Тақырып: Қазақ хандығы: мемлекеттің саяси институттары xv—xviii ғасырлардағы Қазақ мемлекеттігі XVII ғасырдағы мемлекет нышандары Билер институты. Құрылтай «Жеті Жарғы» Меншік қатынастары



жүктеу 21,62 Kb.
бет4/6
Дата21.01.2022
өлшемі21,62 Kb.
#34151
1   2   3   4   5   6
f5ffb83a8bddc60 (1)

4. «Жеті Жарғы»

Қазақ қоғамындағы түбегейлі әлеуметтік және саяси өзгерістерден заңдық ережелер жинағы — «Жеті Жарғы» өмірге келді. Ол XVIII ғасырдың бас кезінде Тәуке ханның тапсыруы бойынша сол тұстағы белгілі Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке және басқа билердің қатысуымен жазылды. Ереже қазақ қоғамында сол уакытқа дейін мәлім болған заңдық ережелердің табиғи жалғасы, сондай-ақ заман талабына бейімделген нұсқасы еді. «Жеті Жарғы» — қазақ қоғамындағы қоғамдық қатынастарды белгілі бір жүйеге түсірген жеті тараудан тұратын ережелер жинағы. Яғни, ол қоғамдық өмірдің мынадай жеті саласындағы даулы мәселелерді заңдық тұрғыдан шешіп отыруды көздеді:

жер дауы,
жесір дауы,
құн дауы,
ұрпақ тәрбиесі және отбасы қатынасы,
қылмыс үшін жауапкершілік (ұрлық, барымта, адам қорлау, т.б.),
ру-тайпа аралық дay және елді жаудан қорғау.

Қасым хан, Есім хан заманында адам өлтірген айыпкер өте ауыр жазаланды, яғни оның өзі ғана өлім жазасына кесіліп қоймастан, отбасы да ойрандалды. «Жеті Жарғы» енді айыпкерге жеті түрлі жаза белгілейді. Олардың арасында

«қара қазан» (айыпкерге өлім жазасы),
«қара нap» (айыпкерге өлтірілген аса беделді кісіні Түркістанға апарып жерлетіп, құнын төлету),
«қара мылтық»,
«қара кілемт» т. б. жазалар болды.

Мұндай өзгерістер, белгілі дәрежеде, қоғам өмірінде жеке адам рөлінің арта түскендігін, өмірлік құндылықтарға байланысты көзқарастың өзгеріске ұшырағандығын білдірсе керек. Мәселен, «әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауға тиіс, сұрамаса, арсыздығы үшін айып салынады» деп көрсетілген бап та осы мазмұндағы өзгерістер қатарына жатады.

Меншікті қорғау — ереженің негізгі міндеттерінің бірі. Жайылым мен егістік — ру, ал мал — отбасы меншігінде. Ереже ақсүйектердің құнын қарашанікінен жеті есе жоғары қойды.

«Жеті Жарғы» — ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылық, сондай-ақ моральдық азғындау сияқты жат қылықтарға байланысты өте қатал шараларды қарастырды. Мәселен, «Әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі», т.б.

«Жеті Жарғыда» сондай-ақ шариғат жолдары да қарастырылды. Онда: «Құдайға тіл тигізген кісі (7 адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі, көпір болған адам мал-мүлкімен айдалады», — деп көрсетілді.

Ережеге «Құл өмірі құнсыз, ол қожайынның билігінде» деген бап енгізілді. Тәуке ханның Ережелер жинағы қазақ коғамында Ресейдің Уақытша Ережесі енгізілгенге дейін, 1867—1868 жылдары, негізгі заңдық ереже міндетін атқарды.

 


жүктеу 21,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау