Тарау. Дарындылық психологиясының теориялық қағидалары


Дарындылықтың негізгі түрлері



жүктеу 459 Kb.
бет5/40
Дата21.01.2022
өлшемі459 Kb.
#34149
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Дип.-Дарындылық

Дарындылықтың негізгі түрлері
Дарындылық түрлерінің дифференцияциясы сыныпификацияға негізінделген критерий бойынша анықталады. Дарындылықта сандық және сапалық аспектіні бөлуге болады.

Дарындылықтың сапалық мінездемесін талдау бойынша түрлерді адампың психикалық мүмкіндіктерінің спецификасына және оладың қандай да бір іс-әрекетте көрінуіне байланысты бөлуді ұсынады. Дарындылықтың сандық мінездемесін талдау адамның психикалық мүмкіндіктерінің деңнейін сипаттауға мүмкіндік береді.

Ғалымдар дарындылық мәселесін зерттей келе, оның жалпы және әдейі немесе арнайы түрін бөліп көрсетеді. Дарындылықтың 2 түрі де іс-әрекеттің әр түрлілігі мен формасында жалпы кезеңдер болуына байланысты. Осылай, жалпы ақыл-ой дарындылығы іс-әрекеттің барлық түрімен қамтамасыз етілгенде ғана орындалады. Олардың табысты орындалуы үшін белгілі ақыл-ой сапасы, «ақыл-ой қүндылығы» қажет болады.

Арнайы дарындылық, өзі ерекше ашылып көрінетін белгілі іс-әрекет түрлерімен байланысты (математикалық, техникалық, музыкалық, сурет салу өнері, ақындық дарындылық және т.б.).

Кәсіптік қабілеттерді зерттеумен танымал ғалым Ч.Спирмен ақыл-ой энергиясының жалпы факторы бар екенін көрсетті. Ол фактор түрлі іс-әрекеттің табысты шешілуін анықтайды.

Жалпы ақыл-ой дарындылығы ақыл-ой жетістігі талап етілетін жағдайдың бәрінде болады (жалпы сұрақ-әртүрлі жаттығуда индивидтің ақыл-ой қабілеті мүмкіндігінің бірдей болмауы). Мектептің жалпы білім беру шартындағы оқушылар арасындағы ақыл-ой қатынасы бойынша ерекшеліктер жоспарда бірінші орынға шығады.

Мектепте «орташа оқитын» оқушыны бағалау негізінде бағдарлау өткен уақыттарда қалды. Қазір біздің қоғамның жаңа дамуында қүрбыларын интеллект бел^ілерін көрсете отырып, озық еткен балаларға көңіл аудару - мектептің көкейтесті міндетінің бірі болып табылады.

Жалпы ақыл-ой қабілеттілігіне біршама психологтардың зерттеу жұмыстары арналған. "Ақыл-ой» мүмкіндігінің біртұтас сипаттамасын, жиі «интеллект» сөзімен белгілейді. Психологияда бұл термин аумағында дау-жанжал туылуда: интеллект құрылымының күрделілігі анықталуда, оның әр түрлі сапалы түрлері бөлінуде. Бірақ бұл терминнен бас тарту дұрыс емес секілді көрінеді. Ол таным және шығармашылық мүмкіндіктердің өзіндік деңгейін белгілеуге арналады (ақыл-ой сферасында), яғни көбіне «ақыл-ой дарындылығы» түсінігінің термині ретінде қолданылады.

Интеллект - өсіп жатқан адамның түрткі болулары мен ұмтылыстарымен біртұтас дамуы күмәнсіз. Ақыл-ой дарындылығы интеллектке сай келмейді. Дарындылық - бұл жеке тұлғаның ерекше қүрылымы.

Ақыл-ой дарындылығының арнайы түрлері, яғни философиялық-теоретиялық жаттығуларға, қоғамдық іс-әрекетке, қандай да бір ғылым аумағында, техникаға немесе ұйымдастырушылық -практикалық іс-әрекет түрлеріне дарындылық - Мәселенің маңызды бөлігі болып табылады.

Ақыл-ой дарындылығы - бұл жалпы және жеке ақыл-ой сапасының сәйкес келуі. Психологиядағы бар материалдар, мұғалімдер мен тәрбиешілерді ақыл-ойға байланысты дарынды балалардың 3 категориясына назар аударуға көмектеседі. Бірінші категорияда - өмірдің бірдей шартында ақыл-ой дамуының ерекше жоғары деңгейін көрсететін балалар. Олар жиі мектепке дейінгі және төменгі сынып жасындағы балалардың арасында кездеседі. Екінші категорияда - арнайы, мысалы: математика немесе басқа ғылымның қандай да бір аумағында ақыл-ой қабілеттілігінің белгілері бар балалар. Мұндай оқушылар жасөспірім жаста байқалуы мүмкін. Үшінші категорияда - оқуда табысты болып үлгермеген, бірақ психикасының оригиналдылығымен, танымдық белсенділігімен, сирек кездесетін ақыл-ой қорымен қамтамасыз етілген балалар енгізілген. Бұл жерде потенциалды немесе «жасырынды» дарындылық туралы сөз болып отыр. Мұндай ақыл-ой мүмкіндігі бар оқушылар жоғары сыныпқа дейінгі жаста жиі көрінеді.

Балалардың жалпы интеллектуалды және арнайы дарындылығы түрлерінен бөтен, бұл феноменнің даралығы басқа критерийлер бойынша да болуы мүмкін. Ресейлік психологтар (Ю.А.Бабаева, Д.Богоявленская, А.В.Брушлинский, В.Н.Дружинин, И.И.Ильясов, Н.С.Лейтес, А.М.Шумакова, А.Н.Панов, И.В.Клиш, М.А.Холодная, В.Д.Шадриков, Н.Б.Шумакова, В.С.Юркевич): «дарындылықтың жүмысшы, жиі қолданылатын концепциясы» деп берілген психологиялық білім берудің келесі критерийлері мен сыныпификациясын бөледі:

• психика сферасын қамтамасыз етушілер мен іс-әрекет түрлері

• дарындылықтың қалыптастырушы деңгейі

• дарындылықтың көрініс беру формасы

• дарындылықтың әр түрлі іс-әрекет түрінде көрініс беруінің ауқымдылығы, дамудың жас ерекшелігі.

Дарындылықтың түрлерін келтірілген негіздеу бойынша қарастырайық. Бірінші критерий бойынша, негізгі іс-әрекет түрлеріне практикалық, теориялық оқушыларда оқу-танымдық, көркемдік-эстетикалық, ойындық, спорттық-сауықтыру, коммуникативті, рухани-бағалық жатады.

Іс-әрекетке сәйкес дарындылықтың мынадай түрлерін бөлуге болады: практикалық іс-әрекетте - кәсіптік дарындылық, танымдық іс-әрекетте - түрлі деңгейдегі интеллектуалды дарындылық, көркемдікте - эстетикалық, хореографиялық, сценалық, әдеби-ақындық, сурет салу өнері мен музыкалық, коммуникативті іс-әрекетте-лидерлік дарындылық, рухани - бағалық іс-әрекетте - адамдарға қызмет ету, тағы басқалар.

Дарындылықтың әр түрі барлық психикалық мүмкіндіктерді нақты іс-әрекет түрінде ерекше, маңызды болып табылатын сапалардың басым болуы мен біруақытта қосылуын болжайды.

Іс-әрекеттің басым ететін түрі бойынша дарындылықтың қай түрін анықтасақ та, әр дарындылықта іс-әрекеттің бөтен түрлері де көрінетінін байқауымыз керек. Мысалы: суретші немесе музыкант іс-әрекеттінің сипаттамасы бойынша көркемдік - эстетикалық болып табылады. Бірақ сонымен қатар, онымен танымдық, практикалық, коммуникативті және рухани-бағалық іс-әрекет түрлері қолданылады.

Екінші критерий - «дарындылықтың қалыптасу деңгейі» бойынша потенциалды және көкейтесті дарындылықты бөледі: көкейтесті дарындылық - бұл жас ерекшелігі шамасына сай, нақты бір пән аумағында іс-әрекеттің жоғары деңгейде орындалуында байқалатын, баланың қол жеткізген көрсеткіштерімен байланысты болатын психологиялық ерекшелік. Көкейтесті дарынды балалардың ерекше категориясын, талантты балалар қүрайды. Талантты бала обьективті көкейкестілікті және әлеуметтік маңызды талаптарға жауап беретін іс-әрекеттерді орындауда нәтиже береді. Талантты балалар нақты эксперттермен бағаланады (іс-әрекеті аумағында білімі сәйкес келетін жоғары квалификацияланған кәсіпкер).

Потенциалды дарындылық - бұл қандай да бір іс-әрекет түрінде жоғары жетістікке жету үшін, белгілі психикалық алғышарттары потенциалды болатын баланың психологиялық ерекшелігі. Бірақ бала, бұл мүмкіндіктерді тап осы уақытта қызметтік жетіспеушілікке сәйкес орындай алмайды. Бұл потенциалды мүмкіндіктің дамуы қолайсыз себептермен бірге жүруі мүмкін (жанұялық қиын жағдаймен, квалификацияланған мұғалім - кәсіпкерлердің болмауынан тағы басқа). Потенциалды дарындылықты анықтау, кезеңмен жүргізілген диагностика бойынша орындалуы мүмкін. Өйткені әрі қарай дамуы туралы, тек кейбір белгілер бойынша айтуға болатын, әлі қалыптасып болмаған қабілеттіліктер туралы сөз болып отыр.

Дарындылықтың бұл турлері, бұған дейін айтылып кетілген іс-әрекет түрлерімен сәйкес жүреді. Шығармашылық дарындылығына байланысты дарындылықтың белгілі түрінің креативтілігін бөлуде ғалымдар пікірінде айырмашылық байқалады.

Бір ғалымдар берілген феномен туралы арнайы айтпай-ақ қоюға болады, өйткені стандартсыз ойлауы бар, жиі басқаларға ұқсас емес дүниеге ерекше көзқарасы бар балалар да кездеседі, - деп санайды. Шығармашылық дарындылығында көптеген түрлі варианттар болады: кез-келген іс-әрекетте сирек кездесетін шығармашылық қабілеттіліктерді көрсететін оқушылар бар, сонымен қатар мұндай стандартсыз емес елес, жеткілікті түрде тек бір ғана сферада анық көрінеді.

Үшінші критерий - дарындылықтың көрініс беру формасы бойынша, айқын және жасырынды дарындылықты бөледі». Дарындылықтың бұл түрлерінің мәні көбінесе осыған дейін қарастырылған дарындылықтың түрлеріне ұқсас. Айқын дарындылық - бала іс-әрекетінде қолайсыз жағдайлар болса да, жеткілікті түрде ашық немесе айқын түрде көрінеді. Мұғалімге немесе кәсіпкерге баладан осы дарындылықты айқындау және олармен әрі қарай жұмыс жасау бағдарламасын дұрыс белгілеу оңайға түседі.

Жасырынды дарындылық іс-әрекетте аздап білдірілген формада көрінеді. Сондықтан да дарындылықты балалардан анықтау және олармен жұмыс жасауда қателер кетуі мүмкін. Осымен қатар, мұндай «перспективасы жоқ балалар» уақыты келе жоғары нәтижелерге жетуі мүмкін. Мүндай қателер келтірмеу үшін, балаларға әдістемелерді кешендік-кезеңді қолданумен диагностика жүргізу қажет.

Төртінші критерий - дарындылықтың әр түрі іс-әрекет көрініс берудің ауқымдылығы бойынша, жалпы немесе ақыл-ой дарындылығы және арнайы дарындылықты бөледі. Жалпы дарындылық - іс-әрекеттің әр түрлері мен формаларында жалпы кезеңдер болуына байланысты. Ақыл-ой қабілеті кез-келген істі табысты орындау үшін қажет.

Арнайы дарындылықтың арнайы психикалық қасиеттері ашылатын, белгілі іс-әрекет түрлерімен байланысты (техникалық, музыкалық, сурет өнерінің, әдеби-ақындық дарындылық т.б.).

Бесінші критерий - «дамудың жас ерекшелігі» бойынша ерте және кешеуілдеген дарындылықты бөлуге болады. Өмірлік практикада дарындылықтың ерте көрінуі байқалып жүр. Бұл - психикалық даму жылдамдығымен байланысты. Ерте дарындылық мысалы ретінде «вундеркиндтер» («таңқаларлық бала» мағынасында) деп аталатын балалар бола алады. Мектепке дейінгі немесе мектеп жасындағы оқушылар болып табылатын вундеркиндтер, қандай да бір іс-әрекет түрінде тамаша табыстарға жетеді (музыкада, суретте, ән айтуда т.б.). Мұндай балалар кейде өте жақсы ақыл-ой қабілеттіліктерін көрініс етеді (ерте әріп танып, оқу, хат, санау т.б.). Атақты музыканттардың өмірбаяндары дәлелдейтіндей, дарындылық музыкада ерте көрінеді. Ал одан кешқұрым, сурет өнерінде көрінеді. Ал математикалық қабілеттілік ерте біліне бастайды. Ғылым жетістігінде мәнді нәтижелерге жету, әдетте кешқұрым өтеді, ол қандай да жаңалық үшін терең және ауқымды біліммен қамтамасыз етілу керектімен байланысты. Осы келтірілген дарындылық сыныпификациясымен қатар, әдебиеттерде басқа да көзқарастар кездесуде. Шетел ғалымдары дарындылықтың келесі түрлерін бөледі:

• интеллектуалды, оның түрі - академиялық

• көркемдік, шығармашылық (креативтілік)

• модерлік немесе әлеуметтік психомоторлы немесе спорттық.

Басқа ғалымдар шығармашылықты еңбектің өз бетінше түрі етіп бөлудің қажеті жоқ, - дейді. Шығармашылықты дарындылық - бұл тек жоғары деңгейлік емес, сонымен қатар оның өзгеруі мен дамуының ерекшелігі. Іс-әрекет әрдайым жеке орындалынады. Оның мақсаты мен мотивтері іс-әрекеттің жүруіне әсер етеді. Дарындылық жоғары деңгейдегі қабілеттілік кешенінің барын, сонымен қатар баланың мотивациясын, оның іспен айналысудағы қызығушылығын да болжайды. Адам өз жүмысын шын ниетпен орындаса, ол сол іс-әрекет процесінде туылатын жаңа ой-пікірлерді іске асырады. Іс-әрекеттің бала инициативасы бойынша дамуының өзі шығармашылық. Мүндай теориялық түсініктің практикалық маңызды мәні бар, өйткені дарынды балалармен жүмыс жасауда іс-әрекеттің ішкі мотивациясын қалыптастыру, жеке түлға бағыттылығы мен бағалық жүйесі үшін жағдай құру қажет. Бұл жеке тұлғаның рухани қалыптасуына негіз болады.

Шығармашылықта психикалық процестер (ойлау, ес, қиял, эмоциялар т.б.), психикалық күйлер (құмарлық, зерігу, яғни уайымдау мен қылықтың бірлігі) және индивидтің жеке түлғалық қасиеттері байқалады (Н.Д-Р.евитов, А.О.Прохоров). Ғалымдардың айтуы бойынша мүндай түсінік дарындылық типологиясының әлеуметтік критерийлерінен (әлеуметтік маңызды іс-әрекет пен жетістік деңгейінің басқа түрлері бойынша), дарындылықтың психологиялық құбылыс ретінде даму деңгейі үшін психологиялық критерий жасауға әсер етеді.

• психологиялық процесс түрінде, ол кейде эпизодтық түрде пайда болады, өйткені белгілі индивидтің жеке түлғалық дамуына әсер етпейді.

• психикалық күй түрінде, бұл уайым мен жеке тұлғалық өзін-өзі сыйлау үшін ситуациялар іздеу және қалыптастыру ретінде кездеседі. Бірақ ол белгілі индивид үшін «өміріндегі жалғыз ғана мән-мағына» болып табылмайды

• жеке тұлғалық мінездеме түрінде. Бұл «өмірдің жалғыз мағынасы» болып табылатын және шығармашылық актінің кез-келген ситуацияда өмір сүру қажеттілігінде көрінетін және кез-келген іс-әрекет түрінің, әсіресе жеке тұлғаға қызығушылық туғызатын іс-әрекеттің орындалуында көрінетін, жеке тұлғалық мінездемелер ерекшелігі .

Келтірілген психологиялық ерекшеліктермен сәйкес, балаларда дарындылықтың көрініс бесеуі 3 топқа бөлінеді. Оларды шартты түрде былай деп белгілеуге болады: дарындылықтың «эпизодтық», «ситуативті», «тұрақты» топтары.

Бала дарындылығының көрсетілген типтері, оқу процесінің индивидуализациясы мен дифференциациясын жасауда, сонымен қатар үлгілі технологияларда берілген ерекшеліктер бойынша, психологиялық білім беру деңгейімен сәйкес, диагностика жүргізуге көмектеседі.




    1. жүктеу 459 Kb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау