1.2 Тамақтану орындарындағы жылыту, желдету және ауа алмасу
Тамақтандыру объектілерінің бөлмелерін жылыту, желдету және ауасын алмастыру 4.02-05-2001 ҚР ҚНжЕ, 4.02-103-2002 ҚР ЕЖ, 2.04-101-2001 МЕЖ, осы ҚНжЕ ережелері және қолданыстағы басқа да нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жобалануға тиіс. Жылыту, желдету және ауа алмастыру жүйелері тамақтандыру объектілерінің барлық бөлмелерін қажетті микроклимат көрсеткіштерімен қамтамасыз ету мақсатында (С қосымшасына сәйкес), сондай-ақ оларға ерекше талаптар белгіленген 4.02-05-2001 ҚР ҚНжЕ, 12.1.003 МемСТ сәйкес авариялық желдеткіш пен түтіннен қорғау жүйелерінен басқа құрал-жабдықтар мен жылыту, желдету және ауа алмастыру жүйелерінің жұмысынан шығатын шу мен вибрацияның нормаланған деңгейі жобалануға тиіс [2,3,4,5]. Жылыту, желдету және ауа алмастыру жүйелерін жобалау кезінде тамақтандыру объектілер салынатын ауданның климаттық параметрлері 2.04-01-2001 ҚР ҚНжЕ бойынша қабылдануы тиіс ( 4-сурет). Жылыту, желдету және ауа алмастырудың жобалық шешімдерін үнемдеу үшін екінші ретті жылу шығаратын энергоресурстарды пайдалану қарастырылады. Жылыту, желдету, ауа алмастыру, ауалық-жылулық перде жүйелерін пайдалану бойынша ұсыныстар жобалау-сметалық құжаттаманың құрамына кіруі тиіс.
Сурет 4 - Тамақтандыру объектілерінің жобаларында жылыту, желдету және ауа алмастыру жүйелері
Тамақтандыру объектілерінің жобаларында жылыту, желдету және ауа алмастыру жүйелерінің жөндеуге жарамдылығы және жарылу-өрт кауіпсіздігі қамтамасыз етілуі қажет.
Тамақтандыру объектілерін жобалау кезінде жылыту, желдету және ауа алмастыру жүйелерін пайдалануға жауапты қызметкерлер саны қарастырылуға тиіс.
Жылыту жүйесін 4.02-05-2001* ҚР ҚНжЕ міндетті 11-қосымшасына сәйкес жобалау қажет. Сыйымдылығы 50-ден аспайтын тамақтандыру объектілерінің бір қабатты ғимараттарында пешпен жылытуды қарастыруға рұқсат етіледі [7,8,9,10,11,12];
Объекті ғимаратының жылыту жүйесі бөлмелер ауасын біркелкі жылытуды, гидравликалық және жылыту тұрақтылығын, жарылу-өрт кауіпсіздігі және тазалау мен жөндеу үшін қол жетімділігін қарастыруы қажет. Өзге мақсаттағы ғимараттарға кіріктіре, кіріктіре-жапсарлас салынған тамақтандыру объектілерінің жылыту жүйелері бөлек етіп жобалануға тиіс, ал оларды басқару негізгі ғимаратты басқарумен біріктірілуі мүмкін.
Жылудың есептелген шығыны 50кВт және одан да көп болғанда, тамақтандыру объектілерін жылумен қамтамасыз ету жүйесін жылу ағысы автоматты реттелетін етіп жобалау көзделеді.
Автоматтандырылған жеке жылу пункттері 3.02-02-2001* ҚР ҚНжЕ 3.2, 3.3-тармақтарында көрсетілген жағдайларда қарастырылуы және жобалануы қажет [2,3,4,5].
Бөлмелердегі ауаның есептік температурасын қамтамасыз ету үшін (С қосымшасына және осы нормалардың 5 кестесіне сәйкес) жылыту қоршау конструкциялар арқылы жылуды жоғалтуды, ішке сүзілген сыртқы ауаны, материалдарды, құрал-жабдықтарды қыздыруға арналған жылу шығынын және технологиялық құрал-жабдықтардан, жарықтандырудан, электр аспаптардан, адамдардан шығатын жылу ағыстарын ескере отырып жобалануы тиіс.
Текпешек алаңшаларындағы жылыту аспаптарын бірінші қабатта, ал бөліктерге бөлінген текпешек алаңшаларында - әрбір бөлікте 2.02-05-2002* ҚР ҚНжЕ талаптарын ескере отырып орналастыру қажет [7,8,9,10,11,12]; Жылыту аспаптарын сыртқы есіктері бар тамбур бөліктерінде орналастыруға болмайды.
Текпешек алаңшаларындағы жылыту аспаптарын жеке тармақтарға немесе жылыту жүйесінің тіректеріне біріктіруге болады. Ылғал және дымқыл режимдегі құрылғылар тізбегін бөлмелердің сыртқы қабырғаларына қыздыру аспаптарын орналастыруға болмайды. Тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында жылыту аспаптарының жанында автоматты термореттегіштер орнатылуға тиіс.
Киім ілетін, душ, санитарлық тораптар, қойма бөлмелеріндегі, сондай-ақ жылу тасымалдағыштың қатып қалу қаупі бар бөлмелердегі (текпешек алаңшаларында, тамбурларында және т.с.с) аспаптарды қоспағанда, реттеуші арматураны жылыту аспаптарына орнату керек.
Жылыту элементтері орнатылған құрылыс конструкциялары бетінің өрташа температурасы 4.02-05-2001 ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес алынуы керек.
019 дәмхана бөлмесі
|
129,49м2
|
020 ас бөлмесі
|
24052м2
|
021 жазғы кафе
|
342024м2
|
022 киім шешетін бөлме
|
20,88м2
|
Сурет 5 - Қоғамдық тамақтандыру ғимараттардың бас жоспары
Жылу тасымалдағыш, жылу тасымалдағыштың параметрлері 4.02-05-2001* ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес келуге тиіс [2,3,4,5].
Тамақтандыру объектілерінің жүк тиеу, вестибюль бөлмелері жылу қалқаларымен жабдықталуы керек.
Залдардағы орындар саны 100 және одан көп тамақтандыру объектілері ғимараттарында есептік сыртқы ауа температурасы минус 15 0С және одан төмен болғанда келушілерге арналған кіру тамбурларын жылу қалқаларымен жобалау ұсынылады (5-сурет).
Бөлмелердегі ауаның есептік температурасы және ауа алмасу еселігі 4.02-05-2001 ҚР ҚНжЕ 1-бөлімінің ережелеріне және осы ҚНжЕ 2-кестесіне сәйкес қабылдау керек [7,8,9,10,11,12];
Кесте 2 - Бөлмелердегі ауаның есептік температурасы және ауа алмасу еселігі
Бөлмелер
|
Есептік ауа температурасы, ºС жылдың салқын мезгілі үшін
|
1 сағ. ауа алмасу еселігі
|
Үрлеу
|
сору
|
Үлестіру залы
|
16
|
Есептеу бойынша
(бір адамға 80 м³-ден көп емес)
|
Вестибюль, аванзал
|
16
|
2
|
-
|
Аспаздық дүкені
|
16
|
3
|
2
|
Музыкалық аспаптарды сақтауға арналған бөлме
|
16
|
1
|
1
|
Ыстық цех, кондитерлік бұйымдарды пісіретін бөлме
|
5
|
Кезекші жылыту
есебі бойынша
|
Цехтар: дайындауға дейінгі, салқын, ет, балық, көкөністерді өңдеу
|
16
|
3
|
4
|
Достарыңызбен бөлісу: |