1. Сыңарын тап
2. Қарама-қарсы сөзді тап
3. Жақсы-жаман
4. Ауызша сөзжұмбақ
5. Төртінші артық
6. Кім солай сөйлейді?
7. Сипатына қарай ерекшеліктерін тап
8. Кім алғыр?
9. Ұлттық киімдерді ата
10.Табиғат құбылыстарын ата
4. Ойынды қолданып білім беруге арналған бір тақырыптың жоспарын жасау (қалаған сыныбы бойынша).
Педагогтің аты-жөні
|
Курбаналиева Л.Н.
|
Күні:
|
|
|
|
Сынып:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Үй жануарлары
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейте отырып, халқымыздың төрт түлікті дәріптеген өлең жырлар, әңгімелер арқылы танымын, жан-жануарлар туралы түсініктерін арттыру, жылқылардың басқа малдардан айырмашылығын таныту, сөздік қорын байыту, тіл байлықтарын дамыту, ұлттық тағамдар түрлері туралы ұғымын пысықтап, тиянақтап, көбірек білуге ынталарын ояту, балалардың тазалыққа, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
|
Көрнекіліктер
|
Үй жануарларының бейнесі, үлестірмелі материалдар, жанарлардың пайдасын бейнелейтін суреттер.
|
Іс әрекет кезендері
|
Тәрбиеші әрекеті
|
Балалардың іс- әрекеті
|
Психологиялық ахуалды қалыптастыру
|
«Жүректен жүрекке» шеңбері
-Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Күлімсіреп шықты күн!
|
Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.
|
Ұйымдастыру іздестіру. Жаңа сабақ
|
Тынышытық сәті.
-Балалар, бүгін біз сендермен саяхатқа шығамыз. Қане көздеріңді жұмыңдаршы, енді ашайық. Балалар , біз жайлауға келдік. Қане, қалай демаламыз? Бәріміз таза ауамен дем алайықшы. Қараңдаршы жайлауда не жайылып жүр екен? (Осы кезде өрісте жүрген малдардың дауыстар қойылады).
-Олар қайда жайылып жүр?
«Мал қалай дыбыстайды?” ойыны.
Ойынның шарты: Тақтада үй жануарлар берілген. Қазір мен сендерге төрт түліктің дыбыстарын қосқанда, сендер ненің дыбысы екенін тауып алу керексіңдер.
Ойынның мақсаты: Қандай төрт түліктің дыбысы екенін тауып алу.Оларды атау.
Сергіту сәті:
Қошақаным тұршы,
Беті –қолыңды жушы.,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Орныңа отыршы.
Тақтамен жұмыс.
-Балалар тақтада ненің суреттерін көріп тұрсыңдар?
-Мынау ненің суреті? Пайдасы қандай?
Одан не аламыз?
Келесі ненің суреті?
Жылқының пайдасы қандай? Одан не аламыз?
Ойын: «Төлін тап»
Ойынның мақсаты: Малдардың төлін тауып алу.Төлдерін атау.
Ойын: «Ішіне-сыртына».
Ойынның мақсаты: Оқушыларды үй жануарлары мен жабайы жануарларды айыра білуге үйрету.
Балалар, ал енді “Не артық? ” ойынын ойнайық.
Ойынның мақсаты: Балалардың мақсаты, артық суретті тауып алу.Неге артық екенін түсіндіру.
Жұмбақтар
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт жылтырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар. (сиыр)
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (түйе)
Төрт түлік малдар туралы тыйым сөздерді оқушыларға айту.
Малды теппе. Ақты төкпе. Малды ұрма.
|
-Қойлар, сиырлар, ешкілер, жылқылар, түйелер.
Сиырдың төлін -бұзау дейміз. Сиырдан біз сүт, ет, тері аламыз. Ал сүттен қаймақ, май, ірімшік, айран аламыз. Сиыр шөп, су, жем жейді.
Жылқының төлі-құлын. Жылқыны көлік ретінде пайдалана ыз.
Жылқыдан біз сүт, ет, тері аламыз Сүтінен қымыз жасайды. Қымыз-шипалы сусын.
|
Рефлексивті-түзетушілік
|
Қорытынды: -Балалар сендерге саяхат ұнады ма? Не ұнады? Біз бүгін көп нәрсені біліп көрсете білдік. Яғни төрт түлік малдардың қалай дауыстайтынын, олардың төлдерін, пайдасын біліп үйрендік.
|
Тапсырмаларды әр бала өз алдына ерекше орындады.
|
Күтілетін нәтиже:
|
Орындайды
|
Төрт түлікке байланысты берілген тапсырмаларды
|
Түсінеді
|
Үй жануарларының адам өміріндегі маңызын
|
Қолданады
|
Жалпы үй жануарлары туралы мәліметтерді оқу қызметінде
|
Достарыңызбен бөлісу: |