Зерттеу міндеттері:
-
Дарынды балалардың ерекше қасиеті жөніндегі әдебиеттерге толық теориялық талдау жүргізу.
-
Дарынды балалар ақыл-ой ерекшеліктерін және жеке қасиеттерін зерттеу.
-
Дарынды балалармен жұмыс істеудің ерекше бағдарламасын құру.
Зерттеу әдістері:
-
балалардың дарындылығын бақылау.
-
Олардың ерекшелігін психологиялық анықтау әдістері.
-
Ата-ана, балалармен жүргізілетін сұхбат, сауалнама.
-
Дарындылық деңгейлерін анықтайтын әдістемелер кешені.
Зерттеудің әдіснамалық негізі: Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи даму тұжырымдамасы, А.М. Матюшкиннің шығармашылық дарындылық тұжырымдамасы, С. Юркевичтің, дарындылықты анықтау еңбектері, С.М. Джакуповтың танымдық іс-әрекет психологиясы.
Зерттеудің теориялық құндылығы. Дарынды балалармен жұмыс істеудің теориялық негіздемесі құрылып, дарындылық табиғаты жөнінде қазақ тіліндегі әдебиет қатары толықтырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |