7. ПӘНДІ МЕҢГЕРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Теориялық білімді меңгеру бойынша методикалық нұсқау
Мемлекет және құқық теориясы мәселелері юридикалық ғылым және құқықтық пәндер жүйесінде ерекше орын алады. Оларға қарағанда, жалпытеориялық және әдістемелік функцияны орындай отырып, ол белгілі бағдарлық қызмет атқарады. Әдетте, оның мемлекеттік-құқықтық даму заңдылығы мен қарқынын ашатын сипаты мынадай, нақты юридикалық ғылым мен пән өкілдері «өздерінің» зерттейтін құбылыстарының жаңа жағын және қырын байқауда немесе оны түсіндіруде және талдауда жаңа көзқараспен қарау мүмкіндігі туындайды. Сонымен қоса нақты юридикалық ғылымдар өз зерттеу қызметінде мемлекет және құқық теориясының мемлекеттік-құқықтық аясын қамтитын, соның ішінде мысалы:- құқық пен заңның мазмұны мен бағыты бойынша ұқсас еместігін танытатын айырмашылығын ажырата білу қажеттілігі, құқықтық актілер сатысының сақталу маңыздылығы, соның ішінде конституция ең жоғары күшіне ие сияқты ұғымдық және түсініктемелік аппараттарды кеңінен қолданады. Сол сияқты мемлекет және құқық теориясында құзырет, заңдық мәртебе, құқықсубъектілік, азаматтылық, иммунитет, депортация, қылмыстылық және құқықбұзушылық, юридикалық техника, легислатура және т.б. ұғымдар қазіргі таңда заңтанудың жалпы құндылығы болып табылады. Осы ғылымның теориялық-әдістемелік тұғырымен және оның мазмұнымен таныстығымыздың арқасында студенттер юридикалық пәндердің «құпияларын» белсенді және табысты игеру мүмкіндігі бар.
Студенттерді юридикалық білімге қосу процесінде белгілі кезектілікті сақтау қажет: бастапқы құқықтық ұғымдар мен түсініктерді меңгеруіне үйретуді мақсатқа сай бастау керек, содан кейін күрделірек кешенді ұғымдар мен түсініктерге көшу, содан соң тұжырымдар мен ғылым саласындағы теорияларды зерттеуге кірісу қажет. Басқа да юридикалық (сонымен қоса, философиялық, әлеуметтік және т.б.) пәндерді паралельді және кезектілікпен зерттеу жоғарғыдағыдай тәртіппен жүруі тиіс.
Дәріс – оқытушының ауызша баяндауы, конспект түрінде материалды жеткізетін оқу нысаны. Дәріс арқылы мемлекет және құқық теориясы пәнінің негізгі мәселелерімен танысады.
Дәріс жазу барысында студенттер мемлекет, құқық, құқықтық мәртебе, азаматтық, заңды техника және т.б. терминдердің толық мағынасын құқықтық сөздіктерден табады. Дәріс барысында әр түрлі кестелер, схемалар қолданылады.
Мемлекет және құқық теориясын меңгеруді жеңілдету үшін студенттер мынадай терминдерді білген жөн.
ГЛОССАРИЙ
Абсолютизм
|
Абсолютизм
|
Absolutism
|
Автономия
|
Автономия
|
Autonomy
|
Администрация
|
Әкімшілік
|
Administration
|
Вето
|
Вето
|
Veto
|
Вина
|
Кінә
|
Quilt
|
Вменяемость
|
Есі дұрыстық
|
Responsibility
|
Вотум
|
Вотум
|
Vote
|
Власть
|
Билік
|
Power
|
Гипотеза
|
Болжам
|
Hypothesis
|
Глава государства
|
Мемлекет басшысы
|
Head of the government
|
Государство
|
Мемлекет
|
State
|
Государственный аппарат
|
Мемлекеттік аппарат
|
Machinery of government
|
Дееспособность
|
Әрекетке қабілеттілік
|
Capability
|
Декларация
|
Декларация
|
Declaration
|
Демократия
|
Демократия
|
Democracy
|
Диктатура
|
Диктатура
|
Dictatorship
|
Закон
|
Заң
|
Law
|
Законопроект
|
Заң жобасы
|
Bill
|
Импичмент
|
Импичмент
|
Impeachment
|
Иск
|
Талап
|
Suit
|
Источники права
|
Құқық бастаулары
|
Source Law
|
Кодекс
|
Кодекс
|
Code
|
Монархия
|
Монархия
|
Monarchy
|
Парламент
|
Парламент
|
Parliament
|
Право
|
Құқық
|
Law
|
Правоспособность
|
Құқыққа қабілеттілік
|
Passive capacity
|
Прецедент
|
Үлгі
|
Precedent
|
Республика
|
Республика
|
Republic
|
Суверенитет
|
Егемендік
|
Sovereignty
|
Территория
|
Территория
|
Territory
|
Федерация
|
Федерация
|
Federation
|
Юстиция
|
Әділет
|
Justinian
|
Практикалық және лабораториялық сабақтар үшін әдістемелік нұсқаулық
практикалық (семинар) сабақтары
Ұйымдастырушылық аспектіде қарастырылады:
- студенттердің семинарға дайындығы;
- студенттердің сабаққа қатысуы;
- студенттердің тәртібі.
Оқытушы семинар барысында семинар материалдары қаншалықты меңгерілгендігі және ұсынылған оқулықтар қолданылуына байланысты студенттін жауабы бағаланады. Оқытушы семинар соңында сабаққа жалпы баға береді, сонымен қатар студенттердің жауаптарынада баға береді.
№ 1 практикалық сабақ
Тақырып: Билік мемлекет мәнінің негізгі белгісі мен негізгі мазмұны ретінде
Мақсаты: Билік мәнінің маңыздылығын түсіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: |