Тақырыбы: Шошқа гигиенасы Орындаған



жүктеу 101,28 Kb.
бет6/10
Дата05.01.2022
өлшемі101,28 Kb.
#36524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
stud.kz-33962 (2)

Шошқаны азықтандыру 

Басқа шаруашылық малдарына қарағанда шошқа өсімтал, тез жетілгіш келеді. 114 тәулік (3 ай + 3 апта + 3 тәулік) буаздықтан кейін әр мегежін орташа 10—12 торай тауып, олар 7—8 айлығында 110—120 килограмға жетіп, қосылған әр 1 кг салмаққа небәрі 4—6 азық өлшемі жұмсалатындықтан, шошқадан жыл бойында мол да арзан ет өндіріледі. Және ол азық талғамайды.

Шошқа бір қарынды болғандықтан ас қорытуы негізінен ішекте өтеді. Көп қарынды күйісті малға Караған­да ас корыту жолдарында микробиологиялық түзілу онда өріс алмағандықтан (олар тек соқыр және тоқ ішектерде орын алады) шошқаны азықтандырудың биологиялық сапасына баса көңіл аударады. Осы себептен де олардың рациондарындағы қиын қорытылатын клетчат­ка мөлшерінің белгілі бір деңгейде (кұрғақ затында 10— 12 проценттен) аспауын жіті қадағалайды.

Берілетін асықты алдын-ала өңдеуден откізіп, ірі тамыр жемістілерді, дәнді азықтарды, күнжараны ұнтақ-тап, картопты буландырып, пісіреді. Ірі азықты булап немесе "ұнтақтап, ашытқылаған жөп. Көк азықтың өзін турап, араластырып берген дурыс.Шаруашылықтағы азық қорына байлаиысты шошқаларды жемді, жемді—картопты, жемді-тамыржемісті азықпен қоректендіреді. Жемді типтес рацяондар құрамында қыста 75—80, жазда 85—90 (қоректілігі бойынша) процент жем болады. Рационының 20—30 проценті тамыртүйнек жемістілер, көк азық, құрама сурлем, шөп ұиы, қурғақ қызылша жомы секілді азықтар болғандық-тан шошқаны қоректендіру арзанға түседі.

Шошқа денесіндегі май негізінен жеңіл қорытылатын көмірсулардан түзілгенімен, олардың рациондарын энергияға қанықтырып, ауыспайтын май қышқылдарымен қамтамасыз етіп, ас қорыту барысына қолайлы жағдай туғызу үшін рациондарында «шикі» май мөлшері де жеткілікті болуға тиіс. Ауыспайтын май қышқылдары (ли-нол, линолен, арахиден) линолен кыіпкыльшан түзілуі мүмкін. Оньщ мөлшері торайлар рационыньщ кұрғақ за­тында 1,6 процент, сака шошқалардікінде— 1,3 процент болуға тиіс. Сондай-ақ рационда (А, Д, Е, К) және суда (В тобынын) еритін   витаминдер жеткілікті болуға тиіс.

  Мегежіндерді азықтандыру 

Мегежіндерді жасына (сақайған болып 2 жас саналады ),тірілей  салмағына және физиологиялық жағдайына (буаздықтың алғашқы 84 және соңғы 30 тәулігі, торайлар емізу кезеңі)қарай азықтандыру белгіленген.Екі жасқа жетпеген , әлі өсуін тотпаған мегежіндерді буаздық кезеңінде тірілей салмағына қарамай 181-200 киллограмдық   мегежіндер нормасымен азықтандырады.Буаздықтың алдындағы 3-14 тәулікте мегежіндерді ұрықтандыруға жақсы дайындау үшін нормасын 0,6 азық өлшеміне ұлғайтып береді.Роцион құрғақ затының  әрбір киллограмда 1,5 азық өлшемі , 105г қорытылатын перотин, 6,0 лизин  140г шикі клетшатка , 5,8 г ас тұзы , 8,7г кальций 7,2г фосфор , 11,6 мг каратин , В1 7мг ,В2 23мг, В3  1,16мг,В4 29мг,В12 витаминдері болуға тиіс.

Торайларын емізетін кезде екі жасқа толмаған жас мегежіндердің  дұрыс өсіп –жетіліп , төлім сүтке жарытуы үшін сақа мегежіндер нормасына 0,6 -0,8 азық өлшемі қосылып , рацион құрғақ затының әр бір грамында шикі , 145 г қорытылатын  протен , 8г лизин ,4,8 г   метионин мен цистин, 70г  аспайтын   клетчатка, 9,3 кальций ,7,6 г фосфор , 11,6 мг темір (басқа көрсеткіштер жоғарыда көрсетілген  буаз мегежіндердікіндей ) болуы керек.Өндіріс технологиясы бойынша торайлары60 тәуліктен ерте айырылатын болса,  келтірген  нормалық  көрсеткіштер 0,2-0,3 (35-40 тәуліктен айырғанда )және 0,4-0,5 (26 тәуліктен айырғанда )азық өлшеміне     кемітіледі. Әр торай басына шығындалатын азық өлшемі 0,38-ден 0,35 пен 0,33-ке дейін азайтылады.

Жақсы күйлеп дұрыс ұрықтануы үшін ұрықтандыруға 10-14 күн қалғанда азықтандыру деңгейін 25-30 процентке ұлғайтып, сақа метежіндердің әр 100 кг тірілей салмағына 1,5-1,8 кг, екі жасқа дейінгілеріне 1,8-2,4 кг құрғақ зат келетіндей етіп азықтандырады.Жануар  тектес азықтар жеткілікті болса рацион қоректілігінің 3-5 процентіндей) көк сүт, сары су, ет, сүйек немесе балық ұнын, т.б.) енгізеді.

Ұрықтанғаннан кейін  мегежіндерді жан-жақты толықтырылған рационмен азықтандырады. Азықтандыру деңгейі әсіресе буаздықтың аяққы үштен біріне сәйкес келетін соңғы айында жоғары болуға тиіс. Буаз кезінде сақа мегежіндер 30-40, жас мегежіндер 50-55 кг  салмақ қосу керек. Буаздықтың екінші жартысында олардың организміндегі энергиятикалық алмасу 25-45 процентке жоғарылып,  туылатын торайлар денесіндегіден 1,5-2 есе көп белок пен минералды заттар  қорын жинайды. Іштегі ұрықтың дұрыс өсіп жетілуі үшін рациондағы протеиннің биологиялық сапалылығы жоғары болуы қажет.

Торайларын  емізетін  кезеңде сүт өндіруге жұмсалатын қоректік заттар шығыны  көбейетіндіктен, азықтандыру нормасы күрт жоғарылайды. Рационда сүттілікті молайтатын шырынды азықтар көбейтіледі. Үшінші аптада тәуліктік сүттілік 5-7 килограмға жетіп, онымен 300-350г белок шығаратын мегежіндерді (екі айда 200-300 кг жоғары майлылықтағы 9,6 процент- сүт  өндіреді) сапалы қорытылатын протеинмен (1 азық өлшемінде 111-112г) минералды және витаминді азықпен  қамтамасыз ету керек.

Қыстық рациондарда 180-200 кг салмақтағы 10 торай емізетін мегежіндерге 3,0-3,5 кг дән ұнтақтары ) бұршақ, күнбағыс шроты, кебек т.б.) 1 к көк сүт, 0,2 кг балық ұны, 0,7 кг шөп ұны, 5 кг буландырылған картоп, 60 г прецититат, 30 г ас тұзы. 60 г  премис қосындысын берсе, жазда шөп ұны мен  тамыртүйнек жемістілерді 6-7 кг көк азықпен  ауыстырады. Туатын уақыты жақындағанда олардың азықтандыру деңгейін 50 процентке азайтып, туатын күні жылы  суға араластырған 0,5-0,6 кг жеңіл қорытылатын жемдер (сұлы, арпа, кебек т.б.) ұнтағын ішкізіп, толық нормамен азықтандыруға біртіндеп 56 күнде көшеді. Торайларын емізуді тоқтатқанда 2-3 күн бойы сүттілігін азайту үшін азық беруді  шектейді.




жүктеу 101,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау