Тақырып Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай-тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары



жүктеу 374,13 Kb.
Pdf просмотр
бет19/25
Дата08.05.2020
өлшемі374,13 Kb.
#30240
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
1 СРСП

Көтерілістің  тарихи  маңызы:  қазақ  халқының  таптық  санасы  өсті.  Қазақстан 

халықтары  ұлттық  мүдделерінің  ортақтығын  тұңғыш  рет  ұғынды.  Қозғалыс  барысында 

өкімет  құрылымы,  қарулы  күштер,  басқару  аппараты  құрылды.  Ресей  империясындағы 

азаттық  күрестің  шырқау  шыңы  болды.  1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтерілістің  сипаты 



отаршылдыққа қарсы күрес болып табылады. 

 

3.  Ресейдегі  ақпан  буржуазиялық-демократиялық  революциясы  және  оның 

қазақстанға тигізген ықпалы 

 1917 


жылғы 

24-27 


ақпанда 

Ресейдегі 

буржуазиялық-демократиялық 

революциянәтижесінде,  монархия  құлатылды  (II  Николай  билігі).  1917  жылы  Ресейдегі 

ақпан  төңкерісінен  кейін  Қосөкімет  орнады  (1917  жылы  5  наурыз).  Ол  Уақытша  үкімет 

және Жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңесі. 

Қос  өкімет  дегеніміз  –  бір  мезгілде  билікке  екі  тап  өкілдерінің  келуі.  Бұл  жерде 

нақты  билікке  ие  Уақытша  үкіметтің  күшті  әлеуметтік  базасы  болмады,  ал  Кеңестер 

әлеуметтік күшке ие бола тұрып, нақты билікке қол жеткізе алмады. 

Мемлекеттік  Думаның  Уақытша  комитетінің  құрылуы,  ол  комитет  арқылы 

Уақытша үкіметтің дүниеге келуі, жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің құрылуы 

туралы хабар, Уақытша үкімет  пен Петроград Кеңесі  Президиумының халыққа жолдауы 

Қазақстанға 1917 жылы наурыздың 2-3-інде келіп жетті. 

Уақытша  үкіметте,  Петроград  Кеңесі  де  алғашқы  кезде  бір-бірін  жарыса 

толықтырумен  болды.  Уақытша  үкімет  қажетті  заңды  өкілеттіліктері  бар  жоғарғы 

мемлекеттік жалпыхалықтық сайланған органның еркін білдіретін таза қызметтік аппарат 

ретінде әрекет етті.Мұндай жағдай жергілікті жерлерде, шет аймақтарда әлі де билікке ие, 

жазалаушылық қабілетінен айрыла қоймаған көне (патшалық) бюрократиялық басқарудың 

қарсылығын бірден басты. Уақытша үкімет буржуазияның мүддесін көздеді. 

Петроград  Кеңесінің  Президиумы  өз  кезегінде  халықтың  қажетті  қолдауына  ие 

болды, губерниялар мен уездерге тікелей халықтық үкімет – Кеңестерді құруға шақырған 

жеделхаттар  жіберді.  Мұндай  әрекет  революцияның  жеңісін  бекіте  түсу  үшін  қажет 

болды,  өйткені  бұл  ақпан  жеңісін  сақтап  қалуға  және  буржуазияның  барлық  биліктерін 

шектеуге белгілі мөлшерде жағдай туғызатын еді. 

 Петроградтан  тараған  нұсқаулар  жер-жерде,  оның  ішінде  Қазақстанда  да 

қозғалыстың  өрістеуіне  себепші  болды.  Бір  жағында  буржуазиялық  элементтер  әрекет 

етсе,  екінші  жағында  революциялық-демократиялық  күштер  қимыл  жасады.  Олар  соған 

сәйкес  Уақытша  үкіметтің  жергілікті  құрылымдарын  атқарушы  комитеттер  мен 

революциялық билік органдары-Кеңестер құрады. 


жүктеу 374,13 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау