5. Сот-жеделдік түсіру әдісі әр түрлі сипаттағы объектілерді суретке, атап айтқанда: жергілікті жер, ғимарат, тұрғын-жай, су және әуе кеңістіктерін, адам, мәйіт, заттар мен күжаттардм және олардың белшектерін; объектілердің сыртқы бейнесі меи ерекшеліктерін бекіту мақсатында материалдык іздерді, сондай ақ қандай да бір іс-әрекет немесе олардың үзіндісін дәлелдейтін жағдайларды толық немесе бөлшектеп түсіруді қамтиды.
Бейнелеу фототүсірілім келесі әдістерден тұрады:
1) карапайым; 2) панорамалық; 3) сигналитикалық немесе тануға көрсету үшін; 4) өлшеп түсіру; 5) репродукциялық; 6) ірі масштабта (макротүсіру); 7) стереоскопиялық түсіру әдістері.
1. Қарапайым түсіру әдісі - бір кадрге ғана фототүсірілім жасау арқылы жүзеге асырылады.
2. Панорамалық түсіру - сот фотографиялық түсіру әдістерінің бірі, яғни үлкен кеңістіктегі не үлкен көлемді объектіні, сондай-ақ ғимараттың ішіндегі немесе тар жердегі мәйітті бөлшектеп түсіріп, кейін ол белшектерден бір панорамалық фотосурет шығару.
Панорамалық түсіру әдісінің схемасы: а) сызықты; ә) шеңберлі.
3. Тануға түсіру әдісі — іздеуде жүрген және қылмыстық тіркеуде түрған кылмыскерлерді тануға көрсету үшін, сондай-ақ тергеу кезінде адамдардың, мәйіттің жеке басын анықтап және оларды қылмыстық тіркеуге алу мақсатында қолданылады. Тануға түсіру әдетте екі түрлі әдіспен жүзеге асырылады 1. қарсы алдынан (фас), бетпе-бет; 2. оң жақкырынан (профиль), Суретке түсіру барысында келесідей шарт талаптары міндеті түрде сақталуы қажет. Танылушы адам бас киім, сырт киім, көзілдіріксіз, шашы мандайын, кұлағын жауып тұрмайтын ашық болып, тік отырып немесе түрегеліп тұруы тиіс.
4. Өлшеп түсіру әдісі тергеу әрекеттерін жүргізу барысында кейбір объектілердің ұзындығын, келемін немесе олардың арақашықтығын аныктап білу қажеттілігі туындауына байл-нысты қолданылатын криминалистикалық техника бөліміндегі сот-жеделдік түсіру әдістерінің бірі. Өлшеп түсіру әдісі масштабты және метрлік болып ек түрге бөлінеді.
5. Репродукциялық түсіру - құқық корғау органдары қызметінде әр түрлі құжат, схема, мәтіндер мен сызбалардың, дактилоскопиялық карталардың және басқа да тегіс беттегі объектілердің фотокөшірмелері қажет болған жағдайда тіке үстінен түсіру арқылы жүзеге асырылатын әдістің бір түрі.
6. Ірі масштабта немесе макротүсіру кішкентай объектілердін табиғи өлшемін түсіру немесе микроскопты қолданбай-ақ тікелей үлкейтіп түсіретін әдіс болып табылады. Ол тергеу әрекеттерін және сараптамалық зерттеу жүргізу барысында жүзеге асырылады.
6. Тергеу әрекетін жүргізу барысында фототүсірілімдер өте жиі колданылады. Фототүсірілім объектілеріне: оқиға болған жердің жалпы жағдайы мен оның бөлігі, мәйіт, іздер және басқа да заттай дәлелдемелер жатады.
Оқиға болған жерді суретке түсіру келесідей тәртіпте орындалуы тиіс:
а) оқиға болған жер және оның жекеленген белігінің жағдайы жөнінде толық мағлұмат алатындай көрнекі түрде түсірілуі шарт;
ә) оқиға жағдайы барынша толық, әрі дәлме-дәл түсірілуі қажет;
б) қажет болған жағдайда түсірілген объектілердің көлемі жөнінде мәлімет бере алатындай етіліп (метрлік және масштабты) түсірілуі тиіс.
Оқиға болған жерді түсіру келесідей әдіс түрлері арқылы жүзеге асырылады: бағдарлап, шолып, түйінді және детальды түсіру әдістері.
Бағдарлап түсіру - оқиға болған жердің өзін ғана түсіріп қоймай, сонымен қатар айналадағы оған жақын тұрған объектіні де қамтып түсіруге арналған әдіс.
Шолып түсіру - бүл оқиға болған жерді қоршаған айналасынсыз тек өзін ғана түсіру әдісі.
Түйінді түсіру - оқиға болған жердің жеке учаскелерін және ондағы кылмыстық материалдық белгілерінің барынша көп шоғырланған жерлерін ірі масштабта түсіру әдісі.
Детальды түсіру — бұл жеке іздерді және заттарды өлшеу масштабымен түсіру әдісі.
Іздер мен заттар — яғни заттай дәлелдемелер олардың табылған жерлері мен орналасу жағдайы, сыртқы құрылысының жалпы және жеке белгілері көрсетіле отырып суретке түсіріледі.
Нашар көрінетін қолдың майлы іздерінің фототүсірілімі (әйнек, пластмасса, жылтыр бетті заттарда қалдырылған) қараңғы бөлмеде күңгірт әйнекті фотокамерамен 1:1 масштабымен жүзеге асырылады.
Заттарды түсіру кезінде екі жарықтандыру көздерін қолдану қажет, тікелей — объектінің жалпы контурын көрсетіп және қырынан бедерлі белгілері көрінетіндей етіп түсіру керек.
Құжаттардың фототүсірілімі көбінде үлғайтқыш сақина көмегімен және қосымша жарықтандыру көздерін пайдалану жолымен жүзеге асырылады.
7. Микрофотография — зерттеліп отырған объектілердің микроқұрылымы мен микробедерін анықтау жөне бекіту максатында қолданылатын сот-зерттеу әдістерінің бір түрі. Бұл әдіс құжаттарды зерттеу барысында кеңінен колданылады, атап айтқанда: қиылысатын штрихтардың басып жазылу кезектілігін аныктау кезінде, карындаш штрихтары мен көшірме қағазының бояуын ажырату кезінде; трасологиялық зерттеулерде, мысалы: бұзу құралдары мен құрал-саймандарынан қалған іздерді идентификациялау үшін; атыс қаруларын атылған октар мен гильзалары арқылы идентификациялау; криминалистикалық зерттеу барысында яғни, лакпен боялған заттарды, талшықтарды, өсімдік белшектерін және есірткі заттарының құрамын, шыны, металл үгінділерін идентификациялау, сондай-ак идентификациялык, емес мәселелерді шешу кезінде қолданылады.
Микрофотография келесідей екі түрлі әдіспен жүзеге асырылады:
а) объектіні кішкене ғана үлкейтіп түсіру, арнайы қысқа фокустық объективтермен және микрообъективтермен қамтылған фотокамералар арқылы орындалады
ә) объектіні едәуір үлкейтіп түсіру жарықтандырғыш, электронды микроскоппен жабдықталған фотокамералар аркылы жүзеге асырылады. Микротүсіру кезінде жарықтандыру жеткілікті түрде күшті және бірқалыпты болуы керек.
Микрофототүсірілім жоғары шешу қабілеттілігі бар қарама қарсы түсті фотоматериалдарда орындалады.
Жарық сәулелі, растрлы-электронды, электронды микро скоптардың көмегімен әр түрлі үлғайту дәрежесінде өткізгіштік қабілеті жоғары фотосурет шығаруға мүмкіндік беретін фото камералар бар.
Жарықфильтрмен фотосуретке түсіру әдісі. Жарыкфильтр мен түсірілетін түсірілім түс ажыратқыш деп аталады. Оныи мақсаты — белгілі бір зерттелетін объектінің немесе онын бөлшектерінің түс өзгешеліктерін (айырмашылықтарын) анықтау.
Контрастылы түсірілім. Контраст негізінде объектілердің түс айырмашылықтары бойынша, яғни көлеңкелі контрастыларды қоса алғанда, бедердін, беткі қабатындағы көлеңкелердің бедерінен екендігін көрсететін байланыстардың болуын айтамыз.
Ультракүлгін сәулелерінде фотосуретке түсіру. Мұнда түсірілімдегі бейне көрінісі — түсірілім объектісінен көрініс табатын фотоматериалға ультракүлгін сәулелермен әсер ету немесе ультракүлгін сәуле әсерінен пайда болған көрінетін люминесценттік жарықты жіберу аркылы шығады. Жалған құжаттарды зерттеуде қолданылады.
Рентген сәулелерінде фотосуретке түсіру. Рентген сәулесін н фотосуретке түсіру — түсірілетін объект арқылы өтетін рентген сәулесімен фотоматериалға әсер ету нәтижесінде көлеңкс.ш бейне көрінісін алу әдісі. т.б.
3-Тақырып Трасология
1. Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері мен жүйесі
2. Адамның трасологиялық іздері. Бұзу кұралдарының іздері.
3. Көлік құралдарының іздері.
1. Трасология ілімі, криминалистиканың үлкен бір тарауы бола тұра іздердің пайда болу теориялық негіздерін зерттеп, қылмыстың жасалу тетігін көрсететін іздердін, туындау заң сыйымдылықтарын, іздерді іздеп табу үшін әдістер мен құралдарды қолдану нұсқауларын әзірлеп, осы іздердің көмегімен қылмыстарды ашып, тергеу және алдын алу үшін арналады.
Әрбір болған қылмыс біздің айналамызда белгілі бір өзгерістерін қалдырады. Қылмыс әрекеттерінін бейнесі ретінде сол жерде іздер пайда болады.
Іздердің криминалистикалық түсінігі: кең және тар мағынада қолданылады.
Кең түсінігінде криминалистикада «із» дегеніміз - қылмыстың әсерінен болған өзгерістердің барлық түрлерін білуіміз керек, яғни оқиға болған жердегі объектілердің козғалуы немесе заттардың өзгеруі. Осы жерде бір заттың басқа затқа әсер еткендігінен іздер пайда болады (мысалы, есіктің жақтауын бұзған жерде калған бұзу іздері), қылмыскердің қалдырған заттары (ұмытылып кеткен, жоғалтылған), сынған, бұзылған заттардың бөлшектері (мысалы, автокөлік фарасы әйнектерінін сынған бөлшектері), әр түрлі иістер және басқа да сол сиякты іздер.
Қылмыстық іздерді үлкен үш топка жіктейді:
а) бейне іздері; ә) заттай іздері; б) биологиялық (қан, сілекей т.б.) іздер.
Осымен байланысты трасология негізінен іздердің тар түсінуіндегі түрлерін, яғни бейне іздерді зерттейді (қолдын ізі, аяқтың ізі т.с.с.)
Трасологиянын мағынасы, оның зерттеп отырған оқиғаның әр түрлі мән-жайларын анықтаудағы мүмкіндігінде. Әрине бұл ілім басқа да криминалистиканың зерттеулеріндей, идентификациялық және диагностикалық мақсаттарды да шешеді.
Идентификацияға келетін болсак, объектіні, онымен қалдырылған іздердің бейнелері мен объектінің өзіне тән ұқсастықтарын салыстыру арқылы аныктайды. Мысалы, адамды окиға болған жердегі кол саусак, аяқ, іздерінен және тіс, ерін басқа да мүшелерімен қалдырылған іздердің бейнекөріністерін салыстырып идентификациялайды. Қалдырған іздің бейнесіне қарап оқиға болған жердегі бұзу саймандарының түрі, оның өлшемдері анықталады. Окиғалы жердегі көлікпен қалдырылған ізіне қарап, көліктің кандай түрі жүріп өткенін, оның моделін, маркасын анықтауға болады.
Трасологияның диагностикалық мақсаттарын шешкенде, біріншіден, іздің құралу, немесе пайда болу тетігін анықтайды, яғни іздін пайда болу кезіндегі объектілердің бір-бірімен өзара байланыстығы.
Осылайша диагностикалық трасологияның көмегімен бұзу кұралдардың түрін, бұзу тоскауылдың іш жағынан ба, жок әлде сыртынан колданылғанын, көлік құралы кандай бағытпен келіп кеткенін, кұлыптың кандай әдіспен сындырылғанын, объектілердің сипаттамаларынын сәйкестігін анықтайды.
Объектілерді іздерінен және іздердің туындау тетігін аныктаудың маңызды криминалистикалық мәні бар. Бұл мәселелерді шешудің арқасында келесілер анықталады:
- қылмыс құралы;
- қылмыс субъектісі (оның физикалық белгілері, киімі);
- қылмысты жасау әдісі;
- болған окиғанын мән-жайы;
- қылмыс жасауға себеп болған жағдайларды анықтауға болады.
Трасология зерттеудің ғылыми әдістері мен тәжірибелік ұсыныстарды әзірлегенде, бейнелеу теориясын, криминалистикалық идентификацияның теориясын, белгілер туралы ілімді, криминалистикалық тіркеулерді, басқа ала тұрып, негізделеді.
Іздер туралы криминалистикалык ілімнін басты қағидаларына келесілер жатады:
а) материалдык әлемдегі объектілердін даралығы, яғни өзіндігі, бұның ішінде объектінің сыртқы келбетінің құрылымы. Мысалы, балтамен шабу кезіндегі рельеф белгілері болып балтаның жүзімен қалдырылған жолдары мен арықшалар, яғни трассалар болады, қол саусақ іздерінде папиллярлы өрнектердің бөлшектері болады.
ә) объектінің сыртқы кұрылысы, онын жеке белгілері (бөлшектері), бұлар кейбір кездерде не жағдайларда басқа объектілердің үстінде бейнекөрініс ретінде із қалдырады. Жеке белгілердің тура және толыктығы із қалыптасу шарттарымен байланысты. Басты қасиет ретінде материалдық объектілердің физикалық сипаттамасы, яғни із қалдырушы және із кабылдаушы объектілердің сипаттамалары мен өзара катынастық тетігі болып табылады;
б) іздегі, объектінің сыртқы кұрылымының белгілері ылғи аударылып негативі айнадағыдай болып түседі.
Сонымен катар бейне-іздер трасологияның басты объектісі бола тұра, екі объектінің жұғысу нәтижесінде пайда болады. Із калған объект - із қабылдаушы, ал ізді қалдырған - із қалдырушы объект болып саналады. Олардың із пайда болу кезіндегі жұғыскан жері - контактісі үстірт деп аталады.
Бейне-іздерді қалдыру объектілерге байланысты олар төмендегідей бөлінеді:
а) адамның іздері (антропоскопия);
ә) сайман, құралдар, өндірістетігінің іздері (механоскопия);
б) көлік құралдарының іздері (көліктік трасология).
Трасология ілімнің теориясына сай іздер калыптасу тетігімен байланысты төмендегіше жіктеледі, олар:
- статикалық және динамикалық іздер;
- көлемді және үстірт іздері;
- қабаттасу және қабатсыздану іздері;
- локальды және перифериялық (объектен тыс) іздер;
- көрінетін, нашар көрінетін және көрінбейтін іздер.
Осы іздерді толығырақ қарастырып көрейік. Жанасу кезінде із түсіретін объектімен із қабылдайтын объектілердің қосылып тұрған беттері бір сәт қозғалыссыз болып қалады немесе із түсіру уақытында екеуі де үнемі қозғалыста болады. Бұның нәтижесінде іздердің екі түрі туындайды: статикалық; динамикалық іздер.
Статикалық із түсірудің, мысалы, тұрған адамның аяғының ізі, қол саусақ іздері, қозғалыссыз тұрған объектілердің қалдырылған іздері, бұл жерлерде адамның аяқ табаны, қол саусақтары беттерінің бедерлері, объектінің жанасып тұрған беттері — із түсіретін объектілер болады да, ал жер және саусақ іздер қалған беткі қабат із қабылдаушы бет болып саналады. Жалпы айтканда «статика» деген сөз қозғалыссыз деген мағынаны білдіреді, осы себептен керсетілген іздерді статикалық, яғни бір сәт козғалыссыз уақытта пайда болған іздер деп білуіміз қажет.
Динамикалық іздің, мысалы, шананың, шаңғының табандары қалдырған іздері бола алады. Бұлар із кабылдайтын бетте калып, із түсіру кезінде үнемі жылжып отырады, алайда бастапқы және тоқтаған кездерінде бұл іздерді статикалық іздер десек те болады. Ал жалпы алғанда, бұл іздер сырғу іздеріне жатады. Динамикалық іздер қылмыс болған жерлерде көбінесе кездеседі (автокөлік іздері, сындыру іздері, сүйрету іздері тағы с.с).
Із түсетін беттің сапасына қарай, пайда болған іздер:
- көлемді;
- үстірт іздерге бөлінеді.
Егер із кабылдайтын беттің жұмсақ пластикалық сапасы болса, із түсіретін объектінің сыртқы құрылымын бейнелеп, оған тән калпын сақтай отырып, онын бетіне көлемді із болып түседі. Көлемді іздер саз балшыктың үстінде, қар бетінде, күм бетінде қалады.
Көлемді іздерге қарама-карсы үстірт іздер, із түсіретін объект басқанда өзгермейтін катты із қабылдайтын бетте калады. Мысалы, таза еденнің бетіне шаң-тозанды немесе лас аяқкиімдерден түскен іздер үстірт іздер бола алады. Үстірт іздер өз алдына:
-қабаттану;
-қабатсыздану іздер болып бәлінеді.
Лас аяқкиімнің табанынан, таза еденде калған із — кабаттану ізі, яғни із қалдырушы объектің бөлшектері, із кабылдаушы объектінің бетінде қалғанын — қабаттану ізі деп білуіміз қажет.
Қабатсыздану іздері — із қалдырушы объект — із қабылдаушы объектінің бетінен бөлшектерді жапсырып алғанда пайда болады, мысалы, қылмыскер бояуы кеппеген еденнің үстімен жүрсе, онда оның аяқкиімінің табанына бояу жабысады, осы кезде еденнін бетінде кабатсыздану іздері калады.
Әрі қарай іздер:
- локальды;
- перифериялық (оқшауланған) болып жіктеледі. Локальды, яғни іздің жан-жакты толық түсуі де ал перифериялық дегеніміз - ол іздің тек кана ізтүсіруші объектінің сыртқы суретін сипаттайтын іздер. Мысалы, шанды аяқкиіммен терезеден таза еденге секіріп түскен кезде калған із - перефериялық болып саналады.
Қабылдау дәрежесі бойынша іздер көрінетін, нашар көрінетін және көрінбейтін болып бөлінеді. Көрінетін іздерді арнайы кұралдарсыз, жай көзбен қарау барысында көріптауып алуға болады. Нашар көрінетін және көрінбейтін іздерді тек кана арнайы құралдардың көмегімен тауып алуға болады, оларға көбінесе беткі кабаттағы іздер жатады.
Іздерді айқындау, карау, бекіту және алудың жалпы ережелері
Оқиға болған жердегі іздерді айқындаудың алдында, ол жердегі болған қылмыстың мән-жайымен, жағдайымен толық танысып алған тиімді. Осы мақсатта сол жердегі объектілердің окиға болғанға дейінгі тұрған орындарын, қылмыскердің «келу» және «кету» жолдарының болжамын, оның қандай заттарды қалай колымен ұстауы мүмкін екендігін, қандай объектілерді жылжытқанын және тағы да сол сияқты мәліметтерді анықтаған дұрыс. Жәбірленушінің, окиғаны көрген тұлғалардың жауаптарын, шолып қарау кезеңдерінің қорытындысын қолданады да, сонымен байланысты іздері бар деген заттарды немесе объектілерді анықтайды. Оқиғалы жерді қарау кезінде бұндай іздер бар объектілер көбеюі де мүмкін. Оқиға болған жерде іздер ең алдымен орталықта, яғни қылмыстын, басты оқиғалары болған немесе заттай дәлелдемелер жинақталған жерде, ал одан кейін қылмыс болған жерден, қылмыскер шыккан жерден ізделуі қажет. Іздерді түгелдей, толык іздеп табуға мына ережелерді сактау мүмкіндік береді:
-іздің бір түрін тауып алғанмен ғана шектелмей басқаларын да іздеу керек.
- іздердің көбісі, мысалы, көлемді іздер, боялған аяқкиімнің іздері, бұзу кұралдарының іздері көліктердің дөңгелек іздері, арнайы құралсыз да көрінеді.
- табылған іздер, алдымен, фотосуретке түсіріледі, оның ережесі төмендегіше: жалпы объектіні ізімен қоса, одан соң іздің өзін ғана, фото түсіруді масштабтық сызғышты қолдану арқылы жүргізеді.
- табылған іздерді хаттаманың корытынды кезеңіне кіргізіп, көрсетіп, оның оларды кай жерде, қандай жағдайда, өлшемдерін, фотосуретке түсірілгенін немесе басқа түрде бекітілгені көрсетіледі;
- іздерді бекітудің ен басты түрі болып, оның белгілерін хаттамаға енгізіп көрсетілуі, яғни олардың табылған нақты жері (заттың үстінде ме немесе бөлмеде ме, жоқ, әлде окиғалы жерде ме) көрсетіледі.
- хатамаға қандай әдіс-тәсіл колданғандығын және кандай техникалық кұралдың колдануымен іздерді тауып, бекітіп алғандығы көрсетіледі.
Өзі бар объект немесе іздің көшірмесі, алдын ала, сондай-ақ сарапшылық зерттеуге жіберіледі. Сонымен, тергеушінің іздермен жұмыс жасаудын екі кезеңі бар, алдымен, тергеуші бұл жұмысты оқиғалы жерде іздерді іздегенде жүргізсе, екінші кезеңі оның бөлмесінде жалғасады, бұл жерде ол жиналған дәлелдемелік заттарды барынша мұқият зерттеп, істің басқа деректерімен салыстырып, трасологиялық сараптамаларды тағайындап, бұған қажетті жағдаяттарды әзірлейді. Қаулы шығарып, сарапшыға койылатын сүрақтарды ойластырып тізеді.
2. Трасологиялық мәні бар адамның іздері төмендегіше бөлінеді:
- қол іздері;
- аяқіздері;
- аяқкиім іздері;
- тіс іздері;
- киім іздері;
- қанның іздері.
Қол іздері басқа іздерге қарағанда жиі кездесіп, қылмыстарды ашу мен тергеу барысында көп қолданылады. Қолдың алақан жағының беті мен табан беттерінде папиллярлы сызыктар орналасқан. Қысқа ара қашықтарда папиллярлы сызықтар түзу болып, ал ара қашықтығы ұзарғанда олар иіліп күрделі өрнекті кұрайды. Папиллярды сызықтар ешқашан да бірімен-бірі киылыспайды. Бірақ олар косылып, айырылады және әр түрлі өрнектерді құрастырады. Папиллярлы сызықтар мен қатар, қол саусақ іздерінде басқа да алақан бетіндегі терінің рельефтік белгілері бейнеленеді, оларға флексорлық (бүгілу) сызықтары, әжім қыртыстары және түйнектер (поры) жатады. Флексорлық сызықтар суреттің ең ірі элементі. Олар алақанның бетін әр жерден кесіп өтіп, қол саусақтарының бүгілу жерлерін белгілейді. Қысқа кыртыс әжімдер алақанның әр жерлерінде кездесіп, терінің рельефінің тұрақты элементіне жатпайды. Бұлардың пайда болуы және болмауы терінін, жүмсактылығымен немесе созымдылығымен байланысты. Түйнектер — бұл папиллярлық сызықтың үстінде орналасқан майда тесіктер және олар тері бездерінің көздерімен байланысты.
Криминалистика ең басты назарын папиллярлы сызықтармен құрылатын рельефке, әсіресе саусақтардың тырнақ тұсындағы өрнектерге аударады. Папиллярлық өрнектерді зерттеуге — дактилоскопия, яғни трасологияның бір тарауы арналған. Дактилоскопия — грек тілінен аударғанда «дактиле» — саусақ, «скопо» — латын тілінде қарау деген мағынаны білдіреді.
Папиллярлық өрнектердің криминалистикалық мәні олардың өте маңызды сипаттылығымен анықталады, яғни олардың даралығы, өзіндігі, белгілі мерзімде тұрақтылығы және қайта қалпына келуі мен жіктелуге ыңғайлығы. Бұл сипаттамалардың барлығы терінің анатомиялық кұрылысымен байланысты. Терінің жоғарғы кабаты —«эпидермис» және терінің беті мен төменгі кабаттары — «дермо» деген қабаттардан кұрастырылған. Папиллярлы сызықтар адамның жатырында туындап, кұрылып өмір бойы өзгермей сакталады.
Папиллярлық өрнектердің белгілерін жалпы және жекеге бөледі. Жалпы белгілері бойынша олар келесі түрлерге бөлінеді:
-доғалы өрнектер;
-ілгекті өрнектер;
- шиыршықты өрнектер. Папиллярлық өрнектердің басты түрлері.
Олардың сызбалары (доғалы, ілгекті және шиыршықты).
Өрнектің түрін дұрыс анықтау үшін оның ортаңғы бөлігін зерттейді.
Доғалы - өрнектердің сызықтары саусақтың бір шетінен екінші шетіне карай жүретін доға ретіндегі суретті құрады, бұл өрнектердің түрі аз кездеседі. (Жалпы саннан 5 пайызы ғана). Суреттің ортаңғы белігін кұрайтын ілгекті өрнекте сызыктар саусактың бір жақ шетінен басталып кайтадан сол жаққа кайырылады. Саусактың шетіне караған папиллярлы сызықтардың аяқ жактарын - «ілгектің аяқшалары» дейді, ал айналған жерлерін «ілгектің басы» дейді. Ілгектің бас жағында оның жоғарғы және төмен жағынан сызыктар кесіп өтеді. Сызық ағындарының айырылатын жерін «дельта» дейді. Ілгекті өрнектер жиі кездеседі, жалпы санның 65 пайызын құрайды.
Өрнектердің үшінші түріне шиыршықты өрнектер жатады. Шиыршықты өрнектерде екі дельта болады, олар өрнектердің орта жағының сол немесе оң жактарына түседі, кейбір кездерде осындай өрнекте үш немесе төрт дельта кездеседі. Шиыршықты өрнектер жай және күрделі болып та бөлінеді.
Осы көрсетілген ернектердің үш түрі бойынша тұлға, оның саусақ таңбалары бойынша, идентификацияланады.
Адам аяғының іздерінің өте жоғары криминалистік мәні бар. Оқиғалы жердегі адам аяғының іздерін зерттеудің нәтижесінде, қылмыс тетігі туралы мәліметтер алуымыз мүмкін. Көп жағдайларда, біріншіден, оқиға болған жердегі іздердің барлық жиынтығын зерттеудің нәтижесінде тергеуші қылмыскердің қалай, қайдан келгендігі, оның жасаған әрекеттерін, қай бағытта кеткендігі туралы жобалы мәлімет ала алады және шамамен қылмыстың болған уақытын да анықтайды. Екіншіден, окиғалы жердегі қылмыскердің кеткен іздері бойынша қылмыскерді іздестіру мүмкіншілігі туындайды. Кейде «кету» іздерінің айқын еместігінен қылмыскерді іздестіру «кіру» іздері бойынша, яғни қылмыс жасалған жерге жакындап келгендегі қылмыскердің қалдырған іздері бойынша жүргізеді. Үшіншіден, аяқ іздерінен қылмыскерді анықтау және аяқ киімінен тұлғаны идентификациялау мүмкіндігі.
Қылмыскер жалаң аяғымен немесе аяқкиімімен де іздерді қалдыра алады, бұл іздерде тек кана өзіне тән ерекшеліктер болады. Әдетте оқиғалы жерде аяқ іздерінен гөрі, қылмыскердің аяқкиімінің іздері жиі кездеседі. Аяқ, киімнің іздерін зерттеу арқылы оның түрін (бәтеңке, галош, пима, тәпішке, резіңке етік және тағы с.с.) анықтап, оның болса, ұлттык ерекшеліктері туралы, өлшемі және басқа да қажетті мағлұматтар аныкталуы мүмкін. Біртектік және біртүрлік белгілерден басқа аяқ киім іздерінде, іздестіру және идентификациялау үшін өте құнды болып аяқкиімнің табанындағы әр түрлі жеке белгілердің табылу мүмкіндігі саналады. Жеке белгілерге аяқ киімнің тозу белгілері өте тиімді саналып, кейде қайталанбайтын сапаны құрап, іздер бойынша аяқкиімді идентификациялағанда негізгі қолданылатын материал болады. Бұндай белгілерге:
- табанның тұмсық жағының тозуы;
- өкшенің жапырылуы;
- табанда тесік секілді белгінің түсуі;
-шегелердің ассиметриялык орналасуы;
- жөндеу кезінде пайда болған тігістер тағы с.с.жатады. Аяқкиімнің іздері жоғарыда айтылғандай, көлемді немесе үстірт болуы мүмкін. Оқиғалы жерде көлемді іздер оңай көрінеді, ал үстірт іздер тек қана табаны лас немесе еден боялған болса ғана көрінеді. Егер ОБЖ жалаң аяқ ізі табылса, онымен қол саусак іздерін алу тәсілін колданып, бекітеді.
Окиғалы жерде қандай болсын аяқ киімінің ізі табылғанда оны сол жердегі мүшелердің қалдырмағанына көз жеткізу керек, ол үшін олардың аяқкиімдерін қарап салыстыру керек.
Оқиғалы жерде табылған аяқкиім іздерінін келесі өлшемдері жасалады және ол табылған аяқ, іздерін, ең алдымен фотосуретке масштабтық тәсілді қолданып түсіріп алады.
Достарыңызбен бөлісу: |