Шаң шөккіш камера (1-сурет).
1-камера; 2-горизонталь қалқалар (сөрелер); 3 –шағылдырғыш қалқалар; 4-есікшелер.
Ауырлық күші әсерімен газдан шаңның тек үлкен бөлшектерін өліп алуға болады (100 мкм-нан үлкен). Бұл аппаратта тазалану дәрежесі 30-40% аспайды.
Инерциялық және ортадан тепкіш күштерінің әсерімен тұндыру
Инерциялық шаңұстағыштар. Бұндай аппараттардың жұмыс істеуі - газ ағынының жылдамдығы азайып, бағытының күрт өзгерісі негізіндегі инерциялық күштерді пайдалану.
Бұл аппараттардың артықшылықтары – шағын,жылжымалы бөліктерден тұрмауы.
Кемшіліктері – тазалану дәрежесі жоғары емес (шамамен 60%), салыстыралы түрде үлкен кедергі, тез желінуі.
Түрлері: торқақпақты (жалюзийный), циклон.
Инерциялық шаңұстағыштар
НИИОгаз конструкциялы циклон(3-сурет).
1-корпус;2-кіру келте құбыры;3-газ шығару құбыры;4-шаң жинағыш.
Торқақпақты шаңұстағыш (2-сурет).
1-біріншілік торпаққақты шаңұстағыш;2-жалюзи; 3-циклон.
Сүзу арқылы тазарту
Сүзу арқылы тазарту кезінде құрамында қатты бөлшектері бар газ кеуекті қалқалардан өтеді. Қалқалар газды өткізіп, қатты бөлшектерді ұстап қалады.
Сүзу қалқаларына байланысты сүзгіштер түрлері:
жұмсақ қалқалар(табиғи, синтеткалық талшықтар);
жартылай қатты кеуекті қалқалар (жоңқа,талшық қабаттары);
қатты кеуекті қалқалар(керамика, пластмасса);
дәнді қабаттардан тұратын.
Сүзгіштер
Жұмсақ қалқалары бар сүзгіштер (4-сурет).
Қорытынды
Сүзу-қатты дисперсті фазалы біртекті емес жүйені бӛлу, қатты бӛлшектерді кеуекті қалқамен ұстауға негізделген.
Сүзу сүзгіш қалқанның алдында және одан кейін қысымның әртүрлі әсерімен жүзеге асырылады. Сүзу қарқындылығы технологиялық процестің алдыңғы сатыларында алынған суспензиялардың санына байланысты: шӛгіндінің кедергісін тӛмендететін дисперсиялық жүйе, шайырлы, шырышты және коллоидты заттарсыз.
Сүзудің біртекті емес жүйелерін бӛлу кезінде сүзгіштің режимін, сүзгіш қалқанын, сүзгіштің құрылымын таңдау қажеттілігі туындайды.
Сүзгіш материалдар ретінде күкіртті материалдар – құм, суды сүзуге арналған қиыршық тас, түрлі маталар, картон, торлар, кеуекті полимерлік материалдар, керамика және т. б. қолданылады.
Центрифуганың өзі тұтасқан немесе шеттері қырлы қабырғалы қарапайым түрдегі тік цилиндрлік ротор болып табылады. Ротор тік білікке бекітіледі, мұнда ол электрқозғалтқыштың айналуына жалғанған, және қозғалмайтын қаптамалы цилиндрдің өзінде орналастырады, алынбалы қақпақпен жабылады; ротордың ішкі бетінде шеткерілген қабырғаларда сүзгіш мата немесе жұқа металдық торлар болады.
Газдардың құрамдастарымен танысқаннан кейін улы газдарды кәдеге жарату әдістерінің түрлері баяндалды. Бұл әдістерге адсорбциялық, каталитикалық, абсорбциялық, биохимиялық және термиялық тәсілдері жатты және олар жеке аталып өтті.
Барлық әдістері сипатталған соң, өнеркәсіптік газдарды тазартулың маңызды әдісі, каталитикалық кәдеге жарату әдісіне толық сипаттама берілді. Осыған байланысты орындалған жұмыстың мақсаты бойынша - блокты тасымалдағыштағы жаңа буындағы катализаторлардың синтезін дайындау және оларды өнеркәсіптік кәсіпорындардың түтін шығарындыларын және улы құрамдастарын терең тотығу үрдістерінде сынау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін келесі жұмыстар жүргізілу қажет:
- катализаторларды дайындау;
- метан мен пропанның тотығуы үрдісінде металл блоктық тасымалдағыштардың зертханалық үлгілерін сынау;
- Ееінші тасымалдағыштың морфологиясы мен текстуралық сипаттамаларын зерттеу;
- метан мен пропанның толық тотығу үрдістеріндегі блоктық катализаторларды сынау;
- катализаторлардың зертханалық үлгілерін СО-дан, көмірсутектерден кешенді тазарту реакциясына церий қосу арқылы екінші тасымалдағышта сынау.
Достарыңызбен бөлісу: |