«Инженерлік пәндер кафедрасы»
Тақырыбы:Сүзуге арналған қондырғылар.Центрифугалау құрылғылары.Газдарды тазалау.
ОБӨЖ
Орындаған: Ермекбай Жанкль
Тобы: ФӨТҚБ-02-21
Қабылдаған: Момбаев М. М.
Шымкент 2022 ж.
ЖОСПАР:
Кіріспе
Сүзуге арналған қондырғылар
Центрифугалау құрылғылары
Газдарды тазалау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жүйенің бір бөлігін өткізіп, екінші бөлігін ұстап қалатын кеуекті қалқа көмегімен біртексіз жүйелерді бөлу үдерісі сүзу деп аталады.
Сүзу – гидродинамикалық үдеріс. Сүзу жылдамдығы сүзетін кеуек қалқаның екі жағында пайда болатын қысым айырымына тура пропорционал да, кеуек қалқа арқылы өткендегі сұйықтыққа әсер ететін кедергіге кері пропорционал.
Сүзетін қалқаның екі жағында қысым айырымын компрессор, вакуум-насос көмегімен немесе бөлетін суспензияның гидростатикалық қысымын қолдану арқылы жасайды.
Қысым айырымы вакуум-насос қолданғанда 0,5-0,9 кгс/см2, ал поршенді ортадан тепкіш насостарды қолданғанда 5 кгс/см2 дейін болады.
Тұнбаның майда бөлшектерінің әсерінен сүзетін қалқа кедергілері жылдам артады. Сүзу үдерісіне гидродинамикалық факторлармен бірге (бөлшек беті, мөлшері, кеуектілігі), физика-химиялық факторлар да әсер етеді.
Суспензияда коллоидты немесе шайырлы қоспалардың болуы саңылауларды бітейді, сонымен бірге қатты және сұйық фазалардың бөлу беті аралығында иондар қатысында пайда болатын электрокинетикалық потенциал да сүзу үдерісіне әсерін тигізеді.
Сүзу процесі.Сүзу-қатты дисперсті фазалы біртекті емес жүйені бӛлу, қатты бӛлшектерді кеуекті қалқамен ұстауға негізделген.
Сүзу сүзгіш қалқанның алдында және одан кейін қысымның әртүрлі әсерімен жүзеге асырылады. Сүзу қарқындылығы технологиялық процестің алдыңғы сатыларында алынған суспензиялардың санына байланысты: шӛгіндінің кедергісін тӛмендететін дисперсиялық жүйе, шайырлы, шырышты және коллоидты заттарсыз.
Сүзудің біртекті емес жүйелерін бӛлу кезінде сүзгіштің режимін, сүзгіш қалқанын, сүзгіштің құрылымын таңдау қажеттілігі туындайды.
Сүзгіш материалдар ретінде күкіртті материалдар – құм, суды сүзуге арналған қиыршық тас, түрлі маталар, картон, торлар, кеуекті полимерлік материалдар, керамика және т. б. қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |