Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2012 жылғы «10» сәуірдегі
№ 127-ө-м бұйрығымен бекітілді
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай
тарифтік - біліктілік анықтамалығы (35-шығарылым)
Жалпы ережелер
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА) (35-шығарылым) «Төлкелі ағаштың қабығынан жасалған бұйымдар» бөлімінен тұрады.
Жұмыс разрядтары еңбек жағдайы ескерілмей (еңбектің күрделілік деңгейіне әсер етуші және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды арттырушы айрықша жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігіне бойынша белгіленді.
Әр кәсіп бойынша тарифтік-біліктілік сипаттаманың екі бөлімі бар.
«Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың суреттемесін қамтиды.
«Білуге тиіс» бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшы материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған.
Тарифтік-біліктілік сипаттамасында жұмысшы кәсібінің осы разрядына анағұрлым тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиісті жұмыстардың барлығын қамти алмайды. Жұмыс беруші қажетті жағдайда, жұмыс ерекшелігін ескере отырып, тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлейді.
«Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстармен қатар, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісінше ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға тиіс.
«Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ереже мен нормаларды, жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін, орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды, жарамсыздықтың түрлері мен оның алдын алу және жоюдың тәсілдерін, өндірістік дабылдатқышты, жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.
Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кәсіптегі разряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс.
Осыған байланысты, анағұрлым төмен разряд кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары тарифтік-біліктілік сипаттамасында, әдетте келтірілмейді.
Тарифтік-біліктілік сипаттамалар ерекше айтылған жағдайлардан басқа, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда, меншік және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.
Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разряды өзгерген кезде, оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.
Қолданудың ыңғайлылығы мақсатында БТБА (5-шығарылым) жұмысшылардың кәсіптерінен, разрядтарының диапазоны мен беттерінің нөмірлерінен тұратын осы БТБА-ға 1-қосымшаға сәйкес алфавиттік көрсеткішті көздейді.
2. Төлкелі ағаштың қабығынан жасалған бұйымдар
Өзекшені әзірлеуші
1. Өзекшені әзірлеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы: Жұмыс нұсқаулығына сәйкес біліктілігі жоғары өзекшені әзірлеушінің басшылығымен өзекшелерді толассыз престеу станоктарында өзекшелерді престеу технологиялы процесіне кіріспе. Станоктардың жұмыс істеу режимін бақылау, бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен өзекшелердің жентектеу процесінің температуралы режимін бақылау және реттеу. Престер шаблон бойынша өзекшелерді кесу. Құралдар мен шнектарды тазарту.
Білуге тиіс: өзекшелерді престеу технологиялы процесін, өзекшелерді толассыз престеу станоктарының жұмыс мақсаты және құрылымы, бақылау-өлшеу құралдарымен пайдалану ережелері, шикізаттың, қоспалардың және өзекшелердің дайын пресінің физико - химиялы және технологиялы құрылмы, илеуіштерге қойылатын талаптар, престеудің технологиялы режимі және оны реттеудің ережелері.
2. Өзекшелерді әзірлеуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы: Толассыз престеу станоктарында өзекшелерді престеу технологиялы процесін жүргізу. Төлкелі жармадан, желімнен, уротропин және басқада пластификаторлардан араластырғыштарда рецептураға, техникалы талаптарға және жұмыс нұсқаулығына сәйкес қоспаларды дайындау. Илемнің мөлшеріне байланысты қоспалардың көмпонентін есептеу. Компонеттерді өлшеу, мөлшерлеу. Желім ертіндісін және уротропин ертіндісін әзірлеу. Илемдерді бункерге жіберу. Араластырғыштардың жылу температуралы режимін реттеу. Өзекшелерді толассыз престеу станоктарында өзекшелерді престеу процесін бақылау. Бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен араластырғышқа салмай тұрып жарманың ылғалдығын анықтау. Біліктілігі төмен әзірлеушілердің жұмысын басқару.
Білуге тиіс: илемдерді әзірлеу рецептурасы мен технологиясын, қолданылып жатқан химикаттардың физико - химиялы құрамы, дайын қоспаларға қойылатын талаптар, қолданылып жатқан жабдықтардың, бақылау-өлшеу құрылғыларының және тасымалдау механизмдерінің құрылымы.
Төлкелі бұйымдарды өңдеуші
3. Төлкелі бұйымдарды өңдеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы: Жөнделген станоктарда төлкеден жасалған әртүрлі арнайы әзірлемелердің үстерін механикалы өндеу (кесу, фрезерлеу, тегістеу). Жөнделген фрезерлі станоктардың кондукторында төлкелі құтқаратын шеңберлерді өңдеу. Сызба бойынша өлшемдерді бақылау.
Білуге тиіс: төлкелі ағаштың қабығнан жасалатын әзірлемеге қойылатын техникалы талаптар және техникалы нұсқаулықтары, қызмет көрсетіліп жатқан станоктардың жұмыс мақсаты.
4. Төлкелі бұйымдарды өңдеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы: Төлкеден жасалған әртүрлі арнайы әзірлемелердің үстеріне механикалы өндеу. Станокты белгіленген өлшемге икемдеу және қайта икемдеу.
Білуге тиіс: төлкелі ағаштың қабығынан жасалған бұйымға Мемлекеттік стандарттарға сәйкес дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар, қызмет көрсетіліп жатқан станоктар мен кондукторлардың құрылымы, иекмдеу және қайта икемдеу ережелері, сызбаларды оқу ережелерін.
Композициялы блоктарды әзірлеуші
5. Композициялы блоктарды әзірлеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы: Біліктілігі жоғары композициялы блоктарды әзірлеушінің басшылығымен блоктарды әзірлеу технологиялы процесін жүргізу. Композициямен пресс-форма әзірлеу. Қатаң бегітілген таңба бойынша қақпақтарды жабу. Гидропреске пресс формаларды бегіту. Композияцияны тиеу, қадалықпен белгілеу. Вагонеткаларға пресс-формаларды бегіту, термокамераларға дөңгелетіп жеткізу. Термокамерадан пресс-формаларды алу. Пресс - формаларды гидропреске орнату және дайын блоктарды престеу.
Білуге тиіс: композициялы блоктарды әзірлеу технологиялы процесі, гидропрестің және термокамераның жұмыс мақсаты, композиция рецептурасы, шикізаттың және дайын композицияның физико - химиялы құрамы, композициялы блоктарға қойылатын техникалы талаптар.
6. Композициялы блоктарды әзірлеуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы: Қарапайым композициялы блоктарды әзірлеу технологиялы процесін жүргізу. Ыстық газдарды жіберу тәсілімен бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен температураны реттеу. Композицияларды престеу процесін жүргізу. Режимді таңдаумен гидропрестің гидрокоммуникацияларындағы будың қысымын және сұйықтықты реттеу. Технологиялы нұсқаулықтарға сәйкес престелген композицияларды термиялы өңдеу. Біліктілгі төмен әзірлеушілерге басшылық жасау.
Білуге тиіс: композициялы блоктарды әзірлеу учаскесінің жабдықтарының құрылымы, композициялы блоктарды термиялы өндеу режимін таңдау тәсілдері.
7. Композициялы блоктрады әзірлеуші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы: Арнайы тағайындаулы күрделі композициялы блоктарды әзірлеу технологиялы процессін жүргізу. Компоненттерді есептеуге, композицияларды құрауға, термиялы өңдеудің технологиясына және режиміне қатысу. Органолептикалы престеу кезінде күрделі композициялардың күйін анықтау. Престеу жабдығын икемдеу. Технологиялы журналға жазба жүргізу. Біліктілгі төмен әзірлеушілерге басшылық жасау.
Білуге тиіс: арнайы тағайындаулы күрделі композициялы блоктарды әзірлеу технологиялы процесі, композициялы блоктарды әзірлеу учаскесінің жабдықтарын икемдеу ережесі, күрделі композициялардың рецептурасын, композицияның тағайыналуына байланысты престеу және термоөндеу режимін таңдау.
Төлкелі жарманы әзірлеуші
8. Төлкелі жарманы әзірлеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы: Біліктілгі жоғары әзірлеушінің басшылығымен төлкелі жарманы әзірлеу бойынша бөлек операцияларды орындау. Төлкелі жаңқаның және төлкелі қалдықтардың жылжыту және киптерін түйінің шешу. Төлке жаңқасын арнайы агрегата үгіту. Агрегатқа тиеу, бегітілген ажбдқта қызмет көрсету.
Білуге тиіс: төлкелі жаңқаны үгіту технологиялы режимін, оның құрамын, қызмет көсетіліп жатқан жабдықтың жұмыс мақсаты.
9. Төлкелі жарманы әзірлеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы: Арнайы жабдықта төлкелі жарманы әзірлеу. Шикізатты сортына және сапасына байланысты мөлшерлеу. Төлкелі қалдықтардың әр түрінен қоспалар әзірлеу. Агрегаттың жұмысын реттеу. Жабдыққа ұсақ жөндеу жұмыстарын жасау.
Білуге тиіс: жаңқаны сорттарға және марка бойынша классификациялау, жаңқаның өлшемі және сапасын бойынша қолданылуын, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылымын.
Төлкелі бұйымдарды кесуші
10. Төлкелі бұйымдарды кесуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы: Табиғи төлкелі қабықтан жасалған тығындалған төсемшелерді және төлкелерді жартылай автоматты икемделген станоктарда кесу. Престелген төлкелі қабықтан жасалған өнімді дискті және ленталы станоктарда дәл өлшемін сақтамай кесу. Кесу үшін жарамды төлкелі ленталарды іріктеу. Станоктың кеетін механизмына лентаны және өнімді жіберу. Дискті станоктардың суппортына әзірлемені бегіту. Кесуді қадағалау. Станокты майлау және тазарту.
Білуге тиіс: кесудің тәсілдері, станоктардың жұмыс мақсатын, лентаға және одан әзірленген өнімге қойылатын техникалы талаптар.
11. Төлкелі бұйымдарды кесуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы: Станоктарды икемдеп тығындалған төсемшелерді және қарапайым конфигурациялы техникалы бөлшектерді кесу немесе икемделген жартылай автоматы станоктарда күрделі конфигурациялы техникалы бөлшектерді кесу. 0,1 дан 0,5 мм дейін дәлдікпен төлкелі қабықтан жасалған өнімді дискті және ленталы станоктарда станоктарды икемдеп кесу. Табиғи төлкелі қабықты әртүрлі өлшемді ленталарға лента кесетін станоктарда қолдан және механикалы жіберумен кесу. Белгіленген өлшемге икемдеу және қайта икемдеу. Лентаның жұмсақ боркасын тазарту. Стандартсыз лентаны іріктеу. Дайын ленталарды өлшемі бойынша сыйымдылыққа салу. Престелген өзекшелерді көпшпиндельді әткеншек станоктарда кесу: шпиндельді өзекшелермен толтыру. Жүкті әр өзекшеге салу. Шеткі төсемдерді іріктеу.
Білуге тиіс: кесудің тәсілдері, станоктардың және бақылау өлшеу құралдарының құрылымы, станоктарды икемдеу тәсілдері, кесетін құралдарды орнату және бегіту тәсілдері, сызбаларды оқу ережесі, өнімдерге өойылатын техникалы талаптар.
Жұмыс үлгілері.
Станоктарда кесу:
1) Сақина;
2) Конустар;
3) Цилиндрлар.
12. Төлкелі бұйымдарды кесуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы: Күрделі конфигурациялы техникалы бөлшектерді станоктарды икемдеу арқылы кесу. 0,1 мм дәлдікпен престелген төлкелі қабықтан жасалған арнайы тағайындаулы өнімді дискті және ленталы станоктарда кесу.
Білуге тиіс: кинематикалы сызбалара және станоктардың сызбасын, станоктарды икемдеу және жұмыс барысында қайта икемдеу ережесі, құрылғының құрылымы, Мемлекеттк стандарттарға сәйкес бұйымның сапасына қойылатын талаптар.
Примеры работ.
Станоктарда кесу:
1) Сақиналар - конустар – цилиндрлар;
2) Көпжапырақты төсемшелер;
3) 16 астам тетікті төсемше.
Төлкелі бұйымдарды құраушы
13. Төлкелі бұйымдарды құраушы 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы: Біліктілігі жоғары құраушының басышылығымен төлкелі пластинадан жасалған шеңберді құрау. Бензилейлерді қоса тігу. Леерларды бегіту. Өнімдерді әзірлеу, жұмыс құралдарын және қосалқы материалдарды.
Білуге тиіс: төлкелі өнімдердің белгіленуі, жартылай фаврикаттардың және қолданылып жатқан қосалқы материалдардың сапасына қойылатын талаптар.
14. Төлкелі бұйымдарды құраушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы: Табиғи қабықтың пласиналарынан жасалған шеңберлерді сорттамай және лентаны іріктемей, қарапайым конфигурациялы автомобильді және тракторлы бөлшектерді құрау. Біліктілігі жоғары құраушының басшылығымен төлкелі және престелген пластиналарды құрау бойынша бөлек операцияларды орындау. Бөлшектерді және тораптарды комплектациялау үшін әзірлемелерді іріктеу. Бөлшектерді қосып тігу. Құрылғыларға салу және жапсыру. Әзірлемелерді бегіту, сызба бойынша өлшемдерді салыстыру. Дайын тораптарды және бөлшектерді тапсыру.
Білуге тиіс: сызба бойынша қарапайым бұйымдарды құрау технологиялы процесі, қолданылып жатқан материалдардың және әзірлемелердің физико – химиялы құрамы, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың белгіленуі және жұмыс мақсаты, өнімнің сапасына қойылатын техникалы талаптар.
Жұмыс үлгілері.
1) Төсемшелер - сақиналар – қатар-қатар және түйістіріп құрау;
2) Төсемшелер – 12 аспайтын тетігі бар рамалар, қатар-қатар және түйістіріп құрау.
15. Төлкелі бұйымдарды құраушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы: Табиғи қабықтың пласиналарынан жасалған шеңберлерді сорттап және іріктеп, орташа күрделі конфигурациялы автомобильді және тракторлы бөлшектерді құрау. Төлкелі пластиналарды арнайы кассеталарға жапсыру-құрау немесе престелген төлкелі пластиналарды оларды келесі термоөндеумен құрау-жапсыру. Арнайы барабанда төлкелі қабықтан жасалған төсемшелерді тегістеу. Температуралы режимді, желімдейтін станоктардың білекшелерінің станокқа желімнің құйылуын реттеу. Полимерлеу, тегістеу және термоөндеу процесін жүргізу. Пластиналарды престен түсіру және оларды сұрыптау.
Білуге тиіс: құрау, полимерлеу, тығындау және термоөндеу технологиялы процесін жүргізу, жабдықтардың және құралдардың құрылымы, желімді ертіндінің құрамы, тығындау тәсілдері, Мемлекеттік стандарттарға сәйкес бұйымның сапасына қойылатын талаптар, оқу.
Жұмыс үлгілері.
1) 800 мм дейін картерлі ұзындықтағы 10 дейін тетігі бар төсемдер - қатар-қатар және түйістіріп құрау;
2) 16 аспайтын тетігі бар тракторлы төсемдер - қатар-қатар және түйістіріп құрау;
3) Төсемдер - 12 аспайтын тетігі бар рамалар, қатар-қатар және түйістіріп құрау.
16. Төлкелі бұйымдарды құраушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы: Сызба бойынша автомобильді және тракторлы күрделі конфигурациялы бөлшектерді құрау. Сызба бойынша бұйымдардын өте күрделі бөлшектерін тігу. База және тетіктер бойынша рұқсатымен сызба бойынша өлшемдерді салыстыру.
Білуге тиіс: сызба бойынша күрделі бөлшекетерді құрау технологиялы процесі, бөлшектердің, жартылай фаврикаттардың және дайын торапқа немесе бұйымға енетін қосалқы материалдардың сапасына қойылатын техникалы талаптар, дайын өнімге қойылатын Мемлекеттік стандарттар, күрделі сызбаларды оқу.
Жұмыс үлгілері.
1) 800 мм астам картерлі ұзындықтағы, қарлығыштың құйрығы тектес құралған, күрделі қисық сызбалы бетті 10 астам тетікті төсемдар - жалпы құрау;
2) Әртүрлі өлшемді, қарлығаштың құйрығының астына құралған, қатар-қатар, түйіскен, күрделі қисық сызықты беттермен, 10-астам тетігі бар клапанды төсемдер – жалпы құрау;
3) 16 астам тетікті тракторлы төсемдер қатар-қатар және түйістіріп құрау.
17. Төлкелі шаңды жинаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы: Тегісейтін станоктардан арнайы фильтрлайтын құрылғыламен жиналған төлкелі шаңды жинау және тароға салу. Төлкелі шаңды қаптарды орау, қатарлау. Тароны жеткізу. Фильтрларды тазалау, фильтрлайтын матанны ауыстыру.
Білуге тиіс: фильтрлайтын құрылғылардың құрылымы, фильтрлайтын матаны ауыстыру ержелері, фильтрларды тазалау ережесі.
Төлкелі бұйымды мөрлеуші
18. Төлкелі бұйымды мөрлеуші 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы: Икемделген престерде бөлшектерді мөрлеу. Пластиналарды мөрлерге салу. Бөлшектерді мөрлеу. Арнайы сыйымдылықтарға дайын бұйымдарды салу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетіліп жатқан престердің және қолданылып жатқан мөрлердің жұмыс мақсаты, өнделіп жатқан бөлшектердің негізгі жұмыс мақсаты, дайын бөлшектерге қойылатын техникалы талаптар.
19. Төлкелі бұйымды мөрлеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы: Қарапайым көп ұялы мөрлерлі престерде бөлшектерді мөрлеу. Мөрді немесе кескіштерді пресс үстеліне орнату және бегіту. Престің қозғалмалы плитасының жұмысын реттеу. Бақылау-өлшеу құрылғыларымен сызба бойынша өлшемдерді бақылау. Жарамды бөлшектерді сорттау. Дайын өнімі қабылдаушыға тапсыру.
Білуге тиіс: қызмет көрсетіліп жатқан престердің және қорлданылып жатқан мөрлердің құрылымы, мөрлердің орнатылуын және кескіштерді бегіту тәсілдері, қарапайым сызбаларды оқу.
Жұмыс үлгілері.
Мөрлеу:
1) Сақиналар;
2) Тайақтар;
3)Төрт бұрышты рамкалар.
20. Төлкелі бұйымды мөрлеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы: Бөлшектерді престерде күрделі және аралас мөрлермен мөрлеу.
Білуге тиіс: престің плитасының барысын ерттеу ережесі, сызбаларды оқу, Мемлекеттік стандарттарға сәйкес бұйысның сапасына қойылатын техникалы талаптар.
Жұмыс үлгілері.
Мөрлеу
1) Картерлі төсемдер;
2) Клапанды қораптың төсемдері;
3) Фрикациялы қораптардың төсемдері.
тарифтік-біліктілік анықтамалығына (35-шығарылым) 1- қосымша
Жұмысшы кәсіптерінің әліпбилік көрсеткіші
-
Р/с№
|
Кәсіптің атауы
|
Разряд
тар диап
азоны
|
Беті
|
1
|
Композициялы блоктарды әзірлеуші
|
3 - 5
|
3
|
2
|
Өзекшелерді әзірлеуші
|
3 - 4
|
2
|
3
|
Төлкелі бұйымдарды кесуші
|
2 - 4
|
5
|
4
|
Төлкелі бұйымдарды құраушы
|
1 - 4
|
6
|
5
|
Төлкелі бұйымдарды мөрлеуші
|
1 - 3
|
8
|
6
|
Төлкелі бұйымдарды өндеуші
|
2 - 3
|
3
|
7
|
Төлкелі жармаларды әзірлеуші
|
2 - 3
|
4
|
8
|
Төлкелі шаңды жинаушы
|
2
|
8
|
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына (35-шығарылым) 2- қосымша
«Төлкелі ағаштың қабығынан жасалған бұйымдар» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың қолданыстағы БТБА 1984 жылғы шығарылымының атаулары көрсетілген тізбесі
№
п/п
|
Осы бөлімде ораналастырылған жұмысшылардың кәсіптерінің атауы
|
Разряд диапазоны
|
1984 жылы басып шығарылған БТБА-ның қолданыстағы шығарылымы мен бөлімі бойынша кәсіптердің атаулары
|
Разряд диапазоны
|
БТ
БА шығарылымының
№
|
Бөлімнің қысқартылған атауы
|
1
|
Өзекшелерді әзірлеуші
|
3 - 4
|
Өзекшелерді әзірлеуші
|
3 - 4
|
37
|
Төлкелі
|
2
|
Төлкелі бұйымдарды өндеуші
|
2 - 3
|
Төлкелі бұйымдарды өндеуші
|
2 - 3
|
37
|
Төлкелі
|
3
|
Композициялы блоктарды әзірлеуші
|
3 - 5
|
Композициялы блоктарды әзірлеуші
|
3 - 5
|
37
|
Төлкелі
|
4
|
Төлкелі жарманы әзірлеуші
|
2 - 3
|
Төлкелі жарманы әзірлеуші
|
2 - 3
|
37
|
Төлкелі
|
5
|
Төлкелі бұйымдарды кесуші
|
2 - 4
|
Төлкелі бұйымдарды кесуші
|
2 - 4
|
37
|
Төлкелі
|
6
|
Төлкелі бұйымдарды құраушы
|
1 - 4
|
Төлкелі бұйымдарды құраушы
|
1 - 4
|
37
|
Төлкелі
|
7
|
Төлкелі шаңды жинаушы
|
2
|
Төлкелі шаңды жинаушы
|
2
|
37
|
Төлкелі
|
8
|
Төлкелі бұйымдарды мөрлеуші
|
1 - 3
|
Төлкелі бұйымдарды мөрлеуші
|
1 - 3
|
37
|
Төлкелі
|
Достарыңызбен бөлісу: |