Тақырыбы: Ойын әдісін жаратылыстану мен дүниетанудан білім беруде қолдану Орындаған



жүктеу 1,16 Mb.
бет2/4
Дата16.10.2022
өлшемі1,16 Mb.
#39671
түріСабақ
1   2   3   4
11-апта жаратылыстану (5)

сәйкес ойын түрлері

Білім беретін
ойындар

Диагностикалық ойындар

Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар

Дамытатын
ойындар

Тәрбиелейтін ойындар


  1. Дүниетануды оқытуда қолдануға болатын ойын түрлері туралы пікір алысу.

«Дүниетану» оқу пәнінің жалпы мақсаты бастауыш білім беру деңгейінде білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық құндылық ретінде табиғат, адамды қоршаған әлеуметтік орта, табиғат пен қоғамның бір-бірімен байланысы және өзара тәуелділігі түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.


Дүниетану сабақтарында ойын технологиясымен оқыту шеңберін жүзеге асыруға негізделген негізгі міндеттер:
-өзіндік жұмыстың дағдысын дамыту мен бекіту
-жағымды ойлай білу ептілігі
-өзара әрекет етуді ұйымдастыру
-шешімді қабылдау және оның орындалуын ұйымдастыру.
Дүниетанудан білім беру кезінде ойын түрлерін пайдаланып сабақ ұйымдастыру мұғалімнің шеберлігін керек етеді. Ойын кезінде оқушылар мәселені бірлесе отырып шешеді, бір-бірімен тығыз қарым-қатысқа түседі және ойын әрекеті біртіндеп оқу әрекетіне ауысады. Ойынды сабақ барысында қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын, ізденушілігін арттыруға мүмкіндік туады.
Дүниетану пәнін оқыту барысында оқушыларды қызықтыратын ойын түрлерін пайдаланумен қатар, оның тек қызықты жағына ғана көңіл аударып қоймай, ойынның білім, жаңа ұғым беруге итермелейтін, жетелейтін жағына көңіл аударуға тиістіміз. Мәселен, ойын жұмбақтар, шарадалар, викториналар, шытырмандар сияқты түрлерін пайдалануға болады.
Ойынды ұйымдастырудың бірнеше түрі бар: өткен тақырыптарды қайталап, оқушылардың меңгерген білімінің деңгейін анықтауға арналған ойындар; оқушылар шығармашылығын дамытуға арналған ойындар; өз алдына жаңа технология ретінде қолдану арқылы жаңа ұғым беруге арналған ойын түрлері т.б. Оқу материалы ойынның құралы ретінде пайдаланылады.
Дүниетану пәнінен ойынды өсімдіктер және жануарлар бөлімдеріне енетін тақырыптарды өткенде кеңінен қолдауға болады. Сол арқылы әрбір өсімдіктің, жануардың ерекшелігін, қасиетін анықтайды. Олардың пайда зиянын қортындылайды. Сол сияқты ауа райы, пайдалы қазбалар тарауларында да ойын технологиясын кеңінен қолдануға жол ашылады. Сонымен қатар ойын түрлерін географиялық картаның түрлерімен жұмыс жасау барысында пайдалануға мол мүмкіндік бар. Құрлықтар мен мұхиттарды, биологиялық нысандарды анықтауда географиялық, топографиялық, биологиялық лотоларды пайдалануға жол ашылады. Мұндай ойындар барысында оқушылардың бұрын алған ұғымдарын тұжырымдап, олардың материалды саналы меңгеруіне жағдай туады.
Кейде табиғат зоналары туралы оқып үйренудің алдында түрлі табиғат көрінісін сипаттайтын карточкалар дайындап, оның қай зонаға жататынын оқушылардың өздеріне анықтату арқылы олардың белсенділігін арттыратын ойын ұйымдастру мүмкіндігі туады. Мәселен, «Ағаштары жапырақсыз, өзендері сағасыз, көлдері жиі құрғап қалатын, кейбір жануарлары жаз кезінің өзінде ұйқыға кететін, үнемі құрғақ жауын борайтын өте ерекше өлке –бұл қай зона? Неге олай деп ойлайсың?. Мұнда қандай жануарлар тіршілік етеді?; «Қысы өте суық және ұзақ, жазы қысқа. Ағаш өсімдіктері қисайып, жерге төселіп өседі. Топырағы мәңгі тоң болып жатады. Бұл қай зона? Ол зонада тіршілік ететін жануарларды биологиялық лотодан көрсет; «Жан-жағың теп –тегіс. Қайда қарасаң да төңкерілген аспанды көресің. Қай жаққа қарай жүрсең де не тау, не жота кездеспейді. Жер бетін қаптаған түрлі-түсті гүлдер, алуан түрлі шөп өсімдіктері. Неше түрлі дала тышқандары өз тіршілігмен айналысуда. Бұл қай зона? Бұл зонаның жануарларын лотодан тауып көрсет.т.б. осы сияқты шешімін керек ететін сипаттамалар мен қатар енді осы зоналарды картадан көрсету де тапсырылады. Біраз жаттыққаннан кейін мұндай жұмбақ ойындарды оқушылардың өздері де құрастыра алады.


  1. жүктеу 1,16 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау