Тарау. Дарындылық психологиясының теориялық қағидалары


субтест-бөліктерден фигура қүрастыру



жүктеу 459 Kb.
бет23/40
Дата21.01.2022
өлшемі459 Kb.
#34149
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40
Дип.-Дарындылық

5 субтест-бөліктерден фигура қүрастыру. Үлгі беріледі, онда фигуралар қүрайтын бірнеше элементтері бар, содан соң осы элементтерден қүралған фигураны көрсетеді. Тапсырманы түсіндіріп болған соң фигураларды құрауға әртүрлі элементтер беріледі, одан көп фигуралар құралу тиіс (38 сур.). Тапсырмаға 5 минут уақыт беріледі. Бағалауда алғашқы үш фигураларды есепке алады. Бағалауда фигуралардың санына және ерекшеліктеріне байланысты 1-3 баллға дейін болады.

6 субтест-геометриялық аналог. Зерттелушіге геометриялық фигуралардың бірнешесі беріледі, ал ол фигуралар біріншісі, екіншісімен сияқты бір-бірімен байланысты болып келеді. Зерттелушінің тапсырмасы-осы фигуралардың өзара байланысына қарай төртінші фигураны салу тиіс (39 сур.).

Өңдеу процестерінде зерттелудің нэтижесінде алғашқы балдың санын есептейді. Орташа арифметикалық алғашқы балдардың көлемі таблицаға аударылып пайыздалады. Афтордың пікірінше 35-тен 65-ке дейінгі баға нормалды болып табылады, жалпы қабілеттердің орташа деңгей, ал 80-нен жоғары болса жоғары деңгейге жатады.

График бойынша субтестердің жеке-жеке нэтижесін және интеллектінің пішін қырын қүра аламыз. Пішін қырларының бес түрі ерекшеленеді. Олар: формальді-логикалық, дәл бейнелі, аналитикалық, шығармашылық, интеллектің дамуы. Бұлар интеллектке мінездеме береді. Осындай жай ғана интерпретациялар асиметриялық пішін қырларына отчет бергенде ғана пайдалануы мүмкін. Егер мәселе тенденция болса, онда бір ғана субтесттің интерпретациясына назар аударамыз, ал жалпы интерпретациядан көрінбейді.

Р.Мейли теориясын үсына отырып интеллекттің барлық факторларын былай көрсетеді.

- қиыншылықпен сәйкестенуі

- бірсарынды

- толық

- шапшаң (тез).

Ол осы факторлар арқылы ойлау процесінің аспектілерін көрсетеді. Осы факторлар әрбір адамдардың бойында кездеседі, бірақ белгілі орындарда көрінеді. Бұл факторлардың жинағы интеллектіні құрайды. Р.Мейлидің факторлық анализін нәтижесінен көрсетуінде осы төрт фактор қайталанады. 6 субтестің ішінен үшеуі нақты байланысы мен тәуелділік қабілетін анықтап орналастырған (1,3,4)- 2 және 6 субтесттер абстрактылы мінездемеге сәйкес, ал тэуелділігін әрқашан тікелей анықтап ала бермейміз. Бұл жерде абстрактылы ой келуі мүмкін. 5-ші субтест ерекше орын алады, көңіл ұластыруға негіздеуді талап етеді. Мейлидің ұсынуынша, мұнда қиын факторлы тапсырмаларда және бірсарынды интелекттерде 1 және 2 субтесттің алатын орны ерекше. Бұл екі қиыстыру субтесті толық және шапшаң факторларға кіреді, ал 4 және 6 субтестер қиын комплексті характерге жасалынады.


жүктеу 459 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау