Тақырыбы: су шаруашылығын жобалау және пайдалану кіріспе



жүктеу 409,82 Kb.
бет34/63
Дата09.12.2023
өлшемі409,82 Kb.
#44612
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63
МЖСТТ

Су шығыны 1 м3/с дейiнгi каналдар мен ғимараттар. Бұнда жұқа қабырғалы суағар, гидрометриялық босағалар мен науалар, саптамалар мен тiреуiштер, градусталған каналдар мен ғимараттар қолданылады.
Жұқа қабырғалы суағар стандартты - үшбүрышты, трапецеидальды, төртбүрышты формадағы сүйір суағардың жиегi ойылып iстелген тосқауылдап тежейтiн қабырға болып саналады. Олардың су өлшеу сапасы жоғарғы (өлшеу қателiгi + 3-5%)
Трапециялы суағар бүйір қырының көлбеулiк бүрышы 14 және 450 (Чиполетти және Ивановтардың суағарлары). Су шығыны сәйкес 0,25 және 1 м3/с дейiнгi трапеция формасындағы каналдарда, төртбұрыштысы - су шығыны 1 м3/с дейiн болатын төртбұрышты формадағы каналдар мен ғимараттарда, үшбүрыштысы (Томсонның суағары) - су шығыны 0,1 м3/с дейiн болатын шаруашылықтың iшiндегi тiзбектердегi кiшi каналдарда және кәріздерде қолданылады.
Өлшеу жұмыстарын жүргізу үшін суағар тыныштандыратын құдықта орналасқан деңгей өлшегiшпен жабдықталады. Жұқа қабырғалы суағарды қондыруға және пайдалануға қойылатын негiзгi талаптар келесiлер: суағар жазықтығындағы ағынның ауданының жеткiзетiн жақтауға қатынасы 0,25 көп болмауы керек; жеткiзетiн жақтаудағы ағынның жылдамдығы 0,5 м/с көп болмауы керек; тесiкке кiреберiстегi сығылған ағын тiкелей жетуi үшін, суағардың босағасы жеткiзушi арнаның табанынан бiраз биiк болуы керек; төменгi бьефте шапшып ағатын кедергiсiз ағуына ауаның еркiн кiруi қамтамасыз етiлуi керек. Жұқа қабырғалы суағардың кемшiлiктерi: каналдағы су ағынының алғашқы тереңдiгiн 1,5-2 есеге дейiн көтеретін , жоғарғы бьефте тоспа жасалынуы керек; суағар босағасының алдына түпкі және қалытқы тасындылардың шөгуі.
Кедергiсiз ағатын Чиполеттидiң трапецеидальдi суағары арқылы өтетiн су шығыны, м3/с, төмендегi формула арқылы анықталады:
Q = 1,86 * в * h3/2 , (4.3)
мұнда: в - суағардың енi, м; h - суағардың жотасы Үстiндегi арын, м.
өлшегенде h = 0,05-1 м және в = 3-4 h болуы ұсынылады.
А.И.Ивановтың суағарын суағар арқылы өту бастырылған жағдайда қолдану ұсынылады. Бұл жағдайдағы есептерде батуын ескеру керек.
Үшбүрышты суағардың кесiлу бүрышы 90 және 450 болады. Пайдалануда кеңiнен таралған түрі бүрышы 900 суағарлар. Бұл жағдайда үшбүрышты суағар арқылы өтетiн су шығыны, м3/с, келесi формула арқылы анықталады:
Q = 1,4 * h5/2 , (4.4)
Диаметрi 1600 мм артығырақ құбырлар. Оларға негiзiнен суды реттеудi автоматты және шығынды бейнеөлшеуге мүмкіншiлiк ететiн, көп каналды ультрадыбысты шығынөлшегiштер РУМ-1 орнатады.
Диаметрi 400-1000 мм артығырақ құбырлар. Бұнда негiзiнен бiрканалды ультрадыбысты шығынөлшегiштер УЗР-В және олардың модификациялары, жергiлiктi жылдамдықты электромагниттi шығынөлшегiш ЭРИС, тарылу қондырғылы шығынөлшегiштер (Вентури құбыры, сегменттi және сақиналы диафрагмалар).
Ультрадыбысты шығынөлшегiштер УЗР-В диаметрi 400-1000 мм аралығындағы құбырларға орнатады. Шығынөлшегiш УЗР-В жиiлiктi ультрадыбысты шығынөлшегiш, ағынның бағытына және оған қарсы бағытталған ультрадыбыстың тербелiсi жолының испульстi жиiлiгiнiң айырмасын өлшеу болып табылады. Ол құбырларға монтаждалған екi пьезоэлекторлы датчиктерден, үйде орнатылатын шығын индикаторлары мен есептегiшi бар электронды блоктан; датчиктердi электронды блокқа қосатын кабельдерден тұрады.
Су өлшейтiн қондырғылардың бұндай түрлерiне ультрадыбысты су есептегiш Шығын-7 жатады (29 модификациялар). Оларды диаметрi 10-1200 мм аралығындағы құбырларда қолданады.
Ультрадыбысты шығынөлшегiштер қосымша арын ысырабын жасамайды, пайдалану сенiмдiлiгi және дәлдiгi жоғары (өлшеу қателiгi + 1-1,5%). Ультрадыбысты шығынөлшегiштердiң кемшiлiгi - құбырдағы шығынқлшегiш датчигiнiң алдындағы керек етiлетiн түзу учаскенiң ұзындығы үлкен (20-70 диаметр). 
Электромагниттi шығынөлшегiш, олардың жұмыс iстеу принципi мынада, шығыны электромагниттiң көмегі арқылы өлшенуi керек электр өткiзетiн сұйықта (суда) магниттi өрiс жасалынады. Сұйық аққан кезде өрiс күшінiң сызықтарын кесiп өтедi және оларда, қозғалушы өткiзгiш ретiнде, сұйықтың шығынына пропорциональды электроқозғаушы күшi пайда болады. Индукцияланған электроқозғаушы күш электродтармен алынып сигнал беретiн сымдар (кабельдер) арқылы электронды блокқа берiледi, бұнда күшейедi және үйлестiрiлген шығатын сигналға өзгередi.
Электромагниттi шығынөлшегiштердiң айырмашылығы құбырдағы қажет ететiн түзу учаскенiң ұзындығы бұрынғылармен салыстырғанда аз (5 диаметр) және дәлдiгi жоғары.
Жергiлiктi жылдамдықты электромагниттi шығынөлшегiш ЭРИС диаметрлерi 400-1000 мм аралығындағы құбырларда қолданылады. Олар құбырға енгiзiлетiн жергiлiктi жылдамдық датчигiнен (жылдамдық өзгерткiш), сигнал дайындайтын блоктан және электронды блоктан тұрады. Құбырға дәнекерленген жергiлiктi жылдамдық датчигi фланца және бобышкiлердiң көмегімен құбырға бекiтiледi.
Шығынөлшегiш ЭРИС шығынды өлшеу “жылдымдық х аудан” және құбырдың көлденең қимасының нүктесiнде жылдамдықты өлшеу әдiстерiне негiзделген.
Жергiлiктi жылдамдық датчигiн орташа жылдамдықтың орнына орнатады, яғни, құбырдың iшкi қабырғасынан 0,242Rташа жылдамдық бойынша өлшеу қателiгi + 1,5%, шығын бойынша + 2,5%.
Тарылатын қондырғысы бар шығынҚлшегiш диаметрi 100-1500 мм аралығындағы құбырларға орнатылады. Олар құбырға монтаждалған тарылатын қондырғыдан (шығында өзгертетiн датчиктен); үндестiрiлген сигналдағы қысымның құлағынан өзгертетiн дифмонометр – шығынөлшегiштен; қоқымның құлағының датчиктен - дифмонометрге – шығынөлшегiшке беретiн қосушы сызықтан; үндестiрiлген сигналды қабылдайтын және өлшенген ақпараттарды бақылаушының тiкелей қабылдауына түсiнiктi түрде шығаратын екiншi рет (өлшейтiн) аспаптардан тұрады. Шығынды өлшеу қателiгi + 1,5-3%.
Тарылатын қондырғысы бар шығынөлшегiштердiң негiзгi жақсы жақтары: шығын өзгерткiштер шығын өлшейтiн стендтерде жеке градустауды қажет етпейдi, тарылатын қондырғыларды гидромелиоративтiк жүйелер басқармасындағы механикалық шеберханаларда немесе жөндеу-механикалық зауыттарында жасауға болады. Кемшiлiктерi: өлшеу диапазоны аз (1 : 3-тен 1 : 5-ке дейiн), арынның ысырабы салыстырмалы қарағанда көбірек және үрлеудi немесе шаюды көбірек қажет етедi.
Диаметрi 400 мм кемiрек құбырлар. Оларға электромагниттi шығынөлшегiш ИР-61 (Қлшеу қателiгi + 1%), ультрадыбысты шығынөлшегiш УЗР, тахометрлi шығынөлшегiштер, сонымен қатар тарылатын қондырғылы шығынөлшегiштер.
Тарылатын қондырғылы, электромагниттi және ультрадыбысты шығынөлшегiштердiң жұмыс iстеу принциптерi ертерек айтылды.
Тахометрлi шығынөлшегiштерге ВД-180, СВ-1, СГВ-100, СГВ-150 және басқалар жатады. Суарғанда шығындарды және су көлемдерiнiң қосындысын өлшеу үшін суару техникасына арналған су есептегiшi ВД-80 диаметрi 180 мм шығыны 40-130 л/с аралығындағы құбырларда қолданылады. Есептегiштiң жұмыс iстеу принципi сұйық ағынның гидравликалық энергиясын қанаттар валының механикалық энергиясына айналдыру.
4.4 Гидрометриялық қызмет. Оның мiндеттерi мен жұмыс құрамы
Гидромелиоративтiк жүйелердегi ұйымдастыру және судың есебiн жүргізумен гидрометристерден, су өлшейтін бекеттердiң бақылаушыларынан, ғимараттарды реттейтiн және су өлшейтiн қондырғыларды жөндейтiн техниктерден түратын гидрометриялық қызмет айналысады. Гидрометриялық қызметтiң штаты нормамен анықталады. Гидрометриялық қызметтiң негiзгi мiндеттерi келесiлер:
суару көзiндегi бар судың қорын бақылау;
суармалы тiзбектiң барлық звеноларында тәулiгiне үш реттен сирек емес 7, 13 және 19 сағат суды өлшеу және есептеу;
суды шаруашылықтарға бөлуге және оларды дақылдарды суаруға пайдалануына бақылау және көмектесу;
коллекторлы-кәріздi және ақаба суын тастайтын тiзбектi тәулiгiне бiр реттен сирек емес суды өлшеу және есептеу;
каналдардағы судың сүзілуiне кететiн ысырапты өлшеу және каналдар мен жүйелердiң ПӘК анықтау;
суармалы жүйелерде және олардың кейбiр учаскелерiнде су теңдiгiн анықтау.
Гидрометриялық қызмет мынандай жұмыстарды iске асырады:
каналдар мен ғимараттардың жағдайын тексередi, олардың геометриялық және гидравликалық параметрлерiн анықтайды;
су өлшейтiн қондырғылардың түрін таңдайды;
су өлшейтiн бекеттерде бақылау жұмыстарын орындау және алынған материалдарды жинайды және өңдейдi;
бақылау өлшеулерiн жүргізедi;
су өлшейтiн қондырғыларға, аспаптарға және өлшейтiн жабдықтарға техникалық қызмет жасау.
Су өлшейтiн қондырғалар ( ағын қалыптастырушы қондырғы, аспаптарға iрiктеп жиналған және өлшейтiн жабдықтар) ведомстволық немесе ведомствоаралық метрологиялық аттестациялардан өтуi керек. Ведомстволық және ведомствоаралық сынаудың ретi мен көлемi тиiстi салалық стандарттар мен ГОСТтер белгiленген.

жүктеу 409,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау