Сонымен қатар, терінің зақымданған ошақтарына 2% йод тұнбасын немесе Вилькинсон майын жағады.Ем біткен соң бірнеше аптадай қайталанудан сақтану үшін башпайлар арасын 2 % салицил немесе 1 % тимолдың спирттегі ерітіндісімен сүртіп,10 % бор опасын сеуіп тұру керек. Арнайы емес десенсибилизациялық емге кальций хлоридін,натрий бромидін тамырға егеді және гистаминге қарсы препараттарды қосып береді.
Емі
Қоздырғышы:Tr.rubrum Castellani Клиникалық көрінісі:Алақан,табан,тырнақ жиі зақымданады.Терінің ірі қатпарларындағы руброфития анық шектеулі,сәл көтеріңкі,дөңгелек қызғылт дақ пайда болады,қатты қышынады.Ауру ұзақ дамиды,жиі уақытша жазылады да,әсіресе жылдың жылы кезінде жаңадан асқынады.Жазық жерде руброфития жамбаста,тізеде,сиректеу-қарында,арқада орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |