|
Тақырыбы: Сүзуге арналған қондырғылар. Центрифугалау құрылғылары. Газдарды тазалау. ОбөЖ
|
бет | 6/8 | Дата | 31.03.2023 | өлшемі | 0,71 Mb. | | #41938 |
| химфарм срс4 жанельГаздарды тазалау
Газ тазарту — өнеркөсіптік газдарды бағалы, керексіз немесе залалды қоспалардан тазартудың технологиялық процесі; қатты және сұйық қоспалар құйындатқыштармен, сүзгілермен ұсталып қалады. Газ күйіндегі қоспалардан тазарту үшін физикалық-химиялық әдістерді қолданады.
Газ тазарту қондырғыларын пайдалану тәртібі
1. Газды тазарту қондырғылары жобаға сәйкес келетін немесе жөндеу жұмыстарының нәтижесінде алынған көрсеткіштермен жұмыс істейді.
2. Газ тазарту қондырғыларын пайдалану кезінде қондырғының жұмыс режимін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді (оңтайлы режимнен ауытқу, анықталған ақаулар, жекелеген агрегаттардың ауытқу жағдайлары немесе барлық газ тазарту қондырғысының істен шығуы) қамтитын құжаттама жүргізіледі.
3. Газды тазарту қондырғылары газды тазарту қондырғысы жұмысының нақты параметрлерінің жобалық сәйкестігіне жылына кемінде бір рет, сондай-ақ келесі жағдайларда тексеріледі:
1) технологиялық жабдық өзгертілген режимде 3 (үш) айдан астам жұмыс істеген кезде немесе оны жаңа тұрақты жұмыс режиміне ауыстырған немесе жобалық отын түрі өзгерген кезде;
2) газ тазарту қондырғысын күрделі жөндеуден немесе қайта жөндеуден кейін.
Газды тазарту қондырғысы жұмысының нақты параметрлері жобаға сәйкес келмеген жағдайда, газды тазарту қондырғысын ауыстыру немесе қайта жаңарту бойынша шаралар қабылданады.
Алынған нәтижелер осы Қағидаларға сәйкес газ тазарту қондырғысының паспортына енгізіледі.
4. Егер жобада көзделген газдарды тазарту қондырғылары болмаған, ажыратылған немесе жобалық тазартуды және (немесе) залалсыздандыруды қамтамасыз етпеген жағдайда технологиялық жабдықты пайдалануға жол берілмейді
5. Газды химиялық агрессивті немесе абразивтік компоненттерден тазартуға арналған қондырғыларды пайдалану кезінде газды тазарту қондырғысының мерзімінен бұрын істен шығуын болдырмай, қорғау жабындарының бүтіндігі және металл конструкциялары мен жабдықтардың бұзылуының болмауы мұқият тексеріледі.
6. Газды тазарту қондырғысын жөндеу технологиялық агрегат тоқтаған кезде жүргізіледі.
7. Газды тазартудың сенімділігі мен дәрежесін арттыруға мүмкіндік беретін газды тазарту қондырғыларын жаңғырту жөніндегі іс-шаралар күрделі жөндеу жүргізу кезінде орындалады.
8. Құрғақ механикалық тозаңұстағыштарды пайдалану шаңұстағыштардың, бункерлердің, люктердің, фланецті қосылыстарының корпусы герметикалық жай-күйде, газдың ағып кетуіне немесе ауаның рұқсат етілмейтін сорылуына жол бермей жүзеге асырылады.
9. Дымқыл шаңұстағыштарды пайдалану дымқыл шаңұстағыштардың корпусы герметикалық жай-күйде, жарамды суару жүйесі мен шлам жинағышта жүзеге асырылады.
10. Өнеркәсіптік сүзгіштерді пайдалану кезеңінде өнеркәсіптік сүзгінің гидравликалық кедергісі бақыланады, жобалық құжаттамада белгіленген шектерде тазартылатын газдың температурасы сақталады.
11. Электрсүзгіштердің жұмыс істеу кезеңінде жобалық құжаттамада белгіленген электр режимі (тоқ шамасы, кернеу), газ және шаң жүктемесі (жұмыс аймағындағы газдың жылдамдығы, гидравликалық кедергі, аппаратқа кіретін шаңның көлемі мен концентрациясы), тазартылатын газдың температурасы сақталады.
Электрсүзгіштің сыртқы тораптарын, шаң мен тозаңды түсіру жүйелерін қарау жүзеге асырылады және қарау кезінде анықталған ақаулықтар жойылады.
Ұсталған шаң (қойыртпақ) дер кезінде алынып, белгіленген орындарға тасымалданады.
12. Газды термиялық және термокаталитикалық тазалау кезінде жобалық құжаттамаға сәйкес тазартылған газдың құрамындағы атмосфераны ластайтын заттарды жағу режимі бақыланады.
Газдарды тазалау әдістері:
Ауырлық күші әсерімен тұндыру;
Инерциялық және ортадан тепкіш күштерінің әсерімен тұндыру;
сүзу арқылы;
ылғалды жолмен;
Электрстатика күштері әсерімен тұндыру.
Ауырлық күші әсерімен тұндыру (гравитациялық тазарту)
|
|
|