Педагогтардың жеке тұлғалық және кәсіби сапаларын диагностикалау әдістемелерін жинақтау.
6-тақырып. Тарих мамандығының даму перспективасы (3сағ).
тақырып. Тарих мамандығын таңдау мотивтері және педагогикалық іс-әрекет мотивациясы (2сағ)
“Мотив”, “мотивация” ұғымдарына түсінік беру.
Педагогикалық мамандықты таңдау мотивациясын анықтау (даагностикалау).
8-тақырып. Педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері мен құралдары (1сағ).
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері мен құралдарын анықтау.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
І. Негізгі әдебиеттер
ҚР Конституциясы. А.,1992.
Закон РК “Об образовании” // Казахстанская правда, 11 июня 1999.
3. Қазақстан Республикасының Білім туралы ЗАҢЫ (баптары бойынша түсіндірмелерімен) және оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар. Астана, 2000жыл.
050103 – “Педагогика және психология” мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы білім беру мемлекеттік стандарты.
Педагогикалық мамандыққа кіріспе. Типтік оқу бағдарламасы. А., 2005.
Мамандыққа кіріспе. Жалпы ред. Басқарған Л.И. Рувинский. А., 1991.
Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность. Ростов- на Дону, 2002.
Мищенко А.И. Ввение в педагогическую профессию. Новосибирск, 1991.
Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. А., 1998.
Қосымша әдебиеттер
Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе профессионального образования. М., 1991.
2. Синица И.Е. Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік. А.,1998.
3. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. Астана., 1998.
4. Бабанский Ю.К. Педагогика. М., 1988.
5. Ильина Т. Педагогика. М., 1984.
6. Лихачев Б.Т. Педагогика. М., 2000.
7. Мұсаева С. А. Бегалиев Т.Б. Жас ерекшелік педагогикасы. Оқулық. Астана, 2006.
8. Жұмабаев М. Педагогика. А., 1992.
9. Педагогика. Лекциялар курсы. Алматы, 2003.
10. Подласый И. Педагогика. Кн.1,2. М., 2000
11. Битянова М.Р. и др. Работа психолога в начальной школе. – М.: Генезис. 2001
12. Григорович Л.А. Введение в профессию психолог. М., 2004.
13. Дубровина И.В., Прихожан А.М. Положение о школьной психологической службе. // Вопросы психологии. 1985. №2. С. 76-78.
14. Лукьянова М.И. Моя профессия – детский психолог. Практическое пособие для специальистов общеобразовательных учреждений. М., 2007.
15. Мазилов В.А. Психолог в системе образования: проблемы подготовки. М., 2007.
16. Овчарова Р.В. Справочная книга школьного психолога. М.,1993.
17. Рабочая книга школьного психолога /Под.ред И.В.Дубровиной М.,
18. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М.,1996.
19. Сақтағанова Т. Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің ережелерінен. // Мектептегі психология. №2 (наурыз-сәуір) 2006 жыл, 5 бет.
20. Сақтағанова Т. Өркениетті білім жүйесіндегі психологиялық қызмет. // Мектептегі психология. №2 (наурыз-сәуір) 2006жыл, 6-7 б.
21. Сотрудничество учителя и школьного психолога. / Под.ред А.К.Марковой, Т.А. Шиловой. - М., 1993.
22.Фридман Л.М., Кулагина И.Ю. Психологический справочник учителя. – М.: Просвещение, 1991.
23. Фридман Л.М. О концепции школьной психологической службы. //Вопросы психологии. 2001, №1, 97-105 с.
Пән бойынша тапсырмаларды орындау кестесі
№
|
Жұмыс түрлері СОӨЖ
|
Мақсаты және мазмұны
|
Әдебиеттер
|
Бақылау формасы
|
Ұпайлар
|
Орындау мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Тарих мамандығының ерекшелігі
|
Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері туралы әр түрлі дерек көздерінен мәлімет жинақтау, жүйелеу
|
Негізгі және қосымша әдебиеттер, мерзімді басылымдар
|
Дөңгелек үстел
|
Бес баллдық жүйе бойынша
|
Сабақ кестесіне сәйкес
|
2.
|
Тарихи іс-әрекеттің мәні және құрылымы
|
Педагогикалық іс-әрекеттің мәні мен құрылымын бейнелейтін ғылыми әдебиеттер каталогын құру, аннотация жазу
|
Педагогикалық мамандыққа кіріспе. Типтік оқу бағдарламасы. А., 2005.
Мамандыққа кіріспе. Жалпы ред. Басқарған Л.И. Рувинский. А., 1991.
Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность. Ростов- на Дону, 2002.
|
Картотека құру. Аннотация жазу.
|
Бес баллдық жүйе бойынша
|
Сабақ кестесіне сәйкес
|
3.
|
Мұғалім -педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі ретінде
|
“Мен неге педагог-психолог болғым келеді?”
|
Педагогикалық мамандыққа кіріспе курсы бойынша жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, әдістемелік құралдар, оқу-әдістемелік нұсқаулар, БАҚ
|
Шығарма
|
Бес баллдық жүйе бойынша
|
Сабақ кестесіне сәйкес
|
4.
|
Педагог- психологтың кәсіби іс-әрекетінің ерекшеліктері
|
Педагог-психологтың кәсіби іс-әрекетінің ерекшеліктері (жұмыс бағыттары, кәсіби этикасы, шеберлігі) туралы әр түрлі дерек көздерінен мәлімет жинақтау, жүйелеу, ой қорыту
|
Битянова М.Р. и др. Работа психолога в начальной школе. – М.: Генезис. 2001
Григорович Л.А. Введение в профессию психолог.М., 2004.
Лукьянова М.И. Моя профессия – детский психолог. М., 2007.
Мазилов В.А. Психолог в системе образования: проблемы подготовки. М., 2007.
Овчарова Р.В. Справочная книга школьного психолога. М.,1993.
Рабочая книга школьного психолога /Под.ред И.В.Дубровиной М.,
Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М.,1996.
Сақтағанова Т. Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің ережелерінен. // Мектептегі психология .№2 (наурыз-сәуір) 2006 жыл, 5 бет.
Сақтағанова Т. Өркениетті білім жүйесіндегі психологиялық қызмет.// Мектептегі психология .№2 (наурыз-сәуір) 2006жыл, 6-7 б.
Фридман Л.М., Кулагина И.Ю. Психологический справочник учителя. – М.: Просвещение, 1991.
Фридман Л.М. О концепции школьной психологической службы. //Вопросы психологии. 2001, №1, 97-105 с.
|
Реферат
|
Бес баллдық жүйе бойынша
|
Сабақ кестесіне сәйкес
|
5.
|
Педагог - психологтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі
|
Педагогтардың жеке тұлғалық және кәсіби сапаларын диагностикалау
|
Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность. Ростов- на Дону, 2002.
Григорович Л.А. Введение в профессию психолог.М., 2004.
Лукьянова М.И. Моя профессия – детский психолог. М., 2007.
|
Педагогтардың жеке тұлғалық және кәсіби сапаларын диагностикалайтын әдістемелер портфелі
|
Бес баллдық жүйе бойынша
|
Сабақ кестесіне сәйкес
|
6.
|
Педагогикалық мамандықтың перспективалық дамуы
|
Қоғамдағы мұғалімнің рөлін арттыру туралы ғылыми жоба жасау
|
|
Жобаны қорғау
|
Бес баллдық жүйе бойынша
|
Сабақ кестесіне сәйкес
|
7
|
|
7
|
Педагогикалық мамандықты таңдау мотивациясы
|
“Мотив”, “мотивация” ұғымдарына түсінік беру.
Педагогикалық мамандықты таңдау мотивациясын анықтау
|
Ильин Е.П. Мотивация и мотивы. СПб; Изд-во Питер, 2000, 512с.
Маркова А.К., матис Т.А.,Орлов А.Б. Формирование мотивации ученияМ., 1990.
|
|
Бес баллдық жүйе бойынша
|
Сабақ кестесіне сәйкес
|
|
|
|
|
|
|
|
8.
|
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері мен құралдары
|
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері мен құралдарын анықтау
|
Негізгі және қосымша әдебиеттер
|
Баяндама
|
Бес баллдық жүйе бойынша
|
Сабақ кестесіне сәйкес
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5. Баға жөнінде ақпарат
Әріптік жүйе бойынша баға
|
Ұпай
|
%-дың мазмұны
|
Дәстүрлі жүйе бойынша баға
|
A
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанғысыз
|
Рейтинг – білімнің баға көрсеткіші
№
Р/с
|
Бақылау нысаны
|
Пәннің жалпы %
|
|
Ағымдағы бақылау
|
30
|
|
Дәріс сабақтарына қатысу
|
4
|
|
Зертханалық тапсырманы қорғау
|
4
|
|
Тәжірибелік сабақтарды орындау
|
7
|
|
СОӨЖ тапсырмаларын орындау
|
5
|
|
СӨЖ тапсырмаларын орындау
|
10
|
|
Аралық бақылау
|
30
|
|
АБ1 (бақылау жұмысы)
|
15
|
|
АБ2 (тестілеу)
|
15
|
| Қорытынды бақылау (ауызша емтихан немесе тестілеу) |
40
|
| Пән бойынша барлығы |
100
|
6. Балл қою саясаты.
Пән бойынша үлгерімді бақылау төмендегі нысанда жүзеге асырылады:
ағымдағы бақылау (апта сайын жүргізіледі)
аралық бақылау (8, 15 апта арасында)
қорытынды бақылау (оқу кезеңі соңында жүргізіледі, емтихан)
Ағымдағы бақылау – студенттің зертханалық сабақта (үй
тапсырмасын орындау, өз беттерімен есептер шығару), жеке тапсырмаларды орындау жұмыстарының қорытындысы.
Аралық бақылау – бұл тестілер және оқытушының қатысуымен дәрісханада бақылау жұмыстарын орындау, сондай-ақ коллоквиумдар, зертханалық жұмыстар өткізу.
Қорытынды бақылау студент оқылған пәннің тұйықталған, тұтас бөлігін оқуды аяқтаған соң жүргізіледі.
Студенттердің білімін бақылау схемасы
№
| Бақылау нысаны |
Пайыз
|
Апта
|
Қорытынды
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
|
Ағымдағы бақылау
|
|
Сабаққа қатысу
|
|
0,2
|
0,2
|
0,2
|
0,2
|
0,2
|
0,2
|
1,4
|
0,2
|
0,2
|
0,2
|
0,2
|
0,2
|
0,2
|
0,2
|
1,4
|
4
|
|
Зертханалық тапсырманы қорғау
|
2
|
|
*
|
|
|
|
|
|
*
|
|
|
|
|
|
*
|
*
|
4
|
|
Тәжірибелік сабақтарды орындау
|
1
|
*
|
|
*
|
*
|
|
*
|
|
*
|
|
|
|
*
|
|
|
*
|
7
|
|
СОӨЖ тапсырмаларын орындау
|
|
|
|
|
*
|
*
|
*
|
*
|
|
|
|
*
|
|
|
|
*
|
5
|
|
СӨЖ тапсырмаларын орындау
|
10
|
|
|
|
|
|
|
*
|
|
|
|
|
*
|
|
*
|
*
|
10
|
Аралық бақылау
|
8
|
АБ1 (бақылау жұмысы)
|
15
|
|
|
|
|
|
|
*
|
|
|
|
|
|
|
|
|
15
|
|
АБ2 (тестілеу)
|
15
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
*
|
|
15
|
Қорытынды бақылау
|
|
Емтихан
(максим.)
|
40
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
40
|
Семестрде барлығы (максим)
|
100
|
7. Курс саясаты
Сабаққа кешікпеу.
Сабақ үстінде сөйлеспеу, сағыз шайнамау.
Сабақ босатпау, ауырған жағдайда анықтама әкелу.
Босатқан сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта қайта тапсыру.
Ұялы телефонды өшіру.
Тапсырма орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.
Үй тапсырмасын уақытында және ынталы орындау.
Оқу үрдісіне белсенді қатысу.
Ұқыпты және міндетті болу.
Оқытушыларға және курстастарына шыдамды, ашық және тілектес болу.
12. Бақылау нысаны бойынша сұрақтар және тақырыптар тізімі
1.Жоғары кәсіби білім берудің заңды негіздері.
2.Педагогикалық мамандықтың жалпы сипаттамасы.
3. Педагогтың кәсіби әрекеті және оның жеке тұлғасы
4. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы
5.Педагогтың кәсіби компетенттілігі (құзырлығы)
6. Педагог тұлғасын кәсіби қалыптастыруға даярлау. Студенттің оқу еңбегінің мәдениеті
7. Педагогты даярлау жүйесіндегі педагогикалық практика
8. Зерттеу іс-әрекеті педагогикалық іс-әрекеттің компоненті ретінде
9.Педагогикалық шығармашылықтың психологиялық-педагогикалық негіздері
10. Педагогикалық қарым-қатынас – шығармашылық процесс ретінде
У. Пәнді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
УІ. Дәріс курсы
1-тақырып. Жоғары кәсіби білім берудің заңдастырылу негіздері. Мамандық 5В011400-Тарих
ҚР Конституциясы. ҚР “Білім беру туралы” заңы. Білім беру заңында көрсетілген мұғалімнің құқығы және міндеттері. ҚР жоғары кәсіби білім беру концепциясы. ҚР 2011-2020 жыл аралығындағы білім берудің мемлекеттік бағдарламасы. Мемлекеттік стандарттар.
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі: мақсаты, міндеттері, принциптері, қызметтері, модельдері.
Негізгі ұғымдар: білім беру, білім беру заңы, мемлекеттік бағдарлама, мемлекеттік стандарт
ҚР үздіксіз білім беру процесі халқымыздың салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады. ҚР тәуелсіздігіне орай білім беру мәселелері жаңаша бағытта дамуға көшті. Осыған сәйкес ҚР білім беру туралы заңы қабылданып, онда білім берудегі мақсат пен жаңа міндеттер айқындалып көрсетілді.
Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты:
ҚР азаматтары білім алуға тең құқылы
Әрбір азамат үшін интеллектуалдық дамуы мен психофизиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қол жетерлік болуы.
Білімнің зайырлылығы.
Жеке тұлғаның білімінің және дарынының дамуына жағдай жасау.
Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі.
Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне, бағыттарына байланысты әр түрлі болуы.
Білім беру ұйымдарының өкілеттілігі және оны басқарудың демократиялық бағытта болуы.
Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұстануы керек.
Білімнің ғылыммен, өндіріспен байланысы.
Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу.
ҚР білм беру жүйесі Заң бойынша білім беру ұйымдарының оқыту бағдарламалары мен әр деңгейдегі мемлекеттік білім беру стандарттары, басқару органдары мен оларға бағынышты ұйымдардың өзара байланысы негізінде құрылды. Білім беру жүйесінің негізгі міндеті ретінде білім алу жеке тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптасуы ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде қарастыруға қажетті жағдай жасау көзделеді.
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі мен сабақтастығы принципі негізінде мынандай білім беру деңгейлерін қамтиды:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
Бастауыш білім беру;
Негізгі орта білім беру;
Орта білім беру (жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру);
Орта білімнен кейінгі білім беру;
Жоғары білім беру (бакалавриат, университет, академия, институт және оларға теңестірілгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище));
Жоғары оқу орнынан кейін білім беру (магистратура, аспирантура, докторантура).
Оқу орындарындағы ең маңызды нормативті құжаттардың бірі – білім берудің мемлекеттік стандарттары болып табылады. Солардың негізінде жалпы және кәсіптік білім беру бағдарламалары жасалады. Стандарттар білім беру мекемелерінің барлық түріне міндетті болып саналатын және білім беру ісінің әрбір деңгейінің мазмұнына қойылатын талаптарды, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқыту жүктемелерінің көлемін, білім сапасын тексеретін мемлекеттік бақылау орындарының ережелерін, оқу бағдарламаларының орындалғанын дәлелдейтін құжаттарды анықтайды.
2. «Білім беру - жеке тұлға мен қоғам мүддесі бойынша жүзеге асырылатын педагогикалық ұйымдасқан әлеуметтену процесі» (Б.М.Бим-Бад, А.В.Петровский).
«Білім беру - қоғамда арнайы ұйымдастырылған адамның дамуына қажетті жағдай жасау жүйесі»(В.С.Безрукова).
«Білім беру - білімнің, іскерліктің, дағдының, ойлау тәсілдерінің оқыту процесіндегі жетістігі жүйесі» (И.П.Подласый).
«Білім беру - адамзаттың әлеуметтік маңызды тәжірибесін меңгерумен байланысты білім, іскерлік, шығармашылық әрекеттерде жүзеге асырылатын жеке тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамыту процесі» (Үлкен энциклопедиялық сөздік).
Білім беру түрлері
биологиялық;
математикалық;
дене тәрбиелік;
экономикалық;
филологиялық және т.б.
Доминантты мазмұнына байланысты
гуманитарлық;
жаратылыстану ғылымы;
гуманитарлық;
жаратылыстану ғылымы;
Адамзат әрекетін меңгеру шеберлігі мен түріне байланысты
музыкалық;
көркемдік;
техникалық;
технологиялық;
педагогикалық;
медициналық және т.б.
Білім берудің жүйе ретінде 3 өлшемде қарастырылуы
Білім берудің әлеуметтік ауқымы, яғни әлемдегі, белгілі бір елде, қоғамда, аймақта, ұйымда , т.б. бұл жерде сонымен қатар мемлекеттік, жеке меншік, қоғамдық, қоғамның жоғарғы сатысындағы, клерикалдық және т.б. білім беру жүйесі;
жалпы;
арнайы (математикалық, гуманитарлық, жаратылыстану т.б.);
қосымша кәсіптік.
Осы позициялар бойынша білім беру сипаттары
Білім берудің жүйе ретінде ақсүйектік немесе клерикалды, мемлекеттік, жеке меншік, муниципалды немесе федералды екендігі;
Білім беру жүйе ретінде деңгейлігімен, сатылығымен сипатталады. Оның негізіне, басым көпшілік жағдайда, жас ерекшеліктік өлшемдер алынады. Барлық мемлекеттерде жеткілікті деңгейде мектепке дейінгі білім, үш сатылы мектептік (бастауыш, орта, жоғары) жүйе қалыптасқан.
Білім беру жүйесіне деңгейлердің сабақтастығы , басқаруға икемділігі, тиімділігі, бағыттылығы тән.
Білім беру жүйесінің ұсақ жүйелеріне сапалық және сандық сипат тән.
Білім беру жүйе ретінде А.И. Субетто мен Н.А.Селезневалар бойынша дуалистік принципке сәйкес бір мезгілде қызмет ету және дамумен анықталады.
Бұл көрсеткіштер әлеуметтік-экономикалық және жалпы педагогикалық болғанмен психологиялық-педагогикалық аспектілерді де белгілейді.
Психологиялық-педагогикалық аспектілер мынадай сұрақтарға жауап беруден тұрады:
адам (бала) немесе оның ата-аналары білім беру жүйесі кезеңдерінің барлық иерархиясын көз алдына келтіре отырып, дұрыс таңдауды қалайша жүзеге асырады;
әрбір білім беру құрылымының (кіші, орта, мектептегі жоғары кезең, гимназиялық, лицейлік) оқыту субъектісі - білім алушыға қатынасы қалайша жүзеге асырылады;
бір құрылымдағы алдыңғы дайындықтың келесі кезеңде білім алуды жалғастыруға мүмкіндігі, оның әрқайсысындағы әрекеттің тиімділік критерийлері, осы жүйені басқару механизмі қандай және басқару ерекшелігіндегі жетістіктерді тестілеу көмегімен анықтау.
Білім беру процесс ретінде:
Оқыту процесінде тұлғаның дамуы және өзін-өзі дамыту және білім берудің үздіксіздігі арқылы танылады.
Білім берудің нәтижесі болып:
Нақты білім беру жүйесі арқылы алынатын және білім беру стандарты формасында тіркелетін нәтиженің бейнесі табылады.
Белгілі білім беру жүйесінде білім алған адамның өзі. Бұл тұрғыда білім беру нәтижесі білім болып табылады.
Қазіргі заманғы білім берудің негізгі тенденциялары (А.А.Вербицкий бойынша)
Бірінші тенденция – білім берудің әрбір кезеңін үздіксіз халықтық білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде ұғыну (мектеп пен жоғары оқу орны; ЖОО мен студенттердің болашақ өндірістік қызметі);
Екінші тенденция – «оқытуды индустрияландыру», яғни қазіргі заманғы қоғамның интеллектуалдық әрекетін іс жүзінде күшейтуге мүмкіндік беретін оқытуды компьютерлендіру және оны технологияландыру.
Үшінші тенденция - басым мәлеметтік формалардан проблемалық элементтер, ғылыми ізденістер, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қорын кеңінен қолданулары қамтылған оқытудың белсенді әдістері мен формаларына көшу.
Төртінші тенденция – оқу-тәрбие процесін қатаң тәртіппен ұйымдастыру мен алгоритмделген әдістерден осы процесті дамытушы, белсендіруші, жылдамдатушы, ойын және т.б. әдістеріне ауысудың психологиялық-дидактикалық шарттарын қарастыру.
Бесінші және алтыншы тенденция - оқушы мен оқытушының өзара әрекеттесуін ұйымдастыруға қатысты және оқытуды ұжымды, оқушылардың бірлескен әрекеті ретінде ұйымдастыру қажеттілігін атап өтеді, бұл жерде басты назар «оқытушының оқыту әрекетінен оқушының танымдық әрекетіне ауысады».
Білім берудің психологиялық принциптері
Қоғамның барлық тәрбиелеуші күштерінің, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсатында мектеп пен басқа арнайы институттардың бірлігі;
Ізгілендіру - қоғамның ең жоғары әлеуметтік құндылығы ретіндегі әр балаға көңіл аударуды күшейту, жоғары интеллектуалдық, адамгершілік қасиеттері және дене қуаты жетілген азаматты қалыптастыруға бағдар беру;
Жіктеу (дифференциация) және даралау (индивидуализация), әрбір оқушының қабілеттілігін толық анықтау және дамытуға дейін жағдайлар жасау;
Демократияландыру, оқушылар мен педагогтардың белсенділігін, шығармашылығын дамыту үшін алғышарттар құру, оқушылар мен мұғалімдердің мүдделерінен туған өзара әрекеттесу, жұртшылықтың білім беруді басқаруға кеңінен қатысуы.
Білім беру модельдері
Білім беру моделі мемлекеттік-ведомствалық ұйым ретінде. Білім беру жүйесі мемлекеттік билік құрылымындағы халық шаруашылығының басқа да салалары сияқты өз алдына бөлек бағыт. Ол ведомстволық принцип бойынша қатаң түрде орталықтандырылған мақсаты, білім беру мазмұны, оқу мекемесінің номенклатурасы және білім беру жүйесінің типіне сәйкес оқу пәндерін анықтаудан құрылады.
Дамыта оқыту моделі (В.В.Давыдов, В.В.Рубцов және т.б.). Білім беруді ұйымдастыруды білім беру жүйесінің әртүрлі ранг, тип және деңгейлерінде кең түрде іс-әрекет кооперациясы арқылы жүзеге асырылатын ерекше инфрақұрылым ретінде қарастыруды мегзейді. Осындай құрылым білім беру қызметінде халықтың қажеттілігін қанағаттандыра алмақ және тез арада білім беру міндеттерін шешіп, білім беру спектрін кеңейтуді қамтамасыздандырмақ.
Дәстүрлі модель (Ж.Мажо, Л.Кро, Ж.Капель, Д.Равич, Ч.Финн т.б.) Жүйелі академиялық білім беру моделі мәдениеттің әмбебап (универсалды) элементтерін тасымалдау тәсілі ретінде қарастырылады. Дәстүрлі концепцияға сәйкес білім беру жүйесі базалық білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру міндетін шешуі тиіс.
Рационалистік модель ( П.Блум, Р.Ганьэ, Б.Скиннер т.б.) Білімді іскерлікті, дағдыны меңгеруді қамтамасыз ету арқылы қоғамға жас ұрпақты практикалық түрде бейімдеуді ұйымдастыруды шамалайды. Аталған модель аймағында жас ұрпаққа ауыртпалықсыз қоғамдық құрылымға енуге мүмкіндік беретін мәдени құндылықтарды тасымалдау- меңгерту жүзеге асырылады.
Феноменологиялық модель (А.Маслоу, А.Комбс, К.Роджерс және т.б.) Оқытудың тұлғалық сипаты білім алушылардың индивидуальдық-психологиялық ерекшеліктерін ескеруді, олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне мұқияттылық пен құрметпен қарауды болжайды. Оның өкілдері мектепке «білім беру конвейері» деп қарауды теріске шығарады. Білім беруді гуманистік тұрғыда қарастырады.
Институционалдық емес модель (П.Гудман, И.Иллич, Ж.Гудлэд, Ф.Клейн, Дж.Холт, Л.Бернар және т.б.). Білім беруді әлеуметтік институттардан, соның ішінде мектеп және ЖОО тыс ұйымдастырудың қажеттігіне бағытталған, демек білім беру «табиғатта», Internet көмегімен, «ашық мектеп» жағдайында, дистанттық оқыту және т.б. жүзеге асырылады деген қағиданы ұстайды.
Білім беру жүйесінің негізгі компоненттері (И.П.Раченко бойынша)
Жүйенің қызметін анықтайтын мақсаттар мен міндеттер;
Оқыту мен тәрбиенің мазмұны;
Педагогикалық кадрлар;
Ғылыми кадрлар;
Оқушылар;
Материалдық-техникалық жабдықтау;
Жүйенің қаржымен қамтамасыздандырылуы және оның тиімділік көрсеткіштері;
Жағдайлар (психофизиологиялық, санитарлық-гигиеналық, эстетикалық және әлеуметтік);
Ұйымдастыру және басқару.
Білім беру жүйесінің негізгі компоненттері (Ф.Г.Кумбс бойынша)
1. Жүйедегі әрекетті анықтайтын мақсаттар мен алғашқы міндеттер;
2. Оқушылар;
3. Жүйедегі әрекетті үйлесімді басқару, жетекшілік жасау және бағалау;
4. Оқу уақытының құрылымы мен бөлу, әртүрлі тапсырмаларға сәйкес оқушылардың бөлінуі;
5. Мазмұн;
6. Оқытушылар;
7. Оқу құралы ;
8. Оқу процесіне қажет ғимарат;
9. Технология;
10. Білімді тексеру және бағалау;
11. Ғылыми зерттеу жұмысы;
12. Жүйе тиімділігінің көрсеткіші , шығыны.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Зимняя И.А. Педагогическая психология. С. 52-95
2.Айсмантас Б.Б. Теория обучения: схемы и тесты, Москва, ВЛАДОС, 2002, С. 15-21
2-тақырып. Педагогикалық мамандықтың жалпы сипаттамасы
1.«Кәсіби білім беру» ұғымына түсінік
2.Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы. 3.Көрнекті педагогтар.
4.Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері.
Негізгі ұғымдар: кәсіби білім беру, мамандық, педагог.
1. Кәсіби білім беру психологиясы педагогикалық психологияның саласы ретінде кәсіби білім беру жүйесіндегі оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық механизмін, мамандықты меңгеру механизмдерін зерттейді.
«Кәсіби білім беру» ұғымы арнайы білім берумен теңестіріледі және ол кәсіби-техникалық, арнайы және жоғары білім беру мекемелерінде алынады. Кәсіби білім алу нақты мамандық бойынша белгілі білім алу және қалыптастырумен байланысты.
Кәсіби білім беруді ұйымдастыру бірнеше принциптерден тұрады:
Кәсіби білім берудің қазіргі әлемдік тенденциядағы арнайы білім берумен сәйкестігі принципі;
Кәсіби білім берудің беріктігі принципі әлем туралы түсініктерді қалыптастырудағы психологиялық процестерді (Е.А.Климов) жүйелі білім алу мәселесімен байланыстыруды талап етеді.
Кәсіби білім берудің жекелену принципі сол кәсіпке сәйкес кәсіби маңызды сапаларды қалыптастыру проблемаларын зерттеуді талап етеді. Осы аталғандардан кәсіби білім беру психологиясының пәндік аймағы туындайды:
Кәсіби білім беру жүйесінде жеке тұлғаның жас және дербес ерекшеліктерін зерттеу;
Кәсіби іс-әрекеттің субъектісі ретінде адамның өмірлік және кәсіби жолын зерттеу;
Кәсіби оқыту және кәсіби тәрбиелеудің психологиялық негізін зерттеу;
Кәсіби іс-әрекеттің психологиялық аспектілерін зерттеу.
Кәсіби білім беру психологиясы әдістері
Бақылау
Эксперимент
Анкета
Қызмет нәтижесін зерттеу
Профессиография
Профессиография нәтижесінде профессиограмма құрылады, немесе нақты еңбек процесі, оны ұйымдастыру жөнінде мәлімет құрастырылады (техникалық, санитарлық-гигиеналық, технологиялық, психологиялық, психофизиологиялық, сондай-ақ мамандық психограммасы құрылады. Психограмма психологиялық және психофизиологиялық іс-әрекетті белсендіретін және оны орындауды қамтамасыз ететін кәсіби маңызды сапалардан тұратын нақты еңбек әрекетін психологиялық талдау негізінде құрылған мамандық «портреті».
Кәсіби білім беру психологиясының зерттеу бағыттары:
мамандықты психологиялық аспектіде зерттеу және «профессиограмма» құру;
кәсіби іскерлік пен кәсіби білім беру процесінде дағдының қалыптасу заңдылықтарын зерттеу;
кәсіби іскерлікті жетілдіру мен қабілеттілікті дамыту проблемаларының кәсіби іскерлікті жетілдіру мен кәсіби қабілеттілікті дамытуға (сенсорлық, интеллектуалдық, моторлық) әсері проблемалары;
кәсіби оқытудың психологиялық проблемаларын теориялық өңдеу.
Кәсіби білім берудің психологиялық мәселелерінің даму тарихы 3 (үш) кезеңнен тұрады:
І- кезең. «Психотехникалық» - ХХ ғасырдағы 20-30 жылдар. Алғашқы рет кәсіби білім беру психологиясы туралы мәселелер 20-жылдары психотехника шеңберінде еңбек туралы ғылым ретінде туындаған.
ІІ-кезең. ХХ ғасырдағы 30-жылдардың аяғынан бастап 50-жылдардың ортасына дейін.
Еңбек психологиясының алдында жоғары маманданған мамандарды даярлауда әлеуметтік тапсырмаға жауап беру міндеті тұрды. Ондағы басты проблемалардың бірі еңбек іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру заңдылығын анықтау мен одан әрі жетілдіру, оларды жаңа жағдайда қайта құру, кәсіби-қабілеттілік процесін қалыптастыру, кәсіби білім беруде психологиялық сұрақтарды анықтау.
ІІІ- кезең. ХХ ғасырдағы 50-жылдардың ортасынан 70-жылдарға дейін. Отандық психологияда іс-әрекет парадигмасының одан әрі дамуы білім мен іскерлікті қалыптастыру идеяларының дамуымен байланысты педагогикалық психологияның теориялық және қолданбалы аспектілерін құруға әкелді (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин, А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин зерттеулері). 60-жылдардағы кибернетика, бағдарламалық оқыту идеяларының дамуы ақыл-ой әрекетінің кезеңдеп қалыптасу теориясының негізінде (П.Я.Гальперин) бағдарламалық оқытудың негізін қалауға әкелді.
80-90 жылдардағы психологиялық зерттеулерде кәсіби білім беру проблемалары жеке тұлғаны зерттеу контексінде талданды. Кәсіби маңызды сапа ретінде жеке тұлғаның ерекшелігі (психофизиологиялық ерекшеліктерден айырмашылығы) кәсіби іс-әрекеттің жетістігінің және сенімділігінің факторы бола алады.
2. Мамандық – белгілі даярлықты қажет ететін іс-әрекеттің түрі, тіршілік көзі болып табылады.
Мамандық – белгілі адамға тиесілі білім, іскерлік және дағды жүйесі ретінде де сипатталады.
Мамандықты суреттеудің жалпы схемасы 4 аспектіні қамтиды:
1.әлеуметтік-экономикалық (мамандықтың қысқаша тарихы, оның халық шаруашылығы жүйесіндегі орны, мамандарды даярлау туралы мәлімет, перспективасы, еңбек жалақысы, мамандықтың мәртебесі);
2.өндірістік-техникалық (технологиялық процесс, объект, еңбек құралы, жұмыс орны, еңбекті ұйымдастыру формалары туралы мәліметтер);
3.санитарлық-гигиеналық (климат жағдайлары туралы мәлімет, жарықтандыру сипаты және басқа да санитарлық факторлар, еңбек режимі мен ритмі, медицинаға кері көрсеткіштер);
4.психофизикалық (мамандықтың психикалық процестер мен тұлғаның қасиеттеріне қоятын талабы).
Мамандықтардың еңбек пәні бойынша бөлінуі (А.Н.Леонтьев бойынша):
биономикалық (табиғат);
техномикалық (техника);
сигномикалық (белгілер);
артономикалық (көркемдік бейнелер);
социономикалық (адамдардың бірлесіп әрекет етуі немесе өзара қатынасы).
Е.А.Климов бойынша кәсіби іс-әрекеттің 5 схемасы:
«Адам – Табиғат» (агроном, зоотехник, ветеринар, микробиолог, биолог...);
«Адам – Техника» (слесарь, техник-механик, техник-технолог, инженер-электрик, электрослесарь);
«Адам - Белгі» (программист, математик, картограф, т.б.);
«Адам - Көркемдік бейне» (суретші, балет артисі, актер, архитектор, скульптор, журналист);
«Адам – Адам» (дәрігер, мұғалім, әлеуметтік қызметкер, сатушы, шаштараз т.б.).
«Адам-Табиғат» мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары: дамыған қиял, көрнекі-образдық ойлау, жоғары деңгейдегі көру есі, байқағыштық, өзгермелі табиғи факторларды көре білу және бағалау қабілеті; маман шыдамды, табанды болуы керек; ұжымнан тыс жұмыс жасауға әзір, кейде қолайсыз табиғат жағдайларында да, т.б.
«Адам–Техника» мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары: қозғалыстың жақсы координациясы (үйлесімділігі), нақты көру, есту, вибрациялық және кинестезиялық қабылдау, дамыған техникалық және шығармашылық ойлау мен қиял; зейіннің бөлінушілігі мен шоғырлануы, байқағыштық.
«Адам–Белгі жүйесі» мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары: жақсы оперативті және механикалық ес; зейінді ұзақ уақыт шоғырландыру қабілеті; зейінді бөлу және ауыстыру, қабылдаудың нақтылығы, шартты белгілер астарын көре білу іскерлігі, ынталылық, шыдамдылық; логикалық ойлау.
«Адам-Көркемдік бейне» мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары: көркемдік қабілеттер; көру есі, дамыған көре отырып қабылдау, көрнекі-образдық ойлау; шығармашылық ойлау; шығармашылық қиял: адамға эмоционалды әсер етудің психологиялық заңдары туралы білім.
«Адам-Адам» мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары: қарым-қатынасқа ұмтылыс; танымайтын адамдармен контактіге жеңіл түсу іскерлігі, адамдармен жұмыс барысында өзін тұрақты түрде жақсы сезіну; жақсылық тілеуші, елгезек; шыдамдылық; эмоциясын тежей алу шеберлігі; адамдардың және өзінің мінез-құлқын саралау қабілеттілігі, басқа адамдардың ой-ниеттерін және көңіл-күйлерін түсіну, кикілжіңді шеше білу іскерлігі, ойша өзін басқа адамның орнына қоя білу қабілеттілігі; басқа адамды тыңдай алу, оның ой-пікірімен санасу іскерлігі; сөз, мимика, жестті (ым-ишара) орынды қолдану, әр түрлі адамдардың тілін табу; адамдарды сендіре білу; жинақылық, тиянақтылық, дәлдік, нақтылық, адамдар психологиясы туралы білім.
«Адам-Адам» мамандығы топтарына сипаттама
Басқару, оқыту, тәрбиелеу іскерлігі «адамдардың әр түрлі қажеттілігін қанағаттандырудағы пайдалы іс-әрекеттермен шұғылдану».
Тыңдай алу іскерлігі.
Кең ауқымды білім .
Сөйлеу (коммуникативтік) мәдениеті .
Ақылдың бағыттылығы, басқалардың орнына өзін қоя білу (децентрация), оның ішкі әлемін сезіну (эмпатия), өзінің ойын біреудікі ретінде қабылдамау іскерлігі.
Адамның деңгейі бұдан да жоғары болады деген сенімге негізделген бағыт.
Байқағыштық.
Халыққа қызмет етудің дұрыстығы жөніндегі терең де оптимистік сенімі.
Стандарт емес жағдаяттарды шешу.
Өзін-өзі реттеу деңгейінің жоғарылығы.
Төзімділік іскерлігі.
Кәсіпті (мамандықты) таңдауға ықпал ететін 8 негізгі факторлар (Е.А.Климов бойынша):
ересектер, отбасы көзқарасы;
құрбылардың көзқарастары;
мектептегі педагогикалық ұжым көзқарастары;
жеке кәсіби және өмірлік жоспарлар;
қабілеттіліктер мен олардың көрінісі;
қоғамдық мойындауға талаптану;
кәсіби әрекет туралы мағлұматтану;
бейімділік.
Психологтар бойынша мамандықты таңдаудағы негізгі факторлар
Субъективті факторлар:
қызығушылықтар (танымдық, кәсіби, мамандыққа қызығушылық, бейімділік);
қабілеттіліктер (белгілі іс-әрекетте жетістікке жетуге қажет психологиялық механизмдер);
темперамент;
мінез.
Объективті факторлар:
даярлық деңгейі (үлгерімі);
денсаулық жағдайы;
мамандық әлемі туралы ақпарат алу.
Әлеуметтік мінездеме
әлеуметтік орта;
үй-тұрмыс жағдайы;
ата-анасының білім деңгейі.
Д. Сьюпери бойынша кәсіби жол кезеңдері: зерттеушіні индивидтің бейімділігі мен қабілетін анықтау, кәсіби «Мен» концепциясын белсендіретін өзіне тиесілі мамандықты іздеу қызықтырған.
І - даму кезеңі (туғаннан 14 жасқа дейін). Балалық шақта «Мен» – концепциясы дами бастайды. Балалар ойын кезінде өздеріне не ұнайды, неменеге икемді екендіктерін әр түрлі рөлдерді ойнай отырып анықтайды. Оларда болашақ кәсіби карьераға әсер ететін қызығушылықтар байқалады.
ІІ - зерттеу кезеңі (15 жастан 24 жасқа дейін). Қыздар мен бозбалалар өз қажеттіліктерін, қызығушылықтарын, қабілетін, құндылықтары мен мүмкіндіктерін анықтап, түсінуге ұмтылады. Осындай өзіндік саралауды негізге ала отырып олар кәсіби карьераның мүмкін варианттарын қарастырады.
ІІІ- карьераны жеңілдету кезеңі (25 жастан 44 жасқа дейін). Қызметкерлер таңдап алған іс-әрекеттерінде берік орын алуға тырысады. Еңбек етудің алғашқы кезеңінде жұмыс орнын немесе мамандықты өзгертуі мүмкін, бірақ осы кезеңнің екінші жартысында таңдап алған мамандығын сақтап қалу тенденциясы байқалады. Адамның еңбек ету биографиясында осы жылдар шығармашыл жылдар болып табылады.
IV- жеткен жетістікті сақтау кезеңі (45 жастан 65 жасқа дейін). Қызметкерлер алдыңғы кезеңде жеткен дәрежені сақтап қалуға тырысады.
V - құлдырау кезеңі (65 жастан кейін). Дене және ақыл-ой күші төмендей бастайды. Еңбек әрекеті тоқтайды.
Хейверхерст бойынша кәсіби жол кезеңдері:
Адамдарға толыққанды қызмет етуге мүмкіндік беретін әрекетті құру мен еңбек дағдысын игеру кәсіби жол кезеңдерін анықтау критерийлері болып табылады.
1. Жұмысшылармен (қызметкерлермен) теңестіру (5 жастан 10 жасқа дейін). Балалар өздерінің жұмыс істейтін әке-шешелерімен теңестіріледі және болашақта жұмыс істеуге деген ниет «Мен» -концепциясының бір бөлігіне айналады.
2. Негізгі еңбек дағдысын игеру мен еңбек сүйгіштікті қалыптастыру (10 жастан 15 жасқа дейін). Оқушылар әр түрлі міндеттерді шешуде өз уақыттары мен күш қуатын дұрыс ұйымдастыруды үйренеді. Мысалы үй тапсырмасын орындау немесе үйдегі жұмыс. Олар: алдымен – жұмыс. Одан кейін – ойын принципі бойынша жүре бестайды.
3. Нақты кәсіби бірегейлікке (идентичность) ие болу (15 жастан 25 жасқа дейін). Адам мамандық таңдап сол мамандыққа өзін даярлай бастайды. Ол таңдау мен карьераны бастауға көмектесетін белгілі еңбек тәжірибесін жинақтайды.
4. Кәсіби маманның қалыптасуы (25 жастан 45 жасқа дейін). Ересектер өзінің кәсіби қабілеттілігі мен мүмкіндік шеңберіндегі шеберлікті жетілдіре отырып қызмет баспалдағында жоғары өрлей бастайды.
5. Қоғам игілігі үшін жұмыс (40 жастан 70 жасқа дейін). Жұмысшы-қызметкерлер өз кәсіби карьерасының шыңына жетеді. Олар өзінің азаматтылығы мен әлеуметтік жауапкершілігі туралы ойлана бастайды және күштерін қоғам алдындағы міндеттерін орындауға жұмсайды.
6. Кәсіби әрекеттің жемісті (нәтижелі) кезеңі туралы толғану (70 жастан кейін). Зейнеткерлікке шыққаннан кейін адамдар кәсіби жүріп өткен жолын ой-елегінен өткізіп, ондағы жеткен жетістіктерін қанағаттана отырып есіне алады.
Кәсіптенген маман дамуының негізгі фазалары (Е.А.Климов бойынша)
Оптант (оптант, оптация фазасы). Адам мамандық таңдауға қам жеген кейіп танытады. Бұл фазаның нақты уақыттық шекарасы басқа фазалар сияқты жоқ, өйткені олар тіршілік жағдайы мен мәдениеттің дамуымен байланыстырылады.
Адепт (немесе адепт фазасы) – мамандықты меңгеру үстіндегі адам.
Адаптант (немесе адаптация фазасы, жас маманның жұмысқа бейімделуі). Жас маман өзі келіп түскен ұжымның нормаларына бейімделеді, шығармашылық міндеттерді шешіп үйренеді.
Интернал (немесе интернал фаза) - өз ісін тұрақты, жақсы көретін, негізгі кәсіби функцияларды өзбетті орындай алатын тәжірибелі маман.
Шебер – жұмысшы қарапайым және ең күрделі міндеттерді шеше алады. Ол өзінің белгілі бір сапаларымен, іскерлігімен, кәсіби аймақта кең де терең білімімен ерекшеленеді. Оған қайталанбайтын, ерекше іс-әрекет стилі тән, оның жұмыс нәтижелері үнемі ерекше және өзін алмастыруға келмейтіндердің қатарына қосуына негізі бар. Өз біліктілігінде (дәрежесінде) формальды көрсеткіштерге ие (разряд, категория, дәреже, атақ).
Авторитет - өз ісінің шебері, көпке танымал (белгілі салада, салааралық деңгейде, мемлекетте). Кәсіби міндетін мол тәжірибесі, іскерлігі, жұмысын ұйымдастыру шеберлігі арқасында шешеді.
Үйретуші – беделді, өз ісінің шебері, шәкірттерін, ізбасарларын үйретуге әзір.
3. Мұғалім – қоғам мен өскелең ұрпақ аралығындағы сарапшы.
Мұғалім мамандығы біздің елімізде ең көп тараған мамандықтың бірі.
Мұғалім – бұл болашаққа ұмтылған адам.
Мұғалім ең күрделі процестерді – жеке адамды қалыптастыру процесін басқарады.
Қоғам мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді.
“Егер кебіс тігуші олақ болса, мемлекет бұдан көп зардап шеге қоймайды – бар болғаны азаматтар біршама уақыт нашар киінеді, ал егер шәкірт ұстазы өз міндетін нашар орындаса, онда елде надандар мен бұзақылар көбейіп кетеді” (Платон);
“Мұғалімдерге ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары тұрған ешнәрсе жоқ” (Ян Амос Коменский);
“Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі” (К.Д.Ушинский);
“Тәрбиешілік мәртебесі қаншалықты маңызды, ұлы, әрі қастерлі десеңізші: оның қолында адам өмірінің тұтас тағдыры тұр” (В.Г. Белинский);
“Мұғалім балаларға өткен ұрпақтан ең таңдаулысын беруі және ескінің сарқыншағын кемістік пен кеселді бермеуі тиіс.” (А.В.Луначарский);
“Егер алтын ісінің шебері алтынды бүлдірсе онда алтынды қайта құюға болады. Егер бағалы тас бүлінсе, онда ол бракқа кетеді, алайда ең бағалы гауһар тастың өзі, жаңа туған адамнан қымбат емес. Адамның бұзылуы не үлкен қылмыс, немесе орны толмас өкініш. Бұл материалмен мүлтіксіз, одан не жасай алатыныңды біле отырып жұмыс істеу қажет”(А.В.Луначарский);
“Ғылымды өзі жетік білетін, оны меңгерген және оны жақсы көретін ұстаз ғана шәкірттеріне жемісті қызмет ете алады. Өзің жақсы көрмейтін пәннен гөрі, өзің жақсы көретін пән он есе жақсы меңгеріледі” (Д.И. Менделеев);
“Әлемде сезімін оятуға ешкім жәрдемдеспеген көп адам бар екен. Адамның адамгершілік негізін ояту, өмірдегі ең таңдаулы қасиеттерді келтіру ең алдымен мұғалімге жүктеледі. Мұның өзі үлкен тәрбиелік проблема” (Француз жазушысы, ойшылы Антуан де Сент-Экзюпери)
3. Көрнекті педагогтар
Ян Амос Коменский (1592-1670).
Ян Амос Коменскийдің әлемге танымал шығармалары:
√ «Ұлы дидактика» (1657ж.),
√ «Жалпыға кеңес»,
√ «Ана мектебі» және т.б.
Оның педагогикалық идеяларының мәні мынада:
√ жалпы мен ерекшенің, тұтастық пен жеке бөліктердің, даму мен тәрбиенің, білім берудің қоғамдық жүйесімен тұтастай жеке тұлғаның табиғи да баяу еркін дамуының, дербес және қоғамдық дамудың бірлігі;
√ тәрбиенің мақсаты – адамды мәңгілік өмірге даярлау;
√ тәрбиенің үш құрамдас бөлігі: ғылыми білім алу, адамгершілік тәрбиесі, діни тәрбие;
√ жеке тұлғаның жан-жақты дамуы;
√ адам - табиғаттың перзенті, сондықтан барлық педагогикалық құралдар адамның табиғатына сәйкес болуы қажет. Тәрбиенің «табиғатқа сәйкестігі» принципі дегеніміз адамның рухани өмірінің заңдарын зерттеу мен олармен барлық педагогикалық әсер етулерді үйлестіру;
√ табиғатты, адамды және оның іс-әрекетін басқаратын басты принциптердің бірлігін мойындауы;
√ тәрбие мен оқытудың бір-бірінен бөлінбейтін бірлікте қарастырылуы;
√ ана тілі негізінде жан-жақты білім беру;
√ оқытуға қойылатын негізгі талаптар: оқытуды ертерек бастау, оқу материалының баланың жасына сәйкестігі. Оқытудың «жақыннан алысқа», «белгіліден белгісізге», «қарапайымнан күрделіге», «нақтылыдан абстрактіліге» қарай көшіп отырудың ережесінің құрылуы;
√ танымның үш көзі: сезім, ақыл, сенім;
√ тәрбие мақсаты тек қана білімді меңгеру ғана емес, моральдық сапаларды дамыту да (ең алдымен, шыншылдық, батылдық, өз күшіне сенімділік);
√ бәрін де барлығына оқыту.
Джон Локк (1632-1704) – “Тәрбие туралы ойлар”:
√ қоғамға пайдалы білім алатын, дене және рухани жағынан тұтас адамды дамыту қажет;
√ ізеттілік – үзақ уақыт бойында адамда ләззатқа батырады, қайғы-мұңды азайтады. Моральдық ізеттілік – ерікті түрде адам ерік-жігерінің тәңірі берген еріктің қарамағындағы – шынайы моральдың негізі - қоғам және табиғат заңына бағынулары;
√ жеке тұлға мен қоғамдық қызығушылық арасындағы үйлесімділік есті және тақуалық мінез-құлық арқылы жүзеге асады;
√ бала – не жазғың келсе соны жазуға болатын «ақ тақта» сияқты тап-таза.
Ж.Ж. Руссо (1712-1776) – «Эмиль, немесе тәрбие туралы » (1762ж.):
√ оқытудың мазмұны мен әдістемелері баланың өз әрекеті мен белсенділігін дамытуға ықпал етуі қажет: «Оқыту процесінде оқушыны үнемі ғылыми шындықты қалай болғанда да ашушы, зерттеуші ретінде қою керек». Оқушы «ғылымды жаттап алмайды, оны ойлап шығарады»;
√ білімді кітаптан емес, өмірден алу қажет. Оқытудың кітаптық сипаты, өмірден, практикадан алшақтау жарамайды және құртады;
√ барлығын бірдей бірдеңеге үйретудің қажеті жоқ, нақты адамды не қызықтырады, оның бейімділігіне не сәйкес келеді, соған сәйкес оқыту қажет, сонда оқушы даму мен білім алуда белсенділік танытады;
√ балада зеректікті, зейінділікті, байқампаздықты дамыту қажет.
Г.И. Песталоцци ( 1746-1827) – «Лингард және Гертруда»:
√ кез келген оқу бақылау мен тәжірибеге негізделуі кажет, және содан кейін ғана ол қорытындылау мен жалпылауға қарай көтеріле алады;
√ оқыту процесі жүйелі түрде жекеден тұтастыққа қарай құрылуы қажет;
√ оқытудың негізі – көрнекілік. Оны қолданбай дұрыс елестете, ойлау мен сөйлеуді дамытуға болмайды;
√ оқыту білім қорын жинақтауға және сондай-ақ ақыл-ой қабілетін, адамның ойлауын дамытуға ықпал етуі қажет;
√ тәрбиенің гуманды сипаты: балаларға деген ізгі қатынас. Олардың адамгершіліктерінің дамуының негізі – жанашырлық және адамдарға деген аяушылық білдіру;
√ балалардың шамасына шақ еңбекті ұйымдастыра отырып оқыту мен тәрбиелеуді біріктіру идеясы;
√ балалар қауымдастығының тәрбиелік рөлі (тәрбиелеуші ұжым).
И.Ф. Гербарт (1776-1841) – «Педагогикадан лекция очеркі» және т.б.:
√ адамның бұрынғы тәжірибелері туралы елестердің жаңа әсерлермен бірігуі қабылдаудың дұрыстығын және беріктігін және жаңаны меңгеруді анықтайды;
√ тәрбиенің мақсаты – ізгілік пен жақсылық, өмір сүріп отырған қоғамдық қатынастарға икемделе алатын адамдарды тәрбиелеу, қалыптасқан тәртіпті сыйлай білетін, соған бағына білетін адамдарды тәрбиелеу;
√ тәрбие процесінің үш саласы: басқару, оқыту және адамгершілік тәрбие;
√ оқудың тәрбиелі сипатта болу идеясы: баланың жан-дүниесінде бар елестерді өзгерте отырып, баланың мінез-құлқына, жан-жақты қызығушылықтың дамуына әсер етуге болады;
√ адамгершілікке тәрбиелеу идеясы: ішкі еркіндік, кемеліне жету, ізгілік, құқық, әділеттілік.
Ф.А.В. Дистервег (1790 -1866) – «Неміс мұғалімдерінің білімін жетілдіруге басшылық»:
√ тәрбиенің негізгі принциптері: табиғатқа сәйкестік, мәдениетке сәйкестік, өздігінен істеушілік;
√ тәрбие міндеттері – туа біткен нышандардың өздігінен дамуын қамтамасыз ету;
√ оқытуда көрнекіліктің орны ерекше;
√ оқу материалының түсініктілігі – оны меңгеру жетістігінің шарты;
√ оқытудың жемісті болуы оның тәрбиелік мәнінің болуында.
Ресейдегі ғылыми педагогиканың негізін салушы К.Д.Ушинский.
К.Д.Ушинскийдің (1824-1870) маңызды еңбектері:
√ «Педагогикалық әдебиеттің пайдасы туралы»,
√ «Қоғамдық тәрбиенің халықтық негізі туралы»,
√ «Мектепті құрайтын үш нәрсе»,
√ «Ана тілі»,
√ «Балалар дүниесі» және т.б.
Негізгі идеялары:
√ Халықтық принцип: оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде әр халықтың өз ұлттық белгілері және шығармашылық көріністеріне деген объективтілік қажеттілік;
√ Ана тілі приоритеті мектептегі білім беру пәні ретінде. Ана тіліне оқыту “сөздің қадір-қасиетін” дамытады, тілдің қоймасына енгізеді, “дүниеге көзқарасты” қалыптастырады;
√ Еңбек туралы идея жеке тұлғаның дамуының басты факторы ретінде (“тәрбиеленушіде еңбекке деген сүйіспеншілікті ұялату, оны еңбек етуге дағдыландыру“ қажет);
√ Тәрбие мақсаты – белсенді де шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру, адамды адамзат іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы ретінде дене және ақыл-ой еңбегіне даярлау;
√ Ғылым мен мектептің дінге тәуелсіздігі;
√ Адамгершілікке тәрбиелеу мәселесінің қоғамдық-тарихи сипатта болуы;
√ Басты міндеттердің бірі шовинизмді болдырмайтын елжандылыққа тәрбиелеу, адамзаттық борышқа тәрбиелеу, авторитарлықты жою;
√ Тәрбие жүйесі жағымды мысал негізінде, баланың ақылмен атқарған іс-әрекеті, оқушылармен өзара қатынас негізінде құрылады;
√ Ең маңыздысы оқушыларды оқуға үйрету (“балаға белгілі білімді беріп қана қоймай, онда өздігінен, мұғалімсіз, жаңа білім алуға деген тілек пен қабілетті дамыту қажет”);
√ Оқудың тәрбиелік сипатта болу принципі (оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі);
√ Оқыту процесінде жас ерекшеліктік және психологиялық ерекшеліктерді ескеру;
√ Оқытудың көрнекілік пен бірізділік (нақтыдан абстрактілікке қарай) принципін оқушы шамасына шақ негіздеу;
√ Оқу процесін сапалы ұйымдастырудың басты шарты – методикалық шеберлікте, ал методикалық шеберліктің әр түрлі оқыту әдістеріне байланыстылығы.
Н.А. Добролюбов (1836-1861):
√ тәрбие идеалы – “табиғи ұмтылысты” қанағаттандыру (“өйткені бәріне жақсы болуы үшін”);
√ ақыл-ой, дене және адамгершілік тәрбиесінің үйлестірілуі;
√ баланың жеке тұлғасына, оның жан-жақты дамуына деген қамқорлық, жас адамды белсенді де бақытты өмірге дайындау.
Н.И. Пирогов (1810-1881) еңбектері:
√ “Өмір мәселелері” (1856) – тәрбие мәселесіне арналған мақала.
Негізгі идеялары:
√ тәрбие және жалпыадами тәрбие, жалпы адамзаттық білім алу арқылы өзін-өзі тану идеясы;
√ жалпыадамзаттық тәрбие ұлттық тәрбие идеясымен үйлестірілген болуы қажет;
√ көрнекілік пен сөздің оқу-тәрбие процесіндегі бір-бірімен байланыстылығы.
Л.Н. Толстой (1828-1910) еңбектері:
√ “Азбука” (1872),
√ “Жаңа азбука” (1875),
√ «Оқу кітаптары».
Негізгі идеялары:
√ “еркін тәрбие” (Руссо бойынша) идеясы: тәрбие ең алдымен өзін-өзі дамыту;
тәрбиенің міндеттері – туылғаннан бастап адамзат бойында бар гармонияны қорғау, балаға еркіндік беру; “педагогиканың критериумы тек біреу ғана ол - еркіндік”;
√ баланың ерекшелігі мен оның қызығушылығын ескеру принципі.
Н.К.Крупская (1869 -1939):
Негізгі еңбектері:
√ “Халық ағарту ісі және демократия”,
√ “Еркін мектеп туралы мәселеге”,
√ “Семья және мектеп”,
√ “Мектептегі өзін-өзі басқарушылық туралы”,
√ “Неміс мұғалімдерінің Берлин конгресіндегі еңбек мектебі туралы мәселе”,
√ “Ер балаларды “әйелдердің ісіне” үйрету қажет пе?».
Негізгі идеялары:
√ Коллективизм сезімі – адамгершілік тәрбиесінің негізі;
√ Ұжымдағы балалардың қоғамдық пайдалы еңбегі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда тәрбиенің тиімді құралы болуы қажет, жұмыстың балалардың білімі мен іскерліктеріне сәйкестігі;
√ Қарапайымдылық пен кішіпейілдік қасиеттерінің жоғары бағалануы.
С.Т. Шацкий:
Достарыңызбен бөлісу: |