Тарих кафедрасы



жүктеу 1,52 Mb.
бет5/6
Дата20.05.2018
өлшемі1,52 Mb.
#15321
түріСеминар
1   2   3   4   5   6

Мотивтерді топтастыру


1.Өзекті және мүмкін болатын (потенциалды) мотивтер. Өзекті мотив – жеке тұлғаның таңдап алған және шынайы әрекеттердің мотиві. Мүмкін болатын мотив - әрекетті ұйымдастыра алатын мотив.

2.Даму бойынша негізгі және қосалқы мотивтер. Негізгі мотивтер жеке адам үшін маңызды, ол адамның мінез-құлқында көрініс беріп негізгі орын алады. Қосалқы мотивтер жеке адаммен тығыз байланыста болмайды. Олар адамда әлсіз дамыған.



3.Мағынаны құраушы және ынталандырушы мотивтер. Мағынаны құраушы мотивтер іс-әрекетке жеке тұлғалық мағына береді. Мұндай мотивтер арқылы адам өзінше дүниеге, қоршаған адамдарға, қоғамға және өз-өзіне деген қатынасын білдіреді.

Ынталандырушы мотивтер мағынаны құраушы мотивтермен бірге жүріп, қосымша ынталандырушы фактордың рөлін атқарады, олар жағымды және жағымсыз болуы мүмкін.

4.Заттық мазмұны бойынша заттық, функционалды және нормативтік мотивтер болады.

Заттық мотивтер іс-әрекеттің мақсатты бағытын құрайтын мотивтер. Ол үнемі нәтижені көрсетіп отырады (мысалы, үздік оқу).

Функционалды мотивтер – іс-әрекетпен бірге жүреді, бірақ соңғы нәтиже көрсетпейді (мысалы, қарым-қатынас мотиві). Бұл мотив соңғы нәтижемен емес, іс-әрекет барысында қанағаттандырылады.

Нормативті мотивтер – кедергі болатын мотивтер. Ол іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, оны белгілі шектеулерге бағындырады. Бұған адамгершілік немесе құқықтық мотивтер жатады.

5.Жалпылау деңгейі бойынша жалпыланған және нақты мотивтер болады.

Жалпыланған мотивтер өз ықпалын іс-әрекет түрлеріне тигізеді.

Нақты мотивтер жеке әрекет-қылықтың құрамдас бөлігі.

6.Саналылық деңгейі бойынша саналы түрде түсінілетін және саналы түрде түсінілмейтін мотивтер.Саналы түсінілетін мотивтер әрекет жасаушы адамның санасында айқын көрініс береді. Кей жағдайда адам өзін әрекет жасауға итермелейтін мотивтерді толық сезіне бермейді, бұл саналы түсінілмейтін мотивтер.



Г.Розенфельд мотивацияның үш аспектісін қарастырады: құндылық, мақсатты және бағыттылық. Құндылық аспектісінде автор мотивтердің 3 (үш) тобын көрсетеді:

1. Оқу қуаныш сезімі ретінде;

2. Оқу жеке бас пайдасына ие болу ретінде (материалдық пайда);

3. Оқу әлеуметтік статусқа ие болу, сәтсіздіктен қашу ретінде;

4. Оқу әлеуметтік идентификация (негізінде достарының әсері және басқаларға еліктеу);

5. Оқу күштеудің, күш көрсетудің салдарынан;

6. Жауапкершілік сезімінен оқу;

7. Өмірлік тәжірибенің маңыздылығын түсіну негізінде оқу (мамандық, өмірлік мақсат);

8. Оқу қоғамдық қажеттіліктер негізінде (қоғамдық нормалар, принциптермен теңестіру).

Қолданылған әдебиеттер:

1. Столяренко Л.Д . Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004, С. 55-61.

2.Ильин Е.П. Мотивация и мотивы. СПб, Изд-во Питер, 2000, С. 512.

3.Маркова А.К., Матис Т.А., Орлов А.Б. Формирование мотивации учения. М.,1990.

4.Маркова А.К., Орлов А.Б., Фридман Л.М. Мотивация учения и ее воспитание у школьников. М.,1983.
5.Хекхаузен Х. Мотивация и деятельность. М., –Т.2.,1986.

6. Әбілқасымова А.Е., Омарова Р.С. Мұғалімдердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру негіздері. А., 2003, 39-40,126-129 беттер.


7- тақырып. Педагогты даярлау жүйесіндегі педагогикалық практика

1.Педагогикалық практиканың міндеттері.

2.Педагогикалық практиканы ұйымдастырудағы негізгі ережелер. Студенттерді педагогикалық практикаға дайындау.

3.Педагогикалық практиканың мазмұндық ерекшеліктері. 4.Педагогикалық практиканы басқару жүйесі. Педагогикалық практика барысындағы есеп формалары және студенттерді бақылау түрлері.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық практика, педагогикалық практиканы басқару.
1. Білім алушылардың кәсіптік практикасы (ҚР білім туралы заңы. 15 тамыз, 2007ж)

1) Білім алушылардың кәсіптік практикасы мамандар даярлайтын оқу бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады.

Кәсіптік практика тиісті ұйымдарда жүргізіледі және оқыту процесінде алған білімдерді бекітуге, практикалық дағдыларды игеруге және озық тәжірибелерді меңгеруге бағытталған.

2) Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері мен мазмұны жұмыстық оқу бағдарламаларымен және жұмыстық оқу жоспарларымен айқындалады.

3) Кәсіптік практиканы өткізу үшін білім беру ұйымдары шарттық негізде практиканың базасы ретінде ұйымдарды айқындайды, олармен практиканы өткізудің келісілген бағдарламалары мен күнтізбелік кестелерін бекітеді.

Шарттарда білім беру ұйымының, практиканың базасы болып табылатын ұйымдардың және білім алушылардың міндеттері мен жауаптылықтары айқындалады.

Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы оқыту ісінде теориялық даярлық, қоғамдық, педагогикалық және арнайы ғылымдарды үйрету студенттердің практикалық педагогикалық қызметімен үйлестіріле жүргізіледі, ал оны ұйымдастырудың негізгі формасы – педагогикалық практика.

Педагогикалық практиканың маңызды міндеттері – оқу-тәрбие процестерін, мұғалімдер мен оқушылар әрекетін бақылауды үйрену, олардың өзара әрекетінің мәні мен логикасын түсіну. Мұндай іскерлікті саналы түрде үйрену қажет. Тәрбиелеу мен оқыту педагогикасын және психологиясын терең үйрену мұғалімдер қолына қажетті «құрал» береді, педагогикалық құбылыс мәнінің механизмін жете түсінуіне мүмкіндік береді.

Педагогикалық практика нақты педагогикалық ақиқат жағдайында өткенімен, оның тәлім алу сипаты бар. Студенттер қызметінің мұғалімдер қызметінен түбегейлі айырмашылығы болады. Мұғалім күн сайын, сағат сайын тұтастай оқу-тәрбие процесін жасайды, оның қызметінің мақсаты мен міндеті – оқушылардың жеке өзін қалыптстыру. Студент қызметінің мақсаты мен міндеті ең алдымен жеке өзін қалыптастыру, күрделі оқу-тәрбие процесін тұтастай құра білуді меңгеру.

Оқыту процесінде педагогикалық практиканың мазмұны екі бағытта дамиды. Оның біріншісі нақты оқу-тәрбие процесінің логикасына бағынып, онда ол нақты педагогикалық қызметті орындауға қатысады. Екіншісі – жоғары оқу орнының курсында оқыған оқу пәнінің логикасына негізделіп, соның әсерінен практикалық педагогикалық қызмет мазмұны өзгереді.

Педагогикалық практиканың жалпы міндеттері әрбір курста нақтыланып, педагогикалық іскерліктің дамуының қолайлы логикасын қамтамасыз етеді, әрі оқушылармен нақтылы бір жұмысты естігенде тиімсіз және мақсатсыз қайталауды ескертеді.

Бірінші курста жетекші ретінде мынадай міндеттер сараланады. 1. Оқушылармен тұтастай педагогикалық қарым-қатынас орната білу. 2. Оқушыларды оқыта білуді меңгеру (ең алдымен қоғамдық ұйымның мүшесі ретінде).



  1. Балалардың мектептен тыс өмірін неғұрлым қолайлы амалдармен ұйымдастыруды меңгеру.

  2. Оқушылардың ата-аналарымен байланыс орната білуді меңгеру.

Екінші курста теоориялық білім тереңдетіледі, практикалық педагогикалық қызмет саласын ұлғайтудың, соның басты міндеті болып саналатын класс жетекшісі жұмысының жүйесін меңгерудің негізі қаланады.

Бірінші курста қол жеткен іскерлігіне сүйене отырып, студенттер тәрбие жұмысының алуан формаларын : класстағы, кластан тыс, мектептегі және мектептен тыс формаларын меңгереді. Оқушылармен педагогикалық тиімді қарым-қатынас орнату өте-мөте қажетті. Класс жетекшісі мен оқушылардың қарым-қатынасы әр түрлі жағдайда бірдей бола бермейді.

Үшінші курс – тәрбие жұмысындағы негізгі педагогикалық іскерлікті меңгеруді аяқтайтын, оның жүйесі қалыптасатын жауапты кезең. Студенттер жоғары кластарда немесе орта кәсіптік – техникалық училищелерде практикадан өтеді.

Олар оқыту процесінің заңдылықтары мен принциптерін тереңірек игеріп, мүмкіндігіне қарай пән мұғалімінің жұмысын бақылауға қатысады. Сабаққа әзірленудің бүкіл барсымен – жоспар мен конспект жасаудан бастап көрнекі құралдар әзірлеуге дейінгі жұмыстарын оқып танысады. Пәндер бойынша сабақтан тыс жұмыстарды – жекелей және топтық консултациядан бастап пәндік кештер, апталықтар, айлар, экскурсиялар т.б. өткізе білуді меңгереді.

Төртінші және бесінші курстарда педагогикалық практика оқу сабағынан қол үзіп өткізіледі де, мұны өндірістік деп атайды, ол 6-дан 10 аптаға дейін созылады. Мұнда пә мұғалімінің кәсіптік қызметті меңгеруіне баа көңіл бөлінеді. Тәрбие процесі ұғымы тұтастай тамамдалады, өйткені оның құралдар жүйесіне сабақтағы жетекші тәрбие, яғни пәнді оқыту құралдары енгізіледі. Студенттер мұғалім ретінде өз бетінше жұмыс істеп, олардың барлық қызметін – тәрбиешілік және оқытушылық қызметтерін атқарады. Әрине, бұл кезеңдегі практикалық даярлықтың табысты болуыкөп жағдайда әрбір студенттің алғашқы оқу жылында меңгерген педагогикалы іскерлік жүйесінің деңгейіне, алдымен тәрбие берудегі іскерлігіне байланысты.

Педагогикалық практиканы ұйымдастыру талаптарының бірі – жоғары оқу орнында оқытудың барлық жылдарында оның үздіксіз өткізілетіндігінде.

Осы талапты негізге ала отырып, мыналарды атап көрсету қажет.

Педагогикалық практика өзінің комплекстілік сипатымен ерекшеленеді. Практикалық педагогикалық қызмет барысында әр түрлі оқу курстарында, түрліше уақыттарда оқушы, мұғалім, оқу-тәрбие процесі туралы алған бүкіл білімің ұштасады, жинақталады қорытылады. Студен өзінің арнайы оқу пәнінің мазмұнын арнайы сабақтарда оқып үйренеді, психологиялық-педагогикалық сабақ циклдерінде оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтарын жете ұғынады, кейіннен ол оқушылармен тікелей жұмыс істегенде пән мазмұнын, методикалық, психологиялық, педагогикалық іскерлік секілділерді айналып өте алмайды.

Педагогиаклық практикаға кірісерде оқу-тәрбие жұмысының алуан сырларын ой-елегінен өткізіп шығу қажет. Кәсіптік білімнің ұлғайып тереңдеген сайын мектептегі оқу-тәрбие процесі, оның тұтастық сипаты барынша айқындала түседі. Педагогикалық практиканың комплекстілігі оны жоспарлау, ұйымдастыру, мазмұндау бақылау және бағалау жүйесі арқылы байқалады. Жалпылама бірыңғай баға бергенде студенттің практикалық қызметінің бүкіл бағыты көрінеді.

Педагогикалық практика оқу сипатында болады, оның барысында оқытушының басшылығымен болашақ мұғалімде педагогикалық іскерлік жүйесі бірте-бірте қалыптасады. Алайда іскерлік жүйесін терең меңгеру әрбір студентте дербес өткенімен, бүкіл практикалық педагогикалық қызме коллективтік түрде болады – мұғалім мамандығының басты ерекшелігі де осында. Студент осы ерекшелікті қаншалықты түсінсе, педагогикалықпрактика барысында коллективтік педагогиаклық қызметті қаншалық жете үйренсе, кәсіптік-педагогикалық даярлық соғұрлым табысты болады.

Мәселе тек әрбір кәсіпке тән коллективтік жұмыстың адамгершілік нормаларын терең меңгеруде ғана емес. Педагогикалық қызметтің артықшылығы сол, жеке оқушылар, оқушылар коллективі бір адамның, ең жақсы деген мұғалімнің ғана емес, бүкіл педагогикалық коллективтің ықпалымен қалыптасады.

Студенттер тобы педагогикалық практика барысында педагогикалық коллективтің өзінше моделіне айналады. Әрбір студенттің күш жігері белгілі бір мектепте жұмыс істейтін топта тиісті ынтымақты қарым-қатынас, жоғары талап орнатуға, ортақ мақсат пен міндетті түсінушілікке бағытталуы тиіс.

Студент-практиканттар коллективі мен мұғалімдер коллективі бір-біріне қарсы қойылмайды, алайда объективті себептерге байланысты қосылмайды, өйткені студенттер мектепте уақытша істейді. Алайда мектептің, оқушылар мен мұғалімдердің қаморлығы осы мектептегі студент-практиканттардың қамқорлығымен бірдей дәрежеде болуы тиіс. Барлығы күні бұрын ойластыруы, ауыспалы және тура мағынасында айтқанда алғашқы күннен бастап мектептегі өз орнын белгілеуі; өз мүйісін безендіруі мектеп өмірінің ішкі тәртіп ережесін толық білуі, коллективтік дәстүрге араласуы тиіс.

Педагогикалық практиканы ұйымдастырудың ерекшелігі – қоғамдық-саяси, қоғамдық-педагогикалық қызметтердің және кәсіптік-педагогикалық әзірліктің біртұтатығында. Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарында тек ата-аналарға ғана емес, оқушы жастардың жұмысына қатысы барбарлық адамдарға мұғалімдер күшімен педагогикалық жалпыға міндетті оқу өткізу көзделген.

Педагогикалық практиканы ұйымдастырудың маңызды талаптарының бірі – оны бірінші курстан соңғы курсқа дейін жоспарлаудың перспективалығында. Практикалық педагогикалық даярлықты жоспарлаудың ролі ерекше зор. Егер барлық пәндер бойынша теориялық курстардың оқу материалы меңгеру жоспарына сәйкес күні бұрын белгіленіп қойылатын болса, практикалық педагогикалық қызмет студент алдына кез келген уақытта толық көлемде кездеседі.

Педагогикалық практиканы ұйымдастырудың тағы бір талаптарын-педагогикалық басшылық пен жоғары белсенділікті, студент-практиканттың дербестігін үйлестіруді атаған жөн.

Педагогикалық практика программасында студенттер қызметінің басты бағыттары белгіленген. Мұнда оқу-тәрбие жұмысының нақтылы мазмұны мен көлемін студенттердің өздері белгілейді. Олардың дербестілігі мен белсенділік деңгейі осыдан көрінеді.

Педагогикалық практиканы ұйымдастырудың жоғарыда аталған талаптарының маңызды екені сөзсіз, бірақ олардың өзара байланысты екендігін түсіну одан да маңызды. Шындығында, кәсіптік даярлықтың, қоғамдық-саяси және қоғамдық педагогикалық қызметтің біртұтас талаптары педагогикалық басшылықпен үйлестірілген дербестілік пен белсенділік балаптарымен тығыз байланысады.


8 - тақырып. Зерттеу әрекеті педагогикалық іс-әрекеттің компоненті ретінде

  1. «Ғылым» ұғымының философиялық, психологиялық, педагогикалық мәні

  2. Педагогикалық зерттеудің басты принциптері. Педагогикалық - психологиялық зерттеулердің негізгі кезеңдері

  3. Ғылыми-зерттеу жұмысының түрлері: реферат, баяндама, мақала, рецензия, оқу құралы, диссертация


Негізгі ұғымдар: ғылым, әдіснама, білім, ғылыми зерттеу, реферат, баяндама, мақала, рецензия, оқу құралы, диссертация.
ҒЫЛЫМ – 1) білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған негіздер; 2) негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеу лер не пәндер саласы; 3) табиғи құбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми принциптерге негізделген жүйесі. Ғылым – табиғат қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға бағытталған оның барлық шарттары мен сәттерін: білімдерімен және қабілеттерімен, біліктілігімен, дене тәрбиесімен,ғылыми еңбегінің бөлінісімен және кооперациясымен қоса ғалымдарды, ғылыми мекемелерді, тәжірибелік және лабораториялық жабдықтарды, ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістерін, түсінік және категория аппаратын, ғылыми ақпарат жүйесін, сондай-ақ, алғышарт, құрал-жабдық ғылыми өндірістің нәтижесі блоып табылатын барлық ғылымдарды түгел қамтитын зерттеу қызметінің саласы.Бұл нәтижелер, содай-ақ, қоғамдық сана формасының бірі бола алады. Ол объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы нысаны. / ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ. ҚАЗАҚ ТІЛІ ТЕРМИНДЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІГІ. А., 2002 /.

Ғылым – қоғамдық сананың ерекше формасы (күрделі, жан-жақты).

Ғылым – білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған негіздер.

Адам және қоғам туралы ғылымдар – (білім беру психологиясы, әлеуметтану, т.б.) адамның жүріс-тұрыс және даму заңдылықтары туралы, сонымен бірге адамдар арасындағы өзара және олардың қоғам мен қарым-қатынастары туралы осы заманғы ғылыми түсініктерді қамтамасыздандыруға мүмкіндік береді.



Ғылым объектісі – ол адамзат тарапынан жасалғандардың барлығы әлемнің құрылысы мен жердегі тіршіліктің пайда болуынан бастап қоғамдық өмір мен жеке ғылымның проблемелерына дейін.

Ғылым мақсаты – жаңа білім алу мен оны әлемді меңгеру практикасында қолдану.

Ғылымның ерекшелігі – ғылыми білімнің ақиқаттылығын дәлелдеу.

Ғылым екі маңызды элементтерден тұрады.: ғылыми білім жүйесі және ғылыми әрекет және олардың өз ерекшеліктері мен мақсаттары бар.



Ғылыми білім жүйесі мынадай басты элементтерден тұрады:теория, заң, гипотеза, ұғым және ғылыми әдістер.

Ғылым спецификасы, олардың әлемді ұғым, заң, теория күйінде бейнелеуде. Ұғым түйсік қабылдау , елестету бірлігіне қатысты: түйсік – қабылдау – елестету – ұғым.



Ұғым – заттың құбылыстың объектісінің аталуы, зат пен құбылыстар туралы ой.

Ғылыми заң – адам санасында бұрыннан жинақталған тәжірибелердің объективті моделін беру, жинақтау.

Ғылыми теория – белгілі теорияның объектісіне байланысты ақиқаттың белгілі аймағындағы заңдылықты беретін ғылыми білімді ұйымдастыру формасы.

Білім - адамның белгілі бір жүедегі ұғымдарының, деректерімен пайымдарының ,т.б. жиынтығы.

Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, зияттық, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі.

2. Ғылыми-педагогикалық зерттеу – педагогикалық-психологиялық жаңа білімдердің қалыптасу процесі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың объективтік заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекет түрі. Ғылыми педагогикалық зерттеулердің үш деңгейі сараланады: эмпирикалық – педагогика ғылымында жаңа фактілер белгіленеді, теориялық - бұрынырақта ашылған фактілерді түсіндіруге және олардың болашақтағы дамуын болжауға мүмкіндік беретін негізгі, жалпы педагогикалық заңдылықтар ұсынылып, қалыптастырылады; әдістемелік – тәжірибелік және теориялық зерттеулер негізінде педагогикалық құбылыстарды зерттеудің жалпы қағидалары мен әдістері, теория құрылымы қалыптастырылады.

Педагогикалық - психологиялық зерттеулердің негізгі кезеңдері

1. Проблеманың (мәселенің) жағдайын зерттеу. Проблеманы қоя білу, зерттеу объектісі мен пәнін анықтау.

2. Кеңінен таралған зерттеу концепциясын нақтылау немесе құру. Гипотеза жасау.

3. Зерттеу жоспарын құру

  • Зерттеу мақсаты мен міндеттерін анықтау;

  • Эксперимент жоспарын анықтау;

  • Зерттеу әдістері мен әдістемелерін таңдау;

  • Мәліметті өңдеуде қолданылатын математикалық әдістерді және т.б. анықтау.

4. Мәлімет жинақтау және фактілер бойынша жазу.

5. Нәтижені (мәліметті) өңдеу.

6.Гипотезаның дәлдігін нәтиже бойынша бағалау, зерттеу концепциясы шеңберінде нәтижені интерпретациялау (талдау беру, түсіндіру).

7.Алынған нәтижені ғылымдағы концепция және теориялармен байланыстыру. Жалпы қорытынды жасау. Проблеманың перспективасын бағалау.

Педагогикалық зерттеу әдістері – педагогикалық болмыс туралы зерттеуші жинаған фактілерді және білімді таңдаудың негізгі тәсілдері. Педагогикалық зерттеулер теориялық және эмпирикалық деп бөлінеді.

Теориялық әдістер:

- ғылыми педагогикалық әдебиеттерді талдау;

- индукция;

- дедукция;

- жіктеу;

- аналогия.

- салыстыру.

Эмпирикалық әдістер:

- мәліметтерді жинау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест);

- тексеру және өлшеу (шкалалау);

- мәләметтерді өңдеу;

- математикалық, статистикалық, графикалық кесте;

- баға беру әдістері (өзін-өзі бағалау, рейтингі, педагогикалық консилиум);

- зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу (эксперимент).

Бақылау әдісі.

Бақылау баланың мінез-құлқын әр түрлі жағдайларда көруге мүмкіндік береді. Бақылау арқылы мұғалім өте құнды материалдар алады. Байқағыштық – педагогикалық біліктіліктің көрсеткіші.



Күрделі бақылау – зерттеу жұмысында қолданылатын бақылау.

Бақылау арқылы қандай да бір педагогикалық құбылыс мақсатты түрде бақыланып, ол туралы фактілер жиналады.

Бақылау – еңбек операциясының, іс-әрекеттің құрамдас бөлігі. Алынған мәліметтер бірден өңделеді. Бақылаудың негізгі қызметі – зерттелетін процесс туралы материалдарды талдау, оларға баға беру.

Бақылау тиімді болу үшін басқа әдістермен байланыста қолдану керек. Мысалы, эксперимент барысын және нәтижесін бақылаусыз анықтау мүмкін емес.

Зерттеушінің зертеу объектісімен байланысына қарай тікелей, жанама, ашық, жабық бақылаулар болады.

Бақыладуың бағдарламасы жасалып, болған фактілерді тіркеу әдістері белгіленеді.

Тікелей бақылауды жанама бақылау толықтырады. Жанама бақылау зертеушінің тапсырмасымен жүргізіледі. Мысалы, бастауыш сынып оқушыларының ойындарын, жоғары сынып оқушыларына бақылаттыруға болады. Ол үшін зерттеуші нақты нұсқаулар береді, бақылаудың табыстылығы, зертеушінің дайындығына байланысты.

Ұжым болып бақылау кезінде біріншісі – зерттеуші мұғалімнің іс-әрекетін, екіншісі – оқушылардың, үшіншісі – жекелеген оқушылардың іс-әрекетін белгілейді.

Зертелетін педагогикалық құбылыстардың жасырын жерлеріне енуге мүмкіндік беретін өзін-өзі бақылау. Мысалы: бастауыш сынып оқушылары зерттеушінің сұрауымен өздік жұмысты орындауға кеткен уақытты, үй тапсырмасын қалай орындап жүргендерін жазады. Бақылау нәтижелерінің дұрыстығы педагогикалық процестің табиғилығына байланысты.

Адамның жеке өзі қалғандағы және біреу қарап тұрғандағы мінезі түрліше болады. Сондықтан бұлтартпас дәлелдер алу үшін ашық бақылау жеткіліксіз. Сондықтан жабық бақылау педагогикалық процестің нақты көрінісін береді.

Ашық және жасырын бақылау көмегімен алынған мәліметтер оқиғаның толық суретін береді.

Үздіксіз бақылау педагогикалық процесті басынан аяғына дейін толық жүргізу. Мысалы: сабақ, тәрбиелік іс-шара, т.б. объектілер үзіліссіз қаралады.

Монографиялық бақылау арқылы алуан түрлі педагогикалық құбылыстар бақыланады. Мысалы: биыл бірінші сыныпқа қабылданған оқушыларды зерттеу. Объектілері – оқушының мәдениетттілігі, ой-өрісі, мінезі, т.б.

Педагогикалық құбылысты бөліп алып бақылау ғылыми жұмыстың міндетіне байланысты.

1. Алдымен бақылау объектілері бөлініп, бақылау арқылы түскен мәліметтерді хаттамаға жазуға болады. Күнделік, алдын-ала әзірленген кестелер қолданылады, оларға оқушылардың іс-қимылдары, т.б. жазылады. Бақылау материалдарын дәл жазылуы керек.

Бақылау фактілері кезінде белгіленіп отырылмаса, жақсы жүргізілген бақылаудың өзі де құндылығын жоғалтады. Бақылауды күнделік дәптер түрінде жүргізген ыңғайлы. Ең әуелі баланың денсаулығы, отбасының құрамы, ата-аналарының мамандығы жөнінде қысқаша мәлімет беру керек. Содан кейін бақылау жөнінде жазулар болады.

Ұзақ уақыттық зерттеу – бір ғана сыналушылардың өздерін ұзақ уақыт және жүйелі зерттеу; адамның өмірлік циклы фазаларының жастық және дербес өзгергіштігінің диапазонын анықтауға мүмкіндік береді.



Ғылыми болжам – тәжірибеде әзірге белгісіз құбылыстар туралы немесе келешекте белгілі бір жағдайда пайда болатындай мүмкіндігі бар оқиғалар мен құбылыстар туралы ғылыми білім, болжам. Практикалық қажеттіліктен туып, ғылым жетістіктеріне сүйене келе болжау – адам ойының бір нысанына айналған. Ғылыми болжамның мүмкіндігі – оның ғылыми негізділігі мен өзара заңдылығында, өзара тәуелділігінде. Кез-келген объективтік процестің дамуын болжау үшін ғалым (зерттеуші) сол процестің мәнді байланыстарын бейнелейтін теорияларға сүйенеді. Ғылыми болжау объект қозғалысының басты бағытын ықтималды түрде анықтайды. Ғылыми болжаудың екі түрі бар: біріншісі – тәжірибеде белгісіз болғанымен, табиғатта бар нәрселер туралы, екіншісі – табиғатта, өмірде әлі болмағанымен, келешекте пайда болатын жағдайлар, оқиғалар, құбылыстар туралы болжам. Құрылу әдісіне қарай болжамдар индукциялық және дедукциялық болып бөлінеді.

3. Ғылыми-зерттеу жұмысының түрлері: реферат, баяндама, мақала, рецензия, оқу құралы, диссертация



Резюме (түйін) – франц.- қысқаша баяндау – біреу не бір нәрсе туралы тек қана негізгі мағлұматтар берілетін қысқаша хабарлама. Түйін ғылыми баяндамалар немесе жұмысқа қабылданушы үміткер, т.б. туралы болуы мүмкін

Сөйленетін сөздің, мақаланың қысқаша мазмұны, қысқаша қорытынды.



Эпиграф – (грек. Epigraphe - жазу) шығарманың негізгі тақырыбы мен идеясын түсіндіретін үзінді сөз. Эпиграф шығарманың не тараудың басында жазылады. Эпиграф көп жағдайларда біреудің сөзін шығарманың немесе еңбектің басында цитата келтіре отырып беріледі.

Конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау.

Сілтеме – сілтелетін, сілтенген. Сілтеме – бұл белгілі бір автордың ой-пікірін өз жұмысымызда пайдалансақ, онда оған сілтеме келтіреді, яғни ол әдебиеттің тізімін пайдаланғаны бойынша ретімен жазу.

Тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау.

Цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шыққан жылы, беттері көрсетіледі.

Аннотация - мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау.

Рецензиялау - оқу материалы , кітап (жұмыс) туралы өз ойын қысқа жазу.

Тақырыптық тезаурус - бөлім, тақырып бойынша негізгі ұғымдарды ретке келтіру.

Ғылыми баяндамалар – аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік –эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат.

Оқулық – оқу бағдарламалары мен дидактиканың талаптарына, оқыту мақсатына сай нақты оқу пәнінің мазмұнын ғылыми негізде, жүйемен баяндайтын кітап. Оқу пәнінің толық мазмұны оқулықтар мен оқу құралдарында баяндалады. Оқулықтарға мынадай педагогикалық талаптар қойылады: оқу материалының қазіргі ғылым мен техниканың дәрежесіне сәйкес баяндалуы; жоғары идеялығы; жастарға жан-жақты білім беруге сәйкестігі; оқулықтар мазмұнының бағдарламаның мазмұнына ұғынуға лайықты болуы; оқулық материалдарының жүйелі және танымдық ерекшеліктеріне сәйкес баяндалуы; оқулықтарда дәл және анық формуланған қорытындылар, ережелер, заңдар мен анықтамалардың баяндалуы; тілінің жатық, әдеби және ықшамды болуы, оқушылардың ұғымына сәйкес келуі; оқу материалын меңгеруді жеңілдететіндей иллюстрациялардың, суреттердің, таблицалардың, диаграммалардың, схемалар мен сызулардың болуы; оқулықтардың мұқабасының ретті сәндендірілуі (қағаз, шрифт, мұқаба) . Негізгі оқу пәндерінің оқулықтарына қосымша әр түрлі оқу құралдары қарастырылады.

Кітаппен (негізгі әдебиетпен жұмыс жасағанда) жұмыс жасауда басты назар аударылады:

1) Кітаптың сыртқы мұқабасымен танысу (кітаптың аталуы, авторы, шыққан жылы, баспаның аты, кітаптың редакторы, алғы сөздің немесе кіріспе сөздің авторы); оның тұтастай көлеміне;

2) Мазмұны арқылы кітаптың жоспарымен (бөлім, тарауларымен) және қандай жүйеде жазылғандығымен танысу;



  1. Кітаптың алғы сөзімен, кіріспесімен мазмұнын, мақсатын түсіну үшін үстірт танысып шығу;

4) Негізгі мәтіннің құрылымымен (жеке тарауларға; мәтіннің жеке бөліктерге бөлінуіне (тақырыптарға, параграфтарға) танысу, шрифтердің көлеміне, біркелкілігіне назар аудару;

5) Безендірілу сипатына;

6) Қайталауға берілген сұрақтарға;

7) Қолданылған әдебиеттер тізіміне және т.б.

Келесі кезекте назарды қосымша әдебиеттерге аударамыз.

Автор - әдебиет, өнер музыка, бейнелеу, мүсін, сәулет, графика, ғылым, білім, техника т.б. салада шығарма жазған (жоба жасаған, тың тәжірибе жинақтаған, оқулық, оқу әдістемелік құралдар ұсынған) немесе соған қатысқан адам, не ұжым (мекеме, ұйым, іскер топ т.б.)

Ғылыми-практикалық, ғылыми-әдіснамалық конференциялар – ғылыми тақырыпқа негізделіп жоспарланған, сол ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық негізін практикамен ұштастыратын ғылыми жиын.

Диссертация – ғылыми дәреже алу үшін зерттеліп жазылған ғылыми-зерттеу жұмысы. Ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесін алу үшін, диссертацияда автордың жаңа ғылыми-тәжірибелік пікірлері, ұсыныстары,ізденушінің теориялық білімі қамтылады.

Автореферат – ғылыми еңбектің мазмұнын автордың ауызша не жазбаша түрде қысқаша баяндауы. Кандидаттық не докторлық ғылыми дәреже алу үшін жазылған диссертацияның авторефератында сол еңбектің ғылыми теориялық мәні қысқаша тұжырымдалады.

Реферат – (лат.Refero – хабарлаймын деген мағына береді) – ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, жазбаша немесе басылымдық түрде берілетін жұмыс.

Реферат – ғылыми-ақпараттық бағытта болады, тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар, онда ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалынып, сын айтылады. Реферат ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарда жасаған баяндамалары да реферат деп аталады. Ғылыми кандидаты және ғылым докторы дәрежесіне диссертация қорғаушының авторефераты да рефератқа жатады.

Реферат жазуда не ескеріледі?

1) таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты кішігірім зерттеулер жасау. Ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасау.

2) керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.

3) реферат жазуда негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдылану.

4) фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасау.

5) пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін қайдан алынғанын (сілтеме), қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсету қажет.

6) реферат аудиторяда талқыланады, реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен танысады.

Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденісін құлшындырады.

Рефератты талқылау - шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-амазмұны зор әрекет жұмыс. Бұл кезде сөйлесушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.

Рефератты талқылап, қорытындысын шығару - маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.

Рефератпен жұмыс істеу жағдайлары

1. Жалпы жағдайы

1.1. Реферат қысқа мазмұнды жазу түрінде және жекеше оқу-зерттеу әрекеттерінің қорытындысы болып саналады. Басқаларынан айырмашылығы ол шығармашылық жазу түрі, оқушыларға орындалатын рефераттың құрылымы, мазмұны, хатталуы болады.

1.2. Реферат оқытушының жетекшілігімен орындалады, пікір айтылады және оқу-зерттеу жұмысының сайыстарында көрсетіледі. Сонымен қатар қорғауға арналған реферат емтихан тапсырғанда таңдау бойынша аралық және мемлекеттік аттестациялау формасының бір түрі болып көрінеді.

2. Рефераттың құрылымы

2.1. Рефераттың тақырыбын оқытушы ұсынуы мүмкін. Рефератпен жұмыс жасау барысында ғылыми жетекшінің келісімімен бірге таңдалған тақырыпқа өзгертулер енгізілуі мүмкін.

2.2. Рефераттың құрылымы болуы керек (басты бөлімі, параграфы). Оны 4 бөлімге бөлуге болады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімі. Пәннің спецификасы мен реферат мазмұнына сәйкес оған мазмұнды құжаттар, иллюстрациялар, таблицалар, схемалар енгізілуі мүмкін.


  1. Реферат мазмұнын бағалау

Реферат мазмұны былайша бағаланады:

- тақырыпқа сай реферат құрылымының деңгейі;

- тақырыптың өзектілігі және ақиқаттылығы;

- зерттеулердің көлемі және басқа да жаңалықтардың қайнар көзі;

- Мазмұнның стилі және сауаттылығы;

- Рефераттың өңделуінің талапқа сәйкестілігі.


9-тақырып. Педагогикалық шығармашылықтың психологиялық-педагогикалық негіздері

1. Педагогикалық шығармашылықтың «алгоритмі».

2. Педагогикалық міндеттерді іске асырудағы шығармашылық процедура және технология. Шығармашылық ойлау.


Негізгі ұғымдар: іскерлік, шығармашылық

Студент жоғары оқу орнында оқи жүріп, психологияны, педагогиканы және басқа, жеке пәндерді оқыту әдістемесін оқып үйрену, педагогикалық практикаға бару, педагогикалық іс-тәжірибені меңгеру мен талдау, озық тәжірибе үлгілерімен танысу арқылы педагогикалық шеберлік негіздерін үйрене бастайды.

Педагогикалық шеберлікті жетілдірудегі басты мақсат – мұғалімдік мамандық бойынша өзінің алдына қойған міндеттерін педагогикалық іс-әрекет деңгейіне жеткізу, оны нәтижелі түрде іске асыра білу.

Педагогикалық кәсіптік әрекеттерге өзін-өзі бағыттап, ұйымдастыратын педагогикалық білгірлік қасиеттер педагогикалық шеберлік жүйесіне жатады. Педагогикалық кәсіби шеберліктің іргетасы – кәсіптік білім. Мұғалімнің кәсіптік білгірлігі – біріншіден, өзі оқытатын пәнін терең білуге негізделсе, екіншіден, сол пәнді оқып тани білетін оқушыларға арналады.

Кәсіптік білім – теориялық, технологиялық, әдістемелік жағынан тұтасады. Оны әрбір педагог өз тәжірибесіне сай құрады, ғылыми білімі негізінде оның заңдылықтарын көре біледі.

Кәсіптік білім – студенттің жоғары оқу орындарында оқу процесіндегі кәсіби дайындығы барысында қалыптасады.



2. Іскерліктің қалыптасу кезеңдері мен психологиялық құрылымы:

Іскерлік өз қалыптасуында бірнеше кезеңдерден өте отырып, соңында шеберлік пен шығармашылыққа айналады.

1- кезең. Бастапқы іскерлік - іс-әрекет мақсатын ертеректе қамтылған білім мен дағдыға негіздей отырып сезіну және оған жету құралын іздестіру; іс-әрекет байқап көру – қателесу жолымен орындалады.

2 – кезең. Іскерліктің жеткіліксіздігі – іс-әрекетке қатыссыз ертеректе жинақталған білім мен оны іске асыру тәсілдерін қолдану.

3 – кезең. Жекеленген жалпы іскерлік - әртүрлі іс-әрекет түрлеріне қажетті, дамыған, бірақ ауқымы тар іскерлік қатары (өзінің іс-әрекетін жоспарлау іскерлігі, ұйымдастырушылық іскерлік).

4 – кезең. Жоғары деңгейдегі іскерлік – нақты іс-әрекетте білім мен дағдыны шығармашылықпен қолдану; мақсатын ғана емес, оған жету тәсілдерін таңдау мотивтерін сезіну.

5 - кезең. Шеберлік - әртүрлі іскерлікті шығармашылықпен қолдану.


10-тақырып. Педагогикалық қарым-қатынас – шығармашылық процесс ретінде
1.Педагогтың іс-әрекеті құрылымындағы педагогикалық қарым-қатынас. Педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктері

2.Педагогикалық қарым-қатынасты жүзеге асыру кезеңдері.

3. Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас стильдері.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық қарым-қатынас, педагогикалық қарым-қатынас стильдері


1. Қарым –қатынас немесе коммуникация процесі кең, ауқымды ұғым, ол - саналы және санасыз байланыс, ол - мәліметті тасымалдау және қабылдау, ол - барлық жерде және үнемі байқалатын процесс.

«Қарым-қатынас – біріккен іс-әрекетке деген қажеттіліктен туындайтын адамдар арасындағы байланысты құратын және дамытатын күрделі, көп жоспарлы процесс» (Қысқа психологиялық сөздік).

«Қарым-қатынас – адамдар арасындағы байланысты құру мен дамытуда, жеке тұлғалық қарым-қатынасты қалыптастыруда көрінетін және біріккен іс-әрекетке деген қажеттілікті туындататын жеке тұлға белсенділігінің универсалды формасының бірі (таным, еңбек, ойынмен бірге)» (А.И.Конюхов).

«Қарым-қатынас – бір адамның екінші адамға әсер ету нәтижесі болып табылатын, адамдар арасындағы байланыс» (М.В.Гамезо, И.А.Домашенко).



Қарым-қатынас функциялары

  • Ынтымақтастық. Қарым-қатынаста орынды (рационалды) эмоционалды және еріктік өзара әсер етулер және индивидтердің өзара әрекеттері жүзеге асырылады және көңіл-күйдің, ойдың, көзқарастың жалпылығы қалыптасады, өзара түсінушілік туындайды, манера, әдет, мінез-құлық стилі меңгеріледі, топтық және ұжымдық іс-әрекетті сипаттайтын бірлік пен ынтымақтастық құрылады.

  • Қалыптастырушы. Қарым – қатынас жеке тұлғаның жағымды жағының ашылуы, санасының және өзіндік санасының қалыптасуы, оның дамуының стимуляторы: басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсе отырып, өзіне басқалардың қатынасын саралай келе, адам өз бойында өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілікті байқайды және осы қажеттілікті өзін-өзі тәрбиелеу процесінде жүзеге асырады.

  • Дамытушы. Қарым-қатынаста байқалатын «жұқтырудың» әлеуметтік-психологиялық механизмі мен еліктеу, адам идеалындағы сапа, қасиеттерімен қоса бейнені қалыптастыруға ықпал етеді – бұл өзін-өзі дамытуға деген үлкен стимул!

  • Танымдық. Қарым-қатынас қоршаған ортаны тану мен түрлендіру процесі жүзеге асырылатын бірлескен шығармашылықтың формасы.

  • Мәліметтік. Қарым-қатынас мәлімет (дерек) көзі және ақпарат арнасы: қарым-қатынас процесінде (коммуникация) адам фактілерді, түсініктерді, идеяларды ғана емес, онда құнды қатынастар, қызығушылықтар, көңіл-күй, сезім де меңгеріліп, тасымалданады.

  • Ұйымдастырушылық. Қарым-қатынас – адамды тәрбиелеу үшін жағдай тудырады: тәрбие өнері ең алдымен – қарым-қатынас өнері деп педагогтар әділ пікір айтады, қарым-қатынаста жеке тұлғаның өзінің әлеуметтік рөлін, ұйымдастырушылық және серіктік (партнер) сапаларын жүзеге асыруға деген ұмтылысы орындалады.

Қарым-қатынас әлемі (М.С.Каган бойынша)

    • Нақты серікпен (партнер) қарым-қатынас

      • Тұлға аралық қарым-қатынас:

  • өкілдік қарым-қатынас;

  • мәдени қарым-қатынас;

      • Топтағы қарым-қатынас:

    • Сағымдағы (иллюзиядағы) серікпен қарым-қатынас

      • Жануарлармен қарым-қатынас;

      • Затпен қарым-қатынас ;

    • Ойдағы серікпен (квазисубъектімен) қарым-қатынас

  • Өзінің екінші «Мен»-імен қарым-қатынас;

  • Мифологиялық немесе көркем бейнемен қарым-қатынас:

  • Ақиқатта (болмыста) жоқ адам бейнесімен қарым-қатынас.

    • Қиялдағы серіктердің қарым-қатынасы (көркем персонаждар – квазисубъектілермен).

Қарым-қатынас түрлері

    • Қарым-қатынасқа түсушілер құрамы бойынша

Адам↔ Адам жүйесінде;

Өзара қатынас сипатына қарай:



  • қызметтік;

  • қызметтік-жолдастық;

  • достық.

  • Жеке тұлғалық-топтық – іскерлік, Адам ↔ Топ жүйесіндегі қарым-қатынас;

Өзара қатынас сипатына қарай:

  • қызметтік және қызметтік-жолдастық;

  • жетекшінің ұжыммен, топпен қарым-қатынасы;

  • Топаралық - Топ ↔ Топ жүйесіндегі іскерлік қарым-қатынас, екі немесе бірнеше қауымдастықтың контактісі.

    • Жақындасу деңгейі бойынша:

  • Тікелей – «бетпе-бет» қарым-қатынасқа түсу, әрбір қатысушының қарым-қатынастың барлық құралдарын қолдана отырып басқа адамдармен (адаммен) байланысқа түсуі және сол арада кері байланысқа түсу мүмкіндігі де.

  • Жанама – үшінші адам, немесе пошталық байланыс, техникалық құрал, зат, естелік т.б. арқылы қарым-қатынастың жүзеге асуы.

    • Ұзақтығына байланысты:

  • қысқа уақыттық;

  • ұзақ уақыттық.

    • Аяқталуына байланысты:

  • аяқталған;

  • аяқталмаған.

Қарым-қатынас құрылымы:

    • Коммуникативті - қарым-қатынас субъектілерінің арасында мәлімет алмасу;

    • Интерактивті - жалпы өзара әрекет стратегиясын құру, факті, қатынастардың ғана емес әрекеттердің де алмасуы.

    • Перцептивті - серіктестік қарым-қатынасты бір-бірін қабылдауы, зерттеуі, түсінісуі, бағалауы.

Қарым-қатынас коммуникация ретінде

  • Вербальды (сөз)

    • Сыртқы:

  • ауызша;

- монологты;

- диалогты.



    • Іштей.

  • Вербальды емес

  • кинетикалық (вербальды емес құралдардың көмегімен қарым-қатынасқа түсу, жест, мимика, пантомимика);

  • параэкстралингвистикалық (қосымша мәліметті дауыс ырғағын өзгерту арқылы беру, диапазон, тондық өзгеріс);

  • проксемикалық (қарым-қатынасқа түсушілерді орналастыру, қарым-қатынастың уақыты);

  • визуальдық (көз арқылы мәліметтік байланыс).

2. Педагогикалық қарым-қатынас – оқудағы өзара іс-әрекет формасы, оқушы мен оқытушылардың ынтымақтастығы. Педагогикалық қарым-қатынаста вербальдық, көркемдік, символикалық, кинетикалық құралдарды пайдалана отырылып коммуникативті, перцептивті және интерактивті функциялар жүзеге асырылады.

  • Педагогикалық қарым-қатынас кең контексте «... оқушылардың мотивациясының дамуы мен оқу іс-әрекетінің шығармашылық сипаты үшін, мектеп оқушысы тұлғасының дұрыс қалыптасуы үшін ең жақсы жағдай жасайтын, оқытудың эмоционалдық қолайлы климатын қамтамасыз ететін, мұғалімнің (кеңірек алсақ – педагогикалық ұжымның) оқыту процесіндегі оқушылармен қарым-қатынасы» (А.А.Леонтьев).

  • Педагогикалық қарым-қатынас – оқыту мен тәрбиелеу мақсаты мен міндетерінің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін педагог пен оқушылардың өзара әрекетіндегі құралдар мен әдістер жиынтығы (Л.Д.Столяренко) .

Педагогикалық қарым-қатынас функциялары бойынша бөлінеді:

  • контактілі;

  • дистантты,

  • ақпаратты;

  • түрткі болу;

  • координациялық;

  • үйлестіруші өзара әрекеттесу.

  • Педагогикалық қарым-қатынас ерекшелігі

  • Педагогикалық қарым-қатынас бағыттылығы

  • Педагогикалық қарым-қатынас білім алушылардың өзара әрекеттесуінің өзінде олардың тұлғалық дамуы мақсатына бағытталған;

  • Педагогикалық жүйенің өзіне негіз болып табылатын, оқу білімдерін игеруді ұйымдастыруға және осы негізде шығармашылық іскерліктерді қалыптастыруға, демек игеру пәніне (меңгеру) бағытталған;

  • Білім алушыларға (олардың актуальды жағдайларына, дамудың болашақтағы бағыттары) бағытталған.

  • Педагогикалық қарым-қатынас субъектілерінің 3 жақты бағыттылығы

  • жеке тұлғалық;

  • әлеуметтік;

  • пәндік.

  • Оқыту (білім беру) функциясын жүзеге асыру

А.А.Брудный бойынша, оқыту функциясы тасымалдаушы функциямен теңестірілуі мүмкін. Педагогикалық қарым-қатынаста оқыту функциясы жетекші болғанымен, ол басты функция емес, бұл – мұғалім мен оқушылардың, оқушылардың бір-бірімен жан-жақты әрекеттесуінің табиғи бөлігі.

  • Педагогикалық қарым-қатынастың «Адам-Адам» типінде суреттелген адамдардың өзара әрекеттесу өзгешілігінің бейнеленуі;

  • Қарым-қатынасты жеңілдету және фасилитация функциялары (К.Роджерс). Мұғалім қарым-қатынас фасилитаторы, демек мұғалімнің оқушыға өзін және өз бойындағы жағымды (жақсы) қасиеттерін көрсетуге көмектесуі.

    • Қарым-қатынас стилі адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесу тәсілдері мен құралдарының тұрақты формасы .

    • Оқытушының қарым-қатынас стилі

      • Оқушылардың ойлау процесіне зейін аударып, қалт еткен ойдың туындауы дереу қолдауды қажет етеді, кейде ойды байқадым деген белгінің өзі де жеткілікті;

      • Эмпатияның болуы - өзін оқушының орнына қоя білу ептілігі – оның іс-әрекеті мақсаттарын, түрткілерін және оның өзін түсіну, бұл белгілі бір дәрежеде оқушы іс-әрекетін болжауға, алдын ала басқаруға мүмкіндік береді;

      • Жақсылық тілеуші, оқушы жетістігіне әріптестің қызығушылығы позициясы;

Рефлексия – педагогтың өз іс-әрекетін қатаң түрде үздіксіз талдау және оқу процесіне неғұрлым мол және жылдам түзетулер енгізу.

Қарым-қатынас:

  • Педагогикалық қарым-қатынас оқудағы өзара әрекет формасы, педагог пен оқушының ынтымақтастығы;

  • Педагогикалық қарым-қатынас бір мезгілде оның үш жақты: коммуникативтік, интерактивтік және перцептивтік болуы,

  • Педагогикалық қарым-қатынас вербальдымен қатар басқа да тәсілдердің, яғни көркемдік, кинетикалық, символикалық тәсілдердің кең түрде көрінуі.

  • Кәсіби ұстаным (позиция) типологиясы ( М. Тален бойынша)

«Сократ» – пікірталасты мақсатты түрде туындатушы ретінде танымал педагог. Үнемі конфронтацияны туындатушы болғандықтан жекешелену, оқу процесін ұйымдастыруда жүйесіздік тән; оқушылар өз позицияларын қорғай алуға ұмтылады, қорғауға үйренеді.

«Генерал» - екі ойлылықтан аулақ, талап қойғыш, өзін тыңдатуға қатаң түрде жететін педагог, өйткені ол өз көзқарасын дұрыс дей келе, оқушыны армиялық тәртіпке, бұйрыққа бағынуы тиіс деп есептейді.

«Топ дискуссиясының жетекшісі» - оқу-тәрбие процесіндегі нәтиже, оқушылар арасында келісімге, ымыраласуға келу деп есептейді, демократиялық келісу жолын іздеу, дискуссия нәтижесіне қарағанда басты орында деп қарап өзі бағыттаушы рөлін атқарады.

«Менеджер» - белсенділікті, өзбеттілікті жақтайтын, сыныпты тиімді әрекетке бағыттайтын педагог. Педагог жеке оқушымен шешілуге тиіс міндет-мазмұнынды сапалы бағалауға, талдауға ұмтылады.

«Шебер» - өзінің өмірге қатынасы, көзқарасы арқылы үлгі ретінде көрінеді.

«Жаттықтырушы» - бірлескен рух негізінде сыныпта қарым-қатынас атмосферасын қалыптастырушы. Оқушылар мұнда бір команданың мүшесі сияқты, әрқайсысы жеке индивид ретінде маңызды емес, ал бірлікте барлығына қол жеткізе алады. Педагог - топқа дем беруші, мұндағы ең басты соңғы нәтиже – жеңіс, табыс.

«Гид» - білімді, жан-жақты, энциклопедист бейнесінде. Қысқа сөйлейтін, тура, өзін-өзі ұстай алатын адам. Берілген сұраққа жауабы үнемі дайын.

4. Педагогикалық іс-әрекет стилі

  • Іс-әрекет стилі, объектінің өзінің қабілеттерін айқындай отырып және оның даралық-психологиялық, тұлғалық ерекшеліктерімен анықтала отырып, оның операционалдық құрамын, іскерліктері мен дағдыларын қамтиды (В.Э.Чудновский).

  • Педагогикалық іс-әрекет стиліне әсер етуші факторлар:

    • Іс-әрекет субъектісі мұғалімнің жеке даралық-психологиялық ерекшеліктерін, ол даралық-типологиялық, тұлғалық, мінез-құлықтық ерекшеліктерді қамтиды;

    • Іс-әрекеттің өзіндік ерекшеліктері;

    • Оқушылардың ерекшеліктері.

      • Педагогикалық іс-әрекет стилдерінің түрлері (А.К.Маркова бойынша)

        • Өктемшілдік стиль. Оқушы тең құқылы серіктес емес, педагогикалық әсер ету объектісі ретінде қарастырылады. Мұғалім біржақты шешім қабылдайды, шешеді. Өзі қойған талаптарының орындалуына қатаң бақылау орнатады. Қалыптасқан жағдайлар мен шәкірттердің пікірлерін есепке алмай, өз құқықтарын пайдаланады. Осының салдарынан шәкірттері белсенділіктерінен айырылады, өзін-өзі төмен бағалайды, бойларында агрессия пайда болады. Оқушылардың күші білімді игеру мен өзін-өзі дамытуға емес, психологиялық тұрғыда өзін-өзі қорғауға бағытталған. Мұндай мұғалімнің әсер етуінің негізгі әдісі – бұйрық, ақыл айту. Мұғалімге өз кәсібіне қанағаттанудың төмендігі және кәсіби тиянақсыздық тән.

        • Демократиялық стиль. Оқушымен қарым-қатынаста тең серіктес, бірігіп білім іздеуде әріптес. Мұғалім оқушыларды шешім қабылдауға тартады, олардың пікірлерін есепке алады, ой-пікір білдіруін бағалайды. Оқушылардың оқу үлгерімін ғана емес, олардың тұлғалық сапаларын да есепке алады. Оқушыға әсер ету әдістері – түрткі болу, кеңес, өтініш. Осы стильдегі мұғалімнің оқушылары байыпты, қанағаттану, өзін-өзі жоғары бағалау күйін сезінеді. Мұғалімдер өзінің психологиялық іскерліктеріне көбірек назар аударады, оларға кәсіби орнықтылық, өз мамандығына қанағаттану тән.

        • Либералдық стиль. Мұғалім шешім қабылдаудан қашып, бастаманы оқушыларға, әріптестеріне береді. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мен қадағалауды жүйесіз орындайды, жалтақтаушылық, толқу байқалады. Сыныпта ауытқымалы микроклимат, жасырын қатынастар байқалады.

          • Қазіргі заман мұғалімін сипаттушы даралық стильдердің 4 түрі:

            • Эмоционалды-импровизациялық стиль

            • Эмоционалды-әдісқойлық стиль

            • Пайымдаушы-импровизациялық стиль

  • Пайымдаушы-әдісқойлық стиль.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. А., 2005, 360-385 б.



СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫ ЖӘРДЕМІМЕН ЖӘНЕ ӨЗДІГІНЕН ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫСТАРЫН ОРЫНДАУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

  • Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ие болу керек).

  • Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

  • Алғашқы кезден оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл кеңес алудың пайдасы зор.

  • Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп оқып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу керек.

  • Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.

Студенттердің өздік жұмыстары (СОӨЖ, СӨЖ) үй тапсырмаларын орындауды қамтиды. Ол: реферат, конспект, кроссворд, әдістемелермен жұмыс, аннотация жазу, жаттығу орындау және т.б. түрінде жүргізіледі.

Қойылатын талаптар:



  1. СОӨЖ, СӨЖ оқытушы белгіленген мерзімінен кешіктірмей, уақытында барлық талаптарға сәйкес орындалуға тиіс;

  2. СОӨЖ, СӨЖ өзі орындауы қажет, оны басқадан көшіруге, яки болмасы басқаға көшіруге беруге болмайды (ондай жұмыс бағаланбайды, сол себепті ұпай төмендетіледі);

  3. СОӨЖ, СӨЖ тапсырмаларын орындау барысында кейбір өзгерістер мен толықтыруларды ескеруге тиіс;

СӨЖ берілген нұсқау (дәптерде, А4 форматты қағазда және т.б.) бойынша өзгертуге тиіс.

Кітаппен (негізгі әдебиетпен жұмыс жасағанда) жұмыс жасауда басты назар аударылады:

1) Кітаптың сыртқы мұқабасымен танысу (кітаптың аталуы, авторы, шыққан жылы, баспаның аты, кітаптың редакторы, алғы сөздің немесе кіріспе сөздің авторы); оның тұтастай көлеміне;

2) Мазмұны арқылы кітаптың жоспарымен (бөлім, тарауларымен) және қандай жүйеде жазылғандығымен танысу;


  1. Кітаптың алғы сөзімен, кіріспесімен мазмұнын, мақсатын түсіну үшін үстірт танысып шығу;

4) Негізгі мәтіннің құрылымымен (жеке тарауларға; мәтіннің жеке бөліктерге бөлінуіне (тақырыптарға, параграфтарға) танысу, шрифтердің көлеміне, біркелкілігіне назар аудару;

5) Безендірілу сипатына;

6) Қайталауға берілген сұрақтарға;

7) Қолданылған әдебиеттер тізіміне және т.б.

Келесі кезекте назарды қосымша әдебиеттерге аударамыз.

Реферат – ғылыми-ақпараттық бағытта болады, тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар, онда ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалынып, сын айтылады. Реферат ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарда жасаған баяндамалары да реферат деп аталады. Ғылыми кандидаты және ғылым докторы дәрежесіне диссертация қорғаушының авторефераты да рефератқа жатады.

Реферат жазуда не ескеріледі?

1) таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты кішігірім зерттеулер жасау. Ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасау.

2) керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.

3) реферат жазуда негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдылану.

4) фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасау.

5) пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін қайдан алынғанын (сілтеме), қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсету қажет.

6) реферат аудиторяда талқыланады, реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен танысады.

Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденісін құлшындырады.

Рефератты талқылау - шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-амазмұны зор әрекет жұмыс. Бұл кезде сөйлесушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.

Рефератты талқылап, қорытындысын шығару - маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.

Рефератпен жұмыс істеу жағдайлары

1. Жалпы жағдайы

1.1. Реферат қысқа мазмұнды жазу түрінде және жекеше оқу-зерттеу әрекеттерінің қорытындысы болып саналады. Басқаларынан айырмашылығы ол шығармашылық жазу түрі, оқушыларға орындалатын рефераттың құрылымы, мазмұны, хатталуы болады.

1.2. Реферат оқытушының жетекшілігімен орындалады, пікір айтылады және оқу-зерттеу жұмысының сайыстарында көрсетіледі. Сонымен қатар қорғауға арналған реферат емтихан тапсырғанда таңдау бойынша аралық және мемлекеттік аттестациялау формасының бір түрі болып көрінеді.

2. Рефераттың құрылымы

2.1. Рефераттың тақырыбын оқытушы ұсынуы мүмкін. Рефератпен жұмыс жасау барысында ғылыми жетекшінің келісімімен бірге таңдалған тақырыпқа өзгертулер енгізілуі мүмкін.

2.2. Рефераттың құрылымы болуы керек (басты бөлімі, параграфы). Оны 4 бөлімге бөлуге болады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімі. Пәннің спецификасы мен реферат мазмұнына сәйкес оған мазмұнды құжаттар, иллюстрациялар, таблицалар, схемалар енгізілуі мүмкін.


  1. Реферат мазмұнын бағалау

Реферат мазмұны былайша бағаланады:

- тақырыпқа сай реферат құрылымының деңгейі;

- тақырыптың өзектілігі және ақиқаттылығы;

- зерттеулердің көлемі және басқа да жаңалықтардың қайнар көзі;

- Мазмұнның стилі және сауаттылығы;

- Рефераттың өңделуінің талапқа сәйкестілігі.


СОӨЖ-1. Тақырыбы: Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі (2 сағ)

Мақсаты және мазмұны: Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері туралы әр түрлі дерек көздерінен мәлімет жинақтау, жүйелеу.

Бақылау формасы: Дөңгелек үстел

Әдебиеттер: Негізгі және қосымша әдебиеттер, мерзімді басылымдар.

Әдістемелік нұсқау

Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері туралы әр түрлі дерек көздерінен мәлімет жинақтау мен жүйелеу негізінде дөңгелек үстелде өз ойыңызды ортаға салыңыз, педагогикалық мамандықтың ерекшелігін айқындаңыз; студент нені білуі және меңгеруі керектігін естен шығармаңыз.


СОӨЖ-2. Тақырыбы: Педагогикалық іс-әрекеттің мәні және құрылымы (2 сағ)

Мақсаты және мазмұны: Педагогикалық іс-әрекеттің мәні мен құрылымын бейнелейтін ғылыми әдебиеттер каталогын құру, аннотация жазу

Бақылау формасы: Картотека құру. Аннотация жазу.

Әдебиеттер:

1. Педагогикалық мамандыққа кіріспе. Типтік оқу бағдарламасы. А., 2005.

2. Мамандыққа кіріспе. Жалпы ред. Басқарған Л.И. Рувинский. А., 1991.

3. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность. Ростов- на Дону, 2002.

Әдістемелік нұсқау

Педагогикалық іс-әрекеттің мәні мен құрылымын бейнелейтін ғылыми әдебиеттер каталогын құруда курсты меңгеруге ұсынылған әдебиеттерді және ондағы ғалым-зерттеушілердің еңбектерін негізге алыңыз, педагогикалық іс-әрекеттің ерекшелігін айқындаңыз.


СОӨЖ- 3. Тақырыбы: Мұғалім - педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі ретінде (1 сағ)

Мақсаты және мазмұны: “Мен неге педагог-психолог болғым келеді?” тақырыбына шығарма жаза отырып студенттің мамандықтың спецификасын қаншалықты меңгергендігін анықтау.

Бақылау формасы: Шығарма

Әдебиеттер: Педагогикалық мамандыққа кіріспе курсы бойынша жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, әдістемелік құралдар, оқу-әдістемелік нұсқаулар, БАҚ.



Әдістемелік нұсқау

“Мен неге педагог-психолог болғым келеді?” тақырыбына шығарма жаза отырып өзіңіздің пікіріңіз бойынша осы мамандықтың спецификасын ашыңыз.



СОӨЖ- 4. Тақырыбы: Педагог - психологтың кәсіби іс-әрекетінің ерекшеліктері (2 сағ)

Мақсаты және мазмұны: Педагог-психологтың кәсіби іс-әрекетінің ерекшеліктері (жұмыс бағыттары, кәсіби этикасы, шеберлігі) туралы әр түрлі дерек көздерінен мәлімет жинақтау, жүйелеу, ой қорыту

Бақылау формасы: реферат

Әдебиеттер:

1. Битянова М.Р. и др. Работа психолога в начальной школе. – М.:Генезис. 2001

2. Григорович Л.А. Введение в профессиюВведение в профессию психолог.М., 2004.

3. Лукьянова М.И. Моя профессия – детский психолог. М., 2007.

4. Мазилов В.А. Психолог в системе образования: проблемы подготовки. М., 2007.

5. Овчарова Р.В. Справочная книга школьного психолога. М.,1993.

6. Рабочая книга школьного психолога /Под.ред И.В.Дубровиной М.,



7. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании.М.,1996.

8. Сақтағанова Т. Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің ережелерінен. // Мектептегі психология .№2 (наурыз-сәуір) 2006 жыл, 5 бет.

9. Сақтағанова Т. Өркениетті білім жүйесіндегі психологиялық қызмет.// Мектептегі психология .№2 (наурыз-сәуір) 2006жыл, 6-7 б.

10. Фридман Л.М., Кулагина И.Ю. Психологический справочник учителя. – М.: Просвещение, 1991.


  1. Фридман Л.М. О концепции школьной психологической службы. //Вопросы психологии. 2001, №1, 97-105 с.


Әдістемелік нұсқау

Педагог-психологтың кәсіби іс-әрекетінің ерекшеліктері (жұмыс бағыттары, кәсіби этикасы, шеберлігі) туралы әр түрлі дерек көздерінен мәлімет жинақтау, жүйелеу, ой қорытуларыңызды реферат демек, қайнар көздердің негізгі мазмұнын ықшамды түрде берілуі сұралады.



СОӨЖ- 5. Тақырыбы: Педагог-психологтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі (2 сағ)

Мақсаты мен мазмұны: Педагогтардың жеке тұлғалық және кәсіби сапаларын диагностикалау

Бақылау формасы: Педагогтардың жеке тұлғалық және кәсіби сапаларын диагностикалайтын әдістемелер портфелі

Әдебиеттер:

1. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность. Ростов- на Дону, 2002.

2. Григорович Л.А. Введение в профессию психолог.М., 2004.

3.Лукьянова М.И. Моя профессия – детский психолог. М., 2007.



Әдістемелік нұсқау

Педагог-психологтардың жеке тұлғалық және кәсіби сапаларын диагностикалайтын әдістемелерді жинақтаңыз (әдістемелер ғылымда қолданыста және бірнеше болуы шарт)



СОӨЖ- 6. Тақырыбы: Педагогикалық мамандықтың перспективалық дамуы (3 сағ)

Мақсаты мен мазмұны: Қоғамдағы мұғалімнің рөлін арттыру туралы ғылыми жоба жасау

Бақылау формасы: Жобаны қорғау


Әдістемелік нұсқау

Қоғамдағы мұғалім қызметінің әлеуметтік маңыздылығы мен оған қойылатын талаптарды ғылыми негізде игере отырып осы мұғалімнің ролін арттыру жобасын жасаңыз. Жоба топ алдында қорғалады.



СОӨЖ- 7. Тақырыбы: Педагогикалық мамандықты таңдау мотивациясы (2 сағ)
Мақсаты мен мазмұны: “Мотив”, “мотивация” ұғымдарына түсінік беру. Педагогикалық мамандықты таңдау мотивациясын анықтау

Бақылау формасы: Конспект

Әдебиеттер:

1. Ильин Е.П. Мотивация и мотивы. СПб; Изд-во Питер, 2000, 512с.

2.Маркова А.К., Матис Т.А.,Орлов А.Б. Формирование мотивации учения М., 1990.

3.Бордовская Н.В., Реан А.А. Педагогика. Учебник для вузов. -СПб. Питер, 2000.

Әдістемелік нұсқау

Мотив – бұл адамның объективті мұқтаждығы мен ынтасын бейнелейтін әрекетіне ішкі талаптану болғандықтан, өзінің ытылмыш мамндықты таңдау мотивациясын анықтаңыз.




жүктеу 1,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау