|
Тақырып: Есту, сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы Қарастырылатын сұрақтар
|
бет | 2/8 | Дата | 27.10.2022 | өлшемі | 43,16 Kb. | | #39879 |
| 3 дәріс«Тіл дамыту» сабақтары коррекциялық жұмыстар жүйесінде саңырау және есту қабілеті нашар балалардың сөйлеу тілін дамыту мен тілдік қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін арттыруда жетекші бөлім болып табылады. Бұл бөлімнің негізгі міндеттері сөйлеу қабілетін дамыту, сөздік қорды байыту, сөздің мағынасымен жұмыс жасау, сөйлеу тілінің түрлі формаларын (ауызша, жазбаша сөйлеу тілі, дактиль тілі), сөйлеу әрекетінің түрлерін дамыту.
Есту қабілетін дамыту және сөйлеуге үйрету процесінде баланың есту қабілетін, сөйлеу тілін дамыту жұмыстарымен анықталатын коррекциялық міндеттердің маңызды түрлері орындалады. Саңырау және есту қабілеті нашар балалармен жүргізілетін есту қабілетін дамыту жұмыстары тілдік және естілетін дыбыстарды қабылдауға үйрету мақсатында есту қалдығын дамытуға бағытталады.
Есту қабілетін дамыту және сөйлеуге үйрету жұмыстары мынадай міндеттерді шешеді:
- тілдік және естілетін дыбыстарды қабылдауға үйрету;
- ауызша сөйлеу тілінің негіздерін есту және көру қабілеті арқылы қабылдауға үйрету;
- Тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдысын қалыптастыру.
Дыбыстарды айтуға үйрету жұмыстары ауызша сөйлеуге үйрету, шынайы сөйлеуге еліктеуге үйрету, дыбыс күшейткіш аппаратуралардың көмегімен жұмыс жасауға бағыт береді.
Есту қабілеті бұзылған балалар қалыпты балалар сияқты сан және цифр, көлем мен форма, заттардың кеңістіктегі орналасуы мен олардың қасиеттері, санау және өлшеу, есептеу құралдарымен танысуда математикалық біліммен қаруланады.
Есту қабілеті бұзылған балаларға мектепке дейінгі ұйымдарда ойын арқылы оқытуға аса мән беріледі. Ойын әрекетін қалыптастыру оқушылардың ойынға деген қызығушылығын арттыру, сюжетті-рольдік ойындарға араласуға, заттар мен әрекеттердің ерекшеліктерін ажыратуға үйретеді.
Бейнелеу өнеріне баулу мен конструктивті әрекетті қалыптастыру мектеп жасына дейінгі есту қабілеті бұзылған оқушылардың эстетикалық талғамын, танымдық әрекетін қалыптастырады. Бейнелеу өнеріне баулу мен конструкциялауға үйрету сабақтарында, отбасында, сабақтан тыс уақыттарда сурет салуға баулу, ермексазбен жұмыс жасау, жапсыру, конструкциялауға үйрету мақсатты түрде жүргізіледі.
Бейнелеу өнері мен конструктивті әрекетке баулу жұмыстарын ұйымдастырудағы маңызды міндеттер баланың сенсорлық қабілетін дамыту. Оқыту процесі кезінде көру арқылы қабылдау, тактильді-қимылдық қабылдау, қимылдық қабылдаудың түрлерін дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.
Мектеп жасына дейінгі есту қабілеті бұзылған баланы еңбекке тәрбиелеуде ересектердің еңбегіне қызығушылық, еліктеу қабілеті дамиды. Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық және әлеуметік дамуы қоршаған ортамен таныстыру барысында қалыптасады
Мектеп жасына дейінгі есту қабілеті бұзылған баланы тәрбиелеуде музыкалық тәрбие беру жұмыстары қатар орындалады. Дамудағы кемшіліктерді коррекциялау мен компенсациялау жұмыстары музыканы қабылдау, вокалды-интонациялық дауыс ырғағын реттеу арқылы шешіледі. Үй жағдайында тәрбиеленетін балалар үшін коррекциялық көмек түрлері мына мекемелерде ұйымдастырылады:
- денсаулық сақтау жүйесінің жергілікті жерде орналасқан сурдологиялық кабинеттерінде;
- жергілікті жердегі отолорингологиялық кабинетерде;
- мектепке дейінгі ұйымдардағы қыса уақытқа дейін тәрбиеленетін топтарда;
-медициналық-психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік реабилитациялау орталақытарында.
Есту қабілеті бұзылған балаларға коррекциялық көмек көрсету жүйесі тұрақты түрде оқыту мен тәрбиенің интеграциялану заңдылығы бойынша жүргізіледі. Аралас түрдегі мектепке дейінгі ұйымдарда интеграциялы оқытуды ұйымдастыруда интеграциялаудың түрлі формалары қарастырылған:
- уақытша интеграция, бұл формасында арнайы топтың барлық тәрбиеленушілері психикалық дамуындағы және сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерге қарамастан айына екі рет тәрбиелік шаралар бірге ұйымдастырылады;
- ішінара интеграция, жалпы білім беру стандартын игеруге қабілетсіз балаларды 1-2 баладан жалпы топтарға күннің жартысын бірге өткізулеріне жағдай жасайды;
- аралас интеграция, психофизикалық және сөйлеу тіліндегі ерекшеліктері қалыпты бала дамуымен сәйкес келетін 1-2 бала жалпы топтарда мұғалім-дефектологтың көмегімен тәрбиеленеді;
- жалпы интеграция барысында есту қабілеті бұзылған жалпы топтағы балалармен қатар тәрбиеленеді;
- мектепке дейінгі аралас топтар, барлық балаларға арналған топта (1-2 бала емес, 4-5 баладан құрылған аралас топ) екі тәрбиеші ғана емес, мұғалім-дефектолог та жұмыс жасайды.
Естімейтін (саңырау) балалар үш деңгей бойынша құрылған жалпы білім беру бағдарламасын арнайы (түзетім) мектебінің І түрінде білім алады.
1-ші деңгейі – бастауыш білім (нормативтік ұзақтығы оқу пәндеріне байланысты 5-6 жыл немесе дайындық сыныбын қоса есептегенде 6-7 жыл);
2-ші деңгейі – негізгі жалпы білім (нормативтік ұзақтығы 6-7 жыл);
3-ші деңгейі – орта (толық) жалпы білім (нормативтік ұзақтығы 2 жыл).
Бірінші сыныпқа 7 жастан бастап қабылданады. Мектепке дейіені балабақшада тәрбиеленбеген балалар дайындық сыныбынан өтеді. Сынып оқушыларының толымы 6 оқушы. Арнайы мектептің І түрінде кешенді түрдегі кемшілігі анықталған саңырауларға (ақыл-ой дамуы кешеуілдеген саңыраулар, ПДТ саңыраулар) арналған сыныптар болады. Мұндай сыныптардағы оқушылардың толымы 5 оқушыны құрайды.
Қазіргі сурдопедагогикада Ресейлік сурдопедагогикада саңырауларды оқытудың екі жүйесі (билингвистикалық оқыту жүйесі және сөйлеу тілі арқылы оқыту) қолданылады. Сурдопедагогиканың дамуында А.А.Комарованың анықтамасы бойынша саңырауларды оқыту жүйесінің жаңа тұжырымдамасын құру мақсаты жоспарланған.
Скандинавия, Великобритания, Швейцария, Канада, АҚШ және т.б. шет елдерде қолданылатын саңырауларды оқытудың билингвистикалық жүйесі өзінің тиімді жақтарымен танымал. Аталған жүйе Ресейде профессор Г.Л. Зайцеваның басшылығымен құрылған.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|