§2. Криминалистикалық сипаттаманың элементтері
Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасывда әр бір элемент белгілі бір мазмұнға ие. Төменде көрсетілетін элемент-тер профессор Г.А.Мозговыхпен карастырылған. Оларға жеке тоқталатын болсақ:
1. Қылмыскердің тұлғасы
Қылмыскер түлғасы - криминологиялык ғылымның негізгі зерттеу объектісі. Криминалистика ғылым ретінде калыптас-қан сәттен бастап, кылмыскердің түлғасын зерттеу мәселесіне көп көңіл бөлініп келеді. Н.П. Яблоков қылмыскердің тұлға-сын криминалистикалық зерттеуде екі бағытты бөліп көрсетеді. Бірінші бағыт - әрекеттіңтүрі, орны мен уақытын, қылмыстык қол сүғушылықтьщ пәнін ескере отырып белгісіз кылмыскердің тұлғасы туралы мәліметтерді алуды қарастырады. Екіншісі — субъект тұлғасыньщ криминалистикалық тұрғыдан бағалау мад-сатында сезіктінің немесе айыпталушының түлғасын зерттеу. Аталған екінші бағыттың жалпыланған ғылыми нәтижелері қылмыскер тұлғасының типологиялық ерекшеліктері туралы ақпаратты калыптастыруда маңызы ерекше. Қылмысты тергеу процесінде белгісіз кылмыскердің тұлғасын криминалистика-лық зерттегенде оқиға болған жерден табылған материалдық іздерді зерттеу жолымен, сондай-ақ жәбірленуші мен куәлар-дың көмегімен қылмыс жасаған түлғаның биологиялық, физио-логиялық, кәсіби белгілері есепке алынады. Қылмыстың кри-миналистикалық сипаттамасы үшін қылмыскердің әлеуметтік, демографиялық, психологиялық касиеттері де үлкен маңызға ие. Атап айтсақ:
- емірбаян сипатындағы мәліметтер (жасы, жынысы, ұлты, білімі, отбасы жағдайы);
- қоғам өмірінің негізгі салаларывда түлғаның қатысуын сипаттайтын мәліметтер;
- тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеттері (темпера-мент, ерік-сезіктері);
347
Әр түрлі қылмыстар жасайтын субъектілердің тұлғасы жөнін-дегі осы мөліметтерді жалпылау — қылмыскер тұлғасын қыл-мыстың криминалистикалық сипаттамасының маңызды элементері ретінде нақтылауға көмектеседі.
2. Жәбірленуші
Кейбір қылмыстар бойынша криминалистикалық талдауда жәбірленушінің типологиялық ерекшеліктері алдыңғы орынға ие болады. Себебі, жәбірленуші алдын ала тергеу мен сот мәжілісінің орталық фигурасы болып табылады. Жәбірленуші тұлғасының ерекшеліктері женіндегі мәліметтер криминалис-тикалық жоғары маңызға ие. Олар:
— жәбірленуші әрекетгерінің қылмыс механизмінің қалып-тасуына тигізетін әсерін анықтауға;
— жәбірленушінің тұлғасын, оның қылмыскермен кдрым-қатынасын зерттеуге;
— тергеу кезіндегі жәбірленушінің жүріс-тұрысын болжауға;
— жөбірленушінің тұлғасы мен жүріс-тұрысымен байланыс-та болатын қылмыстың жасалуына итермелеген себептер мен жағдайларды бекітуге;
— жәбірленушінің қатысуымен жүргізілетін тергеу әрекет-терінің тактикалык. әдістерін тандауға көмектеседі.
Жәбірленушінің түлғасы туралы типологиялық мөліметтер жауап алу және оның қатысуымен өзге тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде жәбірленушімен психологиялық байланыс қалыптастыру үшін маңызы бар.
3. Қылмыс жасау тәсілі
Көптеген криминалистердің пікірлері бойынша, бүл элемент өте үлкен маңызға ие. Әрбір жекелеген жағдайларда қылмыс жасау тәсілі нақты болады. Қылмыстық-қүқықтык ғылымында қылмыс жасау тәсілі қылмыс күрамының объективтік жағын сипаттау үшін кджет. Ал қылмыстық іс жүргізу қүқығында бұл элемент қылмыстық іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жай-лардың бірі және айыптау қорытындысы мен айыптау үкімінің қүрылымындағы мівдетті элементтердің бірі ретінде қарасты-рылады.
Криминалистикада қылмыс жасау тәсілі - қылмыс іздерін кдйдан, кімнен іздеуді, ол іздер қавдай қүралдармен қалдырыл-ғандығы, т.б. мән-жайларды аныктауға көмектесетін ақпарат-тың маңызды қайнар көзі болып табылады.
Қылмыс жасау тәсілі — деп қоршаған орта жағдайлары мен қылмыскердің психофизиологиялық қасиеттерімен анықтал-
348
ған, қылмысқа дайындалу, оны орындау мен ізін жасыру жөнін-дегі әрекеттердің жүйесін түсінеміз. Қылмыс жасау әдісі кри-миналистикалық сипаттаманың негізгі элементерінің бірі екен-дігі туралы барлық криминалистердің пікірі бір болып есепте-леді. Қылмыс жасау әдісін танып-білу — іс бойынша қажетті мән-жайларды танудың кілті десекте болар.
Қылмыс жасау тәсілдері объективтік және субъективтік факторлар арқылы негізделіп қалыптасады. Объективтік фак-торларға кылмыскер кол сұққан қоғамдық катынастардың түрі мен сипатын, қылмыскер әрекет еткен жағдайды, қылмыстық қол сұғушылық пәнінің ерекшеліктерін жатқызуға, ал субъек-тивтік факторлардың қатарына қылмыскер мен жәбірленушінің психологиялық ерекшеліктерін, қылмыстың ниеті мен мақса-тын кіргізуге болады.
Қылмыс жасау тәсілі күрделі, әрі жинактаушы ұғым. Кдса-қана жасалған қылмыстарға байланысты кылмыс жасау әдісі бойынша мынандай элементті керсетуге болады: дайындалу, орындау, оның ізін жасыру әдістері. Ал абайсызда жасалған қылмыстарда келесідей екі немесе бір элемент орын алуы мүм-кін: орындау немесе орындау және жасыру әдістері.
4. Қылмыс жасау механизмі Криминалистикалық талдау жасалғанда кылмыс жаСау
әдісімен бірге, қылмыс жасау механизмі сияқты түсінік те қол-данылады. Егер қылмыс жасау әдісі — қылмыстық нәтижеге жетуге және оның зардабын жасыруға бағытталған әрекеттер туралы ақпаратты кдмтыған жағдайларда қылмыс жасау меха-низмі барлық компоненттермен езара байланыста болатын қыл-мыстықәрекеттердіңдинамикасын көрсетеді. Әрбір жүйе сияқ-ты, қылмыс жасау механизмі белгілі бір зандылыктардың әсері-мен калыптасады. Көптеген ғалымдар криминалистикалық сипаттамада элементтің бүл түрін көрсетпейді. Бүл элемент қыл-мыскер тарапынан болған әрекеттің көп деңгейлілігімен, қыл-мыстық әрекетке белгілі бір қатысушыларды тартумен және көптеген фактілердің әсер етуімен сипатталады.
5. Бастапқы тергеу ситуациясы
И.Ф. Пантелеев пен А.Ф. Савкин қылмыстардың кримина-иистикалық сипаттамасының құрылымындағы осы элементке коп көңіл бөлген. Олар: «Жалпы алғанда, тергеу ситуациясы — нақ сол сәтте қылмысты тергеу жүзеге асырылып жатқан жағ-цайлардың жиынтығынан түрады» — деп көрсетті. Ол объек-
349
тивтік және субъективтік факторлардың әсерімен қалыптаса-ды. Объективтік факторлар — тергеудің белгілі бір кезенінде қолданылатын дәлелдемелік және бағдарлаушы ақпараттың көлемі мен сипатынан құралады. Ал субъективтік факторлар — тергеушімен іс бойынша қатысушы тұлғалардың өзара карым-қатынасының ерекшеліктері мен психикалық жағдайынан тұра-ды», — деп нақтылайды. Профессор Н.А. Селиванов өз еңбе-гінде: «тергеу ситуациясын тергеу жүргізу үшін маңызы бар ақпараттың қосындысы ретінде кдрастырады».
В.К. Гавло «тергеу ситуациясын белгілі бір тергеу сатысын-дағы оқиғаның маңызды белгілерін керсететін фактілік мәлімет-тердің жиынтығы», - деп көрсеткен.
Ал Л.Я. Драпкин өз пікірі бойынша: «тергеу ситуациясы тергеушінің өз өрекетгерін жоспарлайтын өзіндік «ақпараттық үлгі» — деп ұсыныс жасаған.
Әр түрлі қылмыс түрлерін тергеудің бастапқы кезеңіне тән тергеу ситуациялары ез сипаты мен сапасы бойынша ерекше-ленеді. Дегенімен де, алғашқы тергеу ситуациясы мен ол тура-лы түсініктер әр түрлі мазмұндағы түсінік болып табылады. Тергеу ситуациясы — алғашқы, аралык және соңғы болып бөлінуі мүмкін және қылмыстарды тергеу әдістемесівде елеулі орынға ие. Криминалистикалық сипаттаманың элементі болып тек бастапқы тергеу ситуациясы танылуы мүмкін және осы ар-кылы тергеуші қылмыс белгілерін анықтау сәтіндегі жағдаймен' таныс болады. Осы қылмыстарды тергеудің әдістемесі тергеудін[ ен тиімді бағытын таңдауда нақты үсыныстар жиынтығын," негізделінген ғылыми-техникалык әдістер мен күрал-жабдық-тарын және тактикалық тәсілдерін қарастырады. Криминалис-тикалық сипаттамадағы тергеу ситуацияларын дұрыс бағалау — тергеудің тиімді бағыттарын тандаудағы маңызды шарт болып табылады.
6. Қылмыс жасау жағдайы
Қылмыс оқиғалары объективтік шындык процестерімен және қылмысқа қандай да бір кдтысы бар тұлғалардың жүріс-тұрысымен өзара байланысты болатын: уақыт, жер және қор-шаған ортаның нақты жағдайларында орын алады. Қылмыс жасау жағдайларын анықтау және талдау арқылы қылмыс іздерін, куәларды, т.б. мән-жайларды анықтау жөнінде өте ба-ғалы криминалистикалық ақпараттарға қол жеткізуге болады.і
Р.С. Белкиннің анықтауы бойынша: «қылмыс жасау жағдайы -і бұл нақты өмірлік жағдайлар. Оның құрамына оқиғаға кдтысу--
350
шылардың жүріс-түрысы, осы катысушылардың әрекеттерше ықпал ететін немесе кедергі болатын әр түрлі жағдайлар кіреді».
Ал В.А. Образцов заң оқулықтарында қылмыс жасау жағ-дайларының мазмүнына: «қылмыс жасалған жердің, уақыттың сипаттамасымен кдтар, сол жердің аумақтық, климаттық, демо-графиялық ерекшеліктерін де енгізуді» — үсынған.
Кылмыс жасау жағдайларының элементтерін табу және тал-дау тергеудің неғұрлым тиімді жоддарын анықтау үшін өте ба-ғалы криминалистикалық ақпаратты ұсынады. Қылмыс жасау жағдайлары туралы осы және басқа да мәліметтерді талдау және жалпылау нақты қылмысты тергеу барысында қылмыскердің жүмыс орны мен мекен-жайын аныктауға көмек келтіреді.
7. Қылмыстық қол сұғушылықтарының заттары
Қылмыс жасау процесінде қылмыскердің тікелей әсер етуіне үшыраған материалды күнды заттар - қылмыстық кол сүғушы-лықтын, заты болып табылады. Қылмыстың объектісіне коғам-дық қатынастар, ал қылмыстың затына осы қатынастардың да-муын қамтамасыз ететін олардың материалдық көрініс-тері жатады.
Әр түрлі қылмыс түрлерін жасау кезінде қылмыстық қол сүғушылықтың заты ретінде төмендегілер табылуы мүмкін:
— мүлік (мемлекеттік, қоғамдык, т.б.); *
— айналымы шектелген заттар (қару, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар, есірткі, психотроптык заттар);
— мемлекеттік кұпияны күрайтын мәліметтер;
— тарихи, мәдени түрғьщан бағалылығы бар заттар мен құжат-тар;
— табиғи байлықтар.
Дегенмен де, бүл элемент барлық қылмыс түрлеріне, соның ішінде бұзақылык, жол-көлік оқиғасы, қоршаған ортаны лас-тау қылмыс түрлеріне тән емес. Қылмыстык қол сүғушылық іатыньщ криминалистикалық маңызы, ең алдымен қылмыс жасау процесінде нақты заттарға қылмыскердің әсер етуімен камтамасыз етілетіндігінде. Қылмыстық қол сүғушылық заты-ның ерекшеліктерін білудің маңызы тергеушіге белгілі бір і ідердің түрін тауып, оларды бекітуге бағдар береді. Қылмыс-тық қол сүғушылықтың бүдан басқа да ерекшеліктерін білу және ол туралы жалпылама мәліметтер — нақты кылмыс категория-лары туралы негізделген болжаулар жасауға мүмкіндіктер Гкрсді.
351
8. Қылмыстың материалдық іздері
Іздер — кылмысты ашу үшін қажетті маңызды әдістер болып табылады. Бірақ барлық криминалистер криминалистикалық сипаттамаға іздер және оларды табуға мүмкін болатын жерлер туралы мәліметтерді енгізуге бірдей қарамайды. Г.А. Мозговых, В.А. Сергеев, Е.Ғ. Жәкішев т.б. ғалымдар: «бұл мәліметтер кри-миналистикалық сипаттаммаға енгізілуі тиіс» — деп есептейді. Профессор Г.А. Мозговых, «әрбір қылмыс түрі іздер түріндегі материаддық зардаптардағы өзіндік белгілерімен ерекшеленеді,» — деп бөліп көрсеткен.
Көптеген типтік іздерді, олардың пайда болу механизмін, жиналуы мүмкін болатын орындарды танып-білу, нақты қыл-мысты ашудын жолын айқындайды. Қылмыс жасау кезівде пай-да болатын материалдық езгерістер қылмыс оқиғасымен себепті байланыста бола отырып, үлкен дәледцемелік маңызға ие болады.
9. Қылмыстың ниеті және мақсаты
Ниет және мақсат — қылмыс қүрамынын субъективтік жа-ғының өзара тығыз байланысты белгілері болып табылады. Сон-дықтан заңи әдебиеттерде бүл ғылыми категориялар бірге қа-растырылады. Қылмыстық-құқықтық ғылымда ниет деп қыл-мыс жасауға итермелеген, қажеттіліктер мен мүдделермен қам-тамасыз етілген тұлғаның саналы түрде көрініс табатын ішкі сезімдерін айтамыз.
Ал мақсат деп қылмыс жасау нәтижесінде қылмыскердің сыртқы өмірінде болатын өзгерістер туралы түлғаның ой-пікірін түсінеміз. Ниет әрбір қылмысқа тән және қызғаныш, кек алу, көре алмаушылык, жек көрушілік, бүзақылык, немесе пайда-күнемдік сипатта көрініс табуы мүмкін. Мақсат — қылмыс жа-сауға итермелей отырып, түлғанын еркін білдіреді. Қылмыстық жүріс-түрыстың шынайы ниеті мен мақсаттарын білу кылмыс-ты тергеу барысында оның қозғаушы факторларын бекітуге көмектеседі.
10. Қылмыстың салдары
Қылмыстың саддары немесе нәтижесі деп тұлғанын әрекеті-мен қамтамасыз етілген және қылмыс қүрамының объективтік белгілеріне жатқызылатын, қылмыстық заңмен корғалатын қоғамдык қатынастардағы немесе қоршаған ортада болған өзгерістерді айтамыз.
Қылмыстык әрекет әр түрлі зиянды және қоғамға қауіпті салдарларды туындатуы мүмкін. Қылмыс салдары түсінігінің криминалистикалық аспектісі қылмыс іздері мен белгілерін та-
352
уып, оларды зерттеу және іс бойынша объективті шындықты бекіту үшін маңызы бар, қылмыс жасауға байланысты корша-ған ортада болған өзгерістерді де қамтиды. Қылмыстық нәтиже — дене зақымы мен мүліктік немесе моральдық зиян түрінде көрініс табуы мүмкін. Қылмысты тергеу процесінде оның сал-дары себепті байланыс түрғысынан жан-жақты талдануы керек. Бүл аталған элементтің криминалистикалық сипаттама құры-лымындағы маңыздылығын арттырып, нақты қылмыс түрлерін тергеу кезінде дәлелдеу үшін маңызы бар барлык мән-жайлар-ды жан-жақты бекітуге септігін тигізеді.
11. Қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар Себеп — бұл тергеуді туындататын күбылыс, оның әрекет етуі
салдар туывдау үшін қажетті оқиғалардың белгілі бір дамуын аддын ала анықтайды. Қылмыс жасауға итермелеген жағдайлар — қылмысты туындатпайтын қүбылыс-процестер, бірақ олар себептін әрекет етуін жеңілдетеді және қамтамасыз етеді.
Криминалистика ғылымының бір міндеті — онын. пәнін анықтай отырып, қылмыстың алдын алу болып табылады. Бұл міндетті орындау оның жасалуына көмегін тигізген себептер мен жағдайларға таддау жасамай мүмкін болмайды. Сондықтан тер-геу процесінде оларды анықтау үлкен криминалистикалык маңызға ие, себебі оларды танып-білу: ^
— қарастырылып отырған қылмыстың жасалу жағдайларын жан-жақты анықтауға көмектеседі;
— тергеушіге үқсас кылмыстардан сақтандыру жөнінде белгілі бір шаралар кабылдауға мүмківдік береді;
— себептер мен жағдайларды жалпылау әр түрлі мемлекеттік органдармен және коғамдық ұйымдармен жүргізілетін қылмыс-тан сақтандыру жөніндегі шараларды талдағавда қолданылуы мүмкін.
12. Қылмыс мән-жайлары бойынша көрсетпелерді қалыптас-тыруға әсер ететін факторлар
Қылмыстарды тергеу процесінде іс бойынша дәлелдік ақпа-I раттың манызды бөлігін тергеуші куәлардан, жәбірленуші, ссзікті, айыпталушыдан жауап алу кезінде алады. Көрсетпе-| лсрдің қалыптасу процесі 3 кезеңнен тұрады:
— қабыддау
— есте сақтау
— еске түсіру.
Тергеліп отырған оқиғаның мән-жайлары жөнінде ақпарат-11'іірды алу мақсатында жауап алу кезінде тергеуші аталған фак-
11 К'ІГ>
353
торларды білуі кажет және көрсетпелерді бағалау кезінде ескереді. Сәйкесінше, шынайы көрсетпелер алуға бағытталған тактикалық және психологиялық тәсілдерді коддануы тиіс.
Сондықтан тергеліп отырған әрекеттің мән-жайлары женінг дегі көрсетпелердің толыктығы мен шынайылығына әсер ететін факторлар туралы жалпылама мәліметтер кез келген қылмыс түрінің криминалистикалық сипаттамасының маңызды элементі болып табылады.
13. Қылмыс іздерін жасыруға бағытталуы мүмкін әрекеттер
Қылмыс іздерін жасыру бойынша жүргізілетін әрекеттер тергеуге кедергі жасауға бағытталады және жасыру, жою, инс-ценировка және жалғандық түрінде көрініс табуы мүмкін.
Жасыру кезінде қылмысты тергеу үшін маңызды ақпарат тергеушіге беймәлім болады. Жою — қылмыс іздері мен ол ту-ралы ақпаратты физикалык, күш түрғысынан жою жөніндегі белсенді әрекеттерден көрініс табады.
Инсценировка — қылмыскер, қылмыс құралы және қылмыс жасаудың мән-жайлары туралы түсініктерді өзгерту мақсатынг да жүзеге асырылады. Мысалы: объектілердің орнын ауыстыг ру, қылмыс субъектісінің сыртқы керінісін өзгерту және т.б. ;
Іздер мен езге де дәлелдемелік ақпараттың жалғандығы -к олар туралы жалған түсінік калыптастыруға бағытталған. Мы*-салы: жалған көрсетпелер беру, жалған куәларды кою, жалған іздер қалыптастыру және т.б.
Тергеушінің қылмысты жасыру тәсілін білуі кылмыскердің айла-тәсілдерін уақытылы анықтауға, сондай-ақ осы бағытта қолданылып жатқан мүмкін болатын әрекеттердің алдын алуға септігінтигізеді.
III т а р а у
КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ БОЛЖАУЛАР ЖӘНЕ ТЕРГЕУДІЖОСПАРЛАУ
§1. Тергеу болжауының және тергеу жоспарының түсінігі, олардын өзара байланысы
Қылмыстың тез арада ашылуы, тергеудің сапасы, тергеушінің істі тергеуге байланысты жұмысының мақсатты және ұйымдас-қан түрде жүргізілуі тергеудің белгілі бір жоспармен жүргі-зілуіне тікелей байланысты. Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін
354
тергеу жоспарын жасау аркылы тергеуші тергеу барысында шешілетін сұрақтарды толық айқындап алып, осы сұрақтарды нақтылы қандай тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және бас-қа да ұйымдастырушылық шаралар жүргізу арқылы шешуге болатынын анықтап белгілейді.
Сұрақтар тергеп отырған қылмыстың мән-жайын анықтауға байланысты болу керек. Сондықтан жоспарға кіретін сүрақтар осы қылмыс жөнівде тергеушінің ойша жасаған болжауынан туындайды. Тергеп отырған кылмыстың калай, қандай жағдай-да болғанын тергеуші, әрине, өз көзімен көрген жоқ. Бірақ қыл-мысты толық және объективті тергеу үшін тергеуші қылмыс-тың қалай болғанын ойша болса да болжап, кылмыстың жасалу жолын көз алдына елестетіп көріп, оның бейнесін ойша жасап көруі керек. Осындай ойша шығармашылық талдау процесінің үстінде кылмыстың қандай жағдайда болғандығы, қылмысқа қатынасқан адамдар және де кылмыстық оқиғаның басқа да мән-жайлары женінде белгілі бір болжаулар пайда болады. Тергеу-шінің бұл ойша талдау арқылы жүргізетін шығармашылық, белгілі бір сұрақтарды шешуге бағытталған іздеу процесі логи-калық гипотеза әдістеріне негізделеді. Сондықтан тергеу бол-жауы логикалык табиғаты жағынан алғанда гипотезаның бір гүріне — жүмыс гипотезасына жатады. **
Болжаудьщ мазмұны және мағынасына байланысты тергеу болжауы жалпы және жеке болып екі түрге бөлінеді. Жалпы болжау — ол нақты кдндай қылмыстың болғандығы жөніндегі тсргеушінің ой-пікірі. Айталық, оқиға болған жерде мәйіт та-(>ылған жағдайда тергеуші осы оқиға жөнінде мына төмеңдегідей (юлжаулар жасай алады: жәбірленушіні біреу кдсакдна елтірді, абайсызда өлтірді, не өзін-өзі елтірушілік. Атап айтқанда, м үндай жалпы болжауда қавдай кылмыс жасалғандығы жөнівде іюлгілі бір пікір туындайды. Осы жасалған жалпы болжаудың .іркайсысынан сүрақтар туындап, олар жөнінде жеке болжау-Ііір жасалады. Мысалы, кылмысты белгілі бір адамның жаса-
шдығы, қашан, қай мезгідде және қандай қару пайдаланған-Іыі і.і жөніндегі, т.б. сүрақ-болжаулар. Осындай шығармашы-|ык галдаудан туындаған тергеу болжауларының бәрі бірдей
вксерілуі қажет. Бастапқы кезде жасалған болжаулардың қай-сі,і дұрыс екенін біліп аңғаруға болмайды. Сондықтан жасал-
<м (юлжаулардың бәрін бір кезекте қосарлы түрде тексеріп ||и.ік гму керек. Егер тергеуші осы сәтте шындыққа жатады деп
355
Тақырып 12 Адам өлтіруді және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі.
1. Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық алғышарты
2. Адам өлтіру кылмысының криминалистикалық сипаттамасы
3. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулары және жоспарлануы
4. Күш колдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері
5. Келесі тергеу кезендерінің міндеттері (мақсаты).
Сабақтың мақсаты: Адам өлтіруді және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесін сипаттап студенттерге жеткізу.
Әдебиеттер:
1. Аверьянова Т.В., Белкин Р.С., Корухов Ю.Г. Криминалистика Учебник-М., 1999.
2. Белкин Р.С. Курс криминалистики в 3 т., -М.: "Юристь",1997.
4. Виницкий Л.В. Осмотр места происшествия: организационные, процессуальные и тактические вопросы.-— Караганда, 1986.
8. Возгрин И.А. Криминалистическая методика расследования преступлений. — Минск, 1983.
1. Адам өміріне қылмыстық қол сұғушылықпен күрес жүргізудің маңызы, қылмысты дер уақытында ашу мен оны жан-жақты тергеуде ерекше орын алады. Адам өлтіру бойынша істің ашылмай қалуы, көбінде кылмыскерлердің қылмыстық әрекет жасау немесе оның ізін жасыру кезінде өте айлалы әдіс-тәсілдер қолдануларына байланысты, әсіресе тергеу барысында тергеушінің жіберген кемшіліктерінің, нақты айтқанда: оқиға болған жерге дер уақытында шықпауының (келмеуінің) немесе сол жерді қарау жұмыстарын толық немесе мұқият жүргізбеуінің, ғылыми-техникалық құралдар мен тактикалық тәсілдерді дұрыс қолданбауының салдарынан.
Адам өлтіру қылмысын нәтижелі тергеудің міндетті шарттарына: жедел-тергеу жұмыстарын тез, әрі дер уақытында жургізу; заттай дәлелдемелерді, сондай-ақ қылмыскерлердің оқиға болған жерлерде қалдырған іздерін - іздеп табу, бекіту, алу және зерттеу үшін ғылыми-техникалық кұрал-жабдықтарды дұрыс пайдалану; іс бойынша құрылған болжауларды толық әрі жан-жақты тексеру; жұмыс жасау кезектілігін сақтай оты-рып, колданылатын тәсілдерді дұрыс тандап алу; оларды тергеу әрекеті барысында пайдалану шеберлігі жатады.
Адам өлтіру қылмыстарын тергеу мен ашу, тәртіп бойынша күнделікті әрекет ететін топ құрамының қызметкерлерінің топтық тәсілдерімен немесе арнайы құрылған жедел тергеу топтарының үздіксіз жұмыс жасауларына байланысты жүзеге асырылады. Үздіксіз әрекет ететін жедел-тергеу топ құрамына барынша тәжірибелі тергеушілер, маман-криминалистер, дәрігерлер, жедел-іздестірушілер кіреді. Қасақана адам өлтіру бойынша жасалған қылмысты ашуға байланысты топ кұрғанда міндетті түрде әр бір қызметкерлердің мамандандырылу деңгейі, білік-тілігі оньщ тәжірибелік стажы мен ептілігі ескеріледі. Жедел-тергеу топтарының жұмыстарындағы әдетте кетіп жатқан (кездесетін) кемшіліктер, олардың құрамының әлсіздігі мен тұрақсыздығына, топ құрамы мүшелерінің қасақана адам өлтіру қылмысымен байланысы жоқ басқа шаралармен айналысуына, сонымен қатар қажетті техникалық құралдармен, жүмыс жасау үшін ғимарат орындарымен, көлік құралдарымен қамтамасыз етілмеулеріне байланысты.
Үздіксіз (күнделікті) әрекет ететін жедел-тергеу топтары оқиға болған жерге шыққан сәттен бастап қылмыскер анықталғанға дейін жұмыс жасаулары тиіс. Қылмыстық әрекеттер анықталғаннан кейін, ары қарай кылмысты ашу жұмыстарын (әрекеттерін) тергеушілер жалғастыруларына болады. Қылмыс қоғамдық ортаны дүрліктіретіндей ауырлататын жағдайда жасалған кездерде, тергеуді толық көлемде жүргізулері қажет.
Адам өлтіру қылмысын тергеуде «ізі суымаған» қылмыстар бойынша жедел-іздестіру топтары қылмыс болған жерлерге, пәтер-аулаларға жаппай тексеру жұмыстарын жүргізу жолымен іздестіру шараларын жүзеге асырады. Арнайы кұрылған кестеге байланысты шешілетін сұрақтар тізімін тексеру кезінде жиналған мөліметтер мен іздестірудегі тұлғаның жүрген жері бойынша құрылған кестені көзделген мақсатқа сәйкес талдау қажет. Қажет болған жағдайларда жәбірленуші мен қылмыскд сезікті (қылмыс жасауы мүмкін деп жорамалданған) түлғаның іс-әрекеттеріне (хронаметраж әдісімен) бақылау жұмыстарын жүргізу керек, оқиға болған жердегі ауданда куәлар мен оқиғаны көзімен көрушілердің жүру мүмкіндігін ескеру қажет.
2. Адамның жеке басына қарсы жасалатын қылмыстың ішінде ең ауыры адам өлтіру қылмысы болып табылады.
Адам өлтіру қылмысын жасаудың және жасырудың тәсілдерінің әртүрлілігі, олардың себептері және мақсаттары, қылмыскердің пайдаланылатын карулары және амалдардың ерекшеліктері, қылмыстарды жасаудың орны және уақытының ерекшеліктері оларды тергеудің жалпы әдістемесінде адам өлтірудің әр түрлі түрлерін тергеудің ерекшелігін көрсететін біркатар жеке әдістеменің бар болуымен байланыстырылған. Соңғыларына қылмыстың типтік ситуациясына байланысты: атыс-қаруларын, жарылғыш заттарды, кесіп-жаншитын заттарды пайдаланып жасалған адам өлтірулер, мәйітті белшектеумен, бүркемеленген (инсценировка) адам өлтірулер; пайдақорлық, бұзақылық ниетпен және т.б. көлікте, төбелесте жасалған адам өлтірулер жатқызылуы мүмкін.
Қылмыстық істі қозғау кезіндегі тергеушінің қолындағы алғашкы мәліметтердің сипаты мен келеміне байланысты қылмыстарды шартты түрде мынандай үлкен екі топқа бөлуге болады:
1) адам өлтіру анық жағдайда жасалған;
2) адам өлтіру анық емес (белгісіз) жағдайда жасалған.
Бірінші топқа, тергеудің басында-ақ адам өлтіруші тұлға белгілі болған айқын деректерді жатқызамыз.
Мүндай кылмыстар әдетте «тұрмыс-тіршіліктік» катарына жатады, олар көбіне, күнделікті тұрмыс-тіршіліктегі болатын отбасындағы, сондай-ақ көршілердің, болмаса туысқандардың тағы басқа да жақын танитын адамдардың бір-бірімен ұрыс-керістері, өзара келісе алмаушылықтарынан туындаған жанжалдар мен жеке бастық араздар.
Белгісіз жағдайларда жасалған адам өлтіру кылмыстарын - күш қолдану белгілері бар мәйіттің табылуына байланысты немесе хабар-ошарсыз кеткен адамдардың өлгендігін куәландыратын мәліметтер бойынша қылмыстық іс қозғауға байланысты тергеу әрекеттері жүргізілетін қылмыстарды жатқызамыз. Мұндай жағдайларда қылмыстық іс қозғау кезінде тергеушіде адам өлтіру қылмысының жасалу жағдайы (қылмыскердің, көбіне жәбірленушінің жеке басы туралы; қылмысты жасау ниеті мен мақсаты) туралы ешқандай мәліметтер болмайды. Бұл жерде қылмыс көп жағдайларда алдын ала ойластырылып, әрекет ету бағыты мен кезектілігі мұкият қарастырыла отырып жоспарланып, қылмыстың ізін жасыру мақсатында қолайлы әдіс-тәсілдерді таңдап алып, арнайы адам өлтіру немесе ол қылмысты жасауға қатысу ниеті мен мақсатында жасалады.
Адам өлтіруге байланысты қылмыс жасау тәсілдері әр түрлі болып келеді және ол жәбірленушінің жеке өміріне қол сұғып тікелей өмірінен айырылуға бағытталатын келесідей белсенді әрекеттерден тұрады: дене жарақатын салу, жылжып келе жатқан поездың астына қарай итеріп жіберу т.б. Кейбір жекеленген жағдайларда әрекетсіздік жолымен де мұндай қылмыстар (жаңа туған нәрестелер мен өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарды тамақтандырмай қою арқылы) жасалуы мүмкін.
Адам өлтіру қылмыстарын жасауда қолданылатын тәсілдердің кеңінен тараған түрлеріне келесілерді жатқызуға болады:
-әр түрлі кұралдарды, заттарды қолдану арқылы жәбірленушіге дене жарақатын салу;
-жәбірленушіні дәрменсіз күйде қалдыру, болмаса осы жағдайды пайдалана отырып оған дене жарақатын салу, оны қылғындыру, т.б.
- жәбірленушіні өте биік жерден лақтырып жіберу;
- жәбірленушіні жылжып келе жатқан көлік кұралдарынан (поезд, автокөлік, теплоход) лақтырып жіберу;
- жәбірленушінің ағзасына улы заттарды жіберу және т.б. Қылмыскер жекеленген жағдайларда езінің кінәсіздігін нақтылайтындай жалған дәлелдемелер кұру үшін, жасалған әрекет пен жәбірленушінің өлуінің арасындағы белгілі бір уақыт өтуін есепке ала отырып қылмысты жасау тәсілін тандап алады. Қылмыстарды жасаудың мұндай тәсілін - баяу әсер ететін жарылғыш, болмаса улы заттарды пайдалану аркылы колдануды тергеу барысынан кездестіруге болады.
Алдын ала ойластырылып және жоспарланып жасалған адам өлтіру қылмыстары белгілі бір дайындықтар жасаудан тұрады: адам өлтіру үшін кылмыс құралын, қаруын алдын ала іздейді, көздеген мақсатын жүзеге асыруға байланысты кездесетін кедергілердің алдын алу жағдайлары жасалады, сонымен қатар қылмыстың ізін немесе оған езінің катысқандығын жасыруды қамтамасыз ету әрекеттері жасалады. Егер қылмыскердің кылмыс жасауға таңдап алған тәсілдері қандай да бір ерекше құрылғыларды, жарылғыш, улы заттарды дайындап жасаумен немесе басқа да арнайы таным білімдерімен байланысты жағдайларда, қылмыскерлер - техникалық, медициналық, химиялық, физикалық және басқа да арнайы әдебиеттерді зерттеп оқиды.
Адам өлтіру қылмыстарын жасау кезінде, тергеліп отырған оқиға жөнінде күш қолдану әрекеттерін және басқа да жекеленген мән-жайларды куәландыратын, атап айтқанда: қылмыстың механизмін, құралын, оған қолданған тәсілдерді және қылмыскердің жеке басының ерекшеліктері мен әрекет-мақсаттарын, қылмыстың ізін жасыру әдістерін сипаттайтын әр түрлі іздер пайда болады.
Мүндай іздерге қылмыскердің: кол саусақ іздері, тісінің, тырнағының, аяқкиімінің іздері; көлік және бұзу құралдарының іздері; қылмыс болған жердегі, айналадағы заттарда кдлған іздер, арпалыс іздері, мәйіттегі дене жарақат іздері, табиғи биологиялык іздер.
Сезіктіні ұстау кезінде оның денесінен, киімдерінен, одан алынған кылмыс құралдарынан қылмыстың іздері табылуы мүмкін.
Қылмыскерлер адам өлтіру кылмысын жасыру тәсілдерін тандап алуына қылмыс жасалатын жер (орын) және қылмыскер мен жәбірленушінін өзара арақатынас сипаты әсер етеді. Бұл жасалған әрекеттің сипаты мен кезектілігі қылмыскердің жеке басы туралы мәліметтер мен қылмыс жасау жағдайларына байланысты анықталады.
Қылмыс жасауға себеп болатын жағдайларға - айыпкер мен оның құрбанының арасындағы жеке бас араздығы, бұзақылық, кек алу, көре алмаушылық, қызғаншақтық, пайдақорлық ниет, сонымен қатар басқа қылмыстың ізін жасыру немесе оны жасау жолдарын жеңілдету жатады.
Нақты қылмысты, адам өлтіру қылмысын жасау ізін жасыру үшін қылмыскер алдын ала, күні бұрын арнайы дайындалып, өзінің және жәбірленушінің әрекетінің кезектілігін анықтап жоспарлап алады.
Жәбірленуші. Адам өлтіру қылмысын криминалистикалық сипаттауда жәбірленушінің өзінің жүріс-тұрысын виктимологиялық аспекті тұрғысынан карастыруға болады. Яғни, ол дегеніміз кылмыстың жасалуына, қылмыс құрбанының өзі себеп болады. Олар алкоголь ішімдіктерін кездейсоқ адамдармен бірге ішіп, мас болып кездейсоқ адамдарды немесе айналасындағы адамдарды балағаттап өздері тиісіп, соның негізінде ұрыс, жанжал, төбелес шығып, қылмыстың жасалуына бірден-бір себеп болады. Көбінде мұндай жағдайларда адам өлтіру бойынша жасалған қылмыстың жәбірленушісі ер адамдар болады. Ал әйел адамдары кылмыстың кұрбаны болуына - жыныстық қатынас жасау, пайдакүнемдік ниет, сондай-ақ қызғаныштың пайда болуы себеп болады.
Қылмыскер мен жәбірленушінің жүріс-тұрысында белгілі бір байланыс болады. Жәбірленушінің жеке басы мен оның өлер алдындағы мінез-құлқын жақсылап тексеру қажет.
Көп жағдайларда мұндай қылмыс құрбандарының мінезі — шайпау, ашуланшақ, жеңілтек-алаңғасар, сондай-ақ арандатып-азғырушылық қасиеттеріне бейім болып келеді.
Қылмыскер. Адам өлтіруге байланысты қылмыстарды әдетте 18-бен 50 жас аралығындағы алкогольдік ішімдікке немесе нашақорлыққа кұмар ер адамдар жасайды. Олар, қоғамдағы басқатұлғалардан өздерінің: дөрекеліктерімен, қатыгездіктерімен, жыныстық құштарлығы жоғарлығымен, әйелдерді сыйламай-тындығымен, бұрын қылмыстық жазаға тартылғандығымен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |