. Сарамандық жұмыс.
Өткенді еске алып, ойға толам,
Сұрыптап тезге салып, көп ойланам,
Ой түбіне жете алмай титықтасам,
Қолыма қайшы алып, ою оям – деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай біз де келесі сарамандық жұмыс бөліміне көшеміз.
Оюдың жапсырылған макетін оқушыларға таныстыру. Оқушылар
қолмен ұстап таниды, тамашалайды, қызыға қарап тезірек үйренгілері келеді.
Қауісіздік ережесін айтып кету.
Төртқұлақ - өрнектің ортасы жіліншік өрнегі тектес болып келетін, төрт тармағына мүйіз өрнегі қондырылған ең көне ою - өрнек түріне жатады.
Ақ қағаздан қайшымен қиып алған ою - өрнектің шаблонын әртүсті жапсырма қағаз бетіне қойып, қарандаш арқылы сызып түсіреміз. Оқушылар жапсырма қағаз бетіне түсірген ою - өрнектерін қайшымен қиып алады.
Дайындалған диск бетіне диоганаль сызықтарын жүргізу арқылы центрлік нүктесін табамыз. Алынған оюды диектің центріне тигізіп, жапсырма қағазымызды жапсырамыз.
Сергіту сәті. . «Әже сандығындағы қазына» ойыны
Шарты: Музыка ойнатылады. Балалардың қолындағы ою үлгісі бір-біріне беріліп отырады. Музыка тоқтаған кезде, ою-үлгісі қай баланың қолында қалып койса, сол бала еңбек туралы мақал-мәтел айтуы тиіс.Талапты жақсы орындаған балаға сандықтан тәтті беріледі.
IV Бекіту.
Оқушылардың жасалған бұымның жұмыстарын тексеру.
Сұрақ қою арқылы тәрбие сағатын бекіту.
Өрнектердің неше түрлері мен атаулары бар? /360-қа тарта/
Ою-өрнектерді қандай топтарға бөлуге болады?
Ата-бабаларымыз ою-өрнекті не үшін қолданған?
Кімнің жасаған заты көбірек ұнайды?
сағаттан алған әсерлерін қандай?
Өзін қағаз бетіне емес, мата бетіне түсіре аласың ба?
VI Қорытынды.
Міне, қолдарыңда өздерің істеген заттарың бар. Осы ою-өрнекті қиып, тігіп, басып үй ішіне керек заттарды әшекейлейтін әйел адамдар, аналар. Олай болса, осы өз қолдарыңмен істеген заттарыңды кімге сыйлайсындар? Аналарға. Дұрыс. Ертең үйге барғанда жылы сөздеріңмен, қуанышты көңілдеріңмен аналарына табыстауға тілек етемін.
Қазақ халқының сай-дәстүрін ұмытпай, жалғастыруға өз үлестеріңді қосады деген оймен бүгінгі сағатымызды аяқтаймын.
ҮІІ Үйге тапсырма. Жұмысты жалғастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |