Тақырыбы: су шаруашылығын жобалау және пайдалану кіріспе


Суды әкететiн (коллекторлы-кәріздi және су жинайтын-тастайтын) тiзбек



жүктеу 409,82 Kb.
бет23/63
Дата09.12.2023
өлшемі409,82 Kb.
#44612
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63
МЖСТТ

Суды әкететiн (коллекторлы-кәріздi және су жинайтын-тастайтын) тiзбек келесi негiзгi пайдалану талаптарын қанағаттандыру керек:
суды әкететiн тiзбектiң жетiлген және қазiргi заманғы конструкциясы. Коллекторлы-кәріздi тiзбек суармалы алқаптiң табиғи жағдайына байланысты жабық көлбеу, тiк немесе құрастырылған кәріздер болуы мүмкін. Жабық көлбеу кәрізде кәріздi тiзбек тұрақты суармалы каналдардың арасына олардан 20-30 м қашықтықта орналастырады. Кәріздiң тереңдiгi 2,5-4 м, жер қыртысындағы судың алмағайып деңгейiнен аспауы керек. Суармалы территоиряда кәріздiң бiрлiк ұзындығы 50-100 м/га құрауы керек. Тiк кәрізде бiр ұңғыманың қызмет ететiн ауданы 50-100 га, кейбiр жағдайда 400 га дейiн жетедi. Су жинайтын-тастайтын тiзбек жердiң бетiнен тасталған суларды жинау және әкету үшін керек. Олар терең емес ашық каналдар болуы керек. Су шығыны 0,25 м3/с көп барлық тұрақты суармалы каналдардың соңында сарқынды суды тастайтын канал болуы керек. Апатты (сақтау) жағдайда суды тастау командалық түйіндерде қаралу керек және жауапты ғимараттардың алдында немесе танаптық каналдарда қаралады. Коллекторлы-кәріздi және суды жинау-тастау тiзбектерiн қосуға рұқсат етiлмейдi. Сарқынды және лас (төгінді) суларды коллекторлы-кәріздi тiзбекке тастауға рұқсат етiлмейдi;
суармалы жердiң мелиоративтiк режимдерiн оптимальдi уақыт аралығында шапшаң реттеудi қамтамасыз ету. Минерализацияланған жер қыртысындағы сулардың тереңдiгi алмағайып деңгейден көп болуы керек. Сары топырақта алмағайып тереңдiк, жер қыртысы суларының минерализациясы 3 г/л дейiн болғанда - 1,7-2,2 м; 3-5 г/л - 2,2-3 м; 5-7 г/л - 3-3,5 м. Жеңiл құмшауыт топырақтарда алмағайып деңгей азаяды. Жер қыртысы суларының тереңдiгi 0,6-1 м кiшi жағдайда, жердi батпақтау және басып кету қаупiнiң болуына байланысты рұқсат етiлмейдi. Топырақтың құрамында уатты тұздар құрғақ топырақ массасының 0,2-0,3( көп болмауы керек. Na/ және Na/ қатынасы топырақ ерiтiндiсiнде рұқсат етiлген шамадан аспауы керек. Натрийдiң құрамы ППК-да: шөлді аймақтарда 10(; далалық аймақтарда 4-5( аспауы керек;
ақаба және коллекторлы-кәріздiң суларында уытты заттардың құрамы, оларды су қабылдағыштарға тастағанда ПДК-дан аспауы керек. Ақаба және коллекторлы-кәріздiң суларын суаруға пайдаланғанда олардың сапасы суаратын суға қойылған стандартқа сәйкес болуы керек;
кәріз, коллекторлар және тiк кәріздердiң сағасындағы (құйылысындағы) ғимараттар су өлшейтiн қондырғылармен жабдықталуы керек;
жер қыртысындағы сулардың деңгейiн және минерализациясын бақылау мақсатында жүйеде бақылау ұңғымалары орналасуы керек. Топырақтың сортаңдылығын бақылау үшін бақылау ұңғымаларының жанынан тұздардың құрамын анықтау үшін топырақ үлгiлерiн алатын алаң жабдықталады (тұзды бақылайтын нүктелер).
Суармалы жүйелердегi және оған жанаса жатқан жердiң экологиялық жағдайының негiзгi талаптары келесiлер:
табиғи ландшафттарды сақтау немесе жартылай табиғи ландшафттар жасау. Шөлді аймақтарда танаптарды қорғайтын ағаш жолақтары және оларды отырғызу ауданның 6-10 % алуы керек, ал далалық аймақтарда табиғи және жартылай табиғи ландшафттардың ауданы ауданның 25-30 % болуы керек;
суару көздерiнен су бөлу және жер асты суларын алу белгiленген мәннен аспауы керек;
жүйелерде балық қорғайтын шаралардың болуы мiндеттi;
улы химиялы заттарды және пестицидтердi абайлап қолдану (мөлшері 4-5 кг/га артпауы керек);
ақаба және коллекторлы-кәріздiң суларын су қабылдағыштарға тастағанда олардың құрамындағы уатты тұздар, нитраттар және пестицидтер ПДК-дан аспауы керек;
ауылшаруашылық өнiмiнде нитраттар мен пестицидтердiң құрамы ПДК-дан артық болмауы керек.
Суармалы жерлердегi ауылшаруашылығы өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiнiң негiзгi талаптары төмендегiдей:
жоғары тиiмдiлiк мақсатқа сәйкес ауылшаруашылық дақылдарының өнiмi (0,85-0,95) Уmax және топырақтың пайда болуы үшін қолайлы жағдай;
суармалы жерден ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiрудiң жоғарғы тиiмдiлiгi. Ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiрудiң рентабельдiлiгi деңгейi Урент = 100П/С қазiргi нарық жағдайында 40-50% кем болмауы керек (П - ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiруден түскен пайда, т; С - ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiрудiң өзiндiк қүны, т).
қазiргi негiзгi өндірістік қорды пайдаланғандағы жалпы (абсолюттi) экономикалық тиiмдiлiктердiң көрсеткішi, немесе қордың рентабельдiлiгi, Экр = П/Ф орнатылған негiзгi қордың тиiмдiлiк нормасына тең немесе көп болуы керек (Ф - өндiрiлген негiзгi қордың орташа жылдық бағасы және құралдарды қайта нормативтеу, т). Негiзгi қордың тиiмдiлiгiнiң нормативтiк мәнін орташа 0,1 ұсынады.

жүктеу 409,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау