Тақырыбы: Отбасы тәрбиесінде халық педагогикасының құралдарын пайдалану Орындаған


Бала тәрбиесіндегі ертегінің маңызы



жүктеу 1,42 Mb.
бет7/13
Дата06.01.2022
өлшемі1,42 Mb.
#36658
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
7- семинар сабақ тапсырмасы

2.Бала тәрбиесіндегі ертегінің маңызы
Халқымыздың балаға тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі– ертегі.

Ертегіде – халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары, еңбек сүйгіштігі, дәстүрлері, отанға деген сүйіспеншілігі бейнеленген.

Қазақ ертегілерін академик М.Әуезов үш жікке бөлген: қиал-ғажайып ертегілер, тұрмыс-салтқа байланысты ертегілер, хайуанаттар жайлы ертегілер.

Қандай ертегінің түрі болсын оның ең басты кейіпкерлері жағымды бейнеде келеді. Олардың мақсаты – адамға жақсылық істеу, қол ұшын беру, жақсыны үйретіп, жаманнан жирендіру.

Қиял-ғажайып ертегілерде, өмірде болмайтын нәрселер туралы әнгімеленеді. Мысалы: «Ұшқыш кілем», «Ер төстік», «Алтын сақа». Қиял - ғажайып ертегілерінің оқиғасы фантазияға құрылады. Мұндай ертегілердің көбі ғылым болжамдарына сәйкестендіріліп шығарылған. Оларды ғылыми – фантастикалық ертегі дейді.

Ертегілер ішіндегі балалар арасына кең тарағаны, әсіресе сүйіп тыңдайтыны хайуанаттар жайындағы ертегілер. Хайуанаттар жайында айтылатын ертегі кейіпкерлерінің өзі қызық. Сол күлкілі қызық кейіпкерлердің өмір сүруі, өмірге икемді болу жағындағы қақтығыстары, олардың айла – тәсілдері жасөспірімдерге өмір жолын танытады. Бұл ертегілер балалардың ой – санасын оятып, оларды өздерінің күш жігеріне сене білуге, тапқырлыққа баулиды, мақсат – мұратына жетуге үйретеді.

Хайуанаттар жайындағы ертегілерде балаларды қызықтырарлық және оларға ой саларлық екі түрлі сипат бар: бірінші, олардың мінез ерекшеліктерін, сырт көріністерін, күн көрісін байқайды. Екінші, хайуанаттар жайындағы ертегілер арқылы соны мысал ете отырып адамдар арасында болатын тартыстардың сыр-сипатын байқайды. Хайуанаттар жайындағы шағын ертегілер көбіне мектеп жасына дейінгі балаларға лайықты « Жеті лақ», «Сәулетті үйшік», «Үш торай».

Тұрмыс-салт ертегілері өзінің өткір тілі, айқын мазмұнымен еңбекші халықтың өмірін, қарапайым адамдардың тұрмыс-тіршілігін сипаттауға және олардың күресін көрсетуге бағытталған. Тұрмыс-салт ертегілерінің қаһармандары-қиялдан туған бейнелер емес, күнделікті өмірдегі еңбек адамдары мұндағы жауыздың иелері – хан, бай т.б.

Ертегі-ауыз әдебиетінің мұрасы. Қазақ халқымыз ертеден өз балаларына тәрбиені әңгіме, жыр, ертегілер арқылы берген. Ертегілер – сол кездегі өмір шындығын баяндайтын көркем шығарма. Мұнда ерте кездегі халықтың өмір тәжірибесі, әдеп-ғұрпы баяндалған.

Балаларды ауыз әдебиеті үлгісімен таныстыру үшін алдымен оқытылатын материалдың көлемін, мазмұнын анықтап алу керек. Материал мәтіннің мазмұны балаларды қызықтыратындай жалықтырып жібермейтіндей шағын болу керек.

Ертегінің әр жақты сырын қызықты әрі тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне тікелей байланысты.

Ертегі оқу сабақта және сабақтан тыс уақыттарда өтіледі. Оқу жұмысы баланың жас ерекшелігіне орай жоспарланады. Сәбилер тобында ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады. Сәбилер тобында оқығанда тыңдату және әңгімелеп беру қатар жүргізіледі. Мұндай мақсат-ертегіні ауызекі әңгімелеуге төсілдіре оқығанды шыдамдылықпен тыңдай білуге үйрету.

Әртүрлі ертегілер баланың жас ерекшеліктеріне сай өз уақытында және дұрыс қолдану «мектепке дейінгі мекемелердегі берілген оқыту және тәрбиелеу бағдарламасын» өз деңгейінде шешуді қамтамсыз етеді.







жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау