Тарифтік біліктілік анықтамалығы (48-шығарылым)



жүктеу 1,51 Mb.
бет3/8
Дата25.11.2017
өлшемі1,51 Mb.
#1520
1   2   3   4   5   6   7   8
Жұмыс үлгілері.

1) Көкөніс, жемістерді;

2) Ет және ет өнімдерін;

3) Сүт өнімдерін;

4) Орган дәрі-дәрмектер шикізатын;

5) Меланж, жұмыртқаның ақуызын;

6) Балық және балық өнімдерін кептіру.

Көкөніс және жемістерді сульфитациялау аппаратшысы
24. Көкөніс және жемістерді сульфитациялау аппаратшысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шәрбат, шырын, су және басқа да жартылай фабрикаттарды күкірт газымен немесе күкірт қышқылымен өңдеу (тазалау) процесін жүргізу. Үздіксіз істейтін қазандықтардағы суды хлорлау. Пештердегі күкірттің жану қарқынына байланысты сульфитациялау қазандығына күкірт газының түсуін реттеу. Пештердегі күкіртті тұтату процесін жүргізу. Пештерді қождан тазарту және тазалағаннан кейін күкіртті тұтату.

Білуге тиіс: шырынды, шәрбатті, суды және басқа жартылай фабрикаттарды өңдеудің технологиялық тәсімі, сульфитациялау қызметі және тәсілдері, шырынды, шәрбатті, суды және басқа жартылай фабрикаттарды өңдеу (тазалау) процесінің физикалық-химиялық негіздері, қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілдері.

25. Көкөніс және жемістерді сульфитациялау аппаратшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көкөністерді, жемістерді және басқа да тағамдық өнімдерді кезеңімен істейтін жабдықта сульфитациялау процесін жүргізу. Натрий бисульфиттері немесе күкірт ангидриді ерітінділерін әзірлеу. Натрий бисульфиттері немесе күкірт ангидридінің және сульфиттелетін өнімнің сульфитаторға түсуін реттеу. Өнімді күкіртті ангидридпен қанықтыру процесін реттеу. Ыдыстарды сульфиттелетін өніммен толтыру.

Білуге тиіс: кезеңімен істейтін қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы, көкөніс пен жемісті сульфитациялаудың технологиялық процесі, натрий бисульфиттері немесе күкірт ангидриді ерітінділерін әзірлеу және пайдалану ережесі.

26. Көкөніс және жемістерді сульфитациялау аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көкөністерді, жемістерді және басқа да тағамдық өнімдерді үздіксіз істейтін жабдықта оларды күкіртті ангидридпен өңдеу арқылы сульфитациялау процесін жүргізу. Сульфитаторға шикізаттың түсуін және оны салқындатуды, түсуін және күкіртті ангидрид өнімдерін қанықтыру процесін бақылау және қадағалау. Ыдыстарды сульфиттелген өніммен толтыру. Үздіксіз автоматты түрде істейтін сульфитатордың жұмысын реттеу. Сұйылтылған газбен баллондарды толтыру. Ерітінділердегі газдың құрамын қарапайым талдауды жүргізу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша өнімдерді өңдеу дәрежесін бақылау.

Білуге тиіс: үздіксіз жұмыс істейтін жабдықтың құрылымы және пайдалану ережесі, түрлі шикізат және жартылай фабрикаттарға арналған күкіртті ангидрид мөлшерінің нормасы, ерітінді әзірлеу және сұйылтылған газды баллондарды ұстаудың ережесі, газдан қорғағышты пайдалану ережесі.

Азық-түлікті буландыру және қоюлату аппаратшысы
27. Азық-түлікті буландыру және қоюлату аппаратшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарылау білікті азық-түлікті буландыру және қоюлату аппаратшысының басшылығымен 1000 кг/сағ-қа дейін ылғалды булайтын көп корпусты булау вакуум аппараттарында сұйық, пюре тәрізді азық-түлік өнімдерін (жартылай фабрикаттардың) қоюлатудың (булаудың) технологиялық процесін жүргізу. Сүзгілеу құрылғыларында жартылай фабрикаттарды қоспалардан алдын ала тазалау, сүзгілеу. Вакуум-булау аппараттарындағы сүзгілеу құрылғылары арқылы берілген температурадағы және концентрациядағы бастапқы буланатын азық-түліктерді біркелкі беру. Қызмет көрсетілетін аппараттардағы азық-түліктің деңгейін қадағалау. Буланған өнімді кейінгі операцияларға жіберу. Жабдықты профилактикалық жөндеуге дайындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдық пен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы және жұмыс істеу принципін, су, бу және азық-түлік коммуникацияларының орналасу тәсімін, булау вакуум аппараттарына буланатын азық-түліктерді беру ережесі, азық-түлікті кейінгі операцияларға жіберу ережесі, ақуыз өнімдерінің физикалық-химиялық қасиеттері, даяр өнімге мемлекеттік стандарттар.

28. Азық-түлікті буландыру және қоюлату аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарылау білікті азық-түлікті буландыру және қоюлату аппаратшысының басшылығымен 1000-нан 2000 кг/сағ-тан жоғары ылғалды булайтын көп корпусты булау вакуум аппараттарында немесе үздіксіз істейтін булау аппараттарында сұйық, пюре тәрізді азық-түлік өнімдерін (жартылай фабрикаттардың) қоюлатудың (булаудың) технологиялық процесін жүргізу. Сүзгілеу құрылғыларындағы қоспалардан жартылай фабрикаттарды алдын ала тазарту, сүзгілеу. Вакуум булау аппараттарына сүзгілеу құрылғылары арқылы берілген температура және концентрациядағы бастапқы буланатын өнімдерді біркелкі беру. Қызмет көрсетілетін аппараттардағы өнімдердің деңгейін қадағалау. Буланған өнімдерді кейінгі операцияларға жіберу. Жабдықты профилактикалық жөндеуге дайындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдық пен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы және жұмыс істеу принципі, бу, су және өнім коммуникацияларының орналасу тәсімі, булау вакуум аппараттарына буланатын өнімдерді беру ережесі, ақуыз өнімдерінің физикалық-химиялық қасиеттері, даяр өнімге мемлекеттік стандарттар.


29. Азық-түлікті буландыру және қоюлату аппаратшысы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Технологияға сәйкес 1000-нан 2000 кг/сағ-тан жоғары ылғалды булайтын көп корпусты булау вакуум аппараттарында немесе үздіксіз істейтін булау аппараттарында сұйық, пюре тәрізді азық-түлік өнімдерін (жартылай фабрикаттардың) қоюлатудың (булаудың) технологиялық процесін жүргізу. Сүзгілеу құрылғыларындағы қоспалардан азық-түлікті тазарту. Қызмет көрсетілетін аппараттарға өнімдерді тиеу, оны беруді реттеу, берілген температураға дейін бумен жылыту. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша буланатын өнімдердің температурасын, қысымын, бәсеңдету, концентрациясын, олардың деңгейін булаудың технологиялық процесінің берілген параметрлерін ұстау, бақылау және реттеу, бекіткіш арматураның немесе автоматика құралдарының көмегімен технологиялық параметрлерді қолмен реттеу. Өндірісті және талдау жүргізуді бақылауға арналған өнімдерден сынама алу. Даяр өнімнің шығу нормаларын сақтау. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы технологиялық режимнен ауытқу, ақаулық себептерінің алдын алу және жою. Өнімнің даярлығын айқындау. Технологиялық журналға белгіленген есепті және жазбаларды жүргізу. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қабылдау және жөндеуге дайындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдық пен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы және пайдалану ережесі, бу, су және өнім коммуникацияларының орналасу тәсімі, өнімдерді қоюлату (булау) технологиясы, технологиялық процесс параметрлерін реттеу ережесі мен тәсілдері, сынама алу ережесі және талдау жүргізу әдістері, азық-түліктердің физикалық-химиялық қасиеті, даяр өнімге мемлекеттік стандарттар, жабдықты жөндеуге қабылдау және оны күту ережесі, шикізат пен даяр өнім шығыны нормалары мен есепке алуды жүргізу ережесі.

Жұмыс үлгілері.

1) Желім және желатин сорпалар;

2) Сүт, сарысу;

3) Шырындар;

4) Спирттен кейінгі және ашытқыдан кейінгі барда, мелисса.

Сірінділеуші-аппаратшы


30. Сірінділеуші-аппаратшы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ білікті сірінділеуші - аппаратшының басшылығымен шылау станциясының күбілерінде шикізатты шылау процесін жүргізу. Шикізатты күбілерге тиеу. Күкірт қышқылын беру. Шылау станциясы бойынша су жіберу. Сірінді алу. Шыланған дәнді өңдеуге беруді, шылау суын қыздыруға бу жіберуді реттеу. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жоюға қатысу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша шылаудың технологиялық режимін қадағалау.

Білуге тиіс: шикізатты шылаудың технологиялық режимін және шылау станцияларының құрылымы, шыланатын шикізаттың сапасына қойылатын талаптар, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі, шыланатын шикізаттың сапасын бақылау.

31. Сірінділеуші-аппаратшы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарылау білікті сірінділеуші аппаратшының басшылығымен шәйдің, кофенің, эфир майы шикізатынан және жандандыратын көмірден майды сірінділеу, абсолют («абсолю») майын алу процесін жүргізу. Сірінді тиеу және түсіру, еріткіш құю және төгу, шротты шнектерге жіберу, өңделген шикізатты, көмірді және тағы басқа түсіру. Қызмет көрсетілетін жабдықты іске қосу және тоқтату. Түсетін еріткіштердің сапасын қадағалау. Сірінділенген шикізат пен мисцелланы қалыпты қысымда және вакууммен еріткіштен айдау. Сіріндіні ерігіш кофе ұнтағымен салу, араластыру. Сіріндіні центрифугалау, салқындату және айдау. Суды жұмсартатын сүзгінің жұмысын реттеу. Сіріндінің тығыздығын рефрактометрде айқындау.

Білуге тиіс: шәйді, ерігіш кофені, эфир майларын сірінділеудің, еріткіштерді айдаудың, «абсолю» майын алудың технологиясы және режимдері, экстракциялық батареялар, булайтын вакуум аппараттардың, қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен коммуникациялардың құрылымы және пайдалану ережесі, өңделетін өнім мен еріткіштің қасиеті.

32. Сірінділеуші-аппаратшы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бір үлгілік сірінділеу аппараттарында эфир майы шикізатынан, жандандыратын көмірден жасалған майларды сірінділеу процесін, шылау станцияларындағы күбілерде жүгері дәнін шылау процесін жүргізу. Шикізатты аппараттарға және күбілерге тиеу. Сынама алу және химиялық талдау жүргізу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және химиялық талдау нәтижелері бойынша сірінділеу және шылаудың технологиялық режимін реттеу. Шыланған дәнді кейінгі операцияларға тасымалдау. Еріткіштерді айдау және вакууммен айдау процесін қадағалау. Конкреттерден жасалған абсолютті май алу процесін жүргізу: конкреттерді еріткіште еріту, спирт ерітіндісін қыздыру және салқындату температурасын қадағалау, балауызды еріту, балауыздан майдың толық бөлінуін, салқындатылған ерітіндіні вакуум сүзгіде сүзгілеу және тағы басқа. Негізгі және қосымша жабдықтың жұмысын қадағалау, олардың жұмысындағы ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: эфир майларын сірінділеудің, еріткіштерді айдаудың, «абсолю» майын алудың технологиясы және режимдері, жүгері дәнін шылау, шикізаттың қасиеті, қызмет көрсетілетін жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптары мен коммуникацияларының құрылымы және пайдалану ережесі, даяр өнімнің, жартылай фабрикаттардың, шикізаттың түр-түрі, химиялық талдау жүргізу тәртібі.

33. Сірінділеуші-аппаратшы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Майлы, эфир майлы шикізаттан және жандандырылған көмірден түрлі жүйелі үздіксіз және кезеңімен істейтін аппараттарда мал майын және эфир майын алу жөніндегі сірінділеудің жекелеген процестерін жүргізу. Сірінділеу аппараттарында шәй және кофені сірінділеу процесін жүргізу. Негізгі және қосалқы технологиялық жабдыққа қызмет көрсету. Сірінділеу процесінің аяқталғанын айқындау. Сірінділеудің технологиялық режимдері параметрлерін реттеу. Шығын өлшегіштің жұмысын бақылау.

Білуге тиіс: конкреттерден майлы және эфир майлы шикізатты сірінділеудің, абсолютті майларды алудың технологиялық процесі, қызмет көрсетілетін жабдықтар мен коммуникациялардың орналасу тәсімі, қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы жұмысын реттеу әдістері, оның жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілдері, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдаланылуы, даяр өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар.

34. Сірінділеуші-аппаратшы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі еріткіштер арқылы үздіксіз және кезеңімен істейтін түрлі жүйедегі аппараттарда сірінділеу әдісімен майлы және эфир майын алу процесін жүргізу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері, зертханалық талдаулар мен органолептикалық нәтижелер бойынша қызмет көрсетілетін жабдықтың және технологиялық режимдер жұмысын бақылау. Сірінділеу және дайындау бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру.

Білуге тиіс: май шикізаттың әр түрінен жасалған май экстракцияның технолгиялық процесі және режимдері және оны реттеу ережесі, сірінділенетін материалдың физикалық-химиялық және технологиялық қасиеті, сірінділеу цехының негізгі және қосалқы жабдығының құрылысы және пайдалану ережесі, автоматтау құралы, коммуникациялар тәсімі, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен қолданыс принципі, еріткіштерді регенерациялау тәсілдері, өнімнің сапасын бақылау тәсілдері, шикізатқа және даяр өнімге мемлекеттік стандарттар.

Орта кәсіби білім қажет.

Азық булаушы


35. Азық булаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі үлгідегі жидіткіштерде, пісіргіштерде немесе бартометрлі қауғаларда үгітуден алдын оның тканьдерін жұмсартуға арналған шикізатты пісіру процесін жүргізу. Шикізат пен даяр өнімді тиеу және түсіру. Будың қысымын реттеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша пісіру процесін қадағалау.

Білуге тиіс: шикізат пісіру ережесі, қызмет көрсетілетін жабдықтың қолданылу принципі, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі.

36. Азық булаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бу немесе электрмен қыздыру қысымындағы аппараттарда, ашық қазандықтарда картопты, көкөністі, балық өнімдерін, жемістерді, жидектерді және басқа да азық-түлік және жартылай фабрикаттарды кейіннен салқындата отырып ыстық сумен немесе бумен өңдеу – азықты булау процесін жүргізу. Шикізатты жұмыс орнына алып келу. Бумен булағышты, қазандықты сумен немесе тұздықпен толтыру. Өнімді тиеу және түсіру. Әлсін-әлсін араластыру. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша бу және ыстық су беруді реттеу. Азық булау процесінің аяқталуын органолептикалық айқындау. Өнімдерді одан кейінгі өңдеуге жіберу. Шикізатты жібіту.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысы, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі, азықты булаудың технологиялық режимі, даяр өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

37. Азық булаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бумен булау, қысымды автоклавтарда картопты, көкөністі, балық өнімдерін, жемістерді, жидектерді және басқа да азық-түлік және жартылай фабрикаттарды булау процесін жүргізу. Қысым аппараттарында шикізатты пісіру процесін жүргізу. Шикізатты өңдеуге дайындау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша технологиялық режим параметрлерін бақылау. Азықты булау параметрлерін журналға тіркеу. Шикізаттың органолептикалық дайындығын айқындау. Буланған өнімдерді шаю және оларды салқындату.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы, өнімнің түріне және көлеміне байланысты булаудың технологиялық режимдері, булау процесін реттеу тәсілдері, даяр өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

Тығындаушы бондарь
38. Тығындаушы бондарь 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бөшкелер мен барабандарға құйылған немесе қаланған өнімнің сақталуын қамтамасыз ететін механизмдердің көмегімен немесе қолмен балық өнімдерінен басқа, өнім толтырылған құйылатын және құрғақтай салынатын бөшкелер мен барабандарды тығындау, тығынын алу. Обручтарды нығыздағыштармен немесе қолмен ашу және отырғызу. Түптерін, қақпақтарын, шпунттарын және тығындарын ашу. Ластанған, бөгде иісті, толық емес және ақаулы клепкалармен және түптерімен бөшкелерді тексеру, ақауын шығару. Іріктелген бөшкелерді жөндеуге жіберу. Бөшкелерді штабельдерге домалату және орнату.

Білуге тиіс: бөшкелерді тығындау және тығынын ашу, шпунттарды ашу, обручтарды қиыстыру және клепкалар мен түпкі қалқандардың тығыздығын қамтамасыз ету ережесі, бөшкелердің ақаулықтарын анықтау және жою, қолданылатын механизмдердің құрылысы.

39. Тығындаушы бондарь 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Балық өнімдері қолмен немесе механизмнің көмегімен толтырылған құйылатын бөшкелерді бөшкелерге балық өнімдерінің қалануын сақтай отырып тығындау, тығынын ашу. Жарамсыз бөшке ыдысын жөндеу.

Білуге тиіс: бөшкенің сапасына қойылатын талаптар, бөшкенің жарамсыздығын анықтау және жою тәсілдері, қолданылатын механизмдердің құрылысы, бөшкелік ыдыстарға мемлекеттік стандарттар.

Үйме жасаушы
40. Үйме жасаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарылау білікті үйме жасаушының басшылығымен түрлі шикізат қабылдауға алаңды дайындау, оларды үймелерге, адырларға (қағаттарға) қалау және оны сақтау кезінде күту. Алаңды тазалау және тегістеу, сорғытатын арықтар қазу, дұрыс қалпын сақтай отырып еңістерді түзету. Шикізат топырағын іріктеу және талап етілетін үйме қалыбын қамтамасыз ету. Үймелерді маттармен, сабанмен, топырақпен және басқа материалдармен жабуға арналған материалдарды тасымалдау, үймелерді ашу. Маттарды сұрыптау және кептіру, шикізат пен алаңшаларды үймеге зарарсыздандыру. Үймелердегі шикізаттың залалдану ошағын жою. Зертханаға арналған қорытынды торлар мен термометрлерді қалау және алу. Шикізатты біркелкі өңдеуге жіберу. Үйме паспортын толтыру.

Білуге тиіс: метеорологиялық жағдайларға байланысты үймелерге, адырларға (қағаттарға) арналған алаңдарды дайындау, үймелерді жабу және ашу ережелері, маттарды кептіру және сақтау жағдайлары, термометрлер мен үймелі торларды орнату, алу ережесі, үймелердегі температуралық режимді ұстау тәсілдері, қызылшаны әктеу тәртібі және оны өңдеуге жіберу ережесі.

41. Үйме жасаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Алаңды түрлі шикізат қабылдауға дайындау, оны үймелерге, адырларға қалау. Тұз бен шикізатты үймелерге, адырларға жіберуді реттеу. Тұзды ластайтын бөгде заттарды жою. Транспортерлермен, үйме жасағыштармен және басқа машиналармен берілетін шикізат пен тұзды үймелерге қалау. Жоғары қабатын тығыздау және тегістеу және үймелер және адырларды тегістеу. Алаңды және алаңдағы имараттарды қабылдауға дайындауды, түсетін шикізаттың сапасын бақылау және белгіленген қабылдау және сақтау ережесіне сәйкес санаттары, қоймалары және мөлшерлері бойынша оны бөлу. Талдауға шикізат сынамасын алудың дұрыстығын тексеру. Үймелерде, адырларда сақтау процесінің шикізат пен тұздың жай-күйін қадағалау және оларды күту жөніндегі жұмыс кешенін жүргізу. Маттарды қабылдау және тапсыру. Үймелерден, адырлардан өңдеуге түсетін шикізатты есептеуді жүргізу. транспортерлерді, үйме жасағыштар мен басқа машиналарды қозғалтуға және жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: транспортерлердің, үйме жасағыш машиналардың, желдеткіш құрылғылардың және басқа машиналардың құрылғысы, оларды іске қосу ережесі, бассейн тұзының химиялық қасиеті және физикалық-механикалық қасиеті және үймелерге, адырларға қалауда оның ылғалдығының шекті деңгейі, сусымалы материалдардың табиғи еңістерінің қасиеті және бұрыштары, үймелердегі, адырлардағы тұз бен шикізаттың жоғары қабатын тығыздау ережесі мен тәсілдері, үймелерді, адырларды орналастыруға арналған алаңшаларды жоспарлау, геометриялық қалыптарды таңдау және олардың мөлшерін айқындау ережесі, үймелерде, адырларда тұз бен шикізатты ұстау және сақтау мерзімдері, шикізаттың, тұздың ластану пайызын айқындау әдістері және оларды бөгде қоспалардан тазарту тәсілдері, шикізаттың технологиялық сапасы, транспортерлердің, үйме жасағыш машиналардың және басқа машиналардың жұмысындағы ақаулықтардың туындау себептері, биохимия және шикізат сақтау негіздері мен технологиясы.

Шикізат және жартылай фабрикаттарды біліктеуші
42. Шикізат және жартылай фабрикаттарды біліктеуші 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген қалыңдыққа дейін берілген технологияға сәйкес пластылар немесе батондарға қамырды, кәмпит массасын қолмен илеу. Жайылған қамырды порцияларға пышақпен кесу.

Білуге тиіс: қамырдың түрлерін, қамыр мен массаның тығыздығын, қалыңдығын және жаю жолдары.

43. Шикізат және жартылай фабрикаттарды біліктеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі құрылымдағы жаншу машинасында массаны, қамырды, созылған сұрыптарынан басқа, немесе жартылай фабрикаттарды жаншу (жаю) процесін жүргізу. Қолмен немесе тасымалдаушы құрылғы арқылы үгітілетін массаны жаншу машинасына жіберу. Органолептикалық түрде шикізат пен жартылай фабрикаттарды жаншудың дайындығы мен сапасын айқындау. Жаншылған массаны немесе қамырды кейінгі өңдеуге тасымалдау. Массаны жіберуді, білікшелердің арасындағы саңылаудың көлемін реттеу.

Білуге тиіс: жаншуға арналған массаның қасиеті, массаны жаю сапасына қойылатын талаптар, біліктеу машиналарының құрылымы, жаншылатын қамырдың, жартылай фабрикаттардың қалыңдығын реттеу ережесі, қамыр мен жартылай фабрикаттардың сапсын айқындаудың органолептикалық тәсілдері мен әдістері.

44. Шикізат және жартылай фабрикаттарды біліктеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі құрылымдағы 4-ке дейін білікшесі бар біліктеу машиналарында қамырдың созылмалы сұрыптарының біркелкі массасын, майлы тұқымдардың жапырақшаларын, шоколадты және ірімшікті масса, жарма және тағы басқа алу үшін жаншу процесін жүргізу. Біліктеу машиналарына шикізат беру. Біліктің ені бойынша шикізатты бөлу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша мен органолептикалық түрде алынатын өнімнің сапасын қадағалау. Біліктеу немесе ұнтақтау машиналары мен жабдықтарына қызмет көрсету.

Білуге тиіс: біліктеуге арналған шикізатқа қойылатын талаптар, біліктеудің технологиялық режимдері, білікшелердің арасындағы саңылауларды орнату тәсілдері, даяр өнімге техникалық талаптар, біліктеу машиналарын пайдалану ережесі.

Қамырдың созылмалы сұрыптарын, шоколад және ірімшік массасын, галеттерді, крекерді, жармаларды өңдеуде май және кондитер өндірісіндегі бес және одан да көп білікшелі біліктеу машиналарына қызмет көрсетуде- 4-разряд.

Қайнатушы


45. Қайнатушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қайнату алдында, күбілерде, отпен, бумен қыздырылатын қазандықтарда, газ, электр және басқа пештерде шикізатты, азық-түліктерді, сірінділерді қайнату, азырақ пісіру процесін жүргізу. Сіріндіні концентраторда қайнату. Шикізатты дайындау және тиеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша қайнату режимін реттеу. Қайнатылған массаны түсіру (төгу). Шикізатты қабылдау, өлшеу, есептеу. Түрлі компоненттерді араластыру. Механизмдер арқылы немесе қолмен қайнатылған массаны араластыру. Көзбен немесе ареометрмен (салыстырмалы салмақ, тығыздық) қайнатудың қорытындысын айқындау. Қайнатуға дейін және дейін сүзгілеу, сақтау жинақтарына тасымалдау немесе қайнатылған массаны тиеу.

Білуге тиіс: шикізаттың, сірінділердің түрлерін қайнатудың негізгі қасиеті, тәсілдері мен технологиялық режимдері, қайнатудың салыстырмалы салмағын (тығыздығын) айқындау тәсілдері, қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысы және жұмысын реттеу ережесі, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі.



жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау