, зерттеуші деп қарайтын еді дейді Потанин.

Жас Шоқанның білімдарлығын, әсіресе Шығыс әдебиетін жақсы білетіндігін С.Ф.Дуров, Семенов-Тян-Шанский, Потанин; Н.М.Ядринцев жоғары бағалаған. «...жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз, «Европаға ашқан терезе сықылды болды», - дейді Г.Н.Потанин.

1853 жылы Уәлиханов кадет корпусын 18 жасында бітіреді. Ол Омбыда әскери қызметқе қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік-батыс аймағын басқаратын генерал-губернатор Г.Х.Гасфорттың адъютанты болып тағайындалады. Екінші жағынан Батыс-Сібір өлкесінің Бас басқармасы оны айрықша тапсырмаларды орындайтын офицер етіп ұстайды. Қызметте Шоқан бюрократтық...мансапқор чиновниктері мен патша өкіметінің отаршылдық саясаты туғызған әділетсіздікке қарсы күресіп, олардан қысым көреді. Бұл туралы достарына – М.Ф.Достоевский, А.Н.Майков, В.Курочкин, К.К.Гутковскийге жазған хаттарында Омбыдан кетуді, тұған халқына пайдасы тиетін қызмет істеуді армандайтыны айтылған.

Ш.Уәлиханов адъютанттық қызмет атқара жүріп Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясын, географиясын зерттеуге белсене араласады.

1855 жылы Шоқан Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды. Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында материал жинап қайтады.

1856 жылы Шоқан қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, фольклор нұсқаларын жазып алады. Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, Жоңғария тарихымен шұғылданады.

1857 жылы тағы қырғыз еліне барады. Осы сапарында жинаған материалдарын ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстыққөл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс империясы және Құлжа қаласы» атты еңбектерінде пайдаланады. Бұл еңбектерді орыс ғалымдары аса зор бағалаған. Оларда жергілікті халықтардың тарихы, мәдениеті, әдебиеті, әдет-ғұрпы зерттеледі. Шоқан табиғатты және ел тұрмысын жазушылық шеберлікпен суреттеген. Орыс достары оны «Қазақтар туралы жазатын орыс әдебиетшісі» деп атаған.

Шоқан қырғыз халқының «Манас», «Семетей» туралы дастандарын аса құнды туындылар ретінде бағалаған. Шоқан «Манасты» даланың «Иллиадасы» тәрізді десе, «Семетей» жырын «Манастың» жалғасы. Бұл – қырғыздың «Одиссеясы» деген. «Манасты» бірінші рет баспаға ұсынып, орыс ғалымдарына таныстырған да Шоқан.

П.П.Семенов-Тян-Шанский өзінің Жетісу бойындағы зерттеулерін жүргізгенде Шоқанмен ақылдасып отырған. Семенов-Тян-Шанскийдің ұсынуымен 1857 жылы Шоқан орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне сайланды.

1858-1859 жылдары Шоқан өзінің Қашқарияға барған атақты саяхатын жасайды. Қашқария мәліметтері Шоқанның дүние жүзілік география ғылымына қосқан зор жаңалығы болды.

Шоқан өмірімен ғылыми творчестволық қызметінің аса елеулі кезеңі – оның 1859 жылдың аяғында Петербургте болуы еді. Петербургте ол идеялық жағынан көп өсіп, әлеуметтік жағынан толысып қайтты. Денсаулығы нашарлап ол еліне қайтады. Шоқан 1865 жылы қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Қөшен – Тоған деген жерге қойылады.

Шоқан өлімі оның сүйген қазақ халқына және орыс достарына өте ауыр тиді. Шоқан басына ескерткіш орнатуды ұйымдастыруда және оның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі зор. Орыстың географиялық қоғамы басып шағарған (1904) Шоқан

1 тур аяқталған соң, әділқазы алқасы бағаларын береді.


Таныстық қой арулармен бәріміз де

Келер сында сәттілік бәріңізге.

Білімдерін сынайтын уақыт жетті.

Тапқырлықты көрсетіңдер бәрімізге, - деп келесі турға да аяқ басайық.

Аруларды ортамызға шақырайық!

Қазір сіздерге сұрақтар қойылады, оған дұрыс жауап беруге тырысамыз. Ал,ендеше, бастаймыз.


жүктеу 2,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау