Тақырыптық күнтізбелік жоспар Математика 6 сынып



жүктеу 444,5 Kb.
бет1/6
Дата12.09.2022
өлшемі444,5 Kb.
#39229
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6
Та ырыпты к нтізбелік жоспар Математика 6 сынып


Бекітемін Келісемін: Ә/б қаралды: Хаттама№
Мектеп директоры: Директордың оқу ісінің меңгерушісі: Бірлестік жетекшісі:
________Р.А. Жумасаева _________ С.Т .Даулетбаева _______
“___”___________ 2021ж “___”___________ 2021ж “___”___________ 2021ж


Тақырыптық күнтізбелік жоспар
Математика 6 сынып

ҚР-ң мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты(ҚР МЖБС 2016 ,Астана,Ы Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру


академиясы, ҚР БҒМ 13.05.2016ж.№292 бұйрығымен бекітілген) (5-10 сыныптар жаңартылған білім мазмұны.)
Оқулық авторлары:А.Е. Әбілқасымова.Т. П. Кучеров.З.Ә Жұмағұлова
Алматы . Мектеп. 2017ж

Барлығы -170 сағат


Аптасына- 5 сағат
Пән мұғалімі: Мейманбаева А.Н.
2021-2022 оқу жылы

Бекітемін Келісемін: Ә/б қаралды: Хаттама


Мектеп директоры: Директордың оқу ісінің меңгерушісі: Бірлестік жетекшісі:
________Р.А. Жумасаева _________ С.Т .Даулетбаева _______
“___”___________ 2021ж “___”___________ 2021ж “___”___________ 2021ж
.


Тақырыптық күнтізбелік жоспар
Алгебра және анализ бастамалары 11 сынып
Қоғамдық-гуманитарлық бағыты

ҚР-ң мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты(ҚР МЖБС 2016 ,Астана,Ы Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру


академиясы, ҚР БҒМ 13.05.2016ж.№292 бұйрығымен бекітілген)
Оқулық авторлары: Әбілқасымова А.Е. , Кучер Т.П.
Алматы . Мектеп. 2019ж

Барлығы -102 сағат


Аптасына- 3 сағат
Пән мұғалімі: Мейманбаева А.Н.

2021-2022 оқу жылы

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-сыныпқа арналған «Математика» пәнінен


жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы


1.Түсінік хат


  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. Оқу бағдарламасыоқушылардыңжасерекшеліктерініңтанымдықмүмкіндіктерінесәйкесәроқупәнініңмазмұнынжәнеолардыңбілім, білік, дағдыларыныңкөлемін анықтайтыноқу-нормативтік құжатболып табылады.

  3. Пәндердің оқу бағдарламалары «шиыршық» қағидаты негізінде әзірленген, яғниоқу мақсаттарымен тақырыптардыңбасым көпшілігібелгілібір оқукезеңіненкейін (оқужылыбарысынданемесекелесісыныптарда) біліммендағдыныңкөлемікөбірек, тереңірек, күрделірекдеңгейдеқайтақарастырылады.

  4. Оқу бағдарламасы оқу жылы көлемінде бөлімдердің оқытылу ретін көрсететін ұзақмерзімдіжоспарға сәйкес жүзеге асырылады –Тақырыптарға сағат санының үлестірілуі және тоқсан көлемінде тақырыптардың оқытылу реттілігін мұғалім анықтай алады. Ұзақ мерзімді жоспар күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлеудің негізі бола алады.

  5. Орта мерзімді жоспарда мұғалімдер мен оқушыларға арналған және оқу мақсаттарына негізделген жұмыс түрлері қамтылған, сондай-ақ, әрбір тақырып бойынша оқу ресурстарының мысалдары келтірілген. Оқу бағдарламасымен салыстырғанда орта мерзімді жоспар ұсынбалы сипатқа ие. Сол себепті, мұғалім оқушылардың қызығушылықтары, деңгейі, қажеттіліктері мен жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін жұмыс түрлерін бейімдеп, баламалы ресурстарды таңдап ала алады.

  6. Қысқа мерзімді жоспарды (сабақ жоспарын) мұғалім орта мерзімді жоспар соңында берілген үлгі бойынша өзі әзірлейді. Әр сабақ оқу мақсатына сәйкес оқу материалдары мен оқыту іс-әрекетін мұқият таңдауды талап етеді. Әр сабақтан кейін мұғалім сабақ жоспарындағы арнайы бағанға сабаққа қысқаша рефлексия жасауы тиіс.

  7. Оқу бағдарламасы оқыту процесін оқушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін бағыттайды.

  8. Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерімен үйлесімді сабақтасқан. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады.

  9. Құндылыққа, іс-әрекетке, тұлғаға бағдарлық коммуникативтік тәсілдер білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру процесі нәтижелерінің басымдылығын арттыру үшін қолданылып, оқу бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тапты.

  10. Қазіргі кезеңде өздігінен білімді игеруі үшін оқушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұндай тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.

  11. Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру процесіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады.

  12. Білім беру процесін ұйымдастырудың барлық инновациялы қ тәсілдер оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық процесіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады.

  13. Нақты пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.

  14. Әр пәннің оқу бағдарламаларында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған. Көптілді оқу ортасын құруда әр пәннің қосқан үлесі үш тілде білім беру саясатын іске асыруды қамтамасыз ету. Тіл үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік т әсіл әрбір оқу пәнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім және білікпен алмасу, тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылады.

  15. Пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу процесінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасау керек.

  16. Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды.

  17. Оқу бағдарламалары білім беру құндылықтарының өзара байланысы мен өзара шарттылығына негізделген тәрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы қағидатын және нақты пәнді оқыту мақсаттарының жүйесі бар мектепті бітіргеннен кейінгі нәтижелерін іске асыруға мүмкіндік береді.

  18. Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімін функционалды қ және шығармашылықта қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады.

  19. Экономикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы өзгерістер оқушылардың күрделі міндеттерді шешу үшін немесе оларды шешудің жаңа тәсілдерін табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарға талдау жасау және бағалауға, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея мен ақпаратты жинақтау үшін шығармашылық түрде қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығын меңгеру қажеттілігіне себепші болады. Жігерлілік, алғырлық, өзгерістерге дайындығы, байланысқа бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттер өзекті болып отыр.

  20. Нақты пән бойынша күнделікті білім беру процесінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу процесінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады.

  21. Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарды оқушыларға дарыту негізі болып табылады. Бұл құндылықтарды оқушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.

  22. Оқу бағдарламасының мақсаты - «Математика» пәнінің мазмұнын сапалы игеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар басқа пәндермен кіріктіре отырып, жалпы адами құндылықтар негізінде және ұлттық мәдениеттің озық салт-дәстүрлері арқылы оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту.

  23. Міндеттері:

  1. «Сандар», «Алгебра», «Статистика және ықтималдықтар теориясы», «Математикалық модельдеу және анализ» бөлімдері бойынша математикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға жағдай жасау;

  2. әртүрлі мәнмәтіндегі есептерді шешуде математикалық тілді және негізгі математикалық заңдарды қолдануға, санды қатынастар мен кеңістіктік формаларды оқып білуге мүмкіндік беру;

  3. есептерді шешу мақсатында оқушылардың білімдерін математикалық модельдерді құруға және керісінше, шынайы процестерді сипаттайтын математикалық модельдерді түсіндіруге бағыттау;

  4. өздігінен оқуға және болашақ таңдаған мамандығы бойынша білімін жалғастыруға қажетті физика, химия, биология және басқа да теориялық облыстарда зерттеулер мен есептерді шешу үшін және практикалық іс-әрекеттерінде математикалық әдістерді қолданудың дағдыларын қалыптастыру;

  5. практикалық есептерді шешуде, алынған нәтижелерді бағалау мен анықтылығын орнатуда лайықты математикалық әдістерді таңдап алу үшін логикалық және сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  6. коммуникативтік дағдыларын, оның ішінде, ақпаратты дұрыс және сауатты түрде беру, сонымен қатар әртүрлі ақпарат көздерінен, басылымдар мен электрондық құралдардан алынған ақпаратты қолдану қабілетін дамыту;

  7. өздігінен және топта жұмыс істеуде қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік, бастамашылдық, табандылық, шыдамдылық пен толеранттылық сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;

  8. математиканың даму тарихымен, математикалық ұғымдардың пайда болу тарихымен таныстыру;

  9. қоғамдық ілгерілеу үшін математиканың маңыздылығын түсінуін қамтамасыз ету;

  10. математика оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану дағдыларын дамыту.

  1. Математика курсын игеру оқушыларға келесі мүмкіндіктер береді:

  2. математикалық әдістердің әмбебаптығын және олардың қоршаған әлемді зерделеудегі рөлін түсіну;

  3. әртүрлі мәнмәтіндегі процестерді сипаттау үшін математикалық модельдерді құру әдістерін игеру;

  4. зерттеушілік қызметі мен өмірлік жағдайларда қолдану үшін алынған математикалық білімдер мен дағдылардың пайдасын ұғыну;

  5. қойылған міндеттерді шешуде кең ауқымды коммуникативтік дағдыларды игерудің маңыздылығын бағалау;

  6. әртүрлі математикалық есептерді, соның ішінде қолданбалы сипаттағы есептерді шешу мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.


жүктеу 444,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау