|
Тар мен жауаптарСҰРАҚ: КОГОРТТЫҚ ЗЕРТТЕУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? ОНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ
|
бет | 19/65 | Дата | 21.01.2022 | өлшемі | 319,14 Kb. | | #34063 |
| методичка 1дұрыс2013СҰРАҚ: КОГОРТТЫҚ ЗЕРТТЕУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? ОНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ
Когорттық зерттеу – анализдік (сараптау) проспективті зерттеулерге жатады. Себептің және қауіп факторының аурудың болжамымен байланысын зерттейді. Қауіп факторы - аурудың пайда болуына әсер ететін факторлар. Мысалы: АГ ауруының қауіп факторлары - гиподинамия, гиперхолестеринемия, тұқым қуалаушылық, шылым шегу және т.б.
2 топ алынады:
қауіп факторы әсер еткен топ;
қауіп факторы әсер етпеген топ.
Осы 2 топ ұзақ уақыт бойы зерттеледі және алынған мәліметтер салыстырылады (зерттелетін нәтиже бойынша). Ол үшін қажетті ақпараттар күні бұрын анықталып, толық көлемде жиналады. Сосын зерттелетін қауіп факторының туындайтын нәтижемен (аурумен) қандай байланысы бар екені анықталады. Классикалық когорттық зерттеу үшін әртүрлі қауіп факторы әсер ететін 2 немесе одан да көп когорта іріктеліп алынады, бірнеше жыл бойы зерттеліп, жаңа клиникалық нәтижелер анықталады. Когорттық зерттеудің дизайның 3 сүреттен қараңыз.
3 сүрет. Когорттық зерттеудің дизайны
Артықшылығы:
когорта – қандай да бір жалпы белгілерімен біріктірілген топ. (мысалы сау немесе аурудың белгілі бір сатысындағы адамдар);
үздіксіз бақылау процесінің қай кезеңінде ауру дамығаны анықталады;
зерттеудің басында қорытынды белгісіз болады;
қауіп факторының әсеріне душар болғандардың ағымын проспективті зерттейді;
қорытындыны бағалау үшін көптеген жылдар бойы бақылау қажет;
«Жағдай-бақылау» зерттеуімен салыстырғанда қымбатырақ;
уақыт ағымы бойынша өзгерістерді бақылауға болады;
бір фактордың әсеріне байланысты бірнеше қорытынды алуға болады;
бір нәтижеге әсер ететін бірнеше факторларды анықтауға болады;
зерттеудің мақсатын анықтайтын сұрақ қарапайым. Мысалы: белгілі бір фактордың әсеріне душар болғандадың ауыруы мүмкін бе?
нәтижесі белгілі болғанда туындайтын жүйелі қатені болдыртпайды.
Кемшіліктері:
көп уақытты қажет етеді;
сирек кездесетін ауруларға арналмаған;
когорттық зерттеудің негізгі кемшілігі – сирек қорытындыларды зерттеу үшін үлкен топтарды ұзақ уақыт бойы бақылау керек;
қаражатты көп қажет етеді;
100% бақылау мүмкін болмайды, өйткені уақыт өткен сайын зерттелетін фактордың әсері мен сипаты өзгеруі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|