Тарау. Құрылыс материалдарының топтамасы және қасиеттері Құрылыс материалдарының топтамасы



жүктеу 0,59 Mb.
бет19/22
Дата04.01.2022
өлшемі0,59 Mb.
#31487
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
1 -ші тарау

Соққылық тұтқырлық (соққылық беріктік) - материалдың соққылық жүктемелерге қарсыласу қабілеті.

Жол және аэродром жабындары үлкен динамикалық жүктерді қабылдайды, сондықтан олар соққыға сыналуы керек.

Соққылық тұтқырлық материалды қиратуға шығындалған жұмыстың үлгі көлемі немесе ауданына қатынасымен анықталады:

, Дж/м3 немесе , Дж/м2 (1.28)
Сынақ өлшемдері d = h = 25 см цилиндр үлгілермен арнайы қондырғыда (копер) орындалады. Нормаланған жүк белгілі биіктіктен үлгіні қиратқанынша құлатылады.

Қаттылық материалдың өзіне басқа өзінен қатты дененің енуіне қарсыласу қабілеті (беттік беріктік).

Әр түрлі материалдардың қаттылығы әрқалай бағаланады. Табиғи тас материалдар үшін қаттылық 10 эталондық минералдан тұратын Моос шкаласы бойынша салыстырылады.


1.4–кесте. Салыстырмалы қаттылық шкаласы (Моос шкаласы)


Минерал-эталон

Қаттылық

баллы


Сипаттама

Тальк

1

Тырнақпен жеңіл тырналады

Гис

2

Тырнақпен тырналады

Кальцит

3

Болат пышақпен жеңіл тырналады

Флюорит

4

Болат пышақпен аз күшпен тырналады

Апатит

5

Болат пышақпен күштеп тырналады

Далалық шпат-Ортоклаз

6

Шыныны аз күшпен тырнайды

Кварц

7

Шыныны тырнайды

Топаз

8

Шыныны жеңіл тырнайды

Корунд

9

Алмас

10

Минерал-эталон алдыңғы минералда тырналған із қалдырады және келесі минералмен тырналады.

Ағаштың, металлдың, бетонның қаттылығы оларға болат шар немесе конус немесе пирамида түріндегі қатты ұштаманы батыру арқылы анықтайды.

Қаттылық саны (НВ) үлгіге стандарттық болат шарды (ұштаманы) белгілі бір уақыт аралығында батыру күшінің (Р) материал бетіне түскен жаншылу ізінің ауданына (S) қатынасымен анықтайды: НВ = Р/S.

Материалдың жоғары беріктігі әрқашан қаттылығының кепілі емес. Мысалы, ағаш пен бетонның сығылу кезіндегі беріктік көрсеткіштері жақын, бірақ бетонның қаттылығы едәуір жоғары.

Металлдар мен бетон үшін беріктік пен қаттылық, тас материалдар үшін қаттылық пен үйкелгіштік арасында байланыс бар.




жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау