Қорытынды
Шошқалар негізінен, өсімдік тектес көкшөп пен және басқа , аумақты жемшөппен қоректенеді. Шошқалардың, олардың торайларынь немесе күнделікті үй шаруашылығында қолданылып жүрген жалпақ тілме алғанда сиыр малдарының азықтандыруын, олардың азықтанды нормаларын және оларға рацион құруын қадағалау.Шошқаларды немесе торайларды азықтандырғанда шошқаның жағдайларына байланысты азық беріледі. Бұл дегеніміз бордақыланып жатқан шошкаларды азықтандыр; оларға бір қалыпта азық беру, норма бойынша қадағалап, рациондарын дұрыс құру деген секілді. Әр малдардың азықтануы эртүрлі болады.
Шошқа малдарының қораларындағы микроклиматтың қалыпты жағдайы, олардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келуі, шошқаларды әртүрлі жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтандыруда маңызды роль атқарады. Шошқа қораларындағы ауа температурасының тым жоғары немесе төмен болуы, олардың организмдерінің резисттентілігін төмендетіп және өсіп-жетілуін тежеп, азық шығынын арттырып, малдар жиі әртүрлі ауруларға шалдығып, өлім-жітімге ұшырайды. Аналық шошқалардың қорасында көбінесе екі температуралы режим жасалады: ірі мегежіндерге бір бөлек және емшектегі торайлар үшін жеке жағдай туғызу қажет. Мысалы, жас торайларға ауа температурасы 28ºС дан 22ºС дейін керек болса, олардың енесіне 16-18ºС температура қажет болады. Көрсетілген температурадан төмен болса, аналық шошқалардың сүттілігі кемиді.
Шошқаны бордақылау -шошқа етін өндірудің қортынды нәтижесі. Шошқаны бордақылаудың негізгі мақсаты - жұмыс күші мен құнарлық құралдары мейлінше аз пайдалана отырып қысқа мерзімді сапалы ет пен май өндіру. Бордақылаудың оң нәтиже беруі бірнеше негізгі факторларға байланысты. 1. Жасына; 2.Шошқаның тег тегіне; 3. жемазықтың мөлшері мен сапасына; 4. Бордақылауды ұйымдастыру мен мазмұнына 5. жас төлдің бордақылауға әзірлігіне байланысты. Ауқымында асылтұқымдық заводтар оларды мегежіншелермен қамтамасыз ете алмайды, оның үстіне көптеген құрал қажет етеді.
Бекондық бордақылау - еттік бордақылаудың ерекше түрі. Мұнда бордақыланатын мал мен оған берілетін азыққа басты назар аударылады. Бекон деп айрықша әдіспен тұздалып, қақталған жас шошқа етін айтады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Н. Омаркожаұлы "Мал азығын бағалау және малды азықтандыру". Алматы 2005.
2. Омарқожаұлы Н.,Өкімбеков Б.Р, "Мал шаруашылығы". Астана 2007 .
3. А,Д. Дәрібаев, Ж.С. Әткешов."Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру практикумы". Алматы 1994.
4. Бегенова А., Жұмақаева А., Ахметов А. Ветеринарлық гигиена.-Астана,2007.
5. Садуақасов М. Мал гигиенасы пәнінен лабораториялық тәжірбие сабағына арналған оқу құралы,Семей 2000ж
Достарыңызбен бөлісу: |