Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері



жүктеу 0,77 Mb.
бет142/176
Дата09.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#44597
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   176
Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері-emirsaba.org

153 
14.3.
Кейбір диеталық тағамдарды дайындау 
технологиясы
14.3.1.
Салқын тағамдар

Диеталық тағамдарды дайындау технологиясында буда пісіру, езгілеу, бір


өнімде әртүрлі азықтарды үйлестіру, бүркеу сияқты тәсілдер кеңінен
қолданылады.
Етті ірімшік. Жабысқақ күріш ботқасын пісіріп, електен үш рет
еттартқыштан өткізілген қайнатылған етпен бірге езгілеп, жұмсартылған
сары маймен араластырады. Массаны қағымдап, салқындатады. №1 және 2
диеталарда пайдаланады.
Балықты паштет. Сәбізді майдалап тілкемдеп кесіп, маймен бұқтырады.
Терісі бар сүйексіз балық сүбесін бөктіреді. Артынша сәбізбен бірге
жиілетілген торлы еттартқыштан өткізіп, үлпілдек масса алынғанша маймен
бірге жақсылап шайқайды. Паштетке сопақша пішін беріп, майдалап
туралған көк пияз себеді. №1-10 диеталарда пайдаланады. Тек №1 және 5
диеталарда пияздың орнына паштеттің бетін сары маймен жабады, ал №7
және 10 диеталар үшін оны тұзсыз дайындап, лимон тілімімен береді.
14.3.2.
Сорпалар

Сорпалар — рационның қажетті бөлігі. Ол тек төтенше жағдайларда ғана


болмайды. №7/10 диеталарға сорпаның жарты үлесті бөлігін қосады.
Сәбізбен үгілген сұлы ботқасы. (№1 диета). Сұлы жармасын ыстық
сумен жуып, қайнаған су құяды да қатты қыздыруда, кейін 3 сағат
шамасында әлсіз қыздыруда пісіреді. Әбден піскен жарманы қайнатпамен
бірге езгілейді. Түйірлері қалмас үшін шайқап және осы массаға ақырындап
ыстық сүт құяды (сүттің бір бөлігін қатуға алып қалады).
Қайнатылған сәбізді турап, езгілеп, сорпаға қосады. Оны қайнатып,
жұмыртқа-сүт қоспасымен дәмдеп, мармитке қояды. Егер «Геркулес» сұлы
қауызын қолданатын болса, сорпа 1 сағат пісіріледі.
14.3.3.
Тұздықтар

Тұздықтар диеталық тамақтануда дәмдік компонент ретінде ерекше


маңызды рөлге ие. Өйткені қуырылған тамақтардың алынып тасталуы
көптеген диеталарда рационның татымдық гаммасын біріктіреді. Оған қоса,
жалпы тамақтандырудағы секілді тұздықтар тағамдардың сұрыпталымдарын
түрлендіруге әсер етеді, олардың калориялығын жиі көтереді. Кейбір




154 
диеталарда тұздықтардың қолданылуына шектеу қойылған. Ол жағдайда
тағамға сары май немесе қаймақ құяды (диетаны есепке алумен).
Диеталық тамақтандыруда жалпы тамақтандыруда жоқ тұздықтарды да
дайындайды.
Ваниль тұздығы (№1 және 2 диеталар). Жұмыртқа сарыуыздарын
қантпен үгіп, кілегей қосады да жақсылап араластырады. Үздіксіз араластыра
отырып, қайнаған сүт құяды. Тұздықты сулы жылытқышта 75-80°С
температурада қоюланғанша қайнатып, ванилин қосып, сүзгіден өткізеді.
Алайда аттары сәйкес келетін тұздықтар жалпы тамақтандыру
тұздықтарынан
рецептурасы
және
дайындалу
технологиясымен
ерекшеленеді. Мысалы, қоңыр сорпаны қайнатуда пісірілген көкөністерді
қоспайды; негізгі қызыл тұздықты пиязсыз дайындайды; май ретінде
ерітілген майды қолданады; дәмдеуіштер қоспайды.
Радиацияға қарсы диеталарға арналған көптеген тұздықтарды пісіруде
сорпа немесе судың бір бөлігін бидай кебектерінің қайнатпасымен
алмастырады (негізгі ақ, сүтті, қаймақты, саңырауқұлақты тұздықтарда).
Кептірілген наннан жасалған тұздыққа кептірілген нандардың орнына
қуырылған ұнтақты кебектерді қосады. Майонез тұздығын жұмыртқа
сарыуыздары бөлігінің орнына пектин негізінде әзірлейді.

жүктеу 0,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау