Тақырыбы: Керамзитті бетон Орындаған: стр-21-1м тобының магистранты Ж. Демесбаева Қабылдаған



жүктеу 432,53 Kb.
бет22/31
Дата19.02.2022
өлшемі432,53 Kb.
#37543
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
керамзобетон

Ылғалды (шликерлі) әдіс саз бен суды арнайы үлкен сыйымдылықтағы саз араластырғыштарында араластыруға негізделген. Алынатын пульпаның (шликер, шлам) ылғалдылығы 50%-ға жуық. Пульпа сорғылар көмегімен шламбассейнге беріледі және ол жақтан айналмалы пешке бағытталады. Осындай жағдайда айналмалы пештің бөлігінде ілінген тізбектерден бүркеулер орнатылады. Тізбектер жылуалмастырғыш қызметін атқарады: олар пештен шығарылатын газдар есебінен қыздырылады және пульпаны кептіреді, кейіннен кептірілген «қоспаны» түйіршіктерге бөледі, олар түйіршіктеліп, түбегейлі кептіріледі, қыздырылады және қопсытылады. Осы әдістің кемшілігіне – шликердің бастапқы ылғалдылығының жоғары болуы есебінен отынның жоғары шығындалуы жатады. Әдістің артықшылығына – шикізат пульпасының біртектілігіне қолжеткізу, қоспаларды енгізу мүмкіндігі және жақсылап көлем бойынша таратудың қарапайымдылығы, шикізаттан тасты және әктасты қоспаларды оңай бөліп алу мүмкіндігі жатады. Осы әдісті саздың карьерлік ылғалдылығы жоғары және ол қорамалау ылғалдылығынан жоғары (түйіршіктердің платикалық түзілуі кезінде) болған кезде қолдану ұсынылады. Сонымен қатар, осы әдіс сазды гидромеханикалық игеру және оны зауытқа пульпа түрінде құбырлар арқылы (қазіргі кездегі экскаваторлық әдіспен игеріп автокөлікпен тасымалдаудың орнына) берумен үйлестірілуі мүмкін.

Жоғарыда сипатталған әдістің кез-келген түрімен алынған керамзитті күйдіруден кейін салқындату керек. Салқындату жылдамдығына керамзиттің беріктілік қасиеттері тәуелді болатыны анықталды. Аса жылдам салқындату кезінде керамзиттің дәндер сынып кетуі мүмкін немесе оларда қалдық күштер болып, кейіннен бетонда байқалуы мүмкін. Екінші жағынан, қабынудан кейін керамзитті аса баяу салқындату кезінде жұмсарған түйіршіктердің мыжылуы нәтижесінде оның сапасы төмендеуі және тотығу үрдістері нәтижесінде FeO тотығының Fe2O3 өтуі нәтижесінде деструкция және беріктіліктің төмендеуі орын алуы мүмкін.

Қабынудан кейін керамзитті 800-900°С температураға дейін бірден салқындату – оның құрылымын бекітуге және темірдің шала тотығының тотығуын болдырмауға көмектеседі. Содан кейін термиялық күш жұмсамай шыны фазасының қатуын және керамзиттің беріктілігін жоғарлататын кристалдық минералдардың түзілуін қамтамасыз ету үшін 20 минут ішінде 600-700°С температураға дейін ақырындап салқындату ұсынылады. Кейіннен бірнеше минут ішінде керамзитті салыстырмалы түрде жылдам салқындату мүмкіндігі бар.

Керамзитті салқындатудың бірінші сатысы айналмалы пештің ішінде оған келіп түсетін ауа негізінде жүзеге асыралады. Кейіннен керамзит барабанды, қабаттық тоңазытқыштарда және аэроастаушада салқындатылады.

Керамзитті қиыршықтасты фракциялау үшін електер қолданылады, әсересе атанақ елегі – цилиндрлік немесе көпқырлы електер (бураттар) қолданылады.

Керамзиттің ішкі зауыттық тасымалы – конвейерлі (таспалы транспортер), кейде пневматикалық (құбырлар арқылы ауа ағынымен) түрде іске асырылады. Пневмотасымал кезінде түйіршіктер бетінің зақымдалуы және олардың ұсақталуы орын алуы мүмкін. Сол себепті осы қолайлы және барлық жағынан тиімді тасымалдау әдісі кең қолданысқа ие болмады.

Фракциялық керамзит бункерлік немесе сүрлем түріндегі тасымалдау арқылы дайын өнімдер қоймасына келіп түседі.


жүктеу 432,53 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау