Талдықорған қаласының әкімдігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды



жүктеу 64,5 Kb.
Дата13.02.2020
өлшемі64,5 Kb.
#28903
түріКонкурс

Талдықорған қаласының әкімдігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды.
Индекс 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 256, телефондар: 8(7282) 247323, электрондық адрес: otdelkadrov_tdk@mail.ru, БСН: 001140002257

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен -жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.



Байқаушылар туралы ақпарат: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің, басқа да мемлекеттік органдар мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері.

Әңгімелесу өтетін орын мен уақыты: Талдықорған қаласы, Абай көшесі 256, 316 кабинет.

  1. «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ, өнеркәсіпті дамыту секторының меңгерушісі, Е-R-3 санаты, № 89-21-04; 1-бірлік.

Еңбек сіңіргеніне байланысты лауазымдық қызметақысы – 96607 теңгеден 129920 теңгеге дейін.

Білімі: Жоғары құқық, экономика, қызмет көрсету (туризм, қонақ үй бизнесі, мейрамхана жұмысы) саласы.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;



Функционалдық міндеттері: Өнеркәсіп салаларының дамуы сұрақтары бойынша болжамдық, бағдарламалық және басқа да құжаттар дайындау, олардың орындалуының мониторингін қадағалау.

Қала кәсіпорындарында ұлтаралық сапа стандарттарын енгізілуінің мониторингін жүргізу.

Жетекшілік ететін салаларының дамуын болжау және талдау. Жаңа цехтар, өндірістер мен учаскелерді іске қосу бойынша экономиканың өндірістік секторындағы шаруашылық субъектілердің ұсыныстары бойынша тізбесін қалыптастыру. Олардың орындалуының мониторингін қадағалау.

Әкімшілік отырысына жетекшілік ететін мәселелер бойынша қаланың әлеуметтік – экономикалық даму туралы тоқсан сайын және жылдық мәлімет дайындау. Жетекшілік ететін мәселер бойынша жоғары тұрған органдарға, қала әкіміне және оның орынбасарларына есептерді, ақпараттарды және басқа да құжаттарды дайындау.

Жыл сайын жетекшілік ететін мәселелер бойынша қаланың әлеуметтік – экономикалық паспортын дайындау.

Сектор құзырына кіретін жетекшілік ететін мәселелер бойынша қала әкімі аппаратының бөлімдерімен және басқа да шаруашылық субъектілермен бірлесіп әрекет ету.


«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексінің, Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы», «Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру, темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті, алкоголь өнімін ол өндірілген аумақта сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімін ол өндірілген аумақта сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және алкоголь өнімін өндіруге арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруді өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органды айқындау туралы» Қаулыларының орындалуына бақылау жасайды.


Кәсіпорын, сауда объектілерінің, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету және базар қызметтерін үйлестіру. Өз қызметінің аясында нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруге байланысты жоғарғы органдарға ұсыныс бере алады.

2. «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтың хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ, қаржылық жоспарлау және бухгалтерлік есеп секторының бас маманы, Е-R-4 санаты, № 89-15-11, 1-бірлік.

Еңбек сіңіргеніне байланысты лауазымдық қызметақысы – 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.



Білімі: Жоғары экономикалық. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



Функционалдық міндеттері: Еңбекақыны төлемдікке кіргізу. Негізгі қаржыларды, материалдық бағалы мүлікті және ақшалай қаржыларды, инвентаризациялауды жүргізеді, қозғалыс пен есептен шығаруды, есепке алудың дұрыс жүргізілуін бақылайды. Штаттық кесте жүйесін жасайды. Бюджеттік бағдарламалар жөніндегі төлемдіктерді жүзеге асырады. Әлеуметтік жәрдемақылардың төлемдіктері мен жіберілуі жөнінде екінші деңгейдегі банктермен келісім-шарт жасап оны жүзеге асырады. Барлық бөлімдердегі белгілі бағдарламалары бар компьютерлердің тоқтаусыз жұмыс істеуін ұйымдастыру, техникаларын дұрыс пайдалануды қамтамасыз етіп қадағалайды.

Бөлімге міндеттелген функциялардың орындалу, сметалық шығындардың және экономикалық есептің жүзеге асу, тауарлық – материалдық бағалы мүліктердің сақталу бағдарламаларына сәйкес, компьютердің тоқтаусыз жұмыс істеуіне бақылау жасайды.

Іс жүргізу негіздері талаптарын орындау, жеке және заңды тұлғалардың хаттары, өтініштері мен арыздарын қарау, қабылдау жүргізу.

Мемлекеттік тілді білуі және компьютермен жұмыс істей алуы, Word, Excel, «Lotus Notes» бағдарламалары бойынша жұмысты атқаруын білу.



3. «Талдықорған қаласы білім бөлімі» ММ, жалпы орта білім және тәрбие жұмысы секторының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысында болуына байланысты), Е-R-4 санаты, № 89-14-04 1 - бірлік.

Еңбек сіңіргеніне байланысты лауазымдық қызметақысы – 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.



Білімі: Жоғары білім, гуманитарлық ғылымдар, құқықтық, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



Функционалдық міндеттері: Қаланың жалпы білім беру ұйымдарын жинақтау мәселелері бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен, облыстық білім басқармасымен байланыс жасайды. Қала мектептерінің басшыларын тағайындау мәселесі бойынша конкурстар жариялап, оны дайындап өткізуін,тағайындаудағы құжаттарын дайындау қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарының басшылары резервін жинақтайды. Педагогикалық кадрларды аттестаттау, тестілеуден өткізу, педагогикалық кадрлармен жұмыс жүргізу мемлекеттік органдағы ақпараттандыру шараларынының жүргізу, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері кадрларымен жұмыс атқару, аттестаттау процедураларын өткізу, біліктілік талптарының Жинағын дайындау. Осы мәселелер бойынша тиісті органдарға жылдық, тоқсандық мемлекеттік статистикалық есептер дайындап тапсыру. Білім бөлімі рұқсат беретін мемлекеттік қызметтердің регламентін дайындап орындау, оның ішінде білім беру қызметін лицензиялау қызметіне қатысу.

Бөлім құзыреттілігі шегінде жетекшілік ететін мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарының, ҚР Еңбек Кодексінің орындалуына бақылау жасауды іске асырады. Бөлім құзыры шегіңде білім беру ұйымдарымен, білім басқармасымен байланыс жасау.

Педагогикалық кадрлар мәселесі бойынша қала әкімінің сайтына ақпаратты жаңартып отыру.

Іс жүргізу негіздері талаптарын орындау, жеке және заңды тұлғалардың хаттары, өтініштері мен арыздарын қарау, қабылдау жүргізу.

Мемлекеттік тілді білуі және компьютермен жұмыс істей алуы, Word, Excel, «Lotus Notes» бағдарламалары бойынша жұмысты атқаруын білу.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
__________________________

_________________________


(мемлекеттік орган)
Өтініш
     

Мені__________________________________________________________


___________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:


__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

     


Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________ __________________________________________________________________
________                         ____________________________________
  (қолы)                                  (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))


«___»_______________ 20 __ ж.
жүктеу 64,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау