Тақырыбы: су шаруашылығын жобалау және пайдалану кіріспе



жүктеу 409,82 Kb.
бет31/63
Дата09.12.2023
өлшемі409,82 Kb.
#44612
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63
МЖСТТ

Технологиялық суды есептеу су шаруашылығы жүйелерiнiң, суды пайдаланатын шаруашылықтардың және бригада учаскелерiнiң арасында су ресурстарын пайдалануды және бөлудi оперативтi басқару мақсатында, сонымен қатар каналдардың, сорап бекеттерінің, гидротехникалық ғимараттардың жұмысын Әдеттегiдей жағдайда қамтамасыз ету арқылы iске асады.
Коммерциялық судың есебi суару көзiнен алынған және белгiленген мерзiмде, керектi шығынды тұтынушыларға берiлетiн судың көлемiн анықтау мақсатында жүргізіледі.
4.1 Су өлшейтiн бекеттердi жiктеу және орналастыру. Оларға қойылатын негiзгi талаптар
Суды есептеу үшін су өлшейтiн гидрометриялық бекеттер тiзбегiн жасайды (су есепетейтiн пункттер). Гидромелиоративтiк жүйелерде оларды суару көзiндегi су алатын ғимараттардың жанына, магистрал каналының сағасына, iрi шаруашылық каналдардағы су бөлетін орындарға, су тұтынушы шаруашылықтарға су беретiн нүктелерде, бөлімдерге, ауыспалы егiстерге және бригада учаскелерiне су беретiн нүктелерге, ақаба суды тастайтын каналдарға, кәріздiң және коллекторлардың құйылысына орналастырады. Орналасатын жерiне және орындайтын мiндеттеріне байланысты оларды түрлерге бөледі.
Су өлшейтiн бекеттер үлкен екi топты бiрiктiредi: теңдiк және оперативтi судың есебi. Теңдiк бекеттерi сағадағы ең басты, бөлгіштердiң басындағы, шаруашылықтың және ақаба суды тастайтын бекеттердiң мiндеттерiн орындайды. Бұл мiндеттердi транзиттi ең басты және бөлгіштердегi посттарда атқарады, егер де оларды аудандардың немесе облыстардың шекараларына орналастырса. Қалған су өлшейтiн бекеттер - оперативтi су өлшейтiн бекеттер.
Шаруашылық аралық суармалы тiзбекте әдеттегi суды есептеу үшін 1000 га есептегенде 6-9 бекеттер болуы керек, ал шаруашылықтың iшiндегi суармалы тiзбекте - 10-15 бекеттер. Су өлшейтiн бекеттер суды есептейтiн техникалық құралдармен жабдықталады - су өлшейтiн қондырғылармен.
Су өлшейтiн бекеттер және су өлшейтiн қондырғылар келесi негiзгi талаптарға жауап беруi керек:
судың оперативтi есебi (шығынның мәліметтерi сүрағаннан кейiн бiрден түсуi керек);
суды есептеудiң дәлдiгi (өлшенетiн су шығынның рұқсат етiлетiн орташа-квадратты салыстырмалы қателiгi + 5 ( артық болмауы керек);
су өлшейтiн бекеттердiң ұзақ уақыттығы және сенiмдiлiгi;
шығынды өлшеудiң қарапайымдылығы (өлшенетiн параметрлердiң кiшi саны бойынша, мысалы, арыны, деңгейi немесе деңгей айырымдары, арындар);
шығындардың үлкен көлемде өлшенуi (шығындардың 5-10 есе өзгеруi);
аз арындарда және деңгей айырмаларында (құламаларда) жұмысының сенiмдiлiгi және су өлшеуiнiң дәлдiгi;
температураның үлкен тербелiсiнде, жоғарғы ылғалдылықтар және ауаның шаңдану кездерiнде жұмыс iстеуiнiң сенiмдiлiгi;
тасындылар мен қалқып жүрген заттарды кедергiсiз жiберуi;
конструкциясының қарапайымдылығы, бағасының көп еместiгi;
шығарылуы және қолданылуы көп шiлiкке бiрдейлiгi.
4.2 Су өлшейтiн қондырғыларды құрайтын бөліктері және түрлерi
Гидромелиораитвтiк жүйелерде су шығынын өлшеу, ереже бойынша, жанама өлшеу принципiне негiзделген. Әдетте, тiкелей шығынды өлшемейдi, каналдағы немесе құбырдағы су қозғалысының жылдамдығы мен көлденең қимасының ауданын өлшейдi, сонымен қатар арынды немесе арын ысырабын (деңгей құламасы).
Су өлшейтiн қондырғы, әдетте, ағын қалыптастыратын және ақпарат бөлімдерiнен тұрады (су деңгейiн, деңгей құламалары немесе ағын қалыптасатын бөлімнiң көлденең қимасындағы арынды өлшеуге арналған приборлар мен жабдықтар), қосалқы қондырғылар (тыныштандыратын құдықтар, өлшейтiн жабдықтарды орналастыруға арналған шкаптар).
Су өлшейтiн қондырғы жұмыс iстеу принципiне байланысты төрт түрге бөлінедi:
арнайы ағын қалыптастыратын бөлімдерi бар су өлшейтiн қондырғы (суағарлар, босағалар, астаулар, саптамалар, тiреуiштер, диафрагмалар, диффузорлар);
электромагниттi және акустикалы су өлшейтiн қондырғылар (индукциялы, ультрадыбысты шығын өлшейтiндер);
жылдам су өлшейтiн қондырғылар (гидродинамикалық түтігi бар су өткiзетiн учаске, вертушкалармен және басқалар);
гидравликалық су өлшегiш қондырғылар (шығынды гидравликалық тұрақтандырғыштар, градусталған ғимараттар).
Су өлшейтiн қондырығының түрін немесе ағын қалыптастыратын бөлімдердi өлшенетiн судың шығынына және оны өлшейтiн арынға байланысты таңдайды.
Су өлшейтiн қондырғылардың ақпаратты бөлімiнде сериялы шығарылған iрiктеп жинақталған аспаптар мен өлшеу жабдықтарын пайдаланады. Гидрометриялық жүйелерде гидравликалық параметрлердi (деңгейлер, жылдамдықтар және басқалар) өлшеу үшін аспаптар мен жабдықтардың келесi түрлерiн қолданады:
ашық су өткiзушiлерде судың деңгейлерiн (деңгей құламалары) - деңгей өлшегiштер және деңгей өлшейтiн рейкалар;
су ағынының жергiлiктi жылдамдықтарын - гидрометриялық вертушкалар, гидродинамикалық түтіктер, индукциялы және ультрадыбысты жылдамдық өлшегiштер;
арынды су өткiзгiштерде қысым құламасын - дифмонометрлi және пьезометрлi түтіктер;
судың ағыны - ағын өлшегiштер;
гидротехникалық ғимараттардағы қақпақты ашу мөлшері - қақпақтың түратын орнын анықтайтын датчиктер, штрихты ұзындық өлшемi.
Iрiктеп жинақталған аспаптар мен өлшеу жабдықтарының түрін ағын қалыптастырушы қондырғының түріне байланысты таңдайды.
4.3 Су өлшейтiн қондырғылар мен ғимараттардың конструкциялары
Су өлшейтiн қондырғылардың түрлерi мен конструкцияларын олардың қолданылатын жағдайларына, су өткiзгiштердiң (ашық немесе құбырлы) түрлерiне, су өткiзгiштердiң өлшемдері мен көлденең қимасының формаларына, судың шығыны мен жылдамдығына, судағы тасындылар мен қалқыма заттарға байланысты таңдайды.
Су өлшейтiн қондырғылардың әрбiр түрін қолдануға қойылатын талаптар арнаулы инструкцияда айтылған.

жүктеу 409,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау