5.2 Шаруашылықтың iшiндегi суармалы жүйелердегі. Өндірістік зерттеулердiң құрамы
Шаруашылықтың iшiндегi суармалы жүйелердегi өндірістік зерттеулердiң құрамына кiретiндер: су бөлетін нүктелерге түсетін суды және шаруашылықтың iшiнде суды бөлудi зерттеу, шаруашылықтың iшiндегi тiзбектегi судың ысырабы, суаруды ауылшаруашылығы егiстiгiн өңдеумен бiрiктiре отырып ұйымдастыру, суару техникасы мен технологиясы, суармалы жердiң мелиоративтiк жағдайы, шаруашылықтың iшiндегi тiзбектiң және гидротехникалық ғимараттардың техникалық жағдайы және сол сияқтылар. Бұл зерттеулердiң барлығы шаруашылықтың iшiндегi су пайдалануды жетiлдiруге бағытталған.
Су бөлетін нүктелерге судың түсуi және шаруашылықтың iшiнде суды бөлу берiлетiн (нақтылы) шығынның және есептi (мәлімделiнген) су көлемiнiң сәйкестiгiн және уақытқа байланысты су шығынының бiрқалыпты берiлуiн және бөлінуiн жақсартуды бақылау мақсатында зерттеледi.
Оперативтi жоспарланған мерзiмде (тәулік, бескүндiк, онкүндiк) суды бiрқалыпты беру суару техникасының жұмыс ырғағының жоғарғы өнiмдiлiгi үшін керек. Су бөлетін нүктеге судың бiрқалыпты түсуi (шаруашылыққа, бригадаға), әдетте, шығынның вариация коэффициентiмен бағаланады (2 тарауды қара). Егер де вариация коэффициентi 0,1 артпаса, қазiргi жүйелердегi су бөлетін нүктелерге суды бөлу бiрқалыпты деп есептеу қабылданған. Жетiлген жүйелерде ол 0,05-0,1 көбірек болмауы керек.
Пайдаланудағы жұмысшылардың материалды ынталандыру үшін оларға еңбек ақы төлеуi бөлетін нүктелерге суды бiрқалыпты беруге байланысты болуы керек.
Шаруашылықтың iшiндегi суармалы тiзбектегi су ысырабы оларды нақтылы өлшеу жолымен және су теңдiгiнiң есептерi арқылы азайту мақсатында зерттеледi. Каналдардағы су ысырабын анықтау әдiстерi 16 тарауда толық айтылған.
Суаруды егiстiктi өңдеумен бiрiктiре отырып ұйымдастыру учаскелердi (танаптарды) суарудың ең тиiмдi кезегiн анықтау, суаруды егiстiктi өңдеумен келiсу, далалық жұмыстардың (танаптардағы конвейер) анық толассыздығын анықтау, ауылшаруашылығы дақылдарын егудегi прогрессивтi технологияны енгiзудi зерттеу. Зерттеулердi ауданы 100-150 га болатын және одан да асатын бригаданың тәжіребе учаскесiнде (ауыспалы учаске) жүргізедi. Бiр мезгiлде (тәулікте) суарылған немесе өңделген учаскелердi белгiлейдi. Олардың ауданын, суарылатын уақытын, топырақтың пiсуiнiң ұзақтығын, ауылшаруашылығы егiстiгiн өңдеу түрін және уақытын анықтайды.
Шартты белгiлердегi егiстiктi суару мен өңдеудi графикке түсiредi, онда, көлбеу (осьтiң) бойымен басынан соңына дейiн тәулікпен вегетациялық мезгiлдi түсiредi, тiк оське - гектармен бригада учаскесiнiң ауданын және бiр мезгiлде суарылатын учаскелердi.
Достарыңызбен бөлісу: |