Тарифтік-біліктілік анықтамалығы (21-шығарылым)



жүктеу 0,56 Mb.
бет3/4
Дата29.12.2019
өлшемі0,56 Mb.
#25403
1   2   3   4

жекелеген элементтерін ауыстырумен бөлшектелетін қарапайым аспаптарды дәнекерлеу;

микроэлементтерде жекелеген буындарын жинақтау;

электррадиоэлементтерді герметизацияға, желімнің, шайырдың көмегімен бекітуге дайындау.

66. Білуге тиіс:

жұмсақ және қатты сызбаларды шаблон бойынша жинақтау тәсілдерін, электрорадиоэлементтерінің шықпасын қалыптау және микросызбалармен жұмыс істеу кезінде қойылатын талаптарды;

құрастырылатын аппаратуралардың құрылымы мен жұмыс істеу принципін, жинақтау кезінде қолданылатын материалдар мен электррадиоэлементтердің атауы мен маркалануын, қарапайым түйіндерді, блоктарды, құралдарды, радиоқұрылғыларды, басу платаларын;

телефон құрылғыларын және тағы басқа жинақтау тәсілдерін, лакталған жинақтауда электрэлементтерді бөлшектеу тәсілдерін, басу сызбаларын жинақтау ерекшеліктерін;

жинақталатын элементтерді сынау желісіне қосу ережесін, жинақтау сызбасындағы аспаптардың, түйіндердің, электррадиоэлементтердің шартты белгілерін;

жинақтау сызбалары бойынша қарапайым бумаларды тоқу тәсілдерін;

бақылау- өлшеу аспаптарының, құралдың белгіленуі және оларды пайдалану ережесін;

едәуір таралған сымдардың, кабельдер мен оқшаулағыш материалдардың, қолданылатын желімдердің, шайырлардың, герметиктердің, лактардың, тазалау қоспаларының электрлық және механикалық қасиеттерні;

электр және радиотехника негіздерін.

67. Жұмыс үлгілері:

1) қарапайым антенналар – орнату және бекіту;

2) радиоөлшеу, тұрмыстық аппаратурасы – операциямен жинақтау;

3) телефондық автоматты аппараттар – түйіндерді жинақтау (ірі сериялы өндіріс жағдайларында);

4) блоктар, сызба негіздер, ажырауыштар – дәнекерлерді шаю;

5) блоктар – маңдайшалар орната отырып, кедергілер мен конденсаторларды қосу;

6) түсті теледидар блоктары (түстілік, радиоарна, ұңғылар, қуаттану, мәліметтер) - конвейерде операциямен жинақтау;

7) проекциялық теледидарға арналған түзеткіштер - жинақтау;

8) алыс байланыс аппаратурасы сүзгісінің бөліктері және түзеткіштер - жинақтау;

9) магнитті бастиектер – сымдарды дәнекерлеу (сериялық өндіріс);

10) жерқосқыш – экрандаушы өрімді бекіткіш астына өңдеу;

11) өрт хабарлағыштары – шылдырлаумен толық жинақтау (сериялық өндіріс жағдайларында);

12) сөйлесу құрылғыларының кабельдері мен антенналары – конвейерде төсеу және бекіту;

13) кварцтау сүзгілерінің катушкалары – шықпа соңдарын тазалау және дәнекерлеу;

14) электрмагнитті катушкалар - толық электржинақтау;

15) магнитофондар – жазуды немесе ойнатуды күшейткішті операция бойынша жинақтау (сериялық өндіріс жағдайларында);

16) қарапайым электржинақтау сызбасының механизмдері – конвейерде жинақтау;

17) микросызбалар, диодты матрицалар, транзисторлық матрицалар, резисторлық блоктар - лайықтауда сымдарды қалыпқа келтіру, қалайылау;

18) модульдер, микромодульдер, дроссельдер, аралық жиілік сүзгілері - жинақтау, жинау және дәнекерлеу;

19) кюветті оксиметр сызбанегіздері – маңдайшаларды дәнекерлей отырып орнату;

20) басу сызбанегіздері, ЭЕМ ұяшықтарының сызбанегіздері – жинау және жинақтау (сериялық өндіріс жағдайларында);

21) электронды сағаттардың сызбанегіздері - ұштастыруларды, электр лампочкаларын дәнекерлеу;

22) теледидардың сызбанегіздері – электррадиоэлементтердің дәнекерін алып тастау;

23) өткізгіштер – резина түтікшелеріне немесе өрмелерге енгізу, жалғастыққа бекіту;

24) штепсельді ағытпалар және істікшелі қосылыстар – конвейерде сымдардың ұштарын өңдеумен жинақтау;

25) ӨКО түріндегі реле – контактілік бұрамаларға шығару ұштарын дәнекерлеу және қазба қуыс науаның пышақтарын қалайылау;

26) теледидарлар мен радиоқабылдағыштар - конвейерде операция бойынша жинақтау;

27) баспа сызбанегіздерінің ЭРЭ – шықпаларын иіп және кесіп орнату;

28) ЭРЭ – шықпалар мен айлабұйымдарды жөндеу және қалыптау, оларды қалайылау, конвейерде операциямен жинақтау.

Параграф 2. Радиоэлектр аппаратурасы

мен аспаптардың жинақтаушысы, 3-разряд


68. Жұмыс сипаттамасы:

түйіндерді, блоктарды, радиэлектрондық аппаратураның құралдарын, байланыс аппаратурасын және орта күрделілікті ЭЕМ жинақтау сызбалары бойынша сымдар мен қосылыстарды желім және шайырдың көмегімен толық бітей және сымдарды дәнекерлей және біріктіре отырып, жинақтау, тазалау, тұмшалау;

радиостанцияларды жинақтау, сызбаға сәйкес күштік және жоғары жиілікті кабельдерді төсеу, қосу және оларды сылдырлату;

орташа күрделі бұрауларды тоқу үшін жинақтаушы және түбегейлі сызбалар бойынша үлгілерді дайындау;

жинақтаушы сызбалар мен жасанды тармақтарды құрастыру;

барлық өлшемдер бойынша жасалған жинақтауды тексеру.

69. Білуге тиіс:

жинақталатын аппаратураның құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын, жинақтау сызбалары бойынша радиэлектрондық аппаратураны және орта күрделілікті сым байланыс аппаратурасын жинақтау тәсілдерін;

сызбаларды жеткізу, бөлшектер мен аспаптарды орнату ережесін, оларды жалпы сызбаға қосу реттілігін;

бақылау- өлшеу аспаптарының, құралдың құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын, ішкі және сыртқы желінің сымдарын төсеу ережесін;

басу платаларын, блоктарды, радиоэлектрондық аппаратураның түйіндерін;

сым байланыс аппаратурасын және орта күрделілікті ЭЕМ сылдырлату әдістерін, электр және радиотехника негіздерін.

70. Жұмыс үлгілері:

1) радиоэлектрондық және сымды байланыс аппаратурасы панельаралық жинақтау;

2) радиоөлшегіш, тұрмыстық аппаратура – операциялық жинақтау;

3) аспаптар мен жүйелерге кіретін аралық аппараттар - толық жинақтау;

4) түсті деледидардың блоктары мен сызбанегіздері - конвейерде операция бойынша жинақтау;

5) арнайы аппаратураның блоктары мен түйіндері – жинақтау;

6) блоктар, сызбанегіздер, ажыратқыштар – шаю, лактау, герметиктеу;

7) блоктар, сызбанегіздер, микросызбаларда ТЭЗ-дер – жинақтау;

8) басу және аспалы жинақтаумен блоктар – микроблоктарды дәнекерлеумен жинақтау;

9) блоктар, түрлі тағайындаудағы радиоаппаратуралар – ЭРЭ орнату және бекіту, флюстерден, ластанудан тазалау, лактау, өзге де қорғау жабынғысын жағу;

10) ЭЕМ блоктары- орта күрделілікті сызба бойынша электржинақтау;

11) жартылай сымды диодтарда түзеткіштер - жинақтау;

12) генераторлар және кварцты сүзгілер – жинақтау;

13) кабельдер – ажыратқыштарды герметиктеу;

14) орауыштар, трансформаторлар – сіңдірме;

15) жоғары жиілікті орта күрделілікті теледидар трансляторларының сызғыштары - жинақтау сызбалары бойынша жинақтау;

16) шағын габаритті магнитолалар, 1 класты электрфондар – жинақтау;

17) микромодульдер және оларға арналған микронегізсызбалар – микронегізсызбаларды жинау, дәнекерлеу және тесіктерін қалайылау;

18) микросызбалар, диодты матрицалар, транзисторлық матрицалар – айлабұйымдарды пайдалана отырып дайындау және орнату (желімдеу), кептіру;

19) жіптер, баулар – сіңдіру;

20) осциллографтар – сызбаны тексерумен негізсызбааралық және толық жинақтау;

21) кварцты, екідиапазонды станционардық таратқыштар, жинақтау, жинақтау сызбасы бойынша (ұсақ сериялы өндіріс жағдайларында);

22) 3 және 4 негізсызбалық 12 және 24 жағдайларда ауыстырып қосқыштар – жинақтау;

23) электрондық сағаттардың негізсызбалары – жинақтау- құрастыру құрылғысында резонаторларды, конденсаторларды дәнекерлеу;

24) алыс байланысты, алыс байланыстың аппаратура күшейткіштерінің сақтандырғыш аппаратурасының орта күрделі ЭЕМ, АТС ұяшықтарының сызбанегіздері – жинақтау;

25) қосатын жәшіктер түріндегі аспаптар – орнында бұрауды тоқумен толық электржинақтау;

26) аса жоғары жиілікті радиоаппаратура – операция бойынша жинақтау;

27) ӨКО түріндегі реле –орауыштардың, аспалы серіппелердің шығаратын ұштарының дәнекерін алып тастау, шығыңқы іргеге зәкір құру және дәнекерлеу;

28) стационарлық аппаратура, арнайы аппаратура – орта күрделі блоктарды жинақтау;

29) топтық сызбалар – аспаптарды сызба бойынша қосу;

30) теледидарлар, радиоқабылдағыштар - жинақтау сызбалары бойынша жинақтау (тәжірибелі өндірісте);

31) түрлі-түсті теледидарлар – жекелеген электррадиоэлементтерді ауыстырумен жинақтау ақауларын жою;

32) жазуды немесе магнитофон ойнатуды күшейткіштер – жинақтау сызбасы бойынша жинақтау (ұсақ сериялы өндіріс жағдайларында);

33) төмен жиілікті күшейткіштер, диапазондық сүзгілер – негізді сызбалар бойынша жинақтау;

34) ЭРЭ – орнату, бекіту;

35) электркардиографтар – сызбанегізаралық жинақтау және бұрып жіберуді ауыстырып қосқышты тексерумен толық жинақтау.

Параграф 3. Радиоэлект аппаратурасы

мен аспаптардың жинақтаушысы, 4-разряд


71. Жұмыс сипаттамасы:

радиоэлектр аппаратурасының күрделі тораптарын және аспаптарын, микросызбалармен және тұрқы жоқ элементтермен күрделі сызбанегіздерін және физикалық және электрлік аумақтағы құрылғыларды жинақтау, оларды орнату және желімді композициялардың көмегімен бекіту, флюстер мен ластанудан тазарту, күрделі кескін үйлесімділігінің бумаларын желіммен және шайырмен бекіту, ажыратқыштарды герметиктеу:

күрделі радиоқұрылғылардың үлкен топтарын, радиоэлектрондық аппаратура аспаптарын, ЭЕМ аппаратурасын, дыбыс жазатын және ойнататын аппаратураны жинақтау;

станциялар мен аспаптарды, сымды және алыс байланыс аппаратурасының күрделі сызбанегіздерін жинақтау;

автомашиналарда радиостанцияларды және басқа аспаптарды жинақтау, кабельдерді төсеу, оларды қосу және сылдырлату;

негізді сызбалар бойынша күрделі жинақтау сызбаларын жинақтау және қайта жинақтау;

кез келген радиоаппаратты немесе аспапты орнату, қосу, оның жұмыс істеуін тексеру және орнатумен және жеткізумен байланысты жұмыстарды орындау;

жекелеген элементтерді және түйіндерді ауыстырумен ақаулықтарын табу және жою;

негізді және жинақтау сызбалары бойынша күрделі үлгілерді даярлау және сымдарды салудың кестелерін құрастырумен күрделі сызбаларды байлау;

жабдықтарды жөндеу.

72. Білуге тиіс:

құрастырылатын радиоэлектрондық аппаратураның құрылысын, белгіленуін;

жұмыс істеу принципін және жөндеу тәсілдерін, негізді және жинақтау сызбалары бойынша күрделі құрылғыларды, блоктарды, механизмдер мен жүйелерді жинақтау әдістері мен тәсілдерін және жинақтауға қойылатын талаптарды;

электр- және радиоқұрылғылардың, аспаптардың, блоктар мен түйіндердің жинақтау және элктр сызбасын;

аспаптар мен байланыс құралдары аппаратураның іс-әрекет принципін және құрылысын, басу сызбалары мен жартылай сымды аспаптарды жинақтау ерекшеліктерін;

электрвакуумдық және жартылай сымды аспаптардың құрылысы мен жұмыс істеу принципін;

қолданылатын бақылау- өлшеу аспаптарының және аспаптардың құрылысын, белгіленуін, пайдалану шарттарын, бапталатын радиоқұрылғылардың жекелеген түйіндерін жинақтау және экрандау қағидасын, бапталатын аппаратта болуы мүмкін ақаулықтар мен кедергілердің барлық түрлерін;

оларды жою тәсілдерін, электр шамаларын өлшеу әдістері мен олар бойынша кесте құру әдістерін, күрделі топтық қосылыстарды;

аппараттар мен аспаптарды сынау әдістерін, қолданылатын желімдік, герметикалаушы және қорғайтын химиялық құрамдар мен тазалау сұйықтықтарын, бояуларды;

қолдану ережелері мен құрамын, тағайындауды, электр және радио, материалтану негіздерін.

73. Жұмыс үлгілері:

1) арнайы аппаратура – жинақтау сызбасы бойынша блоктардың тәжірибелі үлгілерін жинақтау;

2) стационарлық аппаратура және жартылай сымдарда тұрақтандырылған қуат көздері – күрделі блоктарды жинақтау;

3) блок-коммутаторлар – негізді сызба бойынша толық жинақтау;

4. қуат көзін алу блоктары (әмбебап) – негізді сызбалар бойынша жинақтау;

5. қуат көздері, ЭЕМ басқару, логикалық ЭЕМ, ЭЕМ жинақтаушылары - жинақтау сызбасы бойынша жинақтау;

6) түрлендіру, күшейту, басқару блоктары – жинақтау;

7) радиостанциялар мен радиолокациялық станциялардың блоктары – бұрауларды байлаумен толық электржинақтау;

8) күрделі теледиостудиялық аппаратураның блоктары - жинақтау сызбасы бойынша жинақтау;

9) блоктар, ТЭЗ-дер, ЭЕМ мен АТС құрылғылары – іздеу және ақауларын жою;

10) блоктар, түрлі тағайындаудағы радиоэлектронды аппаратураның тораптары – арнайы технологиялық жабдықтарда флюстер мен ластанудан тазарту;

11) түрлі- түсті теледидар блоктары (түстілік, қуат алу, радиоарналар, коллекторлар, мәліметтер) – тәжірибелі өндірісте жинақтау;

12) өлшеу генераторлары – жинақтау;

13) жартылай сымда, шағын сызбаларда және шағын модульдерде гетероидтар жинақтау;

14) жоғары жиілікті бастиектер, жоғары жиілікті бастиекке клистрондық камера, имитаторға қосатын қорапша - жинақтау;

15) магнитті бастиектер - микроскоппен жинақтау;

16) түрлі тағайындаудағы бумалар, кабельдер – шайырлармен, компаундтармен, желімдермен бекіту, біріктіргіштерді құю, герметиктеу;

17) кабельдер, бумалар, таспалы өткізгіш сымдар – герметиктеу, тұрығысыз құю, желімнің, балқытудың, шайырдың көмегімен бекіту;

18) ЭЕМ жады кубтары- сымдар кестесі мен жинақтау сызбасы бойынша жинақтау;

19) коммутациялық панельдер, пульттар - негізді сызба бойынша жинақтау;

20) ТЭЗ-дер панельдері – жинақтау сызбасы бойынша жинақтау;

21) көпдиапазонды және көпкаскадты таратқыштар - жинақтау сызбасы бойынша жинақтау;

22) квазиэлектрондық АТС арналған көлденең қосылыста негізсызбалар ширату әдісімен жинақтау;

23) ЭЕМ басу құрылғыларының дешифраторлар платалары – жинақтау;

24) күрделі шағын сызбалармен басу жинақтауының сызбанегіздері – жинақтау;

25) басу сызбанегіздері – орнату және жабыстыру;

26) планарлы шықпалы микросызбалардағы көпқабатты басу негізсызбалары;

27) кесу және тесу әдісімен құрастырылатын 40-қа дейін талшығы бар және қадам бойынша ±0,1 мм нақтылығымен жазық кабельдер – жинақтау;

28) телефондық қалааралық станциялардың көп есе желісін тексеруге арналған аспаптар - жинақтау;

29) әмбебап осциллографтың соңғы күшейткішінің баптау пульттары – жинақтау және электрлық сызба бойынша сылдырлату;

30) аса жоғары жиілікті радиоаппаратура - панельаралық жинақтау;

31) радиоэлектронды құралдар (бұдан әрі – РЭқ), өндірімді күштерді орналастыру (бұдан әрі –ӨКО) түріндегі реле – контактілік жүйені жинақтау;

32) синхрогенераторлар, ретрансляторлар, теледидар аппаратурасының тіреулері - жинақтау, орнату, жұмыс істеуін тексеру және жекелеген бөлшектерін ауыстырумен ақауларын жою;

33) арнайы аппаратура – орта күрделі блоктарын жинақтау;

34) аралық тіреулер және сымды байланыстың соңғы аппаратуралары – жинақтау;

35) трансформаторлар, досселдер, орауыштар – сііңдіру және кептіру;

36) көпарналы телефондаудың аппаратура түйіндері- жинақтау;

37) тарататын теледидар қондырғылары - жинақтау сызбасы бойынша жинақтау;

38) шақыратын және сигналды құрылғылар - жинақтау;

39) сөндіретін минималды және максималды қондырғылар жинақтау;

40) есте сақтайтын қондырғылар, жады модулі - негізді сызба бойынша жинақтау;

41) ППМ-ге ферриттік шығыршықтар – сыммен тігу әдісімен жинақтау;

42) электрондық сағаттар – машиналық дәнекерлеу қондырғыларында бөлшектерді дәнекерлеу;

43) АТС платаларының сызбалы кабелін жинақтау мен байлауға арналған күрделі үлгілер – дайындау;

44) үлкен күрделілікті күштеме эквиваленттері - негізді сызба бойынша жинақтау;

45) электркардиографтар - негізді сызба бойынша күрделі үлгілерді дайындау.


Параграф 4. Радиоэлектр аппаратурасы

мен аспаптардың жинақтаушысы, 5-разряд
74. Жұмыс сипаттамасы:

әр түрлі ЭРЭ-ден (микросызбалардан, микрожиынтықтан, тұрықсыз элеметтерден) баспа сызбабанегіздерінде, физикалық электрлік шамадағы датчиктерде аралас жинақтаумен ерекше күрделі түйіндерді жинақтау, желімнің, компаудтардың көмегімен оларды бекіту, элеметтерді лактау және қорғау, флюстер мен ластанудан тазарту;

біріктіргіштерді герметиктеу, кабель бұйымдарын біріктіргіштерді қорапсыз құю;

ерекше күрделі электрлік - және радиоқұрылғылардың, станциялардың, блоктардың, радиоэлектрондық аспаптардың тіректері стеллаждарының, механизмдердің, құралдардың, жүйелердің, аспаптың желілі байланыстың нобайлары және негізді сызбалар бойынша үлкен топтарын жинақтау;

жинақтаудың әр түрлі ақауларын табу және жою;

жекелеген құрылғылар мен кешенді қуат алу көзіне қосу және қажетті өлшемдерді алдын ала алу;

жинақталатын аппаратураға бақылау сынауларын өткізу және баптау;

әр түрлі сымдардан, кабельдер мен шиналардан ерекше күрделі сызбаларды дайындау;

сымдарды үлгіге салудың кестелері бойынша ерекше күрделі жинақтау сызбаларын құру және сызбалық кабельді байлау;

кабельдер мен бұрауларды байлау үшін ерекше күрделі үлгілерді дайындау;

шықпасы 0,6 мм. қадам болатын асығыс құрастырылатын ЭРЭ жинақтау;

технологиялық жабдықты баптау.

75. Білуге тиіс:

жинақталатын радиоэлектрондық аппаратураның құрылысын, белгіленуін, жұмыс істеу принципін және жөндеу тәсілдерін;

ерекше күрделі электрлық, негізді және жинақтау сызбаларын, аппаратураларды, аспаптарды және құрылғыларды дәлдікке тексеру тәсілдерін;

күйге келтіру қағидасын және құрастырылатын аппаратураның бақылау сынақтарын жүргізуді;

аппаратураны сынаудың қағидасы мен әдістерін, сынау аппаратуралары мен стенділерді пайдалану қағидаларын;

ерекше күрделі бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі мен пайдалану шарттарын, электр және радиотехниканың негіздерін.

76. Жұмыс үлгілері:

1) антенналар – таратқышпен және қабылдағышпен антенналар жұмысын келістіру;

2) дыбыс жазатын көпарналы аппаратура - негізді сызба бойынша жинақтау;

3) арнайы аппаратура- жинақтау особо сложных узлов, блоков, устройств;

4) стационарлық аппаратура және жартылай сымдарда тұрақтандырылған қуат көздері- ерекше күрделі түйіндерді, блоктарды, құрылғыларды жинақтау;

5) шағын сызбаларда генераторлардың, индикаторлардың блоктары - негізді сызбалар бойынша жинақтау;

6) ерекше күрделі, жоғары жиіліктен тыс сәулелендіру (бұдан әрі –ЖЖТС) түйіндерін қамтитын, дәл механика мен оптиканың РЭА блоктары - негізді сызба бойынша жинақтау;

7) стандарты аппаратура және жартылай сымдарда тұрақтандырылған қуат көздері- ерекше күрделі түйіндерді және блоктарды жинақтау;

8) электрондық – механикалық автоматтандырылған орамды телеграфты аппараттың электроника блоктары - негізді сызба бойынша жинақтау;

9) басатын және шықпалары 0,6 мм дейінгі қадамдағы асығыс құрастырылатын ЭРЭ үлкен тығыздықты аралас жинақтаумен ЭРЭ блоктары – жинақтау;

10) кристалл триодтарда ауытқулар генераторлары - негізді сызба бойынша жинақтау;

11) кестеқұраушылар - негізді сызба бойынша жинақтау;

12) кабина – сымдар кестесі мен жинақтау сызбасы бойынша жинақтау хеме;

13) релелік аспап жинақтары – жинақтау;

14) басатын механизмдер – негізді немесе электржинақтау сызбалар бойынша жинақтау;

15) басқару пульттарының панельдері – жинақтау;

16) баспа сызбанегіздері, блоктар, біріктіргіштер – шаю, лактау, герметиктеу, қорапсыз құю;

17) жоғары жиілікті телефондаудың бірарналы жүйесі аппаратурасының қабылдау- шақыру құрылғысының сигнал беру сызбанегіздері – жинақтау;

18) ерекше күрделі аспаптар – сымдар кестені құраумен және бұрауларды байлаумен негізді сызба бойынша жинақтау;

19) көпсекциялы пульттар – жинақтау сызбаларын дайындау және

жинақтау;

20) әр түрлі жүйелі соңғы және аралық әріп басатын телеграфтық аппаратураның станциялары – жинақтау;

21) ерекше күрделі жинақтаумен радиолокациялық станциялар - жинақтау сапасын сынау және тексеру;

22) ерекше күрделі сырғауылдық стенділер – негізді сызбалар бойынша жинақтау;

23) функционалдық түйіндер: дециметрлік диапазонды арналардың селекторлары, келістіретін құрылғылар - негізді сызбалар бойынша жинақтау;

24) жартылай сымды аспаптарды тексеруге арналған қондырғылар - негізді сызба бойынша жинақтау:

25) жады кубының құрылғысы- электржинақтау сызбасы бойынша жинақтау;

26) ЭЕМ құрылғылары- сымдар кестесі бойынша жинақтау (10000 сымнан артық);

27) химия-технологиялық материалдар – дайындау сипатын тексеру.

28) 400-ден 600- ге дейін аспаптар санымен шкафтар - негізді сызба бойынша жинақтау;

29) электркардиоскоптар - толық жинақтау.

Параграф 5. Радиоэлектр аппаратурасы

мен аспаптардың жинақтаушысы, 6-разряд
77. Жұмыс сипаттамасы:

баспа сызбанегіздерінде, физикалық және электрлік шамадағы, оның ішінде автоматтарда және автоматты желілерде аралас жинақтаумен (микросызбалар, микрожинау, қорапсыз элементтер) ЭРЭ орнату және бекіту бойынша ерекше күрделі жұмыстарды орындау;

баспа сызбанегіздерін лактау, қорапсыз элементтерді қорғау, оларды флюстерден және ластанудан, оның ішінде оларды жөндеумен арнайы технологиялық жабдықтарда тазалау;

металл және басқа материалдарды араластыру;

нобайлар мен негізді сызбалар бойынша кез келген күрделілікті тәжірибелі және сынақ блоктарды, шкафтарды, сөрелерді, тіреулерді, радиоэлектрондық аппаратура құрылғыларын, аспаптарды және сымды байланыс аппаратурасын жинақтау;

жинақталатын радиоқұрылғыларға арналған кез келген күрделілікті сызбаларды және әр түрлі сымдардан, кабельдер мен шиналардан қайта әзірленетін тәжірибелі үлгілерді құру, жинақтау және өңдеу;

ақауларын анықтау, зақымданған жерлерін анықтау және аспаптарды, түйіндерді, сызба бөліктерін ауыстырумен оларды жою;

тәжірибелі және сынақтық қабылдағыштарды, тарататын теледидарлық, дыбыс жазатын, ойнататын, арнайы құрастырылатын радио құрылғыларды баптау және сынау;

аппаратураның сынақ және тәжірибелік үлгілеріне сызбалар дайындау;

құрастырылатын аспаптың барлық электрлік параметрлерін тексеру.

78. Білуге тиіс:

қабылдайтын- тарататын аппараттар мен станциялардың;

аспаптардың, жоғары жиілікті көпарналы телефондау арнайы аппаратурасының және ЭЕМ аппаратурасының құрылымын;

ерекше күрделі бақылау- өлшеу аспаптарының және үлестіру щитінің құрылысын, жұмыс істеу принципін және пайдалану тәсілдерін;

тәжірибелі және сынақ сызбалары бойынша аппаратураны жинақтау қағидаларын, әдістерін, жүйелілігін, жинақтау ақаулықтарының түрлерін, аппаратурада оларды іздеу әдістерін және оларды жою тәсілдерін;

аппаратура мен станциялардың жұмысқа қаблеттілігін тексеру ережесін.

79. Орта кәсіптік білім талап етіліеді.

80. Жұмыс үлгілері:

1) дыбыс жазатын көпарналы аппаратура – негізді сызбалар бойынша тәжірибелі үлгілерді жинақтау;

2) арнайы аппаратура – тәжірибелі үлгілерді жинақтау;

3) тұрақталған қуат алу блоктары – сызбаларды есепке алу, негізді сызбалар бойынша жинақтау;

4) арнайы аппаратураның блоктары – микроскопты пайдалана отырып, шықпасыз және қорапсыз ЭРЭ-ні қолданумен үлкен тығыздықты жинақтау;

5) үлкен тығыздықты ерекше күрделі басу және аралас жинақтаумен арнайы аппаратура блоктары - негізді сызба бойынша жинақтау;

6) математикалық машиналар – арифметикалық есте сақтайтын құрылғыны негізді сызба бойынша жинақтау;

7) микроқұрастырулар – қорапсыз ЭРЭ орнату және жинақтау, драгметалдарды жинақтау (15,30, 40 микрон алтын сымды дәнекерлеу);

8) микроқұрастырулар, ЖЖТС модульдері – микроскопты пайдаланумен негізгі сызбалар бойынша толық жинақтау, термокомпрессорлық дәнекерлеу әдісімен жинақтау;

9) микросызбалар, микроқұрастырулар, қорапсыз элементтер – ерекше күрделі айлабұйымдарды және құралдарды пайдаланумен орнату және бекіту;

10) жоғары вольтты осциллографтар (жеке өндіріс жағдайларында) – жинақтау;

11) басқару пультының панельдері – электр бөлшектерді орнатумен толық электржинақтау және машинаға қосу;

12) көпдиапазонды және көпкаскадты таратқыштар – тәжірибелі үлгілерді негізді сызба бойынша жинақтау;


жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау