Тарих кафедрасы



жүктеу 1,14 Mb.
бет1/16
Дата29.01.2020
өлшемі1,14 Mb.
#27728
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

ТАРИХ КАФЕДРАСЫ



«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
05В0114 «Тарих» мамандығы 4 курс студенттеріне арналған

Семей - 2013 ж.

Құрастырушы: Тарих кафедрасының т.ғ.к., доцент Мұқатаева З.Қ.

Кафедра отырысында бекітілді.

«_____» ______________ 2009 ж. Хаттама № _____

Кафедра меңгерушісі: т.ғ.к._________________ Мұхамеджанова Н.А.

Гуманитарлық-заң факультетінің оқу-әдістемелік кеңес отырысында талқыланды.

«_____» ______________ 2009 ж. Хаттама № _________

Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы, п.ғ.к. _________ Тохметова Г.М.

Гуманитарлық-заң факультетінің Ғылыми кеңесінде бекітілді.

«_____» ______________ 2009 ж. Хаттама № _________

Гуманитарлық-заң факультетінің деканы т.ғ.к., _________ Мамырбеков А.М.

МАЗМҰНЫ

1.Пән бойынша глоссарий............................................................................ 4-14



2 Жұмыс бағдарламасы..........................................................................

5. Дәріс сабақтарының тезистері..........................................................

6. Іс-тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар ..........

7. ОСӨЖ орындауға әдістемелік нұсқау..............................................
8. СӨЖ орындауға әдістемелік нұсқау................................................

9. Бақылау құралдары.........................................................................



10. Әдебиеттер ....................................................................................

ГЛОССАРИЙ

Әдіс - деген гректің «metodos» деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.

Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.

Оқыту –біртұтас педагогикалық үрдістің құрамды бөлігі.
Оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу әдісі- оқушылардың өздігінен жаңа білімдерді қабылдау, сыныпта алған білімдерін бекіту, біліктілік пен дағды қалыптастыруда тиімді әдіс болып табылады
Түсіндіру- оқу материалын мұғалімнің логикалық тұрғыдан дәйекті де сындарлы баяндауы.
Әңгімелесу- мұғалім мен оқушылар арасында жаңа білімдерді хабарлау, пысықтау, қорытындалауды дұрыс ұйымдастырылған сұрақ – жауап тәсілінде қолданылады.
Дәрісбаян- сөзге негізделген оқыту әдісі ретінде ол өзінің құрылымы, баяндалатын оқу матреиалының дәлдігі және сабақтың өн бойында тыңдаушылардың ойлау қабілетін белсенді етуі тиімділігін арттырудың кепілі.
Көрнекілік әдістер- оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулерінде мүмкіндік береді. бұған демонстарция, иллюстрация және бақылау тәсілдері жатады.
Жазба кескіндемелік тәсілдер- мыналар жатады: оқиғалардың күнтізбесін жасау, таблица, жаңа сөздер сөздігі, жоспарлар, логикалық сұлбалар, сурет салу, кескін карта толтыру.
Мазмұндық әңгімелеу және ақпараттық хабарлама- мұғалім сабақ барысында елеусіз фактілерді баяндағанда қолданады.
Пікір (пікір білдіре отырып мазмұндау)- себеп – салдарлы байланыс пен ұғымның негізгі белгісін анықтауда қолданылатын түсіндірудің нұсқасы.
Термин (түсінік) - латынның аяғы, шегі деген мағына береді, яғни нақтылы және үстірт заттар. Терминология - білім саласының қайсысында болмасын қолданылатын терминдер жиынтығы.

Дәстүрлі емес сабақтар- соңғы шығармашылық ізденістен туындаған дәстүрден тыс әдіс-тәсілдердің жүйелі бірлігі, жоғары белсенділікті туғызу әдістері болып табылады.
Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын барлық жеке тұлғалақ, құралдық, әдістемелік тәсілдердің жүйелі жиытығы ретінде жұмыс істеу (М.В. Кларин);

Оқыту технологиясы – дидактикалық жүйесінің құрамдас бөлігі

Педагогикалық технология - әлеуметтендіру мен оқытудың түрлерін, тәрбиелеу амалдарын анықтайтын психо – педагогикалық құрлымдардың жиынтығы; ол педагогикалық барыстың құралы болып табылады (Б.Т. Лихачев);

Педагогикалық технология – оқу процесін іске асырудың мағыналы технологиясы (В.П. Беспалько)

Педагогикалық технология – оқытудың жоспарлы нәтижесі процесін суреттеу (И.П. Волков);

Педагогикалық технология – оқушы мен мұғалімнің толық жабдықталған шарттарын қамтамасыз ететін оқу процесін жобалау, ұйымдастыру және іс – қимылдарының жан – жақты ойластырылған моделі (В.М. Монфьев);
Педагогикалық технология – білім беру түрлерін оңтайландыруды өзінің тапсырмасы ретінде қарастыратын техникалық және адамның қорларды есепке ала отырып өзара бірлескен білімді меңгеру мен оқытудың барлық процесін анықтау, қолдану, құру тәсілдеріні жүйесі.
Проблемалық оқыту әдісі- мұның мәнісі мұғалім жаңа тақырыпты баяадар алдында, немесе оның белгілі бір маңызды мәселесін түсіндіруге кіріскенде оқушылардың алдына проблема қояды, оның шешілуі туралыт ғылыми болжам жасайды, соған жетудің әртүрлі жолдарын, нұсқаларын ұсынады.
Зерттеу әдісі-шығармашылықпен жұмыс істеу тәсілін және білім мен білітерді толық үйретіп, меңгертуді мақсат етеді.

Информациялы –рецептивті (І) - әдіс әңгіме, лекция, экскурсия түрінде, оқулықтың, натуралды немесе жазбаша тарихи құжаттың, тарихи объектінің көшірмесі не суреттің көмегімен жүзеге асырылады.
Репродуктивті (қайта еске түсіру) (2) – тарихты оқыту барысында мұғалім берген тапсырма бойына оқушылардың белгілі бір мәтінімен ауызша, жазбаша жаттығуларды, басқа да оқу қызметтерін өздігінше орындауы арқылы жүзеге асады.
Ішінара іздену және эвристикалық әдіс- оқушыларды бірте – бірте белгіді бір проблемаларды өздігінше шеше алу дәрежесіне дейін жеткізуді көздейді, осыған қажетті біліктерді біртіндеп қалыптастырады.
Модуль - қандай да бір жүйенің ұйымның анықталатын, біршама дербес бөлігі.
«Инновация»- жаңалық, жаңашылдық өзгеріс деген ұғымды білдіреді.
«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша оқу жұмыс бағдарламасы

Түсініктеме

Бұл оқу жұмыс бағдарламасы мектептерде тарихты оқытудың негізгі мәселелерін қамтиды.Тарих ғылым, пән ретінде аса маңызды білім саласына жатады.

Тарихи білімді адам ғана өзі өмір сүрген қоғамдағы орнын атқаратын қызметін дұрыс анықтай алады. Әбу Насыр әл-Фараби "Тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайда, келешекті болжау қиын" десе, А.Байтұрсынұлы "Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы- тарих" деп өте жоғары бағалаған. Тарих ойға бағындырылған. Оның табиғаты да осында. Тарихи материал оқушылардың жан дүниесінде орын табатындай болуы міндетті.

Кеңес еліндегі одақтас республикалардың көпшілігінің мектептерінде сол республика аты берілген ұлттық тарихы жүртышылықтың талап етуімен 1958-1959 оқу жылынан бастап қана оқытыла бастады. Оның өзінде арнайы сағат бөлінбей КСРО тарихына бөлінген уақыт есебінен , соның құрамында оқытылды. 1990 жылдан бастап халық ағарту саласында болып жатқан үлкен өзгерістерге және де Қазақстан тарихының мектептің оқу жоспарына дербес пән болып енуіне байланысты ол құрамындағы көптеген әдістемелік ұсыныстардың қазіргі талаптарга жауап бере алмайтыны түсінікті.

Қазақстан Республикасы "Білім" заңындағы талаптарды негізге алып, тарих пәнін жүргізудегі үш мақсатты айқындаудағы бағдарлама- жарқын болашақтың азаматын жан- жақты тәрбиелеудің басты мұраты.

Тарихи білім мазмүнынының күрделі өзгеріске түсуі оны оқытудың әдісі, тәсілдерін де жаңартуды қажет етеді.


Курстың оқыту мақсаты:

«Тарихты оқыту әдістемесі» курсының негізгі мақсаты келешек мамандардың тарихи танымын дәйекті түрде қалыптастыру және оларға орта мектеп оқушыларының тарихи танымын қалай жүйелеп, нендей жолмен өнегелілікке баулуды үйрету.





Курстың негізгі міндеттері:

  • Келешек мамандарды тарих пәнін жүргізу әдістерінің қазіргі кезеңдегі ең озық дерлік теориялық негіздермен қаруландыру;

  • Оқушыларға биік өрелі тарих таным қалыптастырып, әрі олардың иманды да инабатты ұрпақ боп өсіп қалыптасуын бағыттай алуы үшін болашақ ұстаздарға тарихты оқытудың ең тиімді жолдарын нұсқаумен қатар, бұл мақсаттарды жүзеге асыру әдістерін іс барысында бойына сіңіру;

  • Студенттерді – болашақ мұғалімдерді алдын-ала өз оқушыларын тарихи ілімі арқылы ізгі ниетке баули алуға бейімдеу, әрі тарихты оқытып үйрету барысында өзі жүзеге асырған тәрбиелік жұмысын өз бетінше талдап-тарқатып, өздігінше жетілдіре білуге бауулу;



Студенттердің іскерліктері, дағдылары мен оқу икемділіктері

  • Білім, шеберлік, іскерлік пен дағдыларды педагогикалық қызметте және оларды пайдаланудың дұрыс әдістерін рактикада пайдалана білу;

  • Оқуды ұйымдастырудың қағидаларын, түрлері мен әдістерін және олардың ерекшеліктерін білу;

  • Ақпараттық және білім беру технологияларын үйренуге қабілетті болу;

  • Тарихи пәндерді оқыту ерекшеліктері туралы білім-білік дағдыларының болуы;

  • Мектеп оқушыларын тәрбиелеу;

  • Тарихты оқытудың белсенді және инновациялық әдіс-тәсілдерін меңгеру:


Дәрістер мен іс-тәжірибелер мазмұны
Дәрістер тақырыбы мен мазмұны
1. Қазақстан Республикасы мектептеріндегі тарихтан білім берудің қазіргі құрылымы. 2сағат.

Жоспар:

1. Қазақстан Республикасы мектептеріндегі тарихтан білім беру мазмұны.



  1. Тарих пәні бойынша оқу жоспары.

  2. Тарих пәні бойынша оқытуды ізгілендіру.

  3. 12 жылдық білім беруге көшу, тарихтан білім беру мазмұны.

2. Тарихты оқыту әдістемесінің жоспарлары мен бағдарламалары. 2 сағат.

Жоспар:

  1. Тарих пәндері бойынша білім беру стандартының мазмұны мен құрылымы.

  2. Бағдарлама жасаудың концентратты, хронологиялық принциптері.

  3. Бағдарламалардың компоненттері.

  4. 5-9,10-11 сыныптардың оқу бағдарламалары.


2- бөлім. Тарихты оқытудың тәсілдері

1. Тарихты оқытуда белсенді және инновациялық әдістерді қолдану. .2 сағат.

Жоспар:

1. Тарихты оқытудағы ойын сабақтың жоғарғы танымдық потенциалы/ іскерлік ойындар, тарихи шайқастар, театрлік қойылымдар мен байқаулар/.

2. Сайыс-сабақтар, саяхат-сабақтар, өлкетанулық ойындар.

3. Оқыту процесінде ойын сабақты жүзеге асыру технологиясы.

4.Педагогтың іскерлік алгоритмі, оқушылардың іскерлік алгоритмі.

5.Тарихты оқытуда ойын сабақ өткізу- мектеп оқушыларының білімін көтеру әдісі.



2. Тарихты оқытуда көрнекілік құралдарын пайдалану.2 сағат.

Жоспар:

1. Тарихты көрнекілік құралдармен оқытудың функциясы мен мәні.

2. Тарих сабақтарында оқу картинасымен жұмыс істеу тәсілдері.

3. Пәндік көрнекілік және оның танымдық, эстетикалық, шартты-графикалық, қолданбалы құндылықтары.

4.Картамен жұмыс. Тарихи карта- оқушылардың тарихи процестер байланыстарын ұғынудағы қажет әрі маңызды көрнекілік құрал.



3. Тарихты оқытуда көрнекті құралдарды және компьютерлік техниканы пайдалану.2 сағат.

Жоспар:

  1. Оқушылардың тарихи білім алуындағы компьютердің рөлі.

  2. Оқытудың серпінділігі нақтылығы және эмоционалдығы, шығармашылық ойлау қабілетін реттеу үшін үшін техникалық құралдары пайдалану.

  3. Тарих бойынша компьютерлік бағдарламалар құрастыру.

  4. Тарихи процестер алтернативасы проблемасына деген қызығушылықтың артуына байланысты әлеуметтік процестерді модельдеу.

4.Тарих сабақтарында тарихи мәліметтер мен құжаттарды пайдалану. 2 сағат.

Жоспар:

  1. Тарихты оқытудағы құжаттардың рөлі мен мәні.

  2. Тарихта оқытуда қолданылатын құжаттық материалдың негізгі түрлері.

  3. Оқушылардын тарихи қүжаттармен жұмыс істеу тәсілдері.

  4. Құжаттық материалдың жіктелуі. Актілік қүжаттар, баяндауышы- сипаттаушы қүжаттар, көркем сөз естеліктері.

  5. Тарихи құжаттар мен мәліметтерді зерттеу методикасы.

  6. Мәліметті конспектілеу. Тарихи мәліметтердің сипаты: авторы, жасалу уақыты, жанры, негізгі идеялары, тақырыптары мен көркемдік ерекшеліктерін анықтау.

5. Тарихты оқыту жұмыстарын ұйымдастыру формалары. 4 сағат.

Жоспар:



  1. Тарихи тақырыптың мазмұны, бөлімі, курс жүйесіндегі сабақтың орыны. Тарих бойынша сабақ түрін таңдауға шартты түрде өткізілетін сабақ түрлері мсн факторлар.

  2. Оқыту процесінде барлық сыньштарды камтитын, жан-жақты сабақты өткізу ерекшеліктері мен сабақ түрлері.

  3. Тарих сабағына мұғалімнің дайындалуы және сабақ жоспарлары.

  4. Сабақты бағалау критериясы.

  5. Тарихты сабақтан тыс оқытуды ұйымдастыру формалары-факультативтер, тарихи үйірмелер, тарихи олимпиядалар "КВН", конференциялар,пікір сайыстар. Жоғарғы сыныптардағы семинарлық жоне практикалық сабақтар.Оқу саяхаттары, кеңестері, сынақтар.


3-бөлім. Тарих сабағы, оны дайындау және өткізу.

1. Тарихты оқыту әдістері мен әдістемелік тәсілдер. 2 сағат.

Жоспар:

  1. Оқу әдістері туралы ұғым, тарихты оқыту әдістерінің жіктелісіне деген түрлі көзқарастар.

  2. Оқыту әдістерін таңдау критериясы. Оқытудың "әдісі"мен "тәсілдер" ұғымдарының қатынастылғы.

  3. Тарихты оқу процесіндегі әдістер мен тәсілдердің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық ролі.

  4. Ауызша материал ролі: әңгіме, конспективті, образды, сюжетті әңгімелеу, картиналық жөне аналитикалық сипатау, түсіндіру ,талдау.

2. Мектеп лекциясы. 2 сағат.

Жоспар:


  1. Мазмұндаманың /дәрістің/ иллюстрациялық түсіндірмелік және проблемалық сипаты.

  2. Тарихты оқытудағы әңгімелесу рөлі. Әңгіме түрлері және оған қойылатын талап.

  3. Тарихта анықтама мен көркемдік әдебиеттің рөлі мен оларды оқу процесінде қолдану мүмкіндігі.

  4. Материалды баяндауды мүғалімнің түрлі білім деректерін пайдалануы. Ауызша баяндау процесінде оқушылардың танымдық шығармашылығын ұйымдастыру.

3.Антикалық және ежелгі дүние тарихын оқытудың ерекшеліктері.2 сағат.

Жоспар:

  1. Ежелгі дүние тарихы курсының мазмүны. Оның хронологиялық шегі, кезеңдері, негізгі үғымдары мен жетекші идеялары. Курс құрылымы. Оқулықтың көрнекілік және деректік материалын пайдалану.

  2. Ішкі пәндік жөне пәнаралық байланыстар.

  3. Антикалық және ежелгі дүние тарихы курсының тақырыптары мен бөлімдерінің құрылымындағы жалпылау сабақтарының орны.

4. Орта ғасырлар тарихын оқыту ерекшеліктері.2 сағат.

Жоспар:


  1. Орта ғасырлар тарихын мектеп курсының мазмүны, хронологиялық шегі мен кезеңдері. Қоғамның даму заңдылықтарын ашуға қолайлы курстың негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары.

  2. Азия жөне Африка, Америка,Европа елдерінің ортағасырлық тарихындағы негізгі оқиғалар мен процестерге дәйекті сипаттама.

  3. Тарих сабақтарында және үй тапсырмасында орындауда оқулық материалдарын пайдалану тұрмыс, салт- дәстүр, дін, мәдениет, тарихи қайраткер түлғаларды зерттеуде қосымша материалдарға коңіл аудару.

5. Жаңа және қазіргі заман тарихын оқыту ерекшеліктері.2 сағат.

Жоспар:

  1. Жаңа және қазіргі заман тарихын мектеп курсының мазмұны, хронологиялық шегі мен кезеңдері. Қоғамның даму заңдылықтарын ашуға қолайлы курстың негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары.

  2. Азия жөне Африка, Америка,Европа елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихындағы негізгі оқиғалар мен процестерге дәйекті сипаттама.

  3. Жаңа және қазіргі заман тарихын мектепте оқыту ерекшеліктері.


4- бөлім. Қазақстан Республикасы тарихы оны оқыту әдістемесін қалыптастыру

1. Қазақстан тарихын оқыту барысында тарихи білімді қалыптастыру. 2 сағат.

Жоспар:


  1. Әдіскерлік құрылымдық талдау - мектептегі Қазақстан тарихы курсының мазмұны.

  2. Тарихи білім мен фактілер. Оның Қазақстан тарихын оқыту процесінде тарихи үғымды қалыптастыру. Окушылардын тарихи процесс үғымды үғынуын қалыптастыру.

2. Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі. 4 сағат.

Жоспар:


  1. Қазақстан тарихын оқытудағы әдістемелік тәсілдер және олардың оқу процесіндегі рөлі.

  2. Қазақстан тарихын оқытуда ауызша баяндау.

  3. Қазақстан тарихын оқытудың мөселелері. Қазақстан тарихы сабағындағы танымдық міндеттері ситуация (оқиға), қақтығыс , қарама- қайшылық турінде шешу.

  4. Қазақстан тарихын оқытуға мектептердегі лекциялар.

  5. Тарихи баспа мәтіндерімен жұмыс әдістемесі.

  6. Қазақстан тарихы пәні бойынша көрнекілік құралдарды топтастыру.

3. Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің қалыптасуы және оның қазіргі жағдайы.2 сағат.

Жоспар:

  1. Қазақстан мектептерінде 20-50 жылдары тарихты оқыту жайлары.

  2. 50 жылдардың соңы мен 60- жылдардыц басында Қазақ ҚСО тарихын оқытудың өдістемесі мен мектепте тарихи білім берудің дамуы.

  3. Қазақстан тарихын оқыту өдістемесінің ғылыми негізінде теориялық жөне әдістемелік зерттеулерді енгізуде әдіскер- тарихшылар қосқан үлесі.

  4. Қазақстан тарихы пәнінің жаңа бағдарламалары мен жаңа оқулықтары.

4. Қазақстан тарихын мектепте оқытудың қазіргі жүйесі.2 сағат.

Жоспар:

  1. Мектепте Қазақстан тарихы курсыныц ғылыми негізіндегі құрылымы, сипаттамасы.

  2. Қазақстан тарихы курсын оқытуды әр жыл бойынша бөліп оқыту: әр курсты оқытуға бөлетін уақыт.

  3. Қазақстан тарихы курсының негізгі ұғымдармен дүниетанымдық идеялары.

  4. Қазақстан тарихы курсының ұлтаралық қатынастар мәдениетін игерту, адамгершілік және гуманистік мораль нормаларының мүмкіндіктері. Өлкетану материалын зерттеуінде әдіскерлік жүйесі.

5. Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық оқытудың ерекшеліктері.2 сағат.

Жоспар:

  1. Пән және курс мақсаты. Негізгі оқу материалы. Негізгі проблематика. Қазақ мемлекетінің құрылу тарихы.

  2. Көшпепді дала цивилизациясының мәнін (маңызын) ашып көрсету.

  3. Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихының хронологиялық шегі (рамкасы).

  4. Сабақ жүргізудің интерактивтік түрі. Қосымша мөліметтер. Хрестоматиялар.

  5. Мұражайлар мен көрмелердің мүмкіндіктерін пайдалану.

6. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихын оқытудың ерекшеліктері.2 сағат.

  1. Негізгі идеялар мен түсініктер. Материал мазмұнын ашу әдістерінің ерекшеліктері.

  2. Курстың оқушыларды адамгершілікке тербиелеудегі ерекшеліктері. Мектепте 8-9 және 10-11 сыныптардағы Қазақстан тарихы курсының құрылымы мен білімдік тәрбиелік мәні, сипаттамасы, хронологиялық рамкасы, құрылымы және кезендерге болінуі.

  3. Қазақстан тарихын оқыту процесінде тарихи үғымдарды қалыптастыру.

7. Кино-фото құжаттарын, кезеңдік баспа материалдарын пайдалану.2 сағат.

Жоспар:

  1. Кино, бейне таспа, Баспадағы тарихи мәліметтермен жұмыс әдістері.

  2. Баспа мәтіндері Қазақстан тарихы бойынша білім (Қазақстан Республикасы құжаттары, тарихи қүжаттар, мектептегі тарихи хрестоматиялар коркем әдебиеті).

  3. Қазақстан тарихы бойынша көрнекі құралдарды классификациялау (топтастыру) пәндік көрнекілік, (бейнелеу) суретті көрнекілік, шартты-графикалық (схемалық) көрнекілік.

8. Қазіргі таңдағы Қазақстан тарихы сабағы.3 сағат.

Жоспар:

  1. Қазақстан тарихы сабағы- мектепте оқытуды ұйымдастырудың түрі.

  2. Қазақстан тарихы сабағына қойылатын талаптар.

  3. Ұғымдардың ара-қатынасы: сабақты ұйымдастыру жайы, сабақты ұйымдастыру ережесі, Қазақстан тарихы сабағына қойылатын талаптар. Қазақстан тарихын оқытудың дидиктикалық принциптері.

  4. Қазақстан тарихы сабағыиың типтері. Сабақ жоспарын құру әдістсрі.

  5. Қазақстан тарихын оқытудыц дәстүрлі емес түрлері.


Іс-тәжірибелер тақырыбы мен мазмұны
Іс-тәжірибе сабақтардың мақсаты:

Семинар студенттермен жұмыс істеудің дәстүрлі формасы, студенттердің кәсіби біліктілігі мен дағдыларын дамытып, дерек көздерін жеткілікті меңгеруге мұмкіндік туғызады. Ұсынылып отырған сабақтардың тақырыбы мен мазмұны білім стандартына сай , жоғарғы оқу орындарындағы ҚТП курсының жұмыс бағдарламасы сай келеді.

Бұл ұсыныстар проблемала\ық оқыту принциптерін жүзеге асыруға , ҚТН-ның турлі әдістерін қолдана отырып тарихи деректерге сараптама жасау қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Іс-тәжірибе сабақтардың міндеттері:


  • Пән бойынша лекцияларда алған білімдерін бекіту, тереңдету және кеңейту

  • Теориялық материалды тереңдетіп оқыту, пән бойынша алған білімдерді жүйелеу

  • Тұрлі тарихи деректерді саралай отырып жалпы теориялық білімді нақтылай тусу

  • Студенттердің тархи әдістермен , ғылыми мақалалармен өздігімен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру , көпшілік алдында сөйлеу, өз көзқарастарын қорғау, дағдылары қалыптасады

1 Іс-тәжірибе сабағы. 1 сағат



  1. Тарихты оқыту әдістемесінің жоспарлары мен бағдарламалары

Студенттердің жұмыс түрлері:

  1. Тарих пәндері бойынша білім беру стандартының мазмұнымен танысу, стандарт бойынша оқушылардың білім-білік дағдылары.

  2. Типтік оқу, оқу жұмыс бағдарламаларымен танысу, тәжірибеде қолдану.

2 Іс-тәжірибе сабағы. 1 сағат



  1. Тарихты оқытуда белсенді және инновациялық әдістерді қолдану

Студенттердің жұмыс түрлері:

  1. Тарих пәні бойынша сабақта ойын түрлерін қолдану әдістемесін көрсету/ іскер ойын,рөлді ойын, дебат, танымдық-шығармашылық ойындар т.б./

3 Іс-тәжірибе сабағы. 1 сағат



  1. жүктеу 1,14 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау