Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2012 жылғы 14 маусымдағы
№ 232-ө-м бұйрығымен бекітілді
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай
тарифтік - біліктілік анықтамалығы (48-шығарылым)
Жалпы ережелер
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА) (48-шығарылым) «Тамақ өнімдері өндірісінің жалпы кәсіптері» бөлімінен тұрады.
Жұмыс разрядтары еңбек жағдайы ескерілмей (еңбектің күрделілік деңгейіне әсер етуші және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды арттырушы айрықша жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігі бойынша белгіленді.
Әр кәсіп бойынша тарифтік-біліктілік сипаттаманың екі бөлімі бар.
«Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың суреттемесін қамтиды.
«Білуге тиіс» бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшы материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған.
«Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ереже мен нормаларды, жеке қорғану құралларын пайдалану ережесін, орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды, брактың түрлері мен оның алдын алу және жоюдың тәсілдерін, өндірістік дабылдатқышты, жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.
Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік - біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, бііктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кәсіптегі разряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуі тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разряд кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары тарифтік-біліктілік сипаттамасында, әдетте келтірілмейді.
Тарифтік-біліктілік сипаттама жеті разрядтық тарифтік кестеге орай әзірленді.
Тарифтік-біліктілік сипаттамалар ерекше айтылған жағдайлардан басқа, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда, меншік және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.
Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтыру кезінде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерту кезінде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.
Қолданыста ыңғайлы болу үшін БТБА (48-шығарылым) жұмысшы кәсіптерінен, разрядтар аралығынан және беттердің нөмірленуінен тұратын алфавиттік көрсеткішті көздейді (1- қосымша).
2. Тамақ өнімдері өндірісінің жалпы кәсіптері
Гомогендеу аппаратшысы
1. Гомогендеу аппаратшысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жұмсағымен гомогенделген шырын алу мақсатында берілген режим бойынша гомогендегіштерде үгітілген жемісті және көкөністі бір компонентті өнімдерін гомогендеу процесін жүргізу. Гомогендегіштің жұмыс жағдайын тексеру, іске қосу және оның жұмысын қадағалау, оған өнімдердің біркелкі түсуін реттеу. Гомогенизатор жұмысының белгіленген технологиялық режимін сақтау.
Білуге тиіс: гомогенизатор жұмысының қолданылу принципі мен технологиялық режимі гомогендеу технологиясы қолданылатын жабдықты санитарлық өңдеу ережесі.
2. Гомогендеу аппаратшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Берілген технологиялық режим бойынша гомогенизаторларда сүтті, шырындарды, сондай-ақ үгітілген жемістерді, көкөніс және ет көп компонентті өнімдерін гомогендеу процесін жүргізу. Балалар және диеталық тағамға арналған гомогенделген өнімдер алу. Гомогенизатор жұмысының технологиямен белгіленген режимін сақтау және шикізаттың түріне байланысты оның жұмысын реттеу, ұсақ ақаулықтарды жою. Гомогенизатордағы қысымды реттеу. Тағамдарды гомогендеу дәрежесін тексеру үшін сынама алу. Гомогенделген тағамдарды салқындатуға беру және одан кейінгі операциялар. Тағамдарды гомогендеу процесінің журналын жүргізу.
Білуге тиіс: гомогенизатор құрылғысы, пайдалану ережесі және жұмысын реттеу, технологияға сәйкес гомогендеу ережесі, гомогендеу дәрежесін тексеру үшін сынама алу ережесі.
Түйіршектеу аппаратшысы
3. Түйіршектеу аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құрғақ ұнтақ түріндегі (оның ішінде тағам сығындысы) тағам өнімдерін автоматты түйіршектеу және технологиялық параметрлерді бақылау құралдарымен жарақталған кезеңдік жұмыс істейтін түйірлегіште түйіршіктеудің технологиялық процесін жүргізу. Түйірлегіште, желдеткіште, қыздырғышта, сүзгілерде қызмет көрсету. Қолданылатын жабдық пен автоматика құралдарының жай-күйін тексеру. Рецептураға сәйкес түйіршіктеуге арналған шикізатты мөлшерлеу. Гомогендеу, агломерациялау, кептіру, салқындату, хош иіс қосуды және тағы басқа кезектестіріп жүргізу. Автоматты бақылау және бақылау-өлшеу аспаптары құралдарының көрсеткіштері бойынша агломерациялық сұйықтық беру, даяр өнімнің шығуын, ауаның, температураның баруын және қысымын реттеу. Талап етілетін түйіршіктердің пайда болуы процесінің және барлық құрылғылардың жұмысының барысын қадағалау және бақылау. Технологиялық процесс нормаларынан ауытқу себептерінің алдын алу және жою. Түйіршіктелген қоспаны одан әрі өңдеуге жіберу. Талдау жүргізу үшін сынама алу, бақылау-өлшеу аспабы бойынша салыстырмалы ылғалдықты айқындау. Шикізат пен материалдардың шығын нормасын сақтау. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың, автоматика және бақылау-өлшеу аспаптары құралдарының жұмыс істеу принципі, коммуникациялар тәсімін, түйіршіктеудің технологиялық процесін және оны реттеу ережесін, түйіршіктеудің технологиялық процесі режимін, талдау жүргізу әдістемесін, даяр өнімге мемлекеттік стандарттарды.
Технологиялық цикл бойына үш реттен артық агломерациялық сұйықтықты мөлшерлеу режимін ауыстыру кезінде - 6-разряд.
Диффузия аппаратшысы
4. Диффузия аппаратшысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Диффузиялық аппараттардан еріткіш заттарды шығаруда олардың герметикалығын қамтамасыз ете отырып, қосымша жұмыстарды орындау. Су крандарын жабу. Сығынды науаларда қажетті сығынды деңгейін ұстап отыру. Сығынды араластырғыш жұмысын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіші бойынша реттеу. Сығынды сынамаларын алу.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықты орналастыру тәсімі, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін, сығынды сынамаларының кезектілігі мен ережесі.
5. Диффузия аппаратшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Диффузиялық аппараттарда ерігіш заттарды шығарудың технологиялық процесін жүргізу жөніндегі жекелеген операцияларды орындау, олардан қалдықтарды тиеу және түсіру. Шырындарды өлшегіштерден шығару. Диффузиялық аппараттарды іске қосу және тоқтату. Дезинфекциялайтын құралдарды пайдалана отырып қызмет көрсететін жабдықты тазалау және жуу.
Білуге тиіс: диффузияның технологиялық процесі негіздері, шикізат және даяр өнімнің қасиеттері, диффузиялық аппараттарға тиеу және түсіру тәртібі, дезинфекциялайтын құралдарды әзірлеу және пайдалану ережесі.
6. Диффузия аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Берілген технология бойынша диффузиялық аппараттарда еритін заттарды шығару процесін жүргізу. Диффузия тәсімін таңдау және диффузиялық аппараттарды белгілі режимге орнату. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша технологиялық режим параметрлерін немесе талдау нәтижелері бойынша реттеу. Диффузия процесінің аяқталу және заттарды толықтай шығару сәтін айқындау. Даяр өнімді одан кейінгі операцияларға тасымалдау. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысын тексеру, оның жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Техникалық құжаттаманы жүргізу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдық пен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы, коммуникациялардың орналасу тәсімін, шикізат қасиетін, диффузия процесі технологиялық процесінің параметрлерін, оны реттеу ережесі, даяр өнімнің сапасына қойылатын талаптар, оның есебін жүргізу тәртібі.
7. Диффузия аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Диффузиялық аппараттарда еритін заттарды шығару процесін жүргізу. Технологиялық режим параметрлерін реттеу. Қанттан жоңқасын толықтай шығаруды айқындау. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы, еритін заттарды шығарудың технологиялық процесі, оның технологиялық режимдерінің параметрлері және реттеу ережесі, даяр өнімнің сапасына қойылатын талаптар.
8. Диффузия аппаратшысы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Автоматталған қашықтықтан басқарылатын үздіксіз жұмыс істейтін диффузиялық аппараттардан ерігіш заттарды шығару процесін жүргізу. Сығынды нығыздау суы, шырын, бу қысымы параметрлері температурасының технологиялық режим параметрлерін реттеу. Жоңқаларды диффузиялық аппараттарға, шырынды жидіткішке, біркелкі тиеу, шырын тарту. Заттарды толықтай шығаруды айқындау. Жабдыққа қызмет көрсету, оның жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.
Білуге тиіс: технологиялық процесті басқарудың автоматталған жүйесімен жабдықтың құрылымдық ерекшеліктері, коммуникациялардың орналасу тәсімі, технологиялық режим параметрлері мен оны реттеу ережесі, диффузиялық шырынның сапасына қойылатын талаптар.
9. Диффузия аппаратшысы 7-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Реттеудің автоматты жүйесімен үздіксіз жұмыс істейтін диффузиялық аппараттарда ерігіш заттарды шығарудың технологиялық процесін жүргізу. Микропроцессор панелінің технологиялық регламентіне сәйкес диффузиялау, температуралық режимінің, параметрлік су, бу және формалин беру процесінің технологиялық параметрлерін іске қосу, тексеру және ұстап отыру. Түсетін шикізаттың сапасына байланысты диффузия процесінің технологиялық параметрлерін реттеу. Автоматты бақылау жүйесін қадағалау, судың, жоңқалардың, шырынның, температураның шығынын тіркеу. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.
Білуге тиіс: ерігіш заттардың технологиялық процесі мен шығару режимдері, диффузия процесінің физикалық және сапалық параметрлеріне әсер ететін факторлар, автоматты реттеу жүйесімен жабдықтың құрылғысы және пайдалану ережесі, түзетуші командаларды және микропроцессорлы панель ақпаратын енгізу ережесі, бақылап қадағалау жүйесі және құрылғысынан ықтимал хабарлардың тізімі, диффузиялық аппараттардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері.
Орта кәсіби білім қажет.
Тағамдық шикізат және тағамдарды мұздату аппаратшысы
10. Тағамдық шикізат және тағамдарды мұздату аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тағамдық және арнайы шикізат пен тағамдарды механизацияланған және автоматтандырылған тез мұздататын аппараттарда немесе тоңазытқыштың мұздату камерасында мұздату процесін жүргізу. Тез мұздататын аппараттарының жұмысын қадағалау, механизмдерді басқару, іске қосу және тоқтату. Олардың қызметін синхрондау мақсатында қызмет көрсетілетін жабдықтың берілген режимін қамтамасыз ету, жекелеген тораптардың жұмыс циклының ұзақтығын реттеу. Глазирлеу аппаратындағы температураны және су деңгейін бақылау. Мұздатудың температуралық режимін бақылау-өлшеу аспаптары бойынша реттеу. Шикізаттың түріне қарай мұздату және сақтау уақытын бақылау. Тез мұздататын аппараттардың өнімділігін төмендететін себептерді уақытылы анықтау және шығарылатын өнімнің сапасы. Қызмет көрсетілетін жабдыққа профилактикалық жөндеу жүргізу, ұсақ ақаулықтарды жою. Мұздатылған шикізат пен тағамдардың брикеттерін тиеумен, түсірумен және сұрыптаумен айналысатын жұмысшылардың жұмысын басқару. Есеп журналын жүргізу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысы және пайдалану ережесі, дабыл қағу жүйесі, кинематика, гидравлика тәсімдері, шикізат пен тағамдарды мұздату, глазирлеудің технологиялық режимдері, Түрлі шикізат пен тағамдарға арналған тиеу нормалары, даяр өнімнің сапасына қойылатын талаптар, мұздатылған шикізат пен тағамдарды жинау, консервациялау, орау, сақтау ережелері, шикізатты тапсыру және қабылдау тәртібі, мұздатқанда және сақтағанда бір тонна шикізаттан табиғи шығынның шығу нормативі, есеп журналын жүргізу ережесі.
Достарыңызбен бөлісу: |