Тақырып 1 Криминалистиканың пәні, жүйесі, әдістері мен міндеттері. Криминалистикалық идентификация және диагностика



жүктеу 3,46 Mb.
бет10/15
Дата22.05.2018
өлшемі3,46 Mb.
#16416
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Б) Мәйіттің жеке басын анықтау

Мәйіттің кім екенін анықтап, сөйтіп елген адамның аты-жөнін білу үшін, ол тануы мүмкін делінген адамға көрсетіледі. Мұндай тану үшін керсетудің өзіндік ерекшелігі бар. Басқа объектілердей емес мәйіт жеке көрсетіледі. Оны көрсетер алдында арнайы сот-сараптама жұмысы жүргізіліп, мәйітті кісі коретіндей жағдайға келтіреді (оны «мәйітті әрлеу» дейді). Тануға мәйітханада жатқан мәйіттің беті және басқа да дене мүшелері, әсіресе, ине шаншып әлеміштеген белгілер, денедегі тыртық басқа ерекше белгілері көрсетіледі.

Тергеу тәжірибесінде кей жағдайларда, өздерінің хабар-ошарсыз кеткен туыстарын «біреу өлтіріп кетті ме» деп күдіктенген тұлғаларға аты-жені белгісіз мәйіт көрсетіледі. Егер олар мәйітті танып, оның кім екенін айтса, тергеуші осы женінде хаттама жазып, осы адамнан жауап алады. Мәйітті тану үшін көрсету тергеу әрекеті занды түрде жүргізілсе тергеуші танушыдан мәйітті қандай бет келбетінің, дене кұрлысының ерекшеліктерінен танығандығы жөнінде анықтап сұрауы керек. Мәйіттің өзі ғана емес, оның жеке дене мүшелері де тану үшін керсетілуі мүмкін. Мұндай жағдайда осы дене мүшесінің қаңцай ерекше белгілері бойынша танылғандығы анықталып, хаттамаға жазылады.

В) Жеке заттарды, бұйымдарды және басқа да объектілерді тану үшін көрсету ерекшеліктері

Тергеу барысында, тінту жүргізілгенде, не сезікті адамды ұстағанда алынған заттарды жәбірленушіге, не куәге көрсету қажет болады. Мұңдай жағдайда тергеуші осы адамдардан ұрланған заттардың белгілері туралы алдын ала жауап алып, анықтап сұрайды. Егер жауап беруші куә болса, одан ол затты қандай жағдайда көргені де сұралады. Тануға көрсету үшін бұл зат сол тектес басқа заттардың арасында танушыға көрсетіледі, егер ол көрсетілген затты таныса, оны нақты қандай белгілері бойынша танығандығы сұралып, анықталады.

Кей жағдайда тану кезінде заттарды танушы адамның белгілі бір жағдайларға, не себептерге байланысты қате жауап беруі де мүмкін екендігін естен шығаруға болмайды. Мысалы: танушы адам білімінің төмендігінен, көрсетілген киімнің қандай материаддан тігілгенін, оның бояуын немесе үлгісін дәл анықтап, айтып бере алмауы мүмкін. Мұндай жағдайда алдын ала жүргізілген тергеу өрекеті негізінде алынған жауапты затты тану үшін көрсету кезіндегі жауаппен салыстырып, олардың бір-біріне сәйкес, не қайшы келетін жерлерін анықтау керек. Содан соң осы сәйкестік немесе қайшылыққа орай тиісті мамандарды шақырып, ақылдасқан жөн, ал заттарды танушы адамнан қайта жауап алып, одан алғашқы жауабында жіберген қатесінің себебін анықтап, мәселенің аныққанығына көз жеткізу қажет.

Г) Тұрғын үй, бөлмені не жер учаскесін тану үшін көрсету ерекшеліктері

Кейбір қылмыстарды тергегенде пәтерді, жеке бөлмені, ал кей жағдайда бір жер учаскесін көрсетуге тура келеді. Осындай объектілерді көрсету арқылы қылмыс жасалған жерді анықтап, білуге болады. Айталық, жәбірленуші қылмыс жасалған үйдің мекен-жайын білмейді. Бірақ пәтердің жасауы, бөлмелердің орналасуы және басқа ойында қалған белгілер бойынша қылмыстың осы пәтерде жасалғанын танып біле алады.



Д) Малды тану үшін кӨрсету ерекшеліктері

Әр малдыҢ өзіне тән сыртқы белгілері бар. Сондықтан малдың ұрланғаны туралы кылмыстық іс қозғалғанда оның осы сыртқы белгілерін білетін жәбірленушіге немесе куәге тану үшін мал да көрсетіледі. Көрсету объектісі ретінде маЛдың өзімен бірге оның мүшелері - басы, сирағы, тҰяғы, терісі, т.б. пайдала-і іылады. Тергеу әрекетінің бұл түрін қолданғанда да жалпы заңдылық қатаң сақталуы тиіс. Айталық, мал тек ұрланған малдың сыртқы белгілерін жақсы білетін адамдарға ғана көрсетілуі тиіс.

Ұрланған мал соған ұқсас малдармен бірге көрсетілуі тиіс. Әдетте, малдың иесі ұрланған малының ерекше белгілерін, оның мінезін, табиғатын жақсы біледі.

Е) Фотобейнелерді тану үшін көрсету ерекшеліктері

Адамды бетпе-бет көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда ол оның фотобейнесін көрсету арқылы танытылады. Мұндай әдіс танушы немесе танылушы қылмыстық істі тексеретін органнан шалғай кашықтықта жүрген, сезікті немесе айыпталған адам тергеуден немесе соттан жасырынған, жәбірленушінің қайтыс болғандығын немесе хал үстінде жатқандығын, жерленгеннен кейін марқұмның түр-тұлғасын анықтау қажет болған және басқа да жағдайда қолданылады.

Фотобейненің негізгі немесе жекелеген белгілері мүлдем өзгертіліп кететіні, сондықтан объектіні тану қиындыққа түсетіні тану үшін көрсету кезінде жиі кездеседі. Бүл көбінесе сурет түсірілген кездегі жағдайға, суретке түсірушінің шеберлігіне, суреттің өнделуіне, сондай-ақ суретке түсірілгеннен кейін арада көп уақыт өткендігіне байланысты болады. Сондықтан, мүмкіндігінше өңделген не ескірген суреттерді танушыға көрсетпеген дұрыс. Куәден жауап алған кезде, суреттің иесін анықтаудың да мәні зор.

Танытылатын сурет осыған ұқсас басқа суреттерге косылады, содан соң олар жалпақ қағаздың бетіне жапсырылады да, әрқайсысы жеке-жеке нөмірленеді және әр біреуіне тергеу оргавдарының мөрі басылады, фотосуретке тергеушінің қолы қойылады. Осы күйінде ол танушыға үсынылады.


6. Тану үшін көрсетудің барысы және нәтижелері туралы хаттамада жазылады. Хаттама үш бөліктен — кіріспеден, баяндау мен қорытындыдан тұрады. Кіріспеде объектіні тану үшін көрсетілген жер мен уақыт, бұл әрекетке қатысқан басқа да адамдар туралы мәліметтер көрсетіледі. Онда сондай-ақ көрсетуге ұсынылған ұқсас адамдар мен заттардың сыртқы белгілері суреттеледі. Хаттаманың бұл бөлігінде қатысушыларға тергеу әрекетінің мәні түсіндірілгені, куә мен жәбірленушінің жауап беруден жалтарғаны немесе жалған жауап бергені үшін жауапты екендігі ескертілгені туралы айтылады. Жауап диктофон жазбасына жазылатын болса, бұл туралы да танушыға ескертілгені баяндалады.

Хаттаманын баяндау бөлігінде тану үшін көрсетілген жердегі жағдай, көрсетілген адамдардың (заттардың, малдардың) қалай орналастырылғаны, жарықтың қалай түскені мен күші, уақыты туралы мәліметтер жазылады. Одан әрі танушының дәлелдемелері қағазға мүмкіндігінше егжей-тегжейлі түсіріледі.

Хаттаманың корытынды бөлігінде қолданылған ғылыми-техникалық қүрал-жабдықтар туралы көрсетіледі. Бұл бөлікте қатысушылардың тану үшін көрсету кезіндегі тергеушінің әрекетіне және басқа да жекелеген жағдайларға байланысты ескертулері айтылады.
10-Тақырып Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру және нақтылау тактикасы. Ұстау тактикасы.

1. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың түсінігі

2. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың кезеңдері мен тәсілдері

3. Ұстау түсінігі және оның негіздері. Ұстауға әзірлік

4. Ұстаудың тактикалық әдістері
1. Қылмыстық істерді тергеу үстінде көп жағдайларда куәнің, жәбірленушінің, айыпкердің берген жауаптарын оқиға болған жерге барып анықтап, тексеруге тура келеді.

Осындай тексеру арқылы тергеуші жауаптағы мәліметтерді окиғаның болған жеріндегі нақты жағдаймен, ол жердегі объектілердің орналасуымен салыстырып, жауапта айтылған мәліметтер шындыққа жата ма, жоқ па деп сынап кереді.

Осындай қарау үстінде жауапта айтылған жерді, онда орналасқан объектілерді тергеуші өз көзімен көріп, олар женінде толық ақпарат алады. Айтылған жауапты тексеру аркылы, оқиғаның болу жолын, осы жердін ерекшелігімен, жағдайымен салыстырып, мұндайда қандай іздер калады, олар қай жерде қалуы мүмкін деп болжап, іс бойынша жаңа деректер, дәлелдемелер тауып алуы мүмкін.

1960 жылға дейін процессуальдық занда мұндай тергеу әрекеті жоқ болатын. Бірақ айғақты оқиға болған жерге шығып анықтау әдісі тергеу тәжірибесінде колданылатын, оны жауап алудың жалғасы, ерекше түрі деп есептейтін. Кейінірек бүл іске керекті дәлелдеме іздеу әдісі дербес процессуальдық тергеу әрекеті есебінде занда көрсетіліп, тергеуде жиі қолданылатын болды. Әрине, бұл тергеу әрекетін жүргізгенде басқа тергеу әрекетінің кейбір элементтері, әдістері де қодданылады. Бұл тергеу әрекетін жүргізу үстінде жауап та алынады, іздерді қарау әдістері де қолданылады, кей жағдайда тергеу тәжірибелері де өткізіледі. Осыған байланысты бұл тергеу әрекеті жауап алумен де, оқиға болған жерді қарау, тергеу экспериментімен де көп ұқсастығы бар. Бірақ мұнда тергеу әрекетінің тек жекелеген кейбір әдістері ғана аралас қолданатындықтан айғақты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау өзіне тән ерекшеліктері бар, дербес тергеу әрекеті деп саналады.

Айталық, окиға болған жерде тергеудің жауап алудан айырмашылығы мынада: окиға болған жерде тексеру айғақ адамдардың қатысуымен жүргізіледі, жауапта көрсетілген деректер оқиға болған жерде кдйтара тексеріліп, кейбір жауаптағы мәлімеггерді қимыл-әрекеттермен баяндап көрсетеді. Ал, тану үшін көрсету тергеу әрекетімен салыстырғанда, айғақты оқиға болған жерде тексеру мен нактылаудың ерекшелігі - танушы оқиға болған жерді, ондағы объектілердің танумен ғана шектелмейді, сонымен бірге ондағы өзі байкаған кейінгі өзгерістерді де баяндайды, өзінің, кейде оқиғаға басқа да қатысушылардың жекелеген әрекеттерін кимыл үстінде көрсетеді.

Бұл тергеу әрекетінің ең басты ерекшелігі сол, жауап алу кезінде шындықты анықтай түсу, жана дәлелдемелер алу мақсатында тергеуші оқиға болған жерді, жекелеген объектілерді жауап берушіні қатыстыра отырып тексереді, егер кажеттілік туындаса оқиға болған кездегі жағдайды қалпына келтіріп, пысықтайды. Егер тексеру кезінде айғақтық жаңа заттар, іздер табылса тергеуші оны да іске пайдаланады.


2. Куәден бе, жәбірленушіден бе, жоқ әлде айыпкерден бе кімнен жауап алынатынына орай айғақты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау үстівде әр түрлі әдістер қолданылады. Сондай-ақ, дайындық жұмыстары жүргізілгенде колданылатын тактикалық әдістер белгіленіп, әдіс іріктелуі мүмкін. Тергеуге кірісер алдында тергеуші жоспар қүрған кезде мұны мұқият ескеруі тиіс. Яғни, жоспарда тергеу әрекетінің мақсаты дәл анықталып, қылмыстық істің жедел-іздестіру шаралары кезінде жиналған материалдары мұқият зерттелуі тиіс.

Егер тергеушіге дәлелдемелердің тексерілетін жері белгілі болса тергеу әрекетін өткізу жоспарын нақтылау үшін ол сол жерге алдын ала барып, алдағы жұмыстың бүкіл барысын пысықтауы керек. Егер тексеру бірнеше жерде өткізілетін болса, оған қатысушылар овда дер кезівде жеткізілетін көліктің түрлері әзірленіп, тексерудің қай кезінде кімді қай жерге, қандай мақсатта орналастыру қажеттігі айкындалуы қажет.

Дайындық кезінде жедел топың құрамы белгіленеді. Оның құрамына тергеуші және жедел-іздестіру органдарының қызметкерлерімен бірге ізге ит салатын кинолог, сондай-ақ маман-криминалист, сот-сарапшысы басқа да қажетті мамандар енгізілуі мүмкін. Содан соң куәгер адамдар қатыстырылады. Оларды іріктегенде тексерілетін істің күрделілігі ескерілуі тиіс, өйткені олар тексерудегі жағдайды түсініп, есте сақтай алатындай, кейін қажеттілік туындаса жүргізілген әрекеттің мазмұны мен нәтижесін баяндап бере алатындай болуы керек. Егер қосымша куәгерлерді бір жерге бірнеше рет шақыру қажет болса, олардың екінші қайтара шақырылмауын ескерген жөн.

Куәні немесе айыпталушыны оқиға болған жерге олардың келісімімен ғана шығару керек.

Дайындық және тексеруді өткізу кезінде айыпталушының оқиға болған жерге баруға ішкі есеппен келісім беруі де мүмкін екендігін, оның ақиқатты ашуға шын ниетімен көмектесуге ықылас білдіруімен бірге, ретін тауып күзетшіден сытылып, құтылып кетуге, қандай жолмен болсын сыбайластарымен байланыс орнатуға, оқиға болған жердегі ізді өшіріп жіберуге немесе тергеушінің әлі неге назар аудармағанын білуге тырысатынын естен шығаруға болмайды.

Аталған тергеу әрекетіне дайындық кезеңі әрекетке қатысушыларға тиісті нұсқау берумен аяқталады. Онда тергеу әрекетінің мақсаты мен тәртібі, катысушылардың құқығы мен міндеттері түсіндіріледі. Әсіресе, келесі мәселелерге айрықша назар аударылады:

а) жауабы тексерілетін адам тергеу әрекетіне қатысушылардың барлығының алдында жүреді, жүріс бағытын анықтайды, бұрынғы жауабында айтқан учаскелер мен заттарды көрсетеді;

ә) барлық ұйымдық мәселелерді тек тергеуші ғана шешеді;

б) жауабы тексерілетін адамға сұрақ тек тергеушінің рұқсатымен беріледі, қандай әрекет болсын ол тек тергеушінің нұсқауымен жасалады.

Тергеуші де ез әрекетіне өте мұкият қарауы, яғни өзіне икемдейтіндей әрекеттен немесе сұрақтан сақтаңуы тиіс. Егер бұл талап орындалмаса, айыпталушы немесе куә тергеушінің айтқанына ілесіп, оның сұрақтарын мақұлдай беретін болса тергеу әрекетінің текке кеткені. Әдетте, алдын ала жүргізілген тергеу кезінде тергеушінің ақиқатқа көзі жеткен, тек оны оқиға болған жерде «нықтай» түсу қажет болғанда ғана мұндай әдістің қолданылуы мүмкін.

Жауабы тексерілетін адам тергеу бойынша жүретін жолды өзі анықтап, тоқтайтын жерді өзі белгілеп, сол жерде өткен оқиға туралы айтып беруі керек. Бүл белгілі бір объектілерді көрсетуге де қатысты.

Тергеу әрекетінің, бұл әдісінде де оның нәтижесі хатталады. Мұнда басқа да тергеу әрекеттеріндегідей ортақ тәртіппен бірге аталған әрекеттің өзіндік ерекшелігі, яғни:

а) тексерудің, немесе дәлелдеменің оқиға болған жерде пысықталуынын қандай мақсатпен жүргізілгенін түсіндіруге;

ә) жәбірленушінің немесе айыпкердің оқиға болған жерге баруға өз еркімен келісім бергенін жазу;

б) айғақты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылауға қатысушылардың жүрген жолының бастауы көрсетіліп, жауабы тексерілетін адамның түсініктемесі келтіріле отырып жазылған тергеу жолы;

в) оқиға болған жерді және ондағы заттарды танығаны бойынша барлық әрекеттерге берілген түсініктемелер мен баяндауларды келтіре отырып, жол үстінде тоқтаған жерлер мен оның соңғы бітетін тұсын белгілеу;

г) түсірілген фотосуреттер, видеожазбалар, жасалған жоспар туралы жазбалар, т.б. ескерілуі тиіс.
3. Ұстау дегеніміз - қылмысты жасауы мүмкін деген сезікті адамды, оның кінәсі анықталып, айып жариялағанша тұтқынға алуға байланысты кідіртпей жүргізілетін, заңда көрсетілген тергеу әрекеті.

Қылмыс үстінде немесе кейін қылмысқа тікелей қатысты қолға түскен, көзімен көргендер, оның ішінде жәбірленушілер, жаңағы адамды кылмыскер ретінде көрсеткен, сезік келтірген адамның денесінен не киімінен немесе оныңтұрған үйінен жасалған қылмыстың іздері табылған жағдайда ол адам тұтқынға алынады.

Заң бойынша егер қылмыс жасады деуге негіз болатындай басқа да деректер кездескен, ол адам қашуға әрекет еткен немесе оның тұрақты мекені болмаған, сондай-ақ сезік келтірушінің аты-жөні анықталмаған жағдайда ғана ұсталуы тиіс. Сондай-ақ егер анықтау органдары жедел-іздестіру немесе қылмыс-тық іс жүргізу заңына сәйкес баскд да шараларды жүзеге асырғанда қылмыс жасаған адам анықталса оның ұсталуы мүмкін.

Мұндай жағдайларда қылмыс жасады деп сезік тудырған адамды ұстау үшін прокурордың рүксаты талап етілмейді. Анықтау органы тек сезіктелушінің қандай негізде ұсталғанын көрсетіп хаттама жазуға және бұл жөнінде заңда көрсетілген мерзім ішінде прокурорға хабарлауға міндетті.

Негізсіз ұстау заңдылыкты өрескел бұзғандық болып есептеледі. Сондықтан бұған мейлінше сақ болу керек. Егер қылмыстық іс тергеу үстінде болса, онда қылмыс жасағаны туралы сезік тудырған адамды ұстау мәселесін ең алдымен тергеуші шешеді.

Ұстаудың тактикалық әдістері криминалистика ғылымында тәжірибеге негізделіп жасалады. Тактикалық жағынан, сезік тудырушылар жеке-жеке және тобымен ұсталуы мүмкін.



Ұстауға әзірлік. Ұстауға дайындық дегеніміз не? Ол ұсталуға тиісті сезіктелушінің жеке басын, оны ұстау көзделген жердің жағдайын зерттеу; ұстаудың жоспарын жасау; жедел топты жасақтау, жабдықтау және оған нұсқау беру.

Ұсталуға тиісті сезік тудырушының жеке басын зерттегенде қылмыс жасаған кездегі оның әрекетінің қаншалықты қатыгездігі, қауіптілігі, оның бойында қаруының бар-жоқтығы, бұрын ауыр қылмыс жасаған не жасамағандығы, сондай-ақ бүған дейін «полиция қызметкерлеріне қарулы карсылық керсеткен жоқ па, дәл қазір оның осындай әрекетке баруы мүмкін бе», міне осы мәселелердің бәрі егжей-тегжейлі зерттеледі. Осыған қоса, оның күнделікті тұрмыс-тіршілігі, өмір салты, мінез-құлқы, уақытын қайда, қалай өткізетіні, әдетте, қайда, қалай жүріп баратыны, қылмыстық байланысы, т.б. тексеріледі. Аталған әрекеттер ұстау кезінде қылмыскердің қалай әрекет ететінін дәл болжап, соған орай тиімді қимыл жасау, яғни жедел топтың, әрекет мәнерін дұрыс жоспарлау, ұсталатын жер мен ұстау уақытын дұрыс белгілеу, тиімді тактикалық әдісті іріктеу, жедел топтың сандық құрамын дәл анықтау үшін қажет.

Сезік тудырушыны ұстау көзделген жерді зерттеу арқылы жедел топ ұстау кезінде төңіректі еркін болжап, батыл қимылдай адады. Топ мүшелеріне нақты жағдайға орай міндет жүктеледі, бақылау нүктесі, көлік қоятын жер белгіленеді, қозғалыстың бағыты анықталады. Егер кылмыскерді белгілі бір құрылыс ішінде ұстау көзделсе, оның құтылып кетпеуі үшін осы құрылысқа кіретін не шығатын барлық жерлерді, бөлмелердің қалай орналасқанын, терезелерін, баспалдақтарын, қосалқы құрылыстарын алдын ала тексеру, күрылыс маңындағы жабынды жерлерді, бұта, ағаштарды, тығылуға болатын басқа да барлық орындарды анықтау керек

Дайындық барысында қажетті мәліметтер жиналған алғашқы материалдардан, кылмыстық істегі деректерден, жедел-іздестіру деректерінен, қылмысты тіркеу жүйесінен, архивтерден және басқаларынан алынуы мүмкін. Жиналған осындай мәліметтердің негізінде қылмыскерді ұстаудың жоспары жасалады. Онда ұстау мерзімі мен ұсталатын жер, кімнің кандай шараларды жүзеге асыратыны, жедел топты кімнің басқаратындығы көрсетіледі.

Полиция қызметкерлерінің қылмыскерді ұстайтын жерге қандай көлікпен, кандай жолмен жүріп баратыны да жоспарланады. Және мұны жоспарлағанда қылмыскердің полиция қызметкерлерін жол үстінде басқа жолаушылардан айырып, танып қалмайтынына айрықша назар аударылады. Бір мезгілде әр жердегі бірнеше адамды катар ұстау қажет болған кезде қылмыскерлердің бір-бірімен кездестірілмеуі көзделеді. Олар тергеу орнына әр түрлі жолмен, әр түрлі көлікпен жеткізіледі және алғашқы тергеу жүргізілетін камераларға жеке-жеке қамалады. Жоспарда сондай-ақ жедел топтың қандай техникалық-криминалистикалық құралдармен жабдықталатыны көрсетіледі. Сонымен бірге, жедел топ мүшелерінің бір-бірімен қалай байланыс жасайтыны анықталуы тиіс. Бұл мақсатта жедел топтың автокөлігіндегі, мотоциклдеріндегі радио-қондырғылар, жакын мандағы телефондар және басқалары пайдаланылады.

Ұстауға дайындық жедел топқа нұсқау берумен аяқталады. Өйткені топтың барлық мүшелері өздеріне нақты қандай міндет жүктелгенін, яғни кімді, кашан, қай жерде ұстайтынын дәл білуі керек. Ол үшін оған ұсталатын адамның барлық белгілері, басқа да қажетті деректер толық айтылады. Егер топ мүшесінің қолында қылмыскердің суреті болса сонымен салыстырады, сондықтан мүмкіндігінше, топтың әр мүшесінде ұсталатын адамның суреті болғаны жөн.

Нұсқау кезінде жедел топтың әр мүшесінің атыс каруын қалай қолданатыны тексеріледі. Топ мүшелеріне кылмыскермен тілдеспеуді, қылмыскердің ұсталғаны, сондай-ақ ұстау мен тінтудің нәтижесі туралы құпияны жария етпеуі ескертіледі.
4. Тәжірибеде байқалғандай, ұстаудың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан оның тактикалық әдісі де әр түрлі. Алайда, мүның өмірдегі қолданылуын талдай келе, сезік келтірушілерді жекелеп те, топтап та колға түсірудің сыннан өткен, үлгі ретінде қолданылатындай ортақ әдістерін бөле айтуға болады.

Ұстаудың тактикалық әдісін ұсталатын жерге орай қарау қалыптасқан. Сонымен қатар, қылмыскердің алдын ала дайындық жүргізу арқылы және жағдай талап еткендей, ешқандай дайындықсыз-ақ ұсталатынын естен шығаруға болмайды.

Алдын ала дайындық жүргізу арқылы кымыскер ашық жерде, қоғамдық орындарда, айталық, мейрамханада, мәдениет орындарында, адам көп жиналатын сәулетті ғимараттарда, қылмыс жасалған жерге барар жолда, ұрланған мүліктер жасырылған жерде, қылмыс жасалған жерде, жұмыс орнында, тұратын мекен-жайында ұсталуы мүмкін.

Қылмыскерді ашық жерде кенеттен ұстаған жеңіл. Өйткені ол құқық қорғау органдарының кызметкерлерін көпшіліктің арасынан айыра алмай калады. Дегенмен, сонымен бірге, мұндайда қылмыскердің қарулы карсылық көрсетуі, сөйтіп, айналадағы адамдардың өміріне қауіп төндіруі мүмкіндігін де ескерген жөн. Сондықтан сезік келтірушінің оқшауланып, жеке шыққан сәтін пайдаланып кенеттен қолға түсіру керек.

Бір топ қылмыстыны ашық жерде ұстау үшін де жеке қылмыстыны ұстағандай әдіс колданылады, тек одан өзгешелігі әр қылмыскерді ұстауға жедел топтың жеке арнаулы кызметкері бөлінеді. Жедел топтың жетекшісі, мейлінше, ұтымды сәтті күтіп, сол сәт соққанда қимылға кірісуге бұйрық береді. Оның қарауында кез келген уақытта көмекке ұмтылатын қосымша күш әзір тұрады.

Қылмыскер көп жағдайда қылмыс жасауға бара жатқан жерінде ұсталады. Мұндайда кылмыс жасау ниетімен бағыт түзеген адамның соңына бакылаушы, қылмыс жасалуы мүмкін жерге қоршау қойылады. Өйткені жедел топтың назарына ілікпеген сырт күштің де қылмысқа араласуы мүмкін. Қоршау, міне осын-дай әрекеттің алдын алуы тиіс.

Егер ұрланған зат табылып, бірақ оны ұрлаушы белгісіз болса, қылмыскерді ұстау үшін жаңағы жасырылған бағалы заттың маңына күзет қойылуы мүмкін. Мұндай жағдайда мұны білетін адамдардың мейлінше сақ болғаны жақсы. Күзет көбіне ұрланған заттын жасырылған жерін білетін адам анықталғаннан және онымен бұл туралы ешкімге тіс жармауға келіскеннен кейін қойылады. Күзет бүған қажеттілік жойылған кезде алынады.

Парақорлық, мемлекеттің немесе коғамның мүлкін жым-қыру, қызмет бабын өз басына пайдалану сияқты қылмысты жасағандар жеке ұсталады. Айталық, парақорлар пара алып жатқан жерінде, мемлекет және қоғам мүлкін талан-таражға салушылар жымқырған заттарын сол жымқырған жеріне алып шығарда, оны өткізу үстінде тұтқындалады.

Сезік келтіруші (айыпталушы) тұрақты немесе уақытша жұмыс орнында кәсіпорын, мекеме басшыларының көмегімен ұсталады. Оларға ұстаудың себептері түсіндіріліп, әдістері белгіленеді. Ұсталатын адам оның барлық, әрекеттеріне полиция қызметкері толық бақылау қойғаннан кейін шақырылады. Әйтпесе, кәсіпорын не мекеме басшысының шақыруы бойынша келудің орнына сезіктелуші (айыпталушы) тергеу орындарынан сытылып кетуге тырысуы мүмкін.

Сезіктелушіні (айыпталушыны) әсіресе қарулы қылмыскерді түрғын үйлерде ұстау күрделі тергеу әрекеті болып табылады. Өйткені жедел топтың мүшелері үй ішіне қылмыскерге байқалмай кіруі керек. Көп жағдайда бұл қиындыққа түседі. Өйткені, қандай әрекетке болсын кылмыскер өте сақтықпен қарайды. Қауіп төнген сәтте ол ізін жасыруы немесе кажет деп тапса қарулы қарсылыққа әзірленіп үлгеруі мүмкін. Сондықтан басқа жерде ұстауға және уақытты бұдан әрі созуға болмайтын жағдайда ғана, оны өзінің немесе таныстарының үйінен ұстауға тура келеді.

Тергеуден қашып жүрген қылмыскер, егер оны көзімен көргендер немесе жәбірленушілер қылмыс жасаушыны тікелей көрсетсе, қылмысын өтеп отырған жерінен қашып жүргендер назарға ілінсе, сондай-ақ ұрлаған заттарын тасып бара жатқан, базарда, сауда кәсіпорындарында, басқа да елді мекендерде сатып жүрген кезінде ол алдын ала дайындықсыз ұсталады.

Аталған жағдайларда, ауыр қылмыс жасағандардың карулы қарсылық көрсетуі мүмкін екендігін естен шығаруға болмайды. Сондай-ақ, кылмыстың басқа түрін жасағандар да белгілі бір дәрежеде қарсылық көрсетері сөзсіз. Сондықтан қылмыскерді ұстауға әзірленген топ карсылықтың қандай түріне болсын дайын тұруы керек.

Полиция қызметкері кылмыскердің соңына ол жасырынуы мүмкін бағытпен түседі. Ұстау мақсатында қылмыскердің қылмыс жасаған жерден алған көлік құралдары туралы, басқа да мәліметтер пайдаланылады. Қылмыскер уақыт өткізбей, жедел ұсталуы тиіс. Ол үшін ізге түсетін арнайы топ кұрылады. Ол топ жер ыңғайын, қосымша кұрылыстарды зерттейді, жол бойындағылармен, қарсы кездескен автокөліктің жүргізушілерімен, жолаушылармен сөйлеседі және жағдайға орай әрекет етеді. Қауіпті қылмыскерді ұстау мақсатында ішкі істер бөлімдерінің бастықтары қылмыскер шығып кетуі мүмкін басты-басты жолдарды (теміржол бекеттерін, аэропортты, көлік жоддарындағы тоқтайтын жерлерді, т.б.) күзету үшін жедел топ жібереді.

Тақырып 11 Криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері. Криминалистикалық сипаттама.

1. Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің ұғымы мен міндеттері

2. Қылмыстардың жекеленген түрлерін және топтарын тергеу әдістемесінің пәні мен қағидалары

3. Криминалистикалық әдістеменің құрылымы мен негізгі ұғымдары

4. Криминалистикалық сипаттаманын түсінігі және оның тарихи аспектілері

5. Криминалистикалық сипаттаманың элементтері

1. Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесі немесе криминалистикалық әдістеме - криминалистиканың жеке тарауы бола отырып, нақты заң талаптарға сәйкес тергеу әрекетін неғұрлым тиімді әрі нәтижелі жүргізуге ғылыми негізделген ұсыныстарды жасау мақсатында жекеленген қылмыс түрлерін ашу, тергеу, олардың алдын алу шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру заңдылыктарын зерттейді.

Криминалистикалык әдістемені қалыптастыру мүмкіндігі - әрбір криминалдық іс-әрекет жеке өзіне ғана тән ерекше белгілерді, сонымен қатар барлық қылмыстарға тән жалпы белгілерді иемденетіндігіне негізделеді (бұл қылмыстың жекеленген бір түріне немесе тобына қатысты белгілер). Мәселен, ұрлық жасауда, оны жасау уақыты, әдістемесі мен жағдайларына қарамастан жалпы белгілері бір болып келеді.

Қылмыстың жекеленген топтарына ортақ жалпы белгілердің болуы - нақты бір қылмыс жөнінде іс қозғау ерекшеліктерін, осы кылмыстарды тергеу кезінде туындаған типтік болжауларды, сондай-ақ алғашқы және кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттерінін, сипаты мен міндеттерін, оларды неғұрлым тиімді жүргізу әдіс-тәсілдерін, нақты криминалдық құбылыстарды ескерту, алдын алу шараларын аныктауға мүмкіндіктер береді. Нақты айтқанда, жекеленген қылмыс түрлері мен топтарының жалпы белгілері тергеу әдістемесі негізделетін фундаменті құрайды.

Қылмыс белгілерінің жалпылығы олардың әр қайсысының жекелігін жоққа шығармайды. Сондықтан да тергеу әдістемесінде әрбір нақты іс-әрекетті тергеуге қатысты нұсқаулар жоқ және болуы да мүмкін емес, әдістеме - жекеленген қылмыс түрлері мен топтарының жалпы белгілеріне сүйене отырып барлық қылмыстық әрекеттерге тән сипаттамаларды анықтайды және де оларға сәйкес ұсыныстар береді. Бірақ, тергеуші оларды нақты бір қылмыстық істегі ерекшеліктерді ескере отырып қолдануы тиіс. Әдістеме ұсыныстарын нақты бір қылмыстық істі тергеуге механикалық қолдану - тергеушінің қылмысты ашу мен тергеу жұмыстарын жүргізуін қиындатады. Демек, криминалистикалық техника мен криминалистикалық тактикадағы қылмыстық оқиғалардың жекеленген түрлері мен топтарының тергеуге қатысты мәліметтері мен оларды мақсатты пайдалануға бағытталған әдістеме жөніндегі ұсыныстарды жинақтайды.

Осыған байланысты криминалистиканың төртінші бөлімі — адам өлтіру, зорлау, тонау, ұрлық жасау және т.б. әрекеттерді тергеу әдістемелерін мазмұндайтын бірқатар тараулардан тұрады.

Криминалистиканың «криминалистикалық әдістеме» деп аталатын бөлімі келесідей екі бөлімнен тұратынын көрсетеді:

• криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері;

• кылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемелері.

Жалпы ережелер — бұл криминалистикалық әдістеменің (жүйесі, міндеттері, ғылымның басқа түрлерімен байланысы және т.б.) теориясы.

Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің жалпы ережелерінін құрылымына темендегідей мәселелер кіреді:

- криминалистикалық әдістеменің үғымы, пәні; әдістеменің криминалистиканың басқа бөлімдерімен өзара байланысы; криминалистика жүйесінде әдістеменің маңызы мен рөлі;

- анықтауға жататын мән-жайлардың ұғымы мен мазмұны;

- қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының ұғымы, мәні және мазмұны;

- тергеу ситуациясының түсінігі мен мәні;

- тергеу кезеңдерінің түсінігі; әрбір кезеңнің міндеттері мен жалпы сипаттамасы.

Жеке әдістемелер - бұл кылмыстардың накты түрлері мен топтарын тергеудін, ұсыныстары, бағдарламалары болып табылады.

Жеке әдістемелер өз кезегінде мынандай 2 топқа бөлінеді:

- типтік;

- ерекше.

Алғашқылары қылмыстық занда көзделген кылмыстардың жекеленген түрлері бойынша құрылған және қылмыстық жазалайтын әрекет түрлерінің санына сәйкес келеді.

Ерекше жеке әдістемелер — бұл бастапқы белгілерден ерекшеленетін басқа белгілердің бөліну негізінде кіретін әдістемелер:

• қылмыстың жасалу орыны бойынша;

• кылмыскердің жеке басының сипаттамасы бойынша

• кылмыстық әрекетті жасау сәтінен бастап өткен уақыт мөлшері бойынша

• тергеуге қатысатын тергеушілердің саны бойынша.

Криминалистикалық әдістеменің арнайы мәселелеріне (міндеттеріне) келесілерді жатқызуға болады:

• кылмыс пен кылмыстылықтың криминалистикалық бағытын (позициясын) зерттеу;

• кылмыстардың әр түрлі топтары мен түрлерін тергеу жолымен ашу және алдын алудың нәтижелі тәжірибесін зерттеу мен талдап корыту;

• жасалған қылмыстық жауаптылық әрекеттері бойынша тергеуді ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы заңдылықтарын анықтау;

• тергеуді ұйымдастыруды жүзеге асыру, сонымен қатар қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын алдын алудағы ғылыми негізделген әдістемелік ұсыныстар қүрастыру.

Криминалистикалык әдістеменің қайнар көздеріне:

• қылмыс қүрамының белгілерін, сонымен қатар кылмыстық істер бойынша тергеу барысындағы дәлелдеу пәні мен шектерін анықтайтын кылмыстық және қылмыстық іс жүргізу зандарының нормалары;

• криминалистиканың, криминалистикалық техниканың, криминалистикалық тактиканың жалпы теориясының ережелері, криминалистикалық-ұйымдастырушылық ережелері;

• қылмыстарды ашу, тергеу және алдын алу тәжірибесі;

• қылмыстарды тергеу кезінде пайдаланылатын басқа да ғылымдардың жекеленген ережелері жатады.
2. Барлық қылмыстарға тән жалпы (ортақ) белгілердің болуы, оларды тергеу әдістемесінде жалпы зандылықтардың болуынан көрініс табады. Сондықтан да қылмыстардың әрбір түрлері мен топтарын тергеу кезінде олар нақты әдістеменің ерекшеліктеріне қарамастан жалпы қағида талаптарына сәйкес келуі тиіс. Қағида деп — белгілі бір ғылыми теорияда басшылыққа алатын негізгі идеяларды айтамыз. Криминалистикалық әдістеменің қағидасы — қылмыстық жауаптылыққа тартылатын әрекеттерді тергеуді жүзеге асыратын және де ұйымдастыратын ережелердің жиынтығы.

Криминалистикалық әдістеменің қағидалары: жалпы, жеке, арнайы - деп үш топка бөліп карастырылады.



Жалпыға - кылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің заңдылықтарын сақтау; теория мен тәжірибенің біртұтастығы; қылмыстық әрекеттердің жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің мақсаттылығы; олардың тергеудегі тәуелсіздігі; мамандандырылуы жатады.

Жеке қағидаларға - қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемелерінің: ғылымилығы, тиімділігі және кұрылымдылық біртұтастығы; олардың жоспарлық негізі мен кезеңділігі, ситуациясы, көп қырлылығы және нақтылығы жатады.

Арнайы қағидалар — көп дәрежелі, олар мазмұны бойынша әр түрлі және кылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемелерінің негізгі бастауларынан тұрады.
3. Қылмыстардың әрбір жеке түрлері бойынша анықтауға жататын мән-жайлар шеңбері Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес баптарымен анықталады.

Заң нормалары мен тергеу тәжірибелерін басшылыкка ала отырып, криминалистикалық әдістеме тергеушіге қылмыстардың әрбір түрі немесе тобы бойынша анықтауға жататын мән-жайлардың қатарын нақтырақ анықтауға мүмкіндік беретін ұсыныстарды өндеп жетілдіреді. Анықтауға жататын мән-жайлар Қылмыстық іс жүргізу кодексінің сәйкес баптарының диспозициясы мен қылмыстық процестегі дәлелдеу пәні элементтерінің механикалық үйлесімділігі ғана емес екендігін нақты ескертіп өткеніміз жөн. Аталған санаттар кылмыстық іс жүргізу және кылмыстық құкық ғылым салаларына жатады, криминалистика ғылымымен толықтырылады, өнделеді, жетілдіріледі және де соның негізінде жаңа сапаға ие болады.

Қылмыстардың жекеленген түрлерін тергеу әдістемесінің құрылымы мен мазмұны.

Қылмыстардың нақты бір түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің типтік құрылымына сәйкес жеке әдістемеден келесілер көрініс табуы қажет:

• нақты қылмыс түрін (тобын) тергеу кезінде аныктауға жататын жағдайлар;

• нақты бір қылмыс түрінің криминалистикалық сипаттамасы;

•қылмыстық істі қозғау және берілген санаттағы іс бойынша тергеудің алғашкы кезенін жоспарлау ерекшеліктері;

• тергеудің әрбір кезеңіндегі туындайтын типтік ситуацияларына, сондай-ақ тергеушінің әрекетінің тактикалық және ұйымдастыру мен басқа да шараларының ерекшеліктеріне байланысты тәртіп ережелері (бағдарламасы, алгоритмі);

•берілген сипаттағы істер бойынша арнайы білімдерді қолдану ерекшеліктері;

• қоғамның көмегін пайдалану ерекшелігі;

•қылмыстың берілген түрін тергеу кезінде тергеушінің анықтау аппараттарымен өзара байланысын ұйымдастыру;

• сәйкес санаттағы істі тергеуге байланысты материалдары бойынша тексеріс жұмыстарын ұйымдастыру.

Жеке әдістеменің бұл құрылымы криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелерінін құрылымы сиякты типтік болып табылады; бұған осы және басқа да анықтаулар жатады. Жеке әдістеме толық деңгейде өнделіп жетілдірілген деуге болады, ол қазіргі криминалистика тарауларының барлық талаптарына жауап береді және оның ары қарай дамуының базасын құрайды.

Тергеу әдістемесінің мазмұнына кіретін негізгі дәрежелерге - кылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы, типтік тергеу ситуациясы, тергеу кезеңдері, арнайы білім жатады.



Тергеу ситуациясы - тергеудің белгілі бір кезеңінде қолданылатын тергеушінің қолындағы тергеу ісіне маңызды ақпараттар (дәлелдемелер, сондай-ақ процессуальдық емес жолмен алынған мәліметтер).

Тергеу ситуациясының мазмұны келесілерден тұрады: іс бойынша жиналған дәлелдемелерден; тергеу үшін маңызды басқа да ақпараттардан; алынған ақпараттардың қайнар көзі туралы мәліметтерді алудан.

Бұл фактілі мәліметтер жиынтығы өз кезегінде тергеліп отырған оқиғаның нақты кезеңінін бейнесін толық әрі обьективті түрде сипаттайды және тергеуші оны бағалай отырып езінің кейінгі жүргізетін тергеу әрекетін анықтауға мүмкіндік береді.

Тергеу ситуациясының сипатын анықтаған кезде міндетті түрде алдымен объективтік негізі бар факторларға сүйену кажет. Тергеуші бағалайтын факторлар мен ситуацияларды тұтас қарастырғанда әр түрлі бағалауы мүмкін (ол жағдайдың шын мәніне сәйкес, дұрыс және толық бағалауы немесе субъективті қателесуі мүмкін); әр түрлі лауазымды тұлғалар (мысалы: тергеуші мен тергеу бөлімінің бастығы немесе прокурор) тергеу барысы мен нәтижесін әр түрлі бағалаулары мүмкін, бірақ одан тергеу ситуациясы өзгермейді. Іс бойынша анықталған мәліметтер мен тергеу барысында жиналған нақты жағдайлар - тергеушінің немесе басқа да лауазымды түлғалардың оларды қалай бағалауына қарамастан өзгермейді. Қандай да болмасын бір құбылысты бағалауда, оның сипатын анықтау мен даму көрінісі бұл құбылыс мазмұнына кіре алмайды.

Әрине, тергеуші тергеу барысын үздіксіз талдай отырып өз жұмысын бағалайды, соның негізінде жоспарын өзгертіп, көзделген (белгіленген) тергеу әрекеттерінің тактикасын түзетеді.

Бұл мәселеге байланысты профессор Р.С. Белкиннің көзқарасына ерекше тоқталып өткеніміз жөн. Ол тергеу ситуациясына: «тергеу ситуациясы» - бұл нақты тергеу жүргізіліп жатқан кездегі мән-жайлардың жиынтығы, яғни дәлелдеу процесі жүргізіліп жатқан кездегі мән-жай — деп түсінік береді. Сонымен тергеу ситуациясынын мағынасы кең - оған тергеу барысы мен нәтижесіне әсер ететін барлық жағдайлар кіреді.

Осыған сәйкес тергеу ситуациясының компоненттері анықталады. Олардың қатарына төмендегілер жатады:

• психологиялық сипаттағы компоненттер: тергеуші мен оған қарсылас тұлғаның арасындағы даудың нәтижесі, іс бойынша тергеушінің, тұлғалардың психологиялық қасиеттерінің көрінісі және т.б.;

• акпараттық сипаттағы компоненттер: тергеушінің (қылмыстың жасалу жағдайы, іздестірудегі объектінің жасырылған орны және т.б. жөнінде) мәліметтендірілуі; тергеушіге қарсы ұстанымдағы және іске қатысты өзге де тұлғалардың (мысалы: табылған және табылмаған дәлелдемелер жөнінде тергеушінің және куәлердің хабардар екендігі жөнінде, тергеліп отырған іске байланысты тергеушінің пікірі жөнінде және т.б.) мәліметтендірілуі;

• процессуальдық және тактикалық сипаттағы компоненттер: іс бойынша өндірістің жағдайы, дәлелдемелер және олардың қайнар көздері, бұлтартпау шараларын қолдану мүмкіндігі, қылмыстық іске катысты түлғаларды бір-бірінен бөліп, оқшаулау (изоляциялау), нақты бір тергеу әрекеттерін жүргізу және т.б.;

• материалды және ұйымдастырылған-техникалық сипаттағы компоненттер: кезекші белім мен жедел-тергеу тобының арасындағы қатынастың болуы; ішкі істер органдарының тіркеу аппараттары аркылы ақпарат жеткізуші құралдардың болуы және т.б.

Бұл пайымдау, бір қарағанда өте дәлелді болып көрінеді. Шынында тергеушінің психологиялық жағдайы, оның білімділік дәрежесі, тәжірибесі және т.б. жағдайлар тергеу барысына әсерін тигізетіндіктен олар тергеу ситуациясына кіруі тиіс.

Тергеу ситуациясы мәселелерін өңдеу келесідей тәжірибелік мақсатты -белгілі бір кылмыстың түрі мен тобын тергеу кезінде жинақталған типтік ситуацияларын анықтауды және соның негізінде жасалған қылмыска сәйкес тергеу әдістемесі бойынша ұсыныстар жиынтығын өндеп жетілдіруді көздейді. Тергеу ситуациясының түсінігі мен мазмұны осы мәселелерге жауап беруі шарт. Берілген криминалистикалық категорияның түсінігі мен мазмүнынан тергеу ситуациясын типтендіру мүмкіндігі көрініс табуы тиіс. Егер де барлық компоненттерін косатын болсақ, ситуацияны типтендіру мүмкін емес.

Тергеу ситуациясын әр түрлі негіздер бойынша топтастыруға болады. Барынша тергеуге тиімді топтастыруларға мыналар жатады: типтік және нақты ситуациялар; іс бойынша тергеу барысында жалпы жинақталған және жеке тергеу әрекеттерін жүргізу кезіндегі ситуациялар; қайшылықты және қайшылықсыз ситуациялар.



Типтік ситуациялар - белгілі бір қылмыс түрін немесе тобын тергеудің нақты бір кезеңіндегі жинақталған ақпараттар көлемі мен мазмұнына тән ситуациялар. Ұрлық және басқа да қылмыстарды тергеудін, алғашкы кезеңіне келесідей үш типтік ситуациялар тән:

• қылмыскер қылмыс жасау үстінде ұсталды;

•қылмыскер үсталмады, бірақ оған іздестіру әрекетін жүргізуді үйымдастыруға мүмкіндік беретіндей, ол жайында белгілі бір ақпараттар бар;

•қылмыскер ұсталмады және ол жөнінде ешқандай мәлі-меттер жоқ (мысалы: қалтадан үрлаған кезде).

Ал зорлау қылмыстарын тергеудің алғашқы кезеңіне мынан-дай 2 типтік ситуациялар тән болуві мүмкін:

• жәбірленуші қылмыскерді біледі және оны іздестіруге мүмкіндік беретіндей мәліметтер бере алады;

• жәбірленуші қылмыскерді танымайды және ол жөнінде ешқандай деректер бере алмайды (егер жәбірленушіні зорлау тосыннан (кенеттен) болып, ол қылмыскерді дүрыстап көре ал-маған жағдайда) және т.б.

Нақты ситуацияларга - белгілі бір қылмыстық істі тергеу кезіндегі жинақталған ситуациялар жатады. Олар типтік ситуацияға сәйкес келуі де, келмеуі де мүмкін.

Қылмыстық істі тергеу кезінде толық жинакталған ситуациялар барлық жағдайда да қайшылықты болып табылады. Ал жеке тергеу әрекетін жүргізу барысында жинақталған ситуациялар қайшылықты немесе қайшылықсыз да болуы мүмкін.



Қылмысты тергеу кезеңдері. Үзақ жылдық тәжірибе негізіне сүйене отырып криминалистер тергеу кезеңін алғашқы және кейінгі деп екі кезеңге бөліп қарастырады.

Тергеудің алғашқы кезеңівде тергеуші төмендегідей негізгі мәселелерді шешіп алуы қажет:

• қылмыстық істі қозғауға байланысты шешім қабылдау кезіндегі мәліметтер негізінде қылмыстық оқиға туралы жасалған жалпы типтік болжауларды тексеру;

• зерттеуге жататын деректерді анықтау;

• жоғалып немесе жойылып кетуі мүмкін дәлелдемелерді кейінге калдырмай жинау және бекіту; қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамды іздестіру және ұстау үшін қажетті шараларды дер кезінде қолдану;

• қылмыспен келтірілген залалдардың орнын толтыруға байланысты жедел шаралар қабылдау;

• кылмыстың жасалуына мүмкіндік туғызған мән-жайларды анықтауға байланысты жұмыстарды жүзеге асыру.

Тергеудің кейінгі кезеңінде істің барлық мән-жайларын толық анықтау мақсатында дәлелдемелерді жинау, тексеру және бағалауға байланысты жүргізілетін жүмыс әрі қарай жалғастырылады.
4. Қылмыстарды тергеудің жекелеген әдістемесі олардың криминалистикалық сипаттамасымен тығыз байланысты. Көптеген ғылыми макалаларда, Қазақстан Республикасының және жақын шетелдердегі қорғалған кандидаттық және докторлық диссертацияларда криминалистер аталған түсініктерге байланысты өздерінің пікірлерін дұрыс деп есептейді.

Алғаш рет «криминалистикалық сипаттама» түсінігін Ленинград мемлекеттік университетінің профессоры П.И. Люблинский 1927 жылы ұсынды. Ол криминалистикалық сипаттаманы криминалистикамен қатар, сот медицинасы, криминалдык-психологиядан құралатын ілім ретінде қарастырды. Осылардың негізінде қандай да бір оқиғаның криминалистикалық сипаттамасы калыптасуы қажет. Ол үшін П.И. Люблинский «не, қайда, қашан, кім, кімнін. көмегімен, неге, қандай әдіспен» деген классикалық рим формуласын қолданды.

Осы кезден бастап, кеңестік криминалист ғалымдар тергеу тәжірибесін зерттей және жалпылай отырып, жекелеген кылмыс түрлеріне тән белгілер мен бірқатар заңдылықтарды анықтады.

1966 жылы В.А. Сергеев криминалистикалық өзгешелірері бар кылмыстардың ерекшелігін криминалистикалық сипатта-ма деп атауды ұсынып, бұл түсініктің күрделі құрылымға ие екендігін атап көрсетгі.

1967 жылы А.Н. Колесниченко барлық қылмыстарға кри-миналистикалық маңызы бар жалпы белгілер тән екендігін айт-ты. Профессор С.П. Митричев қылмыстарды зерттеу кезінде криминалистикалық маңызы бар типтік белгілерге назар ауда-ру қажет деп есептеді. Аталған зерттеулердің әркайсысы қыл-мыстардың криминалистикалық сипаттамасының элементтерін өз тұрғысынан бөліп көрсетті.

1974 жылы Мәскеу Мемлекеттік университетінің заң факультеті үйымдастырған криминалистика кафедра меңгеру-шілерінің Бүкілодақтық семинары болып өтті. Аталған семи-нарда барлық қатысушыларға жекеленген қылмыс түрлерінің криминалистикалық сипатгамасын оқып зерттеу, совдай-ақ оны тергеу әдістемесінің қүрамдас бөлігі ретінде қарау және кри-миналистиканы оқу бағдарламасына енгізу үсыныдды. Қылмыс-тардың криминалистикалық сипаггтамасы — криминалистика-дағы жеке теориялық ілім болып табылатындығын атап өткен жөн.

Барлық криминалистер криминалистикалық сипаттаманы кылмыстың ақпараттық үлгісі (моделі) және кылмыстардың белгілерінің жүйесі ретінде қарастырады. Мамандардың пікір-лері бойынша, криминалистикалықсипаттаманыңтәжірибелік маңызы — оның ғылыми негізделген нүсқауларды жасауға, тергеушінің дұрыс бағытталған қызметін калыптастыруға, тер-геудің неғұрлым объективті жоддарын, әдіс-тәсіддерін тандауға, сондай-ақ жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізудің тактикасын аныктауға мүмкіндік беретіндігінде.

Криминалистикалык сипаттама түсінігінің күрделілігін бар-лық криминалистер мойындады. Сондықтан, криминалистика-лық сипаттама кандай элементтерден тұратындығына келетін болсақ, ол элементтердің саны жөнінде бірыңғай ойлар қалып-таспаған. Криминалистикалык сипаттама түсінігі мазмұнының күрделілігін оңай дәлелдеуге болады, бірақ оның құрамына қан-дай элементтерді енгізу туралы осы уақытқа дейін біртұтас көз-қарас айтылмаған. Криминалистикалық сипаттама түсінігінің

344

кдлыптасуынын алғашкы кезеңіне кейбір авторлар оның кдта-рына қылмыстың кылмыстық-кұқықтык, процессуальдық сипаттамаларын енгізеді. Атап айтсак, И.А. Возгрин кримина-листикалық сипаттама осы екі сипаттамадан қүралу кажетгігін ерекше атап көрсеткен. Дегенмен де, кейінірек ол өз көзқара-сын өзгертіп, төмендегілерді криминалистикалык сипаттама элементтері қатарынан шығарып тастады:



1) бастапқы акпараттың сипаттамасын;

2) қылмыстық қол сұғушылықгың пәні туралы мәліметтерді;

3) қылмысқадайындалу, орындау, оның ізін жасыру әдістері мен олардың қылмыстық әрекеттерінің зардабы жөніндегі мәліметтерді;

4) қылмыскер мен жәбірленушінің түлғалық ерекшеліктері туралы мәліметтерді;

5) кылмыстьщ неғұрлым кеңінен тараған ниет-себептері туралы жалпылама мәліметтерді.

Р.С. Белкиннін, И.Ф. Пантелеевтің, А.Ф. Савкиннің пікір-лері бойынша, түрлік криминалистикалык. сипаттаманы қалып-тастыру кезінде қылмыстық-қүқықтық сипаттаманы ескеру қажет деп санайды. Бірақ бүл қылмыстық-қүқықтық сипатта-маны криминалистикалык сипаттаманың қүрылымына енгізудің негізі болып табылмайды. Осы пікірді профессор Г.А.Мозго-вых та ұстанады. Оның ойы бойынша, дәлелдеу пәні туралы мәселеге де кеңіл аудару қажет. Бұрынырак криминалистика-лық сипаттама туралы ілім қалыптаспай түрып, жеке әдістемеге дәлелденуге жататын мән-жайларды енгізу дұрыс деп есепте-ген. Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасын жеке әдістемеге енгізгеннен кейін дәлелдеу пәні арқылы кримина-листикалық маңызы бар белгілерді айкындаудың қажеттілігі жойылды.

И.Ф. Пантелеев, А.Ф. Савкиндер өз еңбектерінде: «дәлел-деу пәні мен түрлік криминалистикалық сипаттама - әр түрлі гүсініктер» деп ете орынды көрсеткен. Дәлелдеу пәнініңтүсінігі сот дәлелдемелер теориясына тән және ол дәлелденуге жата-гын маңызды мән-жайлардың кажетті жиынтығын көрсетеді. Дәлелдеу пәні мен криминалистикалык сипаттама арасында доледдеу теориясы мен қылмыс туралы ілім арасындағыдай бай-паныс бар.

Қазіргі уақытқа дейін криминалистикалық сипатгама эле-мснттерінің саны туралы бірыңғай көзқарас жоқ. Бірақ типтік



345



криминалистикалық сипаттамада мынадай элементтерді бөліп көрсетуге болады: ,•}

— қылмыс жасау тәсілі; ■ і

— қылмыстық қол сұғушылықтын пәні; »і

— қылмыскер мен жәбірленушінің ерекшеліктері; ; 2

— қылмыс механизмі. і 5 Криминалистикалық сипаттаманың осы және өзге элемент-

тері түрлік криминалистикалык сипаттамада неғұрлым жан-жақты карастырылса, соғұрлым бұл түсінік тәжірибеде үлкен бағаға ие болады.

Криминалистикалық сипаттама — қылмыстарды табу, тер-геу және аддын алудың тиімді әдіс-тәсілдерін дұрыс анықтауға ықпал ететін қылмыс туралы мәліметтердің жүйесі болып та-былады.

Криминалистикалық сипаттаманың мазмұнына белгілі бір категориядағы кылмыстарды жасаудьщ элементтері, осы элементтердің арасындағы криминалистикалык маңызы бар байланыстар туралы мәліметтер жатқызылады. Криминалисти-калық сипаттаманың ақпараттык негізін тергеу тәжірибесін зерттеу нәтижелері құрайды.

Криминалистикалық сипаттама туралы ілім — криминалис-тикалык әдістеменің күрамдас бөлігі болып табылады. Крими-налистикалық сипаттаманың жалпы ережелері — криминалис-тикалық әдістеменің жалпы теориялық бөлімінің маңызды жағы. Ал жекеленген қылмыс түрлерінің криминалистикалық сипат-тамасы осы қылмыстарды тергеудің криминалистикалык әдісте-мелерінің қүрылымдық элементі.

Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы туралы ілімді кдлыптастыру — криминалистика ғылымының дамуына да, тергеу тәжірибесінін одан әрі жетіддірілуіне де ықпал етеді.

Криминалистикалык сипаттаманы тәжірибелік қолданудың негізгі бағыттары: \

— қылмысты ашу, болжаулар жасау: г

— қылмыскер тұлғасы туралы болжау жасау;

— кылмыс туралы ақпараттың мүмкін болатын шеңберін дүрыс анықтау үшін із қалдыру механизмі туралы мәліметтерді табу жөнівдегі жүмыстарды қолдану;

— тергеушінің тергеу әрекеттерін (сезіктіден, айыпталушы-дан, жәбірленушіден жауап алу және т.б.) жүргізу кезінде так-тикалық әдіс-тәсілдерін анықтау үшін; »

346

- тиімді және дүрыс тактикалык шешім қабылдау үшін. Әрі қарай, криминалистикалык, сипаттама тергеу



әдістемесінің барлық мазмұнына енгізіледі және кдндай да бір жеке тергеу ұсыныстарын негіздеу үшін қолданылады деп ой-лауға барлык негіз бар.


жүктеу 3,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау