Тақырыбы: Ұлттық ою-өрнектің шығу тарихы,түрлерінің қолданылуы



жүктеу 0,52 Mb.
бет2/6
Дата14.12.2017
өлшемі0,52 Mb.
#4197
1   2   3   4   5   6
Алдын ала жұмыс: Оқушылар мен ою-орнек үлгілерін салып, оларды қиып, дайын шаблондар жасау, еңбек туралы мақал-мәтел жаттау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу.

Түгелдеу.

Жаңа сабаққа дайындау.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.Сұрақтар, Жауаптар

. Жұмбақ шешу.

1. Бір нәрсе өзі биік, іші қуыс,

Ол заттың сүйегі бар айқыш-ұйқыш.

Көзі бар төбесінде жарқырайды,

Жайса үлкен, жиса бір-ақ уыс.

                                      (Киіз үй).

2. Ішіне адам батпайды,

Затыңды аман сақтайды.

                                     (Сандық)

3. Қыз есіміменаталатын өрнек.

                                         (Ботакөз)

4. Қазақ оюының ең бір кең тараған үлгісі.

                                          (Қошқармүйіз)
ІІІ жаңа сабақтың мақсаты. Ұлттық ою-өрнек туралы мәлімет беру: Оқушыларды ою-өрнек түрлерімен таныстыру, ою-өрнек салу арқылы қолды жаттықтырып, оқушылардың шеберлігін ұштау.

ІҮ. Жаңа сабақ Балалар, бүгінгі біздін тақырыбымыз «Ұлттық ою-өрнек түрлері» деп

аалады  

Қазақтың «ою» және «өрнек» деген сөзі бірге айтылып, латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Оның мағынасы – сәндеу, әсемдеу.

Ою – өрнек қазақ даласында оқу – сызу пайда болмай тұрып, дүниеге келді десе де болады. Ою – өрнекті белгілі бір адам немесе қолөнер шеберлері ойлап тапқан жоқ, оны халық ойлап тапты.

«Ою – өрнекті қайдан, кімнен үйрендің?» - деген саулға атақты суретші Әбілхан Қастеев,

«Таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен,

Ешкінің мүйізінен,» - деп жауап беріпті. Біз бүгін ұлттық ою-өрнек түрлерімен, шығу тегімен танысқалы отырмыз. Ою-өрнек /латынның орнамент – әсемдеу, сәндеу деген сөзінен шыққан/. Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп, 360-қа тарта түрлері қарастырылады.Ою-өрнек өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің жекетүрі болып келеді. Үй ішінің тұрмысына қажетті заттарды, ұлттық киімдерді, бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданған.



Ұлттық ою-өрнек туралы мәлімет беру:

Ұлттық ою - өрнектерді төрт топқа бөлген:

- Зооморфтық - жануарларға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер;

- Өсімдік бейнелі - жапырақты гүлдер, ағаш, шыршық, жетігүл өрнектер;

-Космогониялық – ай, күн, жұлдыз және аспан әлеміне байланысты өрнектер;

-Геометриялық – ромбылар, иректер, жұлдызшалар, үшбұрыштар және көпбұрыштар.

 Жан жануарлар тектес ою - өрнектер. 1.



«Мүйіз» - қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мұйіз» ою-өрнек кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданылады. Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», «маралмүйіз», «еркешмүйіз», «қошқармүйіз» т.б. түрлерге бөлінеді. «Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз, шымши), тұрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, оқшантай, торсық, сандық т.б.), сондай-ақ қару-жарақтарда (қынап, оқшантай,торсық, садақ), киім-кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) қолданылады, жалпы бұл элементтің қолданбайтын жері жоқ десе де болады.


2. «Қосмүйіз» ою-өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді және кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп аталатын оюларды «қосмүйіз» дейді. Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды,киім-кешек, қару-жарақтарды безендіру үшін пайдаланатын қой, ешкі, сиыр, бұғы, марал сияқты жануарлардың қос мүйізін бейнелейтін ою-өрнек. Қазіргі кезде «қосмүйіз» ою-өрнегін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, қамзолдың алдыңғы жағына, етіктің қонышына салады.



3. «Арқармүйіз» деп аталатын ою-өрнек қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі. Бұл элемент «қошқармүйізге» өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді (кілем, тұскиіз, сыр- мақ, кесте, киім-кешек пен үй жиһаздарында кездеседі).



4. «Қошқармүйіз» ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қоидың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады. Текемет, сырмак, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі. Киізден жасалған бұйымдарда бұл ою түсті шүберектермен ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде де тігіледі.



5. «Қырықмүйіз» ою-өрнегі біріне-бірі жалғаса, тармақтала қосылған, кеп мүйізден құралған ою-өрнектің бір түрі. Ол көбінесе дөңгелек не төртбұрыш ішінде бейнеленеді, кейде бұтақтың ағашы тәрізді тармақталып, жайылып бейнеленеді. Бір-бірімен қосылған бірнеше тармақты көп мүйізді оюлардан құралады. (Тұскиіз, тон, кежім, сырмақ, текемет, архитектура сәулет өнерінде молырақ кездеседі).



6. «Сынықмүйіз» морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай иіледі. Бұл ою-өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр мен алашаларды, сондай-ақ әр түрлі қалталарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісі малдың сынған мүйізіне ұқсайды.


 

 Қошқар мүйіз – қазақ оюының ең көне түрі. Сырмақ, текемет, алаша, кілем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарының бәрінде кездеседі.



 

 Сыңар мүйіз – кең тараған ою - өрнек үлгісінің бірі. «Қошқар мүйіздің» тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейді. Сырмақ, текемет, киім-кешектердің жиегіне істетіледі.



 

 

 Түйе табан – түйенің басқан ізіндегі қос табаны сияқты дөңгеленіп келетін, S әріпі тәрізді күрделі өрнек. «Табақша өрнек» деп те аталады.



 

 

 


жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау