1.1 Тамақтану объектілерін өрт-техникалық тұрғыдан жіктеу
Тамақтандыру объектілерін өрт-техникалық тұрғыдан жіктеу тамақтандыру объектісі ғимаратының (2-кестеде 2.02-05-2002* ҚР ҚНжЕ бойынша), оның элементтерінің, материалдары мен конструкцияларының (30247.0 МемСТ, 30247.1 МемСТ, 30247.2 МемСТ, 30247.3 МемСТ, 30244 МемСТ) өртке төзімділік дәрежесін анықтау негізінде, сондай-ақ өрт қауіптілігі сыныбына байланысты жүргізіледі (30403 МемСТ).
Тамақтандыру объектілерін жобалау кезінде 2.02-05-2002* ҚР ҚНжЕ және 12.1.004 МемСТ келтірілген 3-қосымшадағы өрт-техникалық жіктелімді басшылыққа алу қажет [7,8,9,10,11,12];
Тұрғын үй, қоғамдық ғимараттар және тамақтандыру объектілерінің ғимараттары арасындағы өртке қарсы арақашықтық олардың өртке төзімділік дәрежесіне байланысты 1-кестеге сәйкес алынуы керек.
Кесте 1 - Тамақтандыру ғимараттың және оның элементтерінің өртке төзімділік дәрежесі
Ғимараттың өртке төзімділік дәрежесі
|
Ғимараттың өртке төзімділік дәрежесі төмендегідей болғандағы арақашықтық, м
|
I, II
|
III
|
IV, V
|
I, II
|
6
|
8
|
10
|
III
|
8
|
8
|
10
|
IV, V
|
10
|
10
|
15
|
1-ші кестенің жалғасы
|
Е с к е р т у
1 Ғимараттар мен имараттар арасындағы арақашықтық ретінде сыртқы қабырғалар немесе басқа конструкциялар арасындағы жарық түсетін арақашықтық саналады. Ғимараттардың немесе имараттардың тұтанғыш материалдардан жасалған, 1 м астам шығыңқы конструкциялары болған кезде осы конструкциялар арасындағы арақашықтық алынады.
2 Өртке шыдамдылығы III, IV и V дәрежелі ғимараттарды қоспағанда, ғимараттың терезелері жоқ қабырғалары арасындағы арақашықтықты 20 % азайтуға болады.
3 Сейсмикалығы 9 балл болатын аудандарда тұрғын үй ғимараттары мен өртке шыдамдылығы IV, V дәрежелі тамақтандыру объектілерінің ғимараттары арасындағы арақашықтықты 20 % ұлғайту керек.
4 Өртке шыдамдылығы IV және V дәрежелі ғимараттар арасындағы арақашықтықты 1В климаттық кіші аудандарында* 50 % ұлғайту қажет. Климаттық аудандарды жіктеу 2.04-01-2001* ҚР ҚНжЕ бойынша жүзеге асырылады.
5 Өртке шыдамдылығы V дәрежелі қаңқа және қалқан конструкциялы тамақтандыру объектілерінің екі қабатты ғимараттары, сондай-ақ тұтанғыш материалдармен жабылған ғимараттар үшін өртке қарсы арақашықтықты 20 % ұлғайту керек [7,8,9,10,11,12];
|
Өртке шыдамдылығы I, II дәрежелі тамақтандыру объектілерінің ғимараттары және өртке шыдамдылығы I, II дәрежелі өндірістік ғимараттар мен гараждар арасындағы ең төмен арақашықтық кемінде - 9 м, ал полимер немесе тұтанғыш материалдардан жасалған жылу ұстағыш жабындары бар өндірістік ғимараттарға дейін 15 м болуға тиіс. 1-типті өртке қарсы қабырғалар арасындағы қабат ауданын тамақтандыру объектісі ғимаратындағы қабаттар санына, ғимараттың және оның элементтерінің өртке төзімділік дәрежесіне байланысты 1-кестедегі 3.02-02-2001 ҚР ҚНжЕ бойынша анықтау керек.
Ғимараттар мен өрт бөліктері өртке төзімділік дәрежелері бойынша (2-кесте 2.02-05-2002* ҚР ҚНжЕ), конструкциялық өрт қауіптілігі бойынша (3-кесте 2.02-05-2002* ҚР ҚНжЕ), функционалдық өрт қауіптілігі бойынша (2.02-05-2002* ҚР ҚНжЕ 3.38-тармағы) бөлінеді [2,3,4,5].
Тамақтандыру объектілері функционалдық өрт қауіптілігінің Ф3.2 класына, тамақтандыру объектілерінің өндірістік және қойма бөлмелері Ф5 класына жатады.
Өндірістік және қойма бөлмелері жарылу-өрт және өрт қаупі бойынша олардың ішіндегі (қолданылатын) заттар мен материалдардың санына және өрт-жарылу қаупінің қасиеттеріне байланысты олардағы өндірістің технологиялық процестерінің ерекшеліктерін ескере отырып, 01-94 РТЖН сәйкес санаттарға бөлінеді.
А)
Б)
В)
Г)
Сурет 1- Өртке қарсы қабырғалар, арақабырға, аражабындар, аймақтар, шлюз-тамбурлар, есіктер, люктер және клапандар
Сурет 2 - Өрт сөндіргіштер
Сурет 3 - Өртке қарсы қабырғалар
Тамақтандыру объектілері функционалдық өрт қаупінің басқа кластарына жататын ғимараттар құрамына кіруі мүмкін. Осындай жағдайларда өртке қарсы талаптарды орындау жөніндегі іс-шаралар ғимараттар мен имараттардың нақты типтері туралы ҚНжЕ, 2.02-05-2002* ҚР ҚНжЕ талаптарына, сондай-ақ осы нормалардың ережелеріне сәйкес қарастырылуы керек. Өрттің таралуын болғызбауға арналған өртке қарсы кедергілерді (өртке қарсы қабырғалар, арақабырға, аражабындар, аймақтар, шлюз-тамбурлар, есіктер, терезелер, люктер және клапандар) 2.02-05-2002* ҚР ҚНжЕ 3.12 - 3.29-тармақтарының талаптарына сәйкес жобалау қажет. Қолданылатын құрылыс конструкциялары 1 және 4-кестелердегі 2.02-05-2002* ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес өртке төзімділіктің ең төменгі шектерін қамтамасыз етуге тиіс (1,2,3 - сурет) [2,3,4,5].
Достарыңызбен бөлісу: |