Тақырып Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай-тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары



жүктеу 374,13 Kb.
Pdf просмотр
бет21/25
Дата08.05.2020
өлшемі374,13 Kb.
#30240
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
1 СРСП

қызметіне тағайындалды. 


Қазақ елі патшалық Ресей құрамына енгеннен бергі уақытта оның бірде-бір өкілінің 

империяның  әкімшілік  жүйесінде  губерниялық,  облыстық  деңгейді  қойғанда,  тіпті  уезд 

бастығы  дәрежесінде  қызмет  жасамағандығы  мәлім.  Империяның  басқару  жүйесінде 

қазақтар болыстық атқарудан жоғарғы қызметті иемденуге тиісті емес еді. Бұл тұрғыдан 

Ә.Бөкейханов  ескі  патшалық  биліктің  орнына  келген  Уақытша  үкімет  жағдайында 

облыстық басшылыққа келген бірінші қазақ болатын. 

1917 жылы наурыз айы ішінде Орал облыстық комиссары болып Бизянов бекітілді. 

Ақмола мен Семей облыстары құрайтын Дала өлкелік комиссарлығына мемлекеттік кеңес 

мүшесі И.Лаптев жіберілді. 

1917  жылы  сәуірде  Уақытша  үкіметтің  қаулысы  бойынша  Түркістан  өлкесінде 

нақты тәртіп орнатып, күнделікті туындап отыратын мәселелерді сол жерде шешіп, өлкені 

басқару  үшін  Түркістан  уақытша  комитеті  құрылды.  Оның  құрамына  Мемлекеттік  Дума 

мүшесі  Н.Н.Шепкин,  бірінші  Дума  мүшесі  Ә.Бөкейханов,  екінші  Дума  мүшесі 

М.Тынышбаев,  үшінші  Дума  мүшелері  С.Максудов,  В.С.Елпатский,  А.А.Липовский, 

П.И.Преображенский,  О.А.Шкапский  және  генерал-майор  А.Дәулетшин  енді.  Комитетің 

төрағасы  болып  Н.Н.Щепкин  тағайындалды.  Самарқан,  Ферғана,  Сырдария,  Жетісу, 

Закаспий  облыстарында  және  Хиуа  мен  Бұқара  хандықтарындағы  орыс  поселкелеріне 

Түркістан комитеті Уақытша үкімет атынан билік жүргізуге өкілетті болды. 

1917 жылғы ақпан революциясынан кейін Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде 

белсенділіктің айтарлықтай арта түсуіне облыстық, уездік қазақ комитеттері үлкен әсер 



етті.  Олар  съездерге  дайындалу  барысында  облыстық  қоғамдық  және  басқа 

комитеттермен де, Уақытша үкіметтің органдарымен де ынтымақтастық жасады. Мысалы, 

Ә.Бөкейханов-Торғай  облысы  бойынша,  М.Тынышбаев  Жетісу  облысы  бойынша  (эсер 

А.Шкапскиймен  бірге)  Уақытша  үкіметтің  комиссарлары  болды.  Ал,  А.Байтұрсынов, 

М.Шоқаев,  М.Дулатов,  Ж.Досмұхамедов,  Х.Ғаббасов,  Ж.Ақпаев,  А.Бірімжанов, 

Ә.Кенесарин,  Р.Мәрсеков,  тағы  басқа  қазақ  зиялыларының  өкілдері  Уақытша  үкіметтің 

жергілікті  органдарында  жұмыс  істеді.  Осындай  байырғы  қазақ  халқының,  әсіресе,  ұлт 

зиялыларының  саяси  белсенділігі  өскен  жағдайда  1917  жылдың  көктемінде:  Торғай 

(Орынбор  қаласы,  2-8  сәуір,  300-ден  астам  делегат,  төрағасы  –  А.Байтұрсынов),  Жетісу 

(Верный қаласы, 12-13 сәуір, 81 делегат, төрағасы –И.Жайнақов), Орал (Орал қаласы, 19-

22  сәуір,  800-ден  астам  делегат,  төрағасы  –Ж.Досмұхамедов),  Ақмола  (Омбы  қаласы,  25 

сәуір  –  5  мамыр,  150-ге  жуық  делегат,  төрағасы-А.Тұрлыбаев)  қазақ  съездері  өткізілді

Бұл  съездер  ұлт  азаттығын,  жер  мәселесін,  діни,  мәдени,  қоғамдық-саяси,  әлеуметтік-

экономикалық  және  басқа  да  проблемаларды  шешу  жолындағы  күрестегі  қазақ 

қоғамының  қалың  топтарының  стратегиялық  міндеттерін  белгілеуге  ұмтылуымен  қатар, 

олардың  осы  мақсаттарға  жетудегі  тактикалық  бағыттарын  жасау  жолында  өздерінің 

одақтастары менқарсыластарын да ашық көрсетуге тырысты. Облыстық съездердің ішінде 

Торғай съезі көлемі мен қабылданған шешімдері бойынша айрықша ерекшеленеді. Съезд 

жұмыстарына  Ә.Бөкейханов,  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  А.Қалменов,  М.Шоқаев, 

М.Жұмабаев  және  басқа  да  сол  кезеңдегі  жас  қазақ  ойшылдары  шешуші  ықпал  жасады. 

Соның  арқасында  съезд  шешімдерінде  «Алаш»  қозғалысының  бағдарламалық  талаптары 

өз көрінісін тапты. 

Сонымен  қатар,  байырға  қазақ  жұртшылығының  түрлі  топтарын  біріктіріп, 

олардың  аттарын  анықтау  мен  шешу  мақсатында  Торғай  съезі  Бүкіл  қазақ  съезін 

шақыруға қаулы қабылдап, оны шақыру мен бағдарламалық құжаттарын дайындау үшін 

ұйымдастыру  бюросын  сайлады.  Оның  құрамына  Ә.Бөкейханов,  М.Дулатов  бастаған 

қазақ  ұлт  зиялыларының  белгілі  тобы  енді.  Съезд  осы  жылы  мамыр  айында  Москвада 

өткізуге тиіс болған Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне делегаттар сайлады. 

1917  жылы  мамырда  Петроградта  бірінші  Жалпы  ресейлік  мұсылмандар  съезі 

болып  өтті.Съезде  ұлттық-территориялық  федеративті  негіздегі  демократиялық 

республика ұлттық автономия құру мәселелері қаралды. 



Сонымен,  Ақпан  революциясының  жеңісінен  кейін  Қазақстанда  қоғамдық-саяси 

өмірдің  біршама  жандануында  Ресейдің  саяси  партиялары,  әсіресе  олардың  жергілікті 

ұйымдары мен топтары өз әсерін тигізді. 1917 жылдың көктемінде болып өткен облыстық 

қазақ  съездері  болашақ  партияның  бағдарламасын  әзірлеуге  көмектесіп,  съездерге 

қатынасқан  делегаттар  мен  қазақ  комитеттерінің  мүшелері  «Алаш»  партиясының 

әлеуметтік негізін құрады. Осылайша, 1905 жылдың өзінде-ақ құруға әрекет жасалған 




жүктеу 374,13 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау